Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 927 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қарашадағы
№ 927 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидалары мен шарттарында:

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шетелдік жұмыскер – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген және жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартатын, оның ішінде корпоратив ішінде ауыстыру шеңберінде келген көшіп келуші;";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы төлеуге арналған шығыстар;";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 164580 болып тіркелген) бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілетін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98371 болып тіркелген) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан астам белгіленетін аурулар тізбесіне сәйкес қызметкердің немесе оның отбасы мүшелері болып табылатын адамдардың емделуіне/операциясына байланысты, егер емдеу/операция шығындары компанияның медициналық сақтандыру бағдарламасында белгіленген лимиттен асып түскен жағдайда (негіздеме: науқастың тарихынан үзінді көшірме, емдеуші дәрігердің қорытындысы, шығыстарды растайтын құжаттар) – 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде материалдық көмек төленеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Лауазымдарды қоса атқарғаны, уақытша болмаған қызметкердің қызмет көрсету аймағын кеңейткені және міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы төленуі мүмкін, оны жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлеміне қарай қызметкермен келісу бойынша белгілейді.";

      17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұсынған растаушы құжаттары (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда тұлғаның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақүй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары беріледі) тұрғын үй-жай жалдау:

      компанияның басқарма мүшелері үшін тұрғын үй-жай жалдау шығыстарының сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында және облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      басқарма мүшелеріне жатпайтын компанияның қызметкерлері үшін тұрғын үй-жай жалдау шығыстарының сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      растаушы құжаттар болмаған кезде тұрғын үй-жай жалдау шығыстары қызметкерлер тегін берілген тұрғын үй-жайды пайдаланған жағдайларды қоспағанда, қызметтік іссапарлар бойынша тәулікақы нормаларының 50 пайызы мөлшерінде өтеледі;";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Компанияның өкілдік шығыстарының нормалары 5-кестеде келтірілген.

      5-кесте

Р/с №

Шығыстардың атауы

АЕК-пен есептегендегі құны

1

2

3

1.

Делегациялар үшін ресми түскі ас, кешкі ас өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептеле отырып жүргізіледі

4 АЕК

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтетін ресми түскі ас, кешкі ас өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептегенде

16 АЕК

3.

Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде күніне бір адамға буфеттік қызмет көрсету

1 АЕК

4.

Делегацияны қабылдайтын компанияның штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа), сағаттық төлем есебімен

0,5 АЕК

5.

Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығыстарын төлеу сағаттық төлем есебімен қаржыландыру жоспарында көзделеді

1 АЕК

      ".

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес әзірленді.".

      3. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіру объектілерін Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына қосу және одан алып тастау жөніндегі әдістемеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік органдар мен ұлттық басқарушы холдингтер жекешелендіру объектілерін Кешенді жоспарға қосу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру кезінде мынандай тәсілдерді басшылыққа алады:

      1) бәсеке мен ұсыныс деңгейі төмен тауар нарықтарына субсидиарлық (қосалқы) қатысу;

      2) стратегиялық және әлеуметтік объектілерді, банкаралық төлемдер жүйесі мен қаржы нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қаржы нарығы инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, мемлекет қатысатын барлық нарық субъектілерін міндетті түрде жекешелендіруді білдіретін нарық субъектілеріне уақытша қатысу;

      3) мемлекет қатысатын нарық субъектісін құрудың мақсаттары мен міндеттерін, оның функцияларын айқындау және олардың жетістіктері мен іске асырылуын бағалау;

      4) табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, жекешелендіру кезінде жеке монополиялар (оның ішінде, жергілікті жерлердегі) құруға жол бермеу.

      Жекешелендіру объектілерін Кешенді жоспарға қосу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде квазимемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты субъектілерінің қызметін мынадай өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкестігі тұрғысынан талдайды:

      1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмейтін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы;

      2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің Кодекстің 24-бабының 3-тармағында белгіленген өлшемшарттарға (шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері) сәйкес келуі;

      3) монополияға қарсы органның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі ұсынысының болуы;

      4) заңды тұлға қызметінің маңызды аспектілері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау құқығын бермейтін бақылау жасалмайтын акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иеленуі;

      5) Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған жобаның өзін-өзі ақтау мерзімінің басталуы;

      6) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың осы тауар нарығында болуының монополияға қарсы орган ұсынған болу мерзімінің басталуы;

      7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атына жеке кәсіпкерлік субъектілерінен тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісін сатып алу туралы ұсыныстардың түсуі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар қызметі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етумен, стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар объектілерді пайдаланумен және күтіп-ұстаумен байланысты заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын объектілерге қатысты қолданылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік комиссияның оң ұсынымы болған кезде тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік комиссия әртүрлі мемлекеттік органдардың қарамағындағы бірнеше жекешелендіру объектісін қараған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының тиісті жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік комиссия оң ұсыным берген кезде тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган тиісті қаулы жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік комиссия әртүрлі мемлекеттік органдардың қарамағындағы бірнеше жекешелендіру объектісін қараған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының тиісті жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізеді.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қарашадағы
№ 927 қаулысына
қосымша
Жекешелендіруге жатпайтын
мемлекеттік мүлікті ұлттық
басқарушы холдингтің, ұлттық
холдингтің, ұлттық
компанияның акцияларын
төлеуге беру қағидасы
мен шарттарына қосымша

Жекешелендірілмейтін мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге пайдалану құқығын берудің үлгі шарты

_____________________________________________________________ (жекешелендірілмейтін мемлекеттік мүліктің атауы)

      ___________ қаласы №____ 20__ ж. "_"_________

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__жылғы "__" _______ №_____

      бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік

      мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің негізінде әрекет ететін бірінші

      басшы______________________________ тұлғасындағы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      немесе _________________________________ негізінде, сондай-ақ

      (негіздеме)

      "________________________________________________________" Қазақстан

      Республикасы Үкіметінің немесе жергiлiктi атқарушы органның 20__жылғы "_"

      ______ №___ қаулысының (бұдан әрі – қаулы) негізінде әрекет ететін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) уәкілетті тұлғасы ____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      тұлғасындағы бұдан әрі "Меншік иесі" деп

      аталатын_____________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе тиiстi

      әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органының атауы) бір тараптан және бірінші басшы ____________________________________________ тұлғасындағы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бұдан әрі "Алушы" деп аталатын _______________________________________

      (ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның атауы)

      екінші тараптан бірге "Тараптар" деп аталып, төмендегі туралы Үлгі шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты.

      1. Шарттың нысанасы

      1. Шарттың нысанасы_________________________

      __________________________________________ мекенжайында орналасқан,

      (мүліктің орналасқан жері және қысқаша сипаттамасы)

      бұдан әрі "Мүлік" деп аталатын

      ____________________________________________________________________

      (иелену және (немесе) пайдалану құқығы берілетін мемлекеттік мүліктің атауы)

      жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын алушының акцияларын төлеуге беру болып табылады.

      2. Жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес Мүлікті

      ____________________________________________________________________

      (мүліктің нысаналы мақсаты)

      мақсатында пайдалану үшін оны иелену және (немесе) пайдалану құқығын

      20 ___ жылғы "___" _____ – 20____ жылғы "__" ____ аралығына меншік иесі береді, ал алушы алады.

      3. Мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын беру берілетін мүлікке меншік құқығын беруге әкеп соқпайды.

      2. Жалпы шарттар

      4. Мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын беру қабылдау-беру актісі арқылы жүргізіледі (беру кезіндегі мүліктің нақты жай-күйі қабылдау-беру актісінде көрсетіледі), оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды, сондай-ақ меншік иесі бекітеді және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      5. Осы шартқа қол қою арқылы иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын беру сәтінде мүліктің кепілге қойылмағаны немесе қандай да бір өзгеше жолмен үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбағаны, сатылмағаны, тыйым салынбағаны және шарттың қолданылуы кезінде оны шартқа қатысы жоқ тараптардың қандай да бірі талап ете алмайтыны куәландырылады.

      6. Осы шарттың тиісінше орындалуын бақылауды меншік иесі жүзеге асырады.

      3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Меншік иесінің:

      1) Тараптардың келісуі бойынша осы шарттың мерзімін ұзартуға, осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

      2) белгіленген мерзімде осы шарттың талаптарының бұзылуын жою қажеттігі туралы алушыны жазбаша хабардар етуге;

      3) егер алушы осы шарттың талаптарын орындамаса, осы шартты бұзуды және залалдарды өтеуді талап етуге;

      4) алушы осы шарттың талаптарын орындамаған жағдайда осы шартты бұзуды және залалдарды өтеуді талап етуге құқығы бар.

      8. Алушының:

      1) меншік иесіне шарттың мерзімін ұзарту, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы ұсыныстар енгізуге;

      2) меншік иесінен осы шарттың 1-тармағына сәйкес ұсынылмаған мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын талап етуге құқығы бар.

      9. Меншік иесі:

      1) осы шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісін бекітуге және қабылдау-тапсыру актісі бойынша алушыға мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етуге;

      2) алушыға шартта белгіленген тәртіппен мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктің нысаналы пайдаланылуын және сақталуын тексеруді жүзеге асыруға міндетті.

      10. Алушы:

      1) қабылдап алған мүлікті шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;

      2) мүлікті лайықты күйде ұстауға, оның бүлінуіне немесе жойылуына алып келетін әрекеттер жасамауға;

      3) мүлікті жарамды жай-күйде ұстауға, өз есебінен ағымдағы, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізуге;

      4) алушының кінәсінен, сол сияқты табиғи тозуына байланысты мүлік, сондай-ақ мүліктің кейбір жекелеген элементтері істен шыққан жағдайда осы мүлікті өз есебінен қалпына келтіруге;

      5) меншік иесінің уәкілетті өкілдерін, санитариялық қадағалау қызметтерінің және мүлікті пайдалану мен қолдануға қатысты заңдар мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін мүлікті және оған іргелес жер учаскелерін тексеріп-қарауға кедергісіз өткізуге;

      6) осы шарттың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес меншік иесінің жазбаша хабарламасында көрсетілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюға;

      7) шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған күннен бастап меншік иесіне күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша мүлікті қайтаруды қамтамасыз етуге;

      8) мүлік жұмыс істемейтін немесе ақаулы күйде (нормативтік көрсеткіштерден артық тозумен) қайтарылған кезде меншік иесіне азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен залалды өтеуге міндетті.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      11. Осы шартта көрсетілген міндеттемелерді бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      12. Алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктің, өрт және электр қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету, техникалық құралдар мен инженерлік жабдықтардың дұрыс пайдаланылуы, мүліктің нысаналы мақсатына сай қолданылуы, сондай-ақ осы шартты тиісінше орындамаудың салдары үшін толық жауаптылықта болады.

      5. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту және мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен шарттары

      13. Осы шарт Тараптар осы шартқа қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

      14. Тараптардың келісуі бойынша осы шарттың мерзімін ұзартуды қоспағанда, осы шарттың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң осы шарт өзінің қолданысын тоқтатады.

      15. Мынадай:

      1) егер қабылданған мүлік нысаналы мақсатына сай немесе тиісінше пайдаланылмаған;

      2) меншік иесінің жазбаша хабарламасында көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған;

      3) егер алушы мүлікті әдейі айтарлықтай нашарлатып жіберген;

      4) егер алушы ақылға қонымды мерзімде мүлікке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізбеген жағдайларда меншік иесі осы шартты біржақты тәртіппен бұзып, мүлік меншік иесіне қайтарылады, алушыға өз міндеттемесін орындауға мүмкіндік бергеннен кейін ғана меншік иесі осы шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

      16. Осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, шартты мерзімінен бұрын біржақты тәртіппен бұзуға жол берілмейді.

      17. Тараптардың заңдық мәртебесінің, ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі не Тараптардың бірінің қайта ұйымдастырылуы осы шарттың мәнін өзгертпейді және Тараптар шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оларды қайта ресімдеу талап ететін жағдайларды қоспағанда, осы шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттер олардың мирасқорларына өтеді. Бұл ретте Тараптар қайта тіркеу фактісінен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде заңдық мәртебесінің өзгергені туралы бірін-бірі жазбаша хабардар етеді.

      6. Ерекше шарттар

      18. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың қосымша келісімге қол қоюы арқылы енгізіледі. Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қол қойылған кезден бастап күшіне енеді.

      7. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      19. Осы шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайларда тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, ұрыс қимылдары, төтенше жағдай және т.б.) салдарынан осы шарттың талаптары орындалмаған немесе оның тиісінше орындамау мүмкін болмаған оқиғаны білдіреді.

      20. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда алушы олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде осындай оқиғаның басталған күнін көрсетіп, меншік иесін хабардар етеді және еңсерілмейтін күштің мән-жайларын растауды ұсынуға міндетті.

      21. Жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күштің мән-жайлары әрекет еткен уақытқа мөлшерлес уақытқа шегеріледі.

      8. Дауларды шешу тәртібі

      22. Осы шартты орындау барысында туындауы мүмкін Тараптар арасындағы даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен шешіледі.

      9. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      МЕНШІК ИЕСІ: АЛУШЫ:

      Басшы _____________________ Басшы_____________________

      ___________________________ ___________________________

      ___________________________ __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      лауазымы) лауазымы)

      ___________________________ ___________________________

      ___________________________ ___________________________

      (мекенжайы, деректемелері) (мекенжайы, деректемелері)

      ___________________________ ___________________________

      (қолы) м.о. (қолы) м.о.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады