"Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 912 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 443 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №912 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірлер 2, 4, 5, 7, 10, 11, 21 - жолдардың 4-бағанындағы "ДСӘДМ" деген аббревиатура "Еңбекмині" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 13-жолдың 4-бағанындағы "ДСӘДМ" деген аббревиатура "ДСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 28-жолдың 1, 4-бағанындардағы "ДСӘДМ" деген аббревиатура "Еңбекмині" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі" деген жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады