Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2012 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында жасалған 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-өзбек
мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге
хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық және екі жақты өткізу пункттерін келісу мақсатында,
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2006 жылғы 4 қыркүйекте жасалған Келісімге хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Хаттамада Тараптар мынадай терминдерді пайдаланады:
екі жақты (мемлекетаралық) өткізу пункті - тек тараптар мемлекеттерінің азаматтары мен көлік құралдарының шекараны кесіп өтуі үшін;
халықаралық (көп жақты) өткізу пункті - азаматтығына қарамай жеке адамдардың және тараптар мемлекеттері мен үшінші елдердің аумақтарында тіркелген автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін.»;
Хаттамаға қосымша болып табылатын қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері тізбесінде:
«Өткізу пунктінің мәртебесі» деген төртінші бағандағы «Халықаралық» деген сөзден кейін «(көп жақты)» деген сөз, «(екі жақты)» деген сөзден кейін (мемлекетаралық) деген сөз қосылсын;
«Темір жол өткізу пункттері» деген бөлімдегі өткізу пункттерінің атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
Бейнеу |
Маңғыстау облысы |
Қарақалпақстан |
Қарақалпақстан Республикасы |
Халықаралық (көп жақты) |
Тәулік бойы |
»;
«Темір жол өткізу пункттері» деген бөлім мынадай мазмұндағы 2.1-тармақпен толықтырылсын:
«
2.1 |
Мақтаарал |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Сырдария |
Сырдария облысы |
Халықаралық (көп жақты) |
Тәулік бойы |
»;
«Автомобильдік өткізу пункттері» деген бөлімде 8, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
«Автомобильдік өткізу пункттері» деген бөлімде 3, 6, 7 және 9-тармақтар мазмұндай редакцияда жазылсын:
«
3 |
Тәжен |
Маңғыстау облысы |
Дәуіт-Ата |
Қарақалпақстан Республикасы |
Халықаралық (Көп жақты) |
Тәулік бабы |
6 |
Қапланбек |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Зангиота |
Ташкент облысы |
Екі жақты (мемлекетаралық) |
Тәуліктің жарық уақытында |
7 |
Қазығұрт |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Ташкент |
Ташкент облысы |
Екі жақты (мемлекетаралық) |
Тәуліктің жарық уақытында |
9 |
Атамекен |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Гулистан |
Сырдария облысы |
Екі жақты (мемлекетаралық) |
Тәуліктің жарық уақытында |
».
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісім қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
2012 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі бүкіл мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін