Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
      2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясының (бұдан әрі – Кешенді стратегия) іске асырылуына мониторинг пен жыл сайынғы бағалауды жүргізуді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Кешенді стратегияның орындалуы туралы шоғырландырылған есепті 2020 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей қарауға енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 912 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары

      Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 24.07.2017 № 443 қаулысымен

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі индикаторларды есептеу тетігін әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ІІМ (жинақтау), ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

2.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасын әзірлеу

әлеуметтік жоба

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, ҮЕҰ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2017 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

3.
 

ҚАЖ мекемелерін тарату кезінде босатылатын штат санын қайта бөлу есебінен пробация қызметін нығайту жөніндегі шаралар қабылдау

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

4.

ІІМ-нің ведомстволық сайтында "Қайта әлеуметтендіру" ақпараттық жаңартылатын айдарын құру

ақпараттық айдар

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

5.

Босатылғаннан кейін сотталғанды тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу тетігін пысықтау

бірлескен хаттамалық шешім

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині

2017 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

6.

ҚАЖ мекемелері бірінің базасында сотталғандардың қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы отбасыларымен бейнекездесулер ұсынудың пилоттық жобасын жүзеге асыру

пилоттық жоба

ІІМ

2017 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

7.

"Әлеуметтік бондтар" қағидаты бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндігін пысықтау

жұмыс тобы, хаттамалық шешім

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, Қаржымині, ҰЭМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

8.

ІІМ Қостанай академиясының тақырыптық жоспарларына сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелерін зерделеуді қосу

тақырыптық жоспарлар

ІІМ
 

2017 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

9.

Жұмысқа орналастыру кезінде БП-ның арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпаратпен танысу құқығы бар адамдар шеңберін шектеу жөніндегі шаралар қабылдау

бұйрық

БП (келісім бойынша)

2017 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

10.

ККО қызметінің тиімділігін арттыру және ҮЕҰ жұмысына тарту мақсатында олардың ұйымдастырушылық құрылымы мен құзыретін қайта қарау
 

бұйрық

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

11.

Тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды бейімдеуге арналған жұмыс істеп тұрған орталықтарды өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтарға қайта бейіндеу мәселесін пысықтау

жұмыс тобы, хаттамалық шешім

Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ҰЭМ, БП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

12.

ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын азаматтарды пробацияның барлық кезеңдерінде (сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық, пенитенциарлықтан кейін) қайта әлеуметтендірудің жеке бағдарламаларын жасау әдістемесін әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ІІМ

2017 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

13.

ҚАЖ мекемелерінен босатылғандардың әлеуметтік маңызды немесе өзге де ауыр аурулардан зардап шеккен науқастарды емдеу сабақтастығы тетігін әзірлеу

бұйрық

ІІМ (жинақтау), ДСМ

2017 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

14.

Пробация қызметінің жұмысына жеке басты зерделеудің қазіргі заманғы әдістерін, оның ішінде қайта әлеуметтендіру процесін дараландыру мақсатында (Risk-needs-responsibility) қылмыстардың қайталану тәуекелдері мен оңалту мүмкіндіктерін бағалауды талдауға негізделген) тәуекелдердің алдын алу жүйесін енгізу

әдістемелік ұсынымдар

ІІМ (жинақтау),
БП (келісім бойынша)

2017 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

15.

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне волонтерлерді тарту

пилоттық жоба

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

16.

ҚАЖ мекемелері бірінің базасында "оңалту түрмесі" пилоттық жобасын жүзеге асыру

пилоттық жоба

ІІМ

2018 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

17.

Пробация қызметінде ерікті тәлімгерлер институтының пилоттық жобасын енгізу ("тең теңімен" қағидаты бойынша)

пилоттық жоба

ІІМ

2018 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

18.

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру

пилоттық жоба

ІІМ (жинақтау), БҒМ

2018 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

19.

Қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдардың және қауіпсіздігі аралас мекемелерде қамауда ұсталатын адамдардың сандық және сапалық құрамына әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістемесін әзірлеу

әдістеме

ІІМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша)

2018 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

20.

ІІМ Қостанай академиясының базасында пробация мамандарын оқыту орталығын құру

бұйрық

ІІМ

2019 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

21.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету

әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламалары

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

22.

Пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарды оңалту мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және коммерциялық емес қорлармен меморандумдар жасасу

меморандумдар

ІІМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

23.

ҮЕҰ қолдауымен пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарға арналған пробация бөлмелерін ашу

пробация бөлмелері

ІІМ (жинақтау), ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

24.

Пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік іс-шараларға тарту

конкурстар, спорттық жарыстар, жастар қозғалысы

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

25.

Сотталғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамтудың жеке нысандарын дамытуға кәсіпкерлік субъектілерін тарту

шарттар

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

26.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жұмыс орындарын құру үшін ҚАЖ кәсіпорындарында жаңа өндіріс түрлерін ашу

жаңа өндіріс түрлері

ІІМ
 

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

27.

Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктерді, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тарту

меморандумдар, келісімшарттар

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісім бойынша)

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

28.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдар бойынша Еңбекмині ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған ІІМ ҚАЖ орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқоры арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру

ақпараттық алмасу

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

29.

ІІМ Қостанай академиясында пробация қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету

біліктілігін арттыру курстары

ІІМ

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

30.

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы барысы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында және ІІМ ведомстволық сайтында орналастыру

жарияланымдар

ІІМ

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДСМ -

Еңбекмині -

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар

ККО

қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган

ҚАЖ

қылмыстық-атқару жүйесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады