"Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетінің мемлекеттер өкілдері мен лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесі туралы келісімнің күшін жою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 266 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетінің мемлекеттер өкілдері мен лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесі туралы келісімнің күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетінің
мемлекеттер өкілдері мен лауазымды тұлғаларының құқықтық
мәртебесі туралы келісімнің күшін жою туралы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 1997 жылғы 28 наурызда Мәскеуде жасалған Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетінің мемлекеттер өкілдері мен лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесі туралы келісімнің күші жойылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады