"Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Монғолияда тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Монғолия азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының оңайлатылған тәртібі және азаматтықтың болмауы және қос азаматтық жағдайларын болдырмау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 1193 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Монғолияда тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Монғолия азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының оңайлатылған тәртібі және азаматтықтың болмауы және қос азаматтық жағдайларын болдырмау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Монғолияда
тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Монғолия
азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының
оңайлатылған тәртібі және азаматтықтың болмауы және қос
азаматтық жағдайларын болдырмау туралы келісімге қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Монғолияда тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Монғолия азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының оңайлатылған тәртібі және азаматтықтың болмауы және қос азаматтық жағдайларын болдырмау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Монғолияда тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Монғолия азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының оңайлатылған тәртібі және азаматтықтың болмауы және қос азаматтық жағдайларын болдырмау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 1193 Жарлығымен 
МАҚҰЛДАНҒАН    

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Монғолияда
тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Монғолия
азаматтарының азаматтық алуының және оны тоқтатуының
оңайлатылған тәртібі және азаматтықтың болмауы және қос
азаматтық жағдайларын болдырмау туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Монғолия, екі мемлекет халықтарының тарихи, дәстүрлі достық байланыстарды сақтауға және нығайтуға ұмытылысын негізге ала отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын растай отырып,
      Тараптардың азаматтарына оңайлатылған тәртіппен азаматтық алу мен тоқтату мүмкіндіктерін беру мақсатында,
      азаматтықтың болмауы және қос азаматтық жағдайларын болдырмауға барынша ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтығын қабылдауға ниет білдірген өз азаматтарына, егер өтініш берушілер азаматтық алатын Тараптың аумағында тұрақты тұрған жағдайда, оларға азаматтықты тоқтатудың оңайлатылған тәртібін ұсынады.
      2. Екінші Тараптың азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алу үшін бір Тараптың азаматы екінші Тараптың тиісті органдарына соңғысының азаматтығын қабылдау және бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш береді.
      3. Осы бап ережелерінің қолданысы Тараптардың:
      1) халықаралық құқықта көзделген адамзатқа қарсы қылмыс жасаған, Тараптардың егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққан;
      2) Тараптар аумақтарының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырған;
      3) ұлттық қауіпсіздікке, халық денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырған;
      4) әлеуметтік, ұлттық, рулық нәсілдік немесе діни араздықты қоздырған;
      5) террористік және экстремистік ұйымдардың ұйымдастырушылары, басшылары, қатысушылары және көмектесушілері болып табылатын немесе террористік және экстремистік әрекеті үшін сотталған;
      6) халықаралық іздестірудегі, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген не сот олардың әрекетін аса қауіпті рецидив деп таныған;
      7) азаматтыққа қабылдау туралы өтінішхатпен жүгінген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Тараптардың заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған;
      8) Тараптардың аумақтарында немесе олардан тыс жерлерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Тараптардың заңнамасында сондай деп танылған, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар азаматтарына қолданылмайды.

2-бап

      Бір Тарап азаматының екінші Тараптың азаматтығын алуы азаматтығын алғалы тұрған Тараптың заңнамасында белгіленген шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде азаматтың еркін түрде ерік білдіруі негізінде жүзеге асырылады.

3-бап

      1. Тараптардың бірінің азаматтығы алынғандығы тіркелген күн екінші Тараптың азаматтығы тоқтатылған күн болып табылады.
      2. Адамның жаңа азаматтық алғандығы ресімделгеннен кейін азаматтығын алған Тараптың құзыретті органдары он жұмыс күні ішінде адамға алған азаматтығын растайтын құжат береді, кәмелетке толған азаматтардан азаматтық куәлігін, шетелдік паспортын, ал кәмелетке толмаған балалардан туу туралы куәлігінің көшірмесі мен азаматтығы тоқтатылғандығын растайтын шетелдік паспортын алып қояды.
      3. Азаматтық алынған Тараптың құзыретті органдары бір ай мерзімде күнін көрсете отырып, азаматтық алу шешімі туралы хабарламамен бірге азаматтықты тоқтатқан Тараптың дипломатиялық өкілдіктеріне және консулдық мекемелеріне азаматтардың тізімдерін және олардан алынған құжаттарды қайта жібереді.
      4. Адамның жаңа азаматтық алғаны туралы хабарлама алғанынан кейін басқа Тараптың азаматтығы алынғаны тіркелген күннен бастап азаматтығын тоқтатқан Тарап азаматтығын тоқтатуды ресімдейді.

4-бап

      1. Ата-аналарының азаматтығы өзгеріп, нәтижесінде екеуі де бір Тараптың азаматтығын алған және екінші Тараптың азаматтығын тоқтатқан кезде, тиісінше олардың кәмелетке толмаған (он төрт жасқа дейінгі) балаларының азаматтығы өзгереді. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін олардың келісімі талап етіледі, ол жазбаша нысанда көрсетілуге және нотариалды куәландырылуға тиіс.
      2. Ата-аналарының бірі Тараптардың бірінің азаматы болып табылатын, ал ата-аналарының екіншісі екінші Тараптың азаматтығын алатын кәмелетке толмаған балалардың азаматтығы осы Келісімнің 1-бабының 2-тармағына сәйкес берілетін өтініште көрсетілуге тиіс ата-аналардың екіжақты келісімімен айқындалады.
      Егер ата-аналар кәмелетке толмаған балалардың азаматтығын өзгерту бойынша келісімге келмесе, бала ата-анасының екеуі де аумағында тұрақты тұратын Тараптың азаматтығын сақтайды.
      Ата-аналарының бірі Тараптардың бірінің аумағында, ал екіншісі екінші Тараптың аумағында бөлек тұрған кезде, кәмелетке толмаған балалар, егер ата-аналары арасында бұл туралы өзгеше келісім болмаған не балалардың тұрақты тұратын жері бойынша сот шешімі болмаған жағдайда, өздерімен бірге тұрып жатқан ата-ананың азаматтығын сақтайды.
      3. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-аналардың азаматтығы
өзгерген кезде кәмелетке толмаған балалардың азаматтығы өзгермейді.

5-бап

      Осы Келісімде реттелмеген мәселелер адамның тұрақты тұратын жері бойынша Тараптардың ұлттық заңнамаларында реттеледі.

6-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдану немесе түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.

7-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

8-бап

      Осы Келісім ратификациялануға жатады және Тараптар ратификациялау грамоталарын алмасқан күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.

9-бап

      Осы Келісім бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың ешқайсысы оның қолданысын ұзартқысы келмейтін өз ниеті туралы ағымдағы бес жылдық кезең аяқталғанға дейін алты ай бұрын жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа хабарламаса, келесі бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.

      20__ жылғы «__» ________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, моңғол және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы үшін             Монғолия үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады