Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 5 ақпандағы
№ 42 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

      2. "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен мақұлданған "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      кіріспедегі "Мемлекеттік жастар саясаты" деген сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, сол сияқты бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; "100 мектеп, 100 аурухана", "Балапан", "Бизнестің жол картасы – 2020", "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламалары бағытталған.";

      "Қазақстан 2020: болашаққа жоқ" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі" деген 3-бөлімнің 8) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "Тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған нормативтік-құқықтық актілер тізбесі" деген 3-бөлімнің 9-тармағы алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешенінде:

      реттік нөмірі 22-жол алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерінде:

      "Қоныстандыру және өндіргіш күштерді орналастыру жүйесі" деген 1-бөлімнің "Демографиялық жағдайды жақсарту мен көші-қон процестерін реттеудің негізгі бағыттары" деген кіші бөлімінде:

      жиырма үшінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ҮИИДМБ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасымен және басқа да бағдарламалармен үйлестіре отырып, жұмыс күшіне тапшылықты сезінетін өңірлерге еңбекке қабілетті халықтың ішкі көші-қонын ынталандыру.";

      жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушілердің жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерін ескере отырып, тұрғын үй құрылысы мен халықты көшіру еңбек ресурстарына қажеттілігі бар өңірлерде ғана жүзеге асырылатын болады. Жұмыс берушінің қажеттілігін негізге ала отырып, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті көшуіне ықпал ету және жастардың бейімделуі үшін жағдай жасау есебінен іске асырылады.".

      6. "Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарда:

      "Қазақстан Республикасы үшін көші-қон саясатының моделін таңдау және қазіргі кездегі проблемаларды шешудің ұсынылатын жолдары" деген 3-бөлімнің "Ішкі көші-қон ағындарын есепке алу және болжауды жетілдіру" деген кіші бөліміндегі үшінші бөлік алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014 – 2015 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңінде (2014 – 2015 жылдар):

      реттік нөмірі 28-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтарды дамыту бағдарламаларының шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, мүгедектерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту";

      реттік нөмірі 34-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтарды дамыту бағдарламаларының шеңберінде паспорттаудан өткен объектілерді бейімдеу".

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.01.2024 № 31 қаулысымен.
      9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 767 қаулысымен.

      10. "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын.

      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1136 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. "Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 1093 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальді білім беру жүйесінің жол картасында:

      реттік нөмірі 22-жол алып тасталсын.

      13. "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 261-жол алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 5 ақпандағы
№ 42 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат).

      2. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1136 қаулысы.

      3. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1548 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 81, 1057-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат) 71-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 44, 423-құжат) 3 және 4-тармақтары.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат) 62-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1066 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 572-құжат) 4-тармағы.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2015 года № 42.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 5 февраля 2015 года № 42

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 31.03.2015 № 168.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2013 года № 191 "О Концепции государственной молодежной политики Республики Казахстан до 2020 года "Казахстан 2020: путь в будущее":

      в Концепции государственной молодежной политики Республики Казахстан до 2020 года "Казахстан 2020: путь в будущее", одобренной указанным постановлением:

      часть восьмую в "Государственная молодежная политика" в введении изложить в следующей редакции:

      "В целом, к настоящему времени на улучшение социально-экономических условий, становление и всестороннее развитие будущих поколений направлены не только специальные молодежные, но и реализуемые сегодня в стране масштабные государственные программы развития образования, здравоохранения, языков, форсированного индустриально-инновационного развития; программы "100 школ, 100 больниц", "Балапан", "Дорожная карта бизнеса - 2020", "Доступное жилье - 2020".";

      подпункт 8) раздела 3 "Перечень нормативных правовых актов, посредством которых предполагается реализация Концепции государственной молодежной политики Республики Казахстан до 2020 года "Казахстан 2020: путь в будущее" исключить.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2013 года № 1092 "Об утверждении Концепции формирования перспективных национальных кластеров Республики Казахстан до 2020 года":

      в Концепции формирования перспективных национальных кластеров Республики Казахстан до 2020 года, утвержденной указанным постановлением:

      пункт 9 части первой раздела 3 "Перечень нормативных правовых актов, посредством которых предполагается реализация Концепции" исключить.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2013 года № 1289 "Об утверждении комплекса мер по развитию приграничных районов Республики Казахстан на 2014 – 2020 годы":

      в комплексе мер по развитию приграничных районов Республики Казахстан на 2014 – 2020 годы, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 22, исключить.

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2013 года № 1434 "Об утверждении Основных положений Генеральной схемы организации территории Республики Казахстан":

      в Основных положениях Генеральной схемы организации территории Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      в подразделе "Основные направления улучшения демографической ситуации и регулирования миграционных процессов" раздела 1 "Система расселения и размещения производительных сил":

      подпункт 6) части двадцать третьей изложить в следующей редакции:

      "6) стимулирование внутренней миграции трудоспособного населения в регионы, испытывающие недостаток рабочей силы, с увязкой с ГПФИИР, Программой "Дорожная карта бизнеса 2020", утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 301, Программой развития моногородов на 2012 – 2020 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2012 года № 683 и другими программами.";

      часть двадцать четвертую изложить в следующей редакции:

      "Строительство жилья и переселение населения будут осуществляться только в те регионы, где есть потребность в трудовых ресурсах с учетом обязательства работодателей по их трудоустройству. Повышение мобильности трудовых ресурсов, исходя из потребности работодателя, реализуется за счет содействия добровольному переселению граждан Республики Казахстан и обеспечения условий для адаптации молодежи.".

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1593 "О Комплексном плане по решению проблем миграции, усилению контроля за миграционными потоками из сопредельных государств, созданию благоприятных условий для отечественных квалифицированных кадров с тем, чтобы не допустить их чрезмерного оттока на зарубежные рынки труда на 2014 – 2016 годы":

      в Комплексном плане по решению проблем миграции, усилению контроля за миграционными потоками из сопредельных государств, созданию благоприятных условий для отечественных квалифицированных кадров с тем, чтобы не допустить их чрезмерного оттока на зарубежные рынки труда на 2014 – 2016 годы", утвержденном указанным постановлением:

      часть третью пункта 1 подраздела "Основные направления государственной миграционной политики" раздела 3 "Выбор модели миграционной политики для Республики Казахстан и предлагаемые пути решения существующих проблем" исключить.

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 254 "Об утверждении второго этапа (2014 – 2015 годы) Плана мероприятий по обеспечению прав и улучшению качества жизни инвалидов в Республике Казахстан на 2012 – 2018 годы":

      во втором этапе (2014 – 2015 годы) Плана мероприятий по обеспечению прав и улучшению качества жизни инвалидов в Республике Казахстан на 2012 – 2018 годы, утвержденном указанным постановлением:

      графу 2 строки, порядковый номер 28, изложить в следующей редакции:

      "Вовлечение инвалидов в продуктивную занятость с использованием государственных мер поддержки в рамках программ развития территорий";

      графу 2 строки, порядковый номер 34, изложить в следующей редакции:

      "Адаптация объектов, прошедших паспортизацию в рамках программ развития территорий".

      8. Утратил силу постановлением Правительства РК от 24.01.2024 № 31.
      9. Утратил силу постановлением Правительства РК от 16.11.2018 № 767.

      10. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2014 года № 752 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Концепции по вхождению Казахстана в число 30-ти самых развитых государств мира на 2014 – 2020 годы":

      в Плане мероприятий по реализации Концепции по вхождению Казахстана в число 30-ти самых развитых государств мира на 2014 – 2020 годы, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 10, исключить.

      11. Утратил силу постановлением Правительства РК от 30.12.2015 № 1136 (вводится в действие с 01.01.2016).

      12. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 1093 "Об утверждении Дорожной карты дуальной системы образования, предусматривающей создание учебных центров повышения квалификации и переквалификации при производственных предприятиях и их участие в подготовке ВУЗами и колледжами специалистов":

      в Дорожной карте дуальной системы образования, предусматривающей создание учебных центров повышения квалификации и переквалификации при производственных предприятиях и их участие в подготовке ВУЗами и колледжами специалистов", утвержденной указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 22, исключить.

      13. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 1159 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы":

      в Плане мероприятий по реализации Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 261, исключить.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 5 февраля 2015 года № 42

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства
Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2013 года № 636 "Об утверждении Дорожной карты занятости 2020" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 39, ст. 567).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2013 года № 1136 "О создании Межведомственной комиссии по вопросам реализации Дорожной карты занятости 2020".

      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1548 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2013 года № 636 "Об утверждении Дорожной карты занятости 2020" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 81, ст. 1057).

      4. Пункт 71 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2014 года № 329 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 26, ст. 212).

      5. Пункты 3 и 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2014 года № 726 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 44, ст. 423).

      6. Пункт 62 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2014 года № 970 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан и распоряжений Премьер-Министра Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 55-56, ст. 540).

      7. Пункт 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2014 года № 1066 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 61, ст. 572).