Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 35-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетіне жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 330 қаулысымен бекітілген |
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндама
Мазмұны
Тармақтар | |
Қысқартулар мен аббревиатуралар ……………………….........…………….. | |
Кіріспе ………………………………………………..………….. | 1-7 |
І. Жалпы мәліметтер........……………………........………..….………..….……. | |
Аумағы және халқы......……………………..……………….….. | 8-12 |
Саяси құрылымы................……………………………………… | 13-19 |
Әкімшілік құрылымы.................………………………………… | 20-22 |
Әлеуметтік-экономикалық даму.......…………………………… | 23-36 |
Жұмыспен қамту....... ……………………………………...……. | 37-39 |
Халықтың өмір сүру деңгейі………………………………...….. | 40-43 |
Халықты әлеуметтік қорғау......………………………………… | 44-47 |
Денсаулық сақтау…………………….…………………………. | 48-54 |
Білім беру......…………………………………….……………… | 55-64 |
Адамның құқықтарын қорғаудың және ынталандырудың жалпы негіздері ............................................................................. | 65-72 |
ІІ. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның орындалуы туралы ақпарат…….………..…………….…………………………………. | |
Конвенцияның 1-бабы. Мақсат ………………………..….......... | 73-75 |
Конвенцияның 2-бабы. Анықтамалар ………………………..... | 76-82 |
Конвенцияның 3-бабы. Жалпы қағидаттар…………………..... | 83-101 |
Конвенцияның 4-бабы. Жалпы міндеттемелер ……………...... | 102-117 |
Конвенцияның 5-бабы. Теңдік және кемсітпеушілік ………… | 118-127 |
Конвенцияның 6-бабы. Мүгедек әйелдер……………………… | 128-139 |
Конвенцияның 7-бабы. Мүгедек балалар……………………… | 140-148 |
Конвенцияның 8-бабы. Ағарту-тәрбие жұмысы…………..…... | 149-163 |
Конвенцияның 9-бабы. Қолжетімділік ………………………... | 164-201 |
Конвенцияның 10-бабы. Өмір сүру құқығы …………………... | 202-206 |
Конвенцияның 11-бабы. Қатерлі жағдайлар мен төтенше гуманитарлық жағдайлар……………………………………….. | 207-212 |
Конвенцияның 12-бабы. Заң алдындағы теңдік………………. | 213-217 |
Конвенцияның 13-бабы. Сот төрелігіне қол жеткізу…………. | 218-227 |
Конвенцияның 14-бабы. Еркіндік және жеке басына қол сұғылмаушылық………….……...….………….…………........... | 228-235 |
Конвенцияның 15-бабы. Азаптаулардан және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу ……............... | 236-239 |
Конвенцияның 16-бабы. Қанаудан, зорлықтан және қорлаудан еркіндік ........................................................................................... | 240-249 |
Конвенцияның 17-бабы. Жеке тұтастықты қорғау…………… | 250-256 |
Конвенцияның 18-бабы. Еркін жүріп-тұру және азаматтық…. | 257-261 |
Конвенцияның 19-бабы. Дербес өмір сүру салты және жергілікті қоғамдастықтарға тартылу…………………………. | 262-275 |
Конвенцияның 20-бабы. Жеке ұтқырлық………………............ | 276-296 |
Конвенцияның 21-бабы. Көзқарасы мен наным-сенімін білдіру еркіндігі және ақпаратқа қол жеткізу…………………... | 297-307 |
Конвенцияның 22-бабы. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық…. | 308-310 |
Конвенцияның 23-бабы. Үй мен отбасын құрметтеу……........ | 311-323 |
Конвенцияның 24-бабы. Білім беру …………………................ | 324-347 |
Конвенцияның 25-бабы. Денсаулық………………………....... | 348-372 |
Конвенцияның 26-бабы. Абилитация және оңалту…………... | 373-396 |
Конвенцияның 27-бабы Еңбек және жұмыспен қамту……...... | 397-431 |
Конвенцияның 28-бабы. Жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау……..…………………………………………. | 432-442 |
Конвенцияның 29-бабы. Саяси және қоғамдық өмірге қатысу. | 443-469 |
Конвенцияның 30-бабы. Мәдени өмірге, бос уақыты мен демалысын өткізу және спортпен шұғылдануға қатысу ……... | 470-486 |
Конвенцияның 31-бабы. Статистика және мәліметтер жинау.. | 487-492 |
Конвенцияның 32-бабы. Халықаралық ынтымақтастық……… | 493-498 |
Конвенцияның 33-бабы. Ұлттық жүзеге асыру және мониторинг……............................................................................. | 499-508 |
Қосымшалар………………………………………………………………….... |
Қысқартулар мен аббревиатуралар:
ЖС | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
БП | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
Конституция | Қазақстан Республикасының Конституциясы |
ІІМ | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ДІАҚМ | Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі |
ДСМ | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
АКМ | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
ИДМ | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
МСМ | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
ҰЭМ | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
БҒМ | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
Еңбекмині | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Қаржымині | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Әділетмині | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
ҮЕҰ | үкіметтік емес ұйымдар |
Іс-шаралар жоспары | Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары |
БАҚ | бұқаралық ақпарат құралдары |
ОСК | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
МӘСҚ | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры |
БҰҰДБ | Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Іріктеме зерттеу | ҰЭМ Статистика комитеті 2014 жылы жүргізген "Гендерлік ерекшелікті ескерумен, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасы" бойынша іріктеме зерттеу |
МСҚБ | Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы |
МОДҚ | Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры |
ОЖБ | Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы |
ҚХЖ | Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесі |
АЕК | айлық есептік көрсеткіш |
КІРІСПЕ
1. Қазақстан Республикасы 2015 жылғы ақпанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.
2. Осы баяндама Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 35-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады және БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеті әзірлеген Басшылыққа алынатын қағидаттарға (CRPD/С/2/3) сәйкес жасалды.
3. Осы баяндама Қазақстанның Конвенция бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру үшін қабылданған шаралар және нәтижесінде қол жеткізілген прогресс туралы бастапқы баяндамасы болып табылады.
4. Баяндама 2012 – 2016 жылдардағы кезеңді қамтиды және онда Конвенцияның ережелеріне тікелей қатысы бар есепті кезеңде қабылданған негізгі заңнамалық, сот, әкімшілік, практикалық және басқа да шаралар туралы ақпарат бар.
5. Осы баяндаманы дайындау процесінде еліміздің мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен консультациялар және талқылаулар жүргізілді.
6. Баяндаманы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектердің құқығын сақтау және қорғау мәселелері құзыретіне кіретін басқа да үкіметтік мекемелермен және ұйымдармен ынтымақтастықта дайындады.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына осы баяндаманы дайындау кезінде техникалық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
I БӨЛІМ: ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Аумағы және халқы
8. Қазақстанның аумағы 2 724,9 мың км² құрайды.
9. 2017 жылдың басына Қазақстан Республикасы халқының саны 17, 9 млн. адамды құрайды, оның ішінде әйелдер – 9,2 млн. адам (51,4 %), ерлер – 8,7 млн. адам (48,6 %).
Жас құрамы бойынша: балалар (16 жасқа дейінгі) – 5,4 млн. адам (ұлдар – 2,8 млн., қыздар – 2,6 млн.), 16 жастан 62 жасқа дейін – 10,7 млн. адам (әйелдер – 5, 3 млн., ерлер – 5,4 млн.), 63 жас және одан жоғары – 1,8 млн. (әйелдер – 1,3 млн., ерлер – 0,5 млн.).
10. Халықтың тығыздығы – 1 ш.км 6,6 адам. Қалаларда 10,3 млн. адам (57,5%), ауылдық жерде – 7,6 млн. адам (42,5%) тұрады.
11. Этникалық құрамына 100-ден астам ұлт пен этностар кіреді, оның ішінде қазақтар – 11,7 млн. (66,48%), орыстар – 3,6 млн. адам (20,6%), өзбектер – 548,8 мың адам (3,11%), украиндықтар – 289,7 мың адам (1,6%), ұйғырлар – 256,2 мың адам (1,45%), татарлар – 202,9 мың адам (1,15%), немістер – 181,7 мың адам (1,03%) және басқалар.
12. Қазақстандықтардың 70 %-ы – мұсылмандар, 26 %-ы – христиандар, 0,03 %-ы – иудейлер, ал 0,09% – буддистер. Конституция ар-ождан еркіндігіне, діни ғибадаттарды орындау еркіндігіне кепілдік береді. Дін мемлекеттен ажыратылған.
Саяси құрылымы
13. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет болып табылады.
14. Мемлекеттік билік Конституция және заңдар негізінде жүзеге асырылады, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінген.
15. Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi органы Парламент болып табылады, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан (Сенат депутаттары өкілеттіктерінің мерзімі – алты жыл) және Мәжілістен (Мәжіліс депутаттары өкілеттіктерінің мерзімі – бес жыл) тұрады.
16. Қазақстан Республикасында ресми түрде 9 саяси партия тіркелген, олардың ішінен 2016 жылғы наурыздағы сайлау қорытындылары бойынша үш партияның өкілдері Парламент Мәжілісінің құрамына депутаттар ретінде кірді.
17. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады, орталық органдардан (министрліктер мен ведомстволардан) және жергілікті органдардан (әкімдіктерден) тұрады.
18. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылатын Қазақстан Республиканың Жоғарғы Соты мен жергілікті соттары Қазақстан Республиканың соттары болып табылады.
19. Конституциялық Кеңес Қазақстан Қазақстанның саяси жүйесінде ерекше орын алады.
Әкімшілік құрылымы
20. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйесіне 14 облыс, астана, республикалық маңызы бар қала, 177 әкімшілік аудан, 87 қала, 30 кент және 6 668 ауылдық елді мекен кіреді.
21. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы (1997 жылғы 10 желтоқсаннан бері), онда 1 млн. астам адам тұрады.
22. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Әлеуметтік-экономикалық даму
23. Қазақстан - мұнай, газ, титан, магний, қалайы, алтын және басқа түсті металдар қорлары, химиялық шикізат қорлары бойынша бай елдердің бірі. Ел мырыштың, вольфрамның барланған қорлары бойынша бірінші орын, күміс, қорғасын, хромиттер бойынша екінші, мыс бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші орын алады.
24. Бүгінде Қазақстан – неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің бірі. Қазақстан экономикасының өсу қарқыны бойынша әлемнің Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея, Малайзия сияқты және басқа да неғұрлым табысты елдерінің қатарына енді. Ширек ғасыр ішінде Қазақстанның экономикасы 16 есеге, халықтың табысы 6 есеге өсті.
25. Өңдеу өнеркәсібінің жедел дамуы есебінен экономиканы әртараптандыру процесі іске қосылды. Экономиканы үдемелі индустрияландыру іске асырылып жатыр. Оның шеңберінде соңғы жылдары шамамен 1000 жаңа кәсіпорын салынды, өнімнің 400-ден астам жаңа түрі игерілді. Бүгінгі күні әлемнің 111 елі қазақстандық кәсіпорындардың дайын өнімдерін сатып алады.
26. 10 арнайы экономикалық аймақ және 10 индустриялық аймақ құрылды. Елімізде инновациялық өндірістер ашылып жатыр, заманауи автобандар және теміржолдар, құбырлар және электр беру желілері салынып жатыр. Ресеймен және ҚХР-мен бірлесіп салынып жатқан Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолы Еуразияның басты көлік магистральдарының біріне айналады.
27. Қазақстан таяу уақытта өзінің тарихи рөлін жаңғыртып, Орталық Азия өңірінің ең ірі іскерлік және транзиттік хабына, Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналуды мақсат етіп отыр. Ол үшін Қазақстанның басты көлік бағыттарының жолында халықаралық деңгейдегі сауда-логистикалық, қаржылық-іскерлік, инновациялық-технологиялық және туристік хабтардың бірыңғай кешенін құру жоспарлануда.
28. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде хабтар қағидаты бойынша макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
29. Тұтас алғанда, соңғы жылдары көлік саласында 2 000 километрден астам жаңа теміржол желілері салынды. Теміржол саласын одан әрі дамыту үшін Қазақстанның көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
30. Жаңа экономикалық саясат индустрияландырудың екінші бесжылдығының жобаларын іске асыруға шоғырланатын болады. Басым бағыттар ретінде 14 секторға бөлінген 6 сала таңдалды, оған "Нұрлы жол" бағдарламасын қаржыландырудың 80%-ы дерлік бағытталатын болады. Инвестицияларды салу объектілері металлургия кешені, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, агрохимия, автомобиль жасау және құрылыс индустриясы болады.
31. Ауқымды тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанды жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға берудің теңдессіз көрсеткіштеріне жеткізді – жыл сайын 6 миллион шаршы метр.
32. Осы барлық жобалардың арқасында жұмыссыздық қысқарды, жүздеген мың азамат лайықты жұмысқа орналасты, жаңа мамандықтарға қайта оқыды.
33. Бүгінде Қазақстан – әлемдік жетекші бидай экспорттаушылардың бірі. Ет және мал шаруашылығының басқа да өнімдерін озыңқы қарқынмен өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндет шешілуде.
34. Соңғы 10 жылда ЖІӨ және Қазақстан Республикасы халқының жан басына шаққандағы ЖІӨ оң өсу үрдісіне ие болып, орташа есеппен тиісінше 5,4 % және 3,9 %-ды құрады. Еңбек өнімділігі орташа есеппен жылына 3,8 %-ға өсті.
35. Елде отандық кәсіпкерлер тобы қалыптасты. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 1 185 163 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Жалпы мөлшермен алғанда жеке кәсіпкерлер үлесі 68,7%-ды, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 16 %-ды, шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар – 15,1 %-ды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2 %-ды құрады.
36. Бизнестің жаңа бастамалары, халықтың кәсіпкерлік бастамалары "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының шеңберінде микрокредит беру және бизнес дағдыларына үйрету арқылы мемлекеттік қолдауға ие болуда.
Жұмыспен қамту
37. 2016 жылғы желтоқсанға экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар 8 938,8 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары 8 491,2 мың адам, жұмыссыздар 447,6 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 5 %-ды құрады.
38. Қазақстан Республикасында өткен 5 жылдық кезеңге еңбек нарығының көрсеткіштері тұрғындардың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтылуындағы салыстырмалы түрде болмашы ауытқулар кезінде тұрақты болып қалды. Жұмыссыздық пен жастар жұмыссыздығының (5,0 % және 4,1%) көрсеткіштері ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда төмен (6,8 % және 15,1 %). Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтылған тұрғындарының негізгі үлесі – жоғары білімі (35,6 %) және орта кәсіптік білімі (33%) бар мамандар.
39. Елімізде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (2017 жылға дейін), Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда.
Халықтың өмір сүру деңгейі
40. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 2,5 %-ды құрайды.
41. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 2016 жылғы 4-тоқсанда 154 632 теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті тоқсанына қатысты номиналды жалақының индексі 113,7 %-ды, нақты жалақының индексі 103,8 %-ды құрады. Еңбекақы төлеудің ең жоғары шамасы кәсіптік ғылыми және техникалық қызметте байқалды – 327 224 теңге, ең төменгі шамасы – ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтарында – 89 956 теңге белгіленді.
42. 2003 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіші тұрақты өсіп отырды, дағдарыс кезеңдеріне қарамастан, 1,1 есеге ұлғайды: 2003 жылы 55 доллар болса, 2016 жылы 63 долларға жетті.
43. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 2016 жылдың қорытындысы бойынша 53-орынға ие болды.
Халықты әлеуметтік қорғау
44. Қазақстан Республикасында азаматтарға жасына байланысты, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.
45. Елде мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында жауапкершілікті бөлу арқылы халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылды. Бұл жүйе бірнеше құрамдауыштардан тұрады, олардың әрқайсысына қатысушы тараптардың біреуі жауап береді:
1) мемлекет – базалық әлеуметтік төлемдер: базалық және ынтымақты зейнетақылар, мемлекеттік жәрдемақылар, біржолғы мемлекеттік төлемдер;
2) жұмыс беруші – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі), еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға, асыраушысынан айырылуына немесе жұмыстан шығып қалуына, жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыстарға байланысты табысынан айырылудың әлеуметтік қатері орын алған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударылатын әлеуметтік аударымдар;
3) жұмыскер – зейнетақы төлемдерін алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару.
46. 2016 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке жұмсалған шығыстар ЖІӨ-ден 4,3 %-ды құрады.
47. Кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тізбесі белгіленді және халықтың негізгі осал топтары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары әзірленді.
Денсаулық сақтау
48. Соңғы 10 жылда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған мемлекеттік шығыстар 10-12 есе өсті.
49. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 728 аурухана және 20149 амбулаториялық-емханалық ұйым кіреді (жекеменшік секторда – 135 аурухана мен 770 емхана). Емдеу мекемелерінде 100 мыңға жуық аурухана төсегі бар. Көрсетілетін қызметтердің бәсекелес нарығы медициналық қызметтердің жекеменшік секторының үлесін 24 %-ға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. Аталған салада 64 мың медициналық жұмыскер еңбек етеді.
50. Практикаға аурулардың бейінді түрлері бойынша жаңа технологияларды және емдеу түрлерін енгізіп отырған заманауи медициналық орталықтар құрылды. Орталық республикалық клиникалар жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетудің озық тәжірибесін өңірлер деңгейіне табысты қолдануда. Бірқатар облыстық және қалалық ауруханаларда жүрекке және бас миына операциялар табысты жасалуда, өмірлік маңызды ағзалар ауыстырылып салынуда.
51. 2008 жылдан бері Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасына және ерте анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарлама іске асырылуда.
52. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.
53. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі.
54. Денсаулық сақтау саласын дамытудың арқасында азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өсті.
Білім беру
55. 2011 және 2015 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасында білім беруге жұмсалған мемлекеттік шығыстар үлесі ЖІӨ 3,5-4 % ауқымында болды.
56. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша Қазақстан үш жыл қатарынан барлық 129 елге арналған Білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшылар төрттігінен орын алып отыр.
57. Бәсекеге қабілеттілік менеджменті институтының рейтингінде (Лозанна, Швейцария) Қазақстан соңғы төрт жыл ішінде 15 жастан асқан азаматтардың сауаттылық деңгейі бойынша бірінші орын алуда.
58. 2013 – 2014 жылдары Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде орта біліммен қамту бойынша Қазақстан 139 елдің ішінен 29-орын алды.
59. БҰҰ-ның адами даму индексі бойынша соңғы 15 жылда Қазақстан адами даму әлеуеті жоғары елдер қатарына ене отырып, 13 позицияға алға ілгерілеп, 56-орынға ие болды.
60. БҰҰДБ деректері бойынша Қазақстан адами капиталының деңгейі жоғары ел болып табылады. Қазақстандықтардың сауаттылық деңгейі 99,6 %-ды құрайды. Ересек тұрғындардың сауаттылығы 99,7 %-ға жетіп отыр; кем дегенде орта білімі бар тұрғындар – 99,3%; орташа оқу ұзақтығы – 11,4 жыл және бастауыш мектептен шығып кету коэффициенті – 0,7 %. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемнің 177 елінің ішінде 14-орын және Азияда бірінші орын алады.
61. 10 жыл ішінде (2006 – 2016 жылдар) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан мынадай көрсеткіштер бойынша өз позицияларын айтарлықтай жақсартты: "Орта біліммен қамту" (+21), "Математика және жаратылыстану-ғылыми білім алу сапасы" (+2), "Мектептердегі Интернетке қолжетімділік" (+12), "Зерттеу және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі" (+4), "Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы" (+18), "Университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ (НИОКР) саласындағы ынтымақтастығы" (+22), "Ғалымдар мен инженерлердің қолжетімділігі" (+6).
62. 2016 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Қазіргі уақытта Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолданылуда.
63. 2015 жылғы 25-27 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында әлемнің 193 елі, оның ішінде Қазақстан 2030 жылға дейінгі Тұрақты Дамудың 17 жаңа Жаһандық Мақсатына жету бойынша міндеттеме қабылдады. Алдағы 15 жыл ішінде Қазақстанның білім беру жүйесі бар күшін төртінші жаһандық мақсат "Сапалы білімге" қол жеткізуге бағыттайтын болады. Бұл жалпыға бірдей және әділ сапалы білімді, барлығы үшін оқуды өмір бойы қамтамасыз ету.
64. Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальді жүйесі дамып келеді, кәсіптік мектептердің оқушылары оқумен қатар өндірісте практикадан өтеді.
Адам құқықтарын қорғаудың және көтермелеудің жалпы негіздері
65. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабы).
66. Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтық мәртебесі адамның және азамат құқықтарының тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі ережелеріне сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын және ережелерін қабылдады және оларды мемлекеттің жағдайларын ескере отырып бекітті.
67. Қазақстан адам құқықтары туралы бірқатар маңызды халықаралық шарттарды, оның ішінде Бала құқықтары туралы конвенцияны, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияны, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция және оған факультативтік хаттаманы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiні, Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiні және оған факультативтік хаттаманы, Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенцияны, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.
68. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенцияларын ратификациялады, оның ішінде 1948 жылғы Бірлестіктер еркіндігі және кәсіподақтарға бірігу құқықтарын қорғау туралы конвенцияны (№ 87) және 1949 жылғы Кәсіподақтарға бірігу және ұжымдық келіссөздер жүргізуге құқық туралы конвенцияны (№ 98) ратификациялады.
69. Конституцияның 4-бабында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар заңдардың алдында басым болатыны белгіленген.
70. Конституцияның бірқатар ережелері инкорпорация болып табылады. Мәселен, Конституцияның 15-бабы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнің 6-бабын, 24-бабы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiнің 7-бабын сөзбе-сөз келтіреді.
71. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтауға бейімділігін көрсетті.
72. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия, Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл (Омбудсмен), Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (2016 жылғы ақпанда құрылған), Балалардың құқықтарын қорғау комитетi, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия сияқты құқық қорғау мекемелері жұмыс істейді.
II БӨЛІМ: МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Конвенцияның 1-бабы. Мақсаты
73. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның кіріспесінде тұжырымдалған және мүгедектіктің профилактикасына, мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, оңалтуға, сондай-ақ мүгедектерге басқа азаматтармен тең өмір сүру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге арналған құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауға және мүгедектерді қоғамға етене араластыруға бағытталған.
74. Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты Конвенцияның 1-бабында жарияланған мақсатына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасында мемлекет елдің барлық азаматтарына, оның ішінде мүгедектерге жағдайына қарамастан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағы). Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабының 1-тармағы).
75. "Мүгедек" ұғымы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңда бекітілген. Мүгедек деп "тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам" танылады (1-баптың 7-тармағы). Бұл анықтама Конвенцияда тұжырымдалған "мүгедек" анықтамасына сәйкес келеді, себебі "тұрақты бұзылулар" "организм функцияларының тұрақты бұзылушылығының" синонимі деп есептеуге болады. Сонымен бірге "олардың қоғам өміріне басқалармен тең дәрежеде толық және тиімді қатысуына кедергі келтіруі мүмкін кемістіктер" ұғымы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген "тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және әлеуметтік қорғау қажеттілігіне" әкеп соқтыратын денсаулықтың бұзылуына қатысты. "Тіршілік-тынысының шектелуі" термині "адамның өзiне өзi қызмет көрсету, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлану, адамдармен араласу, өзiнiң мiнез-құлқын қадағалау, оқу және еңбек қызметiмен айналысу қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтуы" дегенді білдіреді.
Конвенцияның 2-бабы. Анықтамалар
76. Қазақстан заңнамасында мүгедектік мәселелері бойынша құқық қолдану Конвенцияның 2-бабына байланыстырылған немесе сәйкес келетін анықтамалар мен терминдерге сүйенеді.
77. Қазақстанның әрбір азаматының қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар (Конституцияның 19-бабының 2-тармағы). "Қарым-қатынас" термині (Конвенцияның 2-бабының бірінші абзацы) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 1-бабының 23-тармағында "тіршілік-тынысының шектелуі" ұғымына анықтама беру кезінде кездеседі. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектер үшiн Конвенцияның 2-бабында тізбектелген мерзiмдi баспасөз, ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет, соның iшiнде аудиотаспаларды, дискiлердi, рельефті-ноқатты Брайль қарпiмен және сурдоаудармасы бар бейнетаспаларды шығару арқылы мүгедектердің ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 28-бабының 1-тармағы).
78. Жеке қарым-қатынас құралы ретiнде ымдау тiлi пайдаланылады, ол сондай-ақ саңырау және нашар еститiн балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының оқу бағдарламаларында да қолданылады (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 28-бабының 2-тармағы).
79. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағаннан кейін Мүгедектерді қорғау туралы заңның 28-бабы тармақпен толықтырылды, оған сәйкес сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз ету туралы норма сигнал тарату аумағына қарамастан, тек республикалық қана емес, барлық өңірлік телевизиялық бұқаралық ақпарат құралдарына қолданылады.
80. "Жүйелі бейімдеу" термині Конвенцияға ұқсас редакцияда 2015 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілген 3.06-101-2012 "Құрылыстар мен ғимараттарды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау" Қазақстан Республикасының Қағидалар Жинағында бар. Осы қағидалар жинағы халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді қоғамдық және өндірістік ғимараттарды, функционалдық-жоспарлық элементтерді, жер учаскелерін немесе жекелеген жайларды жобалауға қолданылады. "Жүйелі бейімдеу" тұжырымдамасына сәйкес қолжетімділікті қамтамасыз ету өлшемшарттары мен шарттары белгіленді, олар организм функциялары мен құрылымының бұзылу сипатына, сондай-ақ қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің салалық сипатына байланысты бөлінді.
81. Елдің заңнамасында "мөлшерлес емес немесе ақталмаған ауыртпалық" анықтамасы жоқ. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 25-бабында объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектердiң қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiстігі қарастырылған.
82. "Әмбебап дизайн" термині Конвенцияға ұқсас редакцияда 2015 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілген ҚР ҚН 3.06-01-2011 "Ғимараттар мен ғимараттарды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі" құрылыс нормаларында бар. Бұл нормалар "әмбебап дизайн" қағидатына негізделген, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік пен тіршілік-тынысының жағдайларын қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлау шешімдері, ғимараттар мен құрылыстардың жер учаскелері, оларды ақпараттық және инженерлік жайғастыру бойынша талаптарды белгілейді. Бұл құжаттың талаптары тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттарды жобалауға, салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге қолданылады.
Конвенцияның 3-бабы. Жалпы қағидаттар
83. Қазақстан Республикасы үшін ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, оларды ешкім айыра алмайды. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, басқалай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға жол берілмейді. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 12, 13, 14-баптары).
84. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қағидаттары: заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы; әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы; мемлекеттiк органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы; мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу болып табылады (Мүгедектерді қорғау туралы Заңның 5-бабы).
85. Қазақстанда мүгедектер Конституциямен, басқа да ұлттық заңнамалық актілермен бекітілген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады, оның ішінде: әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға; ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға; заңнамада белгiленген тәртiппен тегін медициналық көмектің кепiлдiк берiлген көлемiн алуға; кәсiптiк даярлауға және қайта даярлауға, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға; тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге; мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтары бар (Мүгедектерді қорғау туралы заңның 14-бабы).
86. Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі "кемсітпеушілік" қағидаты (Конвенцияның 3-бабының b) тармағы) болып табылады. Конституцияның 14-бабының 2-тармағына сәйкес "Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды".
87. Мүгедектігі бойынша кемсітуге Мүгедектерді қорғау туралы заңның 5-бабында тыйым салынған.
88. "Қоғамға толық және тиімді тарту және қосу" қағидаты (3-баптың с) тармағы) тәжірибеде қоғам өміріне қатысуға мүгедектерге басқа азаматтармен тең мүмкіндік жасауға бағытталған мемлекет кепілдік берген экономикалық және құқықтық шаралар жүйесімен іске асырылады (Мүгедектерді қорғау туралы заңның кіріспесі). Мүгедектердің қоғамға етене араласуы Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттарының бірі ретінде анықталды (Мүгедектерді қорғау туралы заңның 4-бабы 3-тармағы). Мүгедектердің қоғам өміріне толық және тиімді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында заңмен бекітілген нақты нормалар (Мүгедектерді қорғау туралы заңның 14 және 15-баптары), сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуына кедергі келтіретін кез келген физикалық, ақпараттық-коммуникациялық кедергілерді жою жөніндегі бірқатар практикалық және нормативтік шаралар қарастырылған.
89. "Мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу" қағидаты (Конвенцияның 3-бабының d) тармағы) Қазақстанның заңнамасында көрсетілген, соған сәйкес мүгедектер адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылданады, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген медициналық, әлеуметтік және кәсіби іс-шараларды, оңалту мен әлеуметтік қолдауды қоса алғанда, әлеуметтік қорғау шараларын айқындау және қамтамасыз ету кезінде әр мүгедектің ерекшелігі танылады.
90. "Мүмкіндіктер теңдігі" қағидаты (Конвенцияның 3-бабының е) тармағы) ұлттық заңнамада құқықтық норма ретінде бекітілген. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты мүгедектердің тіршілік-тынысы мен қоғамға етене араласуы үшін оларға тең мүмкіндіктер жасау болып табылады (Мүгедектерді қорғау туралы заңның кіріспесі). Мүгедектерге өз қабілеттерін қоғам өмірінің әртүрлі салаларында (денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, көлік, байланыс, тұтыну нарығы, әділет саласы және сот жүйесі және т.б.) басқа азаматтармен қатар іске асыру мүмкіндігіне осы салаларды реттейтін заңнамалық актілермен кепілдік берілген.
91. "Қолжетімділік" қағидаты (Конвенцияның 3-бабының f) тармағы) мүгедектерге қатысты Қазақстан заңнамасында негізгі болып табылады. Қолжетімділік мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың негізін салушы қағидат (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 5-бабының 2, 3-тармақтары) болып табылады.
92. Қазақстан қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүгедектердің табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғанда, ақпарат және байланысқа, сондай-ақ басқа объектілер мен қызметтерге басқа адамдармен бірдей еш кедергісіз қол жеткізуге кедергі келтіретін немесе болашақта кедергі келтіруі мүмкін (жаңа әлеуметтік объектілерді және тұрғын үйлерді және т.б. салу кезінде белгіленген нормаларды орындамау) кедергілерді (бөгет жасау) анықтау және жою бойынша шараларды жатқызады.
93. "Ерлер мен әйелдердің теңдігі" қағидаты (Конвенцияның 3-бабының g) тармағы) жынысына қарамастан барлық азаматтардың теңдігі болып қарастырылады және Конституцияда бекітілген (14-бап).
94. Халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ерлер мен әйелдер тең құқықтар мен бостандыққа және оларды іске асыру үшін тең мүмкіндіктерге ие.
95. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы БҰҰ Конвенциясына қосылды. Осы конвенцияның факультативтік хаттамасы бекітілді.
96. Мемлекет және қоғам өмірінің барлық саласындағы гендерлік теңдікке арналған жағдайларды жасауға қатысты негізгі қағидаттар мен нормалар "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.
97. Осылайша, Қазақстанның заңнамасы ерлер мен әйелдердің теңдігі қағидатын сақтау бойынша Конвенция талаптарына толық сәйкес келеді.
98. "Мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өзіндік қасиетін сақтау құқығын құрметтеу" қағидаты (Конвенцияның 3-бабының h) тармағы) ұлттық заңнамада көрсетілген.
99. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты Конституция нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес баланың дене бітімі тұрғысынан, зияткерлік, рухани, имандылық және әлеуметтік толыққанды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
100. Балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясаттың мақсаттарына мыналар жатады: балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету; оларды кемсітушілікке жол бермеу; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіру; бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құру; баланың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани, имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында отансүйгіштік, азаматтық және бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, мемлекет халқының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу; кәмелетке толмаған баланың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету ("Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңның 6-бабының 1-тармағы).
101. Мүгедек балалардың мыналарға: оңалтуда (абилитациялауда) мемлекеттің көмегіне, ОЖБ әзірлеуге және іске асыруға, күнделікті тұрмыс жағдайларына әлеуметтенуге, әлеуметтік бейімделуге және әлеуметтік етене араласуға, әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 24, 29-баптары); кәдімгі және арнайы білім беру мекемелерінде тәрбиеленуге және білім алуға ("Білім туралы" 2017 жылғы 27 шілдедегі Заңның 26, 28, 47-баптары), денсаулығының қорғалуына ("Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңның 15-бабы) құқығы бар.
Конвенцияның 4-бабы. Жалпы міндеттемелер
102. Конвенцияның ережелері ешқандай шектеулер немесе алып тастауларсыз елдің барлық әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қолданылады.
103. Мүгедектердің адамның барлық құқықтары мен негізгі еркіндіктерін толық және тең жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылдан бастап Үкімет өз қызметін үш басым салада жандандырды: қолжетімді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын құру, еңбекпен қамтамасыз ету және қоғамның мүгедектерге деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
104. Конвенцияда баяндалған нормаларды іске асыру үшін Қазақстанда алғышарттар мен мүмкіндіктер бар, дегенмен, мақсаттар мен талаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалды деп есептеместен бұрын, алда едәуір жұмыстарды атқаратын салалар бар. Бұл, мысалы, қолжетімділікті арттыруға қатысты Конвенцияның 8 және 9-баптарына енгізілген міндеттемелерге, сондай-ақ жұмыс және жұмыспен қамтуға қатысты 27-бабына, инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге қатысты 24-бабына қатысты.
105. Бүгінде мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру мәселелері Еңбекминінің, ДСМ, БҒМ, МСМ, ІІМ, ИДМ, АКМ, ДІАҚМ құзыретіне кіреді.
106. Қазақстанда МДҚБ құрылды және жұмыс істейді, онда мүгедектігі бар барлық адамдар туралы ақпарат бар, ол сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасының (ОЖБ) іске асырылуын қадағалап отыру арқылы халықты әлеуметтік қолдау саласында әр мүгедектің құқықтарының сақталуын мониторингтеуге ықпал етеді.
107. Республикада халықтың жалпы санындағы мүгедектердің үлесі 3,7%-ды немесе 651,9 мың адамды құрайды.
108. Мүгедектердің жалпы санынан ерлер – 366,6 мың адам (56,2%), әйелдер – 285,3 мың адам (43,8 %); жас шамасы бойынша мүгедектердің 12,2 %-ы – балалар; 62,8 %-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар; 25,0 %-ы – егде жастағы адамдар. Мүгедектігі бар адамдардың 55,2 %-ы қалада, 44,8 %-ы ауылдық жерлерде тұрады (1-қосымша).
109. Конвенцияны ратификациялауға дайындық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ ресми ратификациялаудан кейін оның нормалары мен ережелерін толық және тиімді пайдалану үшін елімізде Үкімет бекітетін кезеңдік ұлттық Іс-шаралар жоспары іске асырылады.
110. Жоспардың іс-шаралары ұлттық заңнаманы, қоғамға мүгедектерді етене араластыру бойынша тетіктерді Конвенцияның қағидаттары мен нормаларына жүйелі түрде сәйкес келтіруге; мүгедектік белгілері бойынша қандай да бір кемсітусіз барлық мүгедектердің адамның барлық құқықтары мен негізгі еркіндіктерін толық іске асыруды қамтамасыз етуге және көтермелеуге, оның ішінде мүгедектерге қолжетімді ортаны және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге; мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
111. Ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелерінде жүйелілікті сақтай отырып, 2013 жылы 32 нормативтік құқықтық актінің Конвенция нормаларына сәйкестігіне түгендеу жүргізілді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша 2015 жылғы 3 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онымен 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 4 Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, мүгедектердің өмір сүруі үшін кедергісіз ортаны дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, ақпаратты ұсыну, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз ету бөлігінде құқықтық олқылықтар жойылды.
112. Қойылған мақсаттарға қол жеткізудің маңызды факторларының біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтық қоғаммен тұрақты диалог жүргізуі болып табылады, бұл саясатты жасау үшін өте маңызды және проблемаларды анықтау мен шешуде үлкен рөл атқарады.
113. Мүгедектердің мүдделерін қозғайтын нормалар бар нормативтік құқықтық актілерді стратегиялық құжаттарды әзірлеу процесіне мүгедектердің ҮЕҰ өкілдерін тарту бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылған.
114. ҮЕҰ-мен бірлесіп жүргізілетін жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мүгедектерді қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі, Астана, Алматы қалалары және облыс әкімдіктері деңгейіндегі Мүгедектер істері жөніндегі кеңестер сияқты консультативтік-кеңесші органдардың шеңберінде жүзеге асырылады.
115. ҮЕҰ бастамасы бойынша және Еңбекминінің қолдауымен Мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесші институты енгізілді. 2015 – 2016 жылдары барлық 16 облыстың әкімдерінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму, Қаржы министрлерінде мүгедектігі бар адамдар қатарынан кеңесшілер болды.
116. ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын мемлекет "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде қолдайды.
117. 2012 жылдан бастап мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және ұйымдарының жобаларын мемлекеттік қаржыландыру 1,5 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 2016 жылы 2,5 млрд. теңгеге жетті.
Конвенцияның 5-бабы. Теңдік және кемсітпеушілік
118. Ұлттық заңнамада мүгедектікке қатысты кемсітушілік сипатындағы ережелер жоқ.
119. Конституцияның 14-бабының 1-тармағына сәйкес "барлығы заң және сот алдында тең". Осылайша, елде жеке адамның құқықтары мен міндеттерінің теңдігі, осы құқықтарды мемлекеттің тең қорғайтыны және заң алдында әр адамның бірдей жауапкершілігі белгіленген.
120. Заң алдындағы теңдік адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға мүмкіндіктер туғызатын нақты шарттар мен міндеттер заңдарда айқындалатынын білдіреді. Осы қағидат шыққан тегіне, нәсілдік және ұлттық болмысына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, айналысатын ісінің түріне және ерекшелігіне, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтын барлық адамдардың теңдігі туралы жалпы конституциялық ережемен түсіндіріледі (Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағы).
121. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаттарының бірі басқа азаматтармен қатар мүгедектердің тең, оның ішінде денсаулығының қорғалуына, білім алуға және қызмет түрін, оның ішінде еңбек түрін еркін таңдау құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
122. Мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тыйым салуды құқықтық реттеу және орынды бейімдеуді қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері осы баяндаманың 80, 81, 86 және 87-тармақтарында баяндалған.
123. Олардың көп түрлілігін ескере отырып, мүгедектердің нақты теңдігіне қол жеткізу бойынша оң шараларды қабылдаудың мысалы ретінде еңбек құқықтары және білім беру құқықтары саласындағы кемсітушілікке қарсы нормаларды келтіруге болады.
124. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (2015 жылғы 23 қарашада қабылданған) еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, қызметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты кемсітуге тыйым салынады. Осы ереже Еңбек кодексінің 25-бабының нормасында күшейтілген, оған сәйкес мүгедектік еңбек шартын жасау құқығын шектей алмайды.
125. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі барлығының сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі болып табылады. Білім беру саласында оқу-тәрбиелеу процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің адами құндылықтарын өзара құрметтеу және білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде мүгедектердің құқықтарына құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады ("Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3, 28-баптары).
126. Қазақстан Республикасында әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (Конституцияның 13-бабы).
127. Заңнамаға сәйкес мүгедектердің құқықтары мен бостандықтарының бұзылғанына кінәлі адамдар әкімшілік және/немесе қылмыстық құқықтарға сәйкес жауапқа тартылады (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 38-бабы, Әкімшілік кодекстің 83, 84-баптары).
Конвенцияның 6-бабы. Мүгедек әйелдер
128. Елде мүгедек қыздар мен мүгедек әйелдердің жағдайын жақсартуға және олардың білім беру, еңбек, медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмек алу саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шаралар қолдау табуда.
129. Мемлекет тарапынан, сондай-ақ мүгедек қыздар мен мүгедек әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты, кемсітушіліктің барлық түрлерін жою бойынша шаралар қабылдануда.
130. 2017 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанда 285 272 мүгедек әйел, оның ішінде 34 585 мүгедек қыз бала тұрады (1-қосымша).
131. Қазақстанда мүгедек қыз балалар мен мүгедек әйелдерге әлеуметтік, медициналық, оңалту, ақпараттық және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде гендерлік айырмашылыққа орын жоқ.
132. Гендерлік теңдіктің жекелеген мәселелері осы баяндаманың 93-97-тармақтарында баяндалады.
133. Қазақстанда Конституцияның 27-бабына сәйкес ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке қабілетсіз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Ана болу да мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.
134. Ана болу құқығына барлық әйелдер, оның ішінде мүгедек әйелдер де ие. Әйелдерге берілген бұл құқық мүгедек әйелдерді қоса алғанда, әйелдерге, оның ішінде жүктілігі кезеңінде де медициналық көмекті қамтамасыз етумен расталады. Соңғы 5 жылда 776 мүгедек әйелдің бала туу жағдайлары тіркелген.
135. Қазақстанда ерлер мен әйелдердің репродуктивтік функцияларын сақтау мен қалпына келтіруге мамандандырылған отбасын жоспарлау мен репродукция орталықтарының желісі дамыған, олар әйелдер консультациясының, ауруханалардың, перинаталдық орталықтардың құрамында жұмыс істейді және дербес ұйым бола алады.
136. 478-ден аса отбасын жоспарлау кабинеттері, жасөспірімдер мен жастарға сексуалдық және репродуктивтік денсаулық саласында құпия қызмет көрсетуге арналған 93 жастар орталығы; шалғай орналасқан ауылдық өңірлерде тұратын балалар мен әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін балалар мен әйелдерге арналған 16 көшпелі консультация; жетекші республикалық клиникалармен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық жұмыс істейді.
137. 2012 жылы Қазақстан ХЕҰ-ның Ананы қорғау туралы конвенциясын ратификациялады. Қазіргі уақытта Қазақстан ананы қорғау бойынша ХЕҰ барлық стандарттарын, атап айтсақ, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы бойынша және ана болуына байланысты сақтандырылған жалақы мөлшеріне қарай ақшалай төлемдерді тағайындау бойынша стандарттарды орындауда.
138. Қазақстанның саясаты әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау бойынша ХЕҰ стандарттарына жалпы сәйкес келеді. Мынадай ақшалай төлемдер көзделген және төленеді:
МӘСҚ-тан – жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала (асырап алынған бала) бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ("Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы);
мемлекеттік бюджеттен – бала тууға байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы, бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша берілетін ай сайынғы жәрдемақы ("Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы).
139. Қазақстан жүктілік және босануға байланысты демалыс ұзақтығын ХЕҰ ұсынған (14 апта) көлемнен асырып, әйелдерге 18 апталық ақы төленетін демалыс ұсынады, ал егер әйел ядролық әсер аймағында тұратын болса, оған 24 аптаға дейін демалыс беріледі.
Конвенцияның 7-бабы. Мүгедек балалар
140. Мүгедектердің жалпы санындағы мүгедек балалардың үлесі 12,2 %-ды (79 662 адам) құрайды. Мүгедек бала құрылымында 16 жасқа дейінгі балалар басым (72 149 адам немесе 90,6%) (1-қосымша).
141. Қазақстанда мүгедек балаларға: баланың заңды мүдделерін, адамның барлық құқықтары мен еркіндіктерін қорғау (Конституция, "Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекс және т.б. нормативтік актілер) туғанынан тиесілі және кепілдік беріледі.
142. "Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тегiне, нәсiлiне және ұлтына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер қабылданған сәтінен заңсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс (Заңның 4, 5-баптары).
143. Сонымен қатар Баланың құқықтары туралы заң әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауына кепілдік береді. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу белгіленген.
144. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады (Баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы).
145. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар (Баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағы).
146. Баланың құқықтары туралы заңда "Мүгедек баланың құқықтары" туралы арнайы 6-тарау бар, онда мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларын жұмыспен қамту және мемлекеттік көмек көрсету саласында қосымша кепілдіктер белгіленген.
147. Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" және "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберінде жүзеге асырылады.
148. Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау жөніндегі мекемелер осы баяндаманың 72-тармағында көрсетілген.
Конвенцияның 8-бабы. Ағарту-тәрбие жұмысы
149. Үкімет тұрақты негізде қоғамның мүгедектік туралы сауатын арттыруға және мүгедектер туралы оң пікір қалыптастыруға бағытталған ағарту-тәрбие жұмысы саясатын жүргізеді.
150. Еңбекмині мен БҰҰДБ-ның бірлескен жобасы шеңберінде Қазақстанда Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияның 6 600 данасы, мүгедектердің құқықтары туралы 4 000 дана лефлет, флаер және плакат көбейтіліп, өңірлерге және мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына таратылды. Конвенция мәтіні әртүрлі форматтарда жарияланды – әдеттегі, көру қабілеті бұзылғандарға арнап ірі қаріппен, ақыл-ой дамуында кемістігі бар адамдар үшін суреттер және жеңілдетілген мәтінмен.
151. Конвенция мәтінін мемлекеттік және орыс тілдерінде кез келген адам Еңбекмині сайтынан www.enbek.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша және "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтынан http://adilet.zan.kz. мекенжайы бойынша оқи алады.
152. Конвенцияның 8-бабын толық іске асыру үшін орталық деңгейде қоғамның мүгедектердің проблемаларына оң қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық-ағартушылық науқандарды өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдар және сөз сөйлеулер дайындау бойынша медиа-жоспар бекітіледі және жүзеге асырылады.
153. Республиканың барлық өңірлерінде мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ, ата-аналар қауымдастықтарының қатысуымен ақпараттық-ағартушылық акциялар өткізу бойынша жұмыс топтары құрылған.
154. Ағарту-тәрбие науқандарын өткізу мынадай негізгі бағыттарға құрылған: мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру идеяларын, қағидаттарын және құралдарын тарату; тұтас қоғамның мүгедектік мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру; мүгедектерге қатысты жаңсақ пікірлерді жою; кедергісіз орта қалыптастыру бойынша оқу, ақпараттық, анықтамалық, әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулықтарды дайындау және жариялау; мүгедектерді жұмыспен қамту, білім беру мәселелерін шешу кезінде оларға толеранттылық көзқарасты қалыптастыру; қоғам өмірінің барлық салаларында мүгедектердің әлеуетін және үлесін насихаттау.
155. Едәуір өзекті мәселелер бойынша тұрақты түрде брифингтер, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізу жолға қойылған, оларда мүгедектердің құқықтары мен міндеттері, қызметтердің көрсетілуі, жалпы орта және кәсіптік білім алу, жұмысқа тұру және т.б. мәселелер түсіндірілді.
156. Соңғы үш жылда ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін 100-ден астам республикалық және өңірлік БАҚ тартылды, оларда мүгедектер құқықтарын қорғау және мүгедектігі бар адамдардың жеткен жетістіктері туралы 24 мыңнан астам электрондық және баспа материалдар жарияланды.
157. "Хабар" республикалық арнасында "Сильные духом" жобасы іске асырылды, онда мүгедектігі бар, өз ортасында абырой мен құрметке ие болған, өз туғандарына тірек болған адамдар сюжеттердің басты кейіпкерлері болды. Хабардың шығарылымдары http://khabar.kz/ru/o-proekte-silnye-duhom сайтында орналастырылған.
158. Мүгедектер туралы оң көзқарастың қалыптасуына паралимпиада чемпиондарын насихаттау, шығармашылық сайыстар өткізіп, қоғамдық сыйлықтар табыстау септігін тигізеді.
159. 2013 жылы Еңбекмині тарапынан "БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ" бірінші республикалық конкурсы өткізілді (ақпарат мына мекенжайдағы сайтта http://convention.enbek.gov.kz/ru/node/21296).
160. Ағарту-тәрбие жұмысын жүргізуде ҮЕҰ рөлі аса зор. Мысалы, "Бауыржан" қайырымдылық қоры жыл сайын "Самғау" қоғамдық сыйлығына конкурс өткізіп, жеңімпаздарды марапаттайды, Қазақстан мүгедектер конфедерациясы "Жан шуақ" сыйлығын табыстайды. Сыйлықтың екеуі де Қазақстанда мәдениет, спорт, білім беру саласында және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен мүгедектігі бар адамдарға табысталады.
161. Республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестіктері "Жан" және "Жан мейірі" журналдарын басып шығарады, олардың негізгі аудиториясы мүмкіндіктері шектеулі адамдар болып табылады.
162. Республикада жұмыс берушілер мен қайырымдылық ұйымдарының мүгедектердің құқықтарын іске асыруға қосқан үлестерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізіледі.
Мысалы, 2014 жылы Үкімет тарапынан жыл сайын өткізілетін "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың (Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығы) шарттарына "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинациясы бойынша лауреатты таңдаудың қосымша өлшемшарты қосылды – бұл кәсіпкерлік субъектісінің мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаны іске асыруы (оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды неғұрлым көп жұмысқа тұрғызу).
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, АКМ қолдауымен "Бауыржан" қайырымдылық қоры ұйымдастыратын "АЛТЫН ЖҮРЕК" жыл сайынғы ұлттық сыйлығы Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке тұлғаларға, оның ішінде "Мүгедектерге қамқорлық үшін" номинациясы бойынша табысталады.
163. Жүргізілген іріктеме зерттеуге сәйкес 2014 жылы мүгедектердің 46,3%-ы халықтың мүгедектердің проблемаларына деген оң көзқарасын бағалаған.
Конвенцияның 9-бабы. Қолжетімділік
Саясат
164. Мүгедектігі бар адамдардың қоршаған ортаға, ашық және жалпы тұрғындарға ұсынылатын объектілер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етудің аса маңызды екендігін түсіне отырып, Үкімет мүгедектерге олардың тәуелсіз өмір сүруіне және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатыса алатындай жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
165. Бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға және негізгі министрліктердің стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына мүгедектерге қоғам өмірінің барлық саласында: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, еңбек, дене шынықтыру және спорт және т.б. салаларда кедергісіз орта қалыптастыру бойынша іс-шаралар мен индикаторлар енгізілді (2-қосымша).
166. "Мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілердің жалпы санындағы үлесі" объектілердің мүгедектер үшін қолжетімділігінің көрсеткіші өңірлердің қызметін бағалау бойынша базалық индикаторға (рейтинг) қосылған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша елімізде көрсеткіш 77,4 %-ды құрады.
167. Жергілікті билік органдарының қызметін реттеу және жауапкершілігін арттыру мақсатында әрбір облыста мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру бойынша өңірлік жоспарлар бекітіледі, оларда мүгедектердің қажеттілігіне қарай бейімдеуді қажет ететін нақты ғимараттар мен объектілердің тізбесі бар. Өңірлік жоспарлар Еңбекмині сайтында "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" бөлігінде орналастырылады (http://convention.enbek.gov.kz/ru/adaptation_maps).
Қолданыстағы заңнама
168. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңында (25-бап) жергілікті атқарушы органдар, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiржол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдарлауы мен жүрiп-тұруына жағдай жасауға мiндеттi деп көрсетілген.
169. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына тіршілік-тынысы үшін жайлы жағдай жасау бойынша барлық қажетті талаптар бар: елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулi басқа да топтарын қоса алғанда) жұмыс орындарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (құрылыстарға, коммуникацияларға) қол жеткiзуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтер объектілерді жобалауда және салуда барлық сатыларды реттеп отыруға тиіс және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері орындауға міндетті болып табылады; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері жіберілген бұзушылықтар не міндетті нормативтік талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгені, сондай-ақ мемлекеттік, қоғамдық немесе жекеменшік мүдделерге залал (зиян) келтірілгені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапқа тартылады.
170. Мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына ғимараттарда, құрылыстарда, байланыс пен ақпараттандыру, көлiк құралдарында қолжетімділік жағдайын жасау бойынша негізгі талаптар стандарттау бойынша нормативтік құжаттарда көрсетілген (3-қосымша).
171. Конвенцияға қол қойылғаннан кейін қолжетімділкті қамтамасыз ету бойынша жұмыс мынадай бағыттарда жандандырылды: қолданыстағы заңнаманы жетілдіру; стандарттау бойынша жұмыс; қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына жауапкершілік пен бақылауды күшейту; көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мүгедектерге қолжетімділігі жағдайын бағалау; қолжетімді көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды заңнамалық және қаржылық қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі.
172. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен мүгедектер үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарының қолжетімділігіне қатысты түзетулер енгізілді. Атап айтсақ, вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орта құру; теміржол құрамаларын мүгедектерге қолжетімді вагондармен жабдықтау; көлік жұмыскерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау және қызмет көрсету дағдыларына, оның ішінде ымдау тіліне үйрету; вокзалдар мен әуежайларда, әлеуметтік-мәдениет саласы объектілерінде, сонымен қатар алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда мүгедектердің арнайы көліктерін қою үшін тегін орындар бөлу, ол жерлерге басқа көлік құралдарының қойылмауға тиіс және т.б.
173. Қолданыстағы стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттарды мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, қолжетімді тіршілік тынысын құру бойынша халықаралық талаптар мен нормаларға сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2012 – 2013 жылдары 33 ұлттық стандарттан тұратын тізбе қалыптастырылды, оларда құралдар мен бұйымдардың мүгедектер үшін қолжетімділігі мен қауіпсіздігінің техникалық талаптары қамтылған, оның ішінде 13 стандарт халықаралық талаптармен үйлестірілген.
174. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа қолжетімділік нормативтері қолданысқа енгізілді: ҚР ҚН 3.06-01-2011 "Ғимараттар мен құрылыстардың халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына қолжетімділігі"; ҚР ҚН 3.06-02-2012 "Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына қолжетімді етіп жобалау. Жалпы ережелер". Аталған нормативтер негізіне әмбебап дизайн және жүйелі бейімдеу қағидаттары алынды.
175. ҚР ҚН 1.02.-03-2011 "Құрылыстың жобалау құжаттарын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы" стандартына сәулет шешімдері мазмұнын жобаланатын объектіде мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және тіршілік-тынысына тең жағдай жасау бойынша және оны жобалауды міндетті түрде әлеуметтік қорғау орындарымен келісу іс-шараларымен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді (ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 107-НҚ бұйрығы)
Мемлекеттік бақылау
176. Құрылыс нормалары мен қағидалары талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жүргізу "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген және МСҚБ басқармасына жүктелген.
177. Объектінің құрылысы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік нормативтердің сақталу мәселесі ерекше бақылауға алынды.
178. 2016 жылы жүргізілген тексерулердің нәтижелері көрсеткендей, МСҚБ басқармалары мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігіне қатысты нормативтік талаптар бойынша 110 бұзушылық анықтаған, бұзушылықтарды жою туралы 91 нұсқама берген.
179. Қазақстанда лауазымды адамдардың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
180. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық үшін лауазымды адамдарға елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
181. 2015 жылдан бастап Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 123 іріктеме және 287 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 375 бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді, оның ішінде 203 субъектіге жалпы сомасы 26,9 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
Паспорттау
182. 2012 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің (түгендеу/паспорттау) қолжетімділігін бағалау және оларды мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтарына одан әрі бейімдеу жүргізіледі.
183. Объектілерді түгендеуді (паспорттауды) жүргізу және мониторингтеуге қоғамдық кеңес мүшелері тартылады, олардың құрамына БАҚ, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және азаматтық қоғамның басқа да өкілдері қосылған.
184. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде 27 828 объектіге паспорттау жүргізілген. Оның ішінде 17 506 объект (62,9 %) қолжетімсіз деп танылды және бейімдеуді талап етеді (4-қосымша).
185. Қазіргі таңда жергілікті бюджет және "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының қаражаты есебінен 11 212 (77,4 %) объекті бейімделді.
186. Еңбекмині мен БҰҰДБ бірлескен жобасы шеңберінде Қазақстанда friendlybuilding.kz мекенжайы бойынша орналасқан "Қолжетімділіктің интерактивтік белсенді картасы" порталы әзірленіп, пайдалануға берілді. Аталмыш портал елдің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты онлайн режимде енгізуге, объектіні бейімдеу дәрежесін көруге, көрсетілген ақпараттың дәлдігін тексеруге мүмкіндік береді. Барлық тіркелген пайдаланушыларға әрбір объектіде жүргізілген бейімдеудің сапасын бағалауға және фотосуреттерді қоса бере отырып комментарийлер орналастыруға мүмкіндік ұсынылған.
Көлік инфрақұрылымы. Теміржол көлігі
187. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап поездарда және вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің ұлттық стандарттары қолданысқа енгізілді, оларда физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасау бойынша талаптар қамтылған. Аталмыш стандарттар барлық вокзалдарда пандустар құрылғысының және қоғамдық дәретханаларда арнайы кабиналардың, тамақтану орындарында арнайы үстелдердің, мүгедектер арбаларына қызмет көрсетудің болуын көздейді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестік 33 %-ды құрады.
188. Вокзалдарда қызмет саласына қарамастан қолжетімділікті жасау бойынша талаптар көзделген: мүгедектер автомашиналарын қою үшін орындар бөлу; ғимаратқа кіреберісті, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарын жабдықтау; көру және (немесе) есту қабілеті нашар мүгедектер үшін қолжетімді байланыс құралдары мен ақпараттық сигналдық құрылғыларды жабдықтау; мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы; қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кабиналармен жабдықтау; арнайы таксофондар орнату; поезд вагондарын вагонға көтерілу құрылғыларымен және арнайы орындармен жабдықтау.
189. Қазіргі уақытта 18 маршруттың құрамында қозғалыс қолайлылығы үшін дәліздер және тамбурлар қайта жабдықталған, мүгедектер арбасын көтеруге арналған тетікпен жабдықталған 31 вагон қатынайды. Купе 2 жолаушыға арналған: мүгедекке арнап жабдықталған орын және еріп жүретін адамға арналған орын.
190. Теміржол вокзалдарының жұмыскерлері және жолсеріктер жолаушылармен қарым-қатынас жасауда мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға поездан түсу/отырғызу бойынша қызметтер көрсетеді. Аталмыш міндеттер жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында бекітілген.
Көлік инфрақұрылым. Автомобиль көлігі
191. Ұлттық стандарттарда ("Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету орындарының қызметтері" және "Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері" автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға және автобустарға қызмет көрсету орындарына) мүгедектер үшін қауіпсіз және қолайлы қызметтер көрсету бойынша талаптар көзделген. Сонымен қатар, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары шаруашылық субъектілерін ұлттық стандарттарды сақтауға міндеттейді және мүгедек жолаушыларды тасымалдау кезінде артықшылықтар ұсынады.
192. Мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету қағидаларында "Инватаксимен" және таксимен, алысқа қатынау автобустарында (ІІІ класс), қалааралық автобустарда (ІІ класс) автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызмет көрсетуде мүгедектер үшін қолжетімді көлік құралын (арнайы автокөлік құралдарымен, мүгедектерді тасымалдауға арналған заттармен және белгілермен) қамтамасыз етудің жалпы тәртібі және шарттары көзделген. Қағидалар Қазақстанның барлық аумағында әрекет етеді және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
193. Автомобильмен тасымалдау саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде тасымалдаушылардан мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жаңа бейімделген автобустар сатып алуды (немесе бейімдеуді) талап ететін нормалар көзделеді.
194. 2014 – 2016 жылдары республикалық бюджеттен 452,4 млн. теңге өңірлерде 16 722 арнайы жол белгісін және нұсқаушыны орнатуға мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған ұйымдардың орналасу орындарында 465 жаяу жүргінші өткелдерін дыбыс құрылғыларымен жабдықтауға жұмсалды.
Көлік инфрақұрылымы. Әуе көлігі
195. Жолаушыларға әуежайда қызмет көрсету қағидаларында 2016 жылдан бастап PRM (Persons with Reduced Mobility) қызмет көрсетудің халықаралық стандартының болуы бойынша талаптар көзделген, оларда, тұрақтарға, аялдамаларға, вокзал маңы алаңындағы кездесу орындарына, тұрмыстық қызметтерге және сервистік қызмет көрсетуге; жолаушылардың әуе тасымалы қызметтерін көрсету жылдамдығы мен жайлылығына, ақпараттық қызмет көрсетуге және персоналды даярлауға талаптар қойылған.
196. Әуежайларда және әуе компанияларында тасымалдау кезінде мүгедектерге шекаралық, кедендік бақылаудан және басқа рәсімдерден өтуге көмек көрсетіледі, әуе кемесінің салонына тасымалдау үшін арнайы кресло ұсынылады. 6 әуежайда (Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау) арнайы лифтілер, эскалаторлар, бөлмелер, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық көрсеткіштер, жарықтық таблолар және маңдайшалар, медициналық қызметкерді шақыру кнопкасымен жабдықталған дәретхана бөлмелері бар; 9 әуежайда (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен, Жезқазған) кіретін және шығатын жерлерде пандустар орнатылған, мүгедектер арбасын ұсыну көзделген, дәретхана бөлмелерінде арнайы тұтқалар орнатылған.
Мемлекеттік қызметтер
197. Мемлекет қолжетімділікті қамтамасыз ету ісінде үлгі болу және осы арқылы нәтижелерге тиімді қол жеткізуге тиіс екенін түсіне отырып, Үкімет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда.
198. 2013 жылғы 15 сәуірде қабылданған "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілетін қызметті берушінің персоналды мүгедектермен қарым-қатынас дағдыларына үйрету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайларды жасау бойынша міндеттері көзделген.
199. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жекелеген стандарттарында тұрғылықты жері бойынша дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін өзінің баруға мүмкіндігі жоқ мүгедектерге мамандардың келуі көзделген. Мысалы, осындай талаптар ІІМ, МҚІСҚА ("Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жұмысқа орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш түсетін азаматтарды тестілеу"), Қаржыминінің ("Жеке кәсіпкерді тіркеу есебі"), Әділетминінің ("Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу") аумақтық органдары халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарында бар.
200. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы бар.
201. Бекітілген Әлеуметтік дамудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Үкімет Қазақстанды 2030 жылға қарай мүмкіндіктері шектеулі адамдар және қарт адамдар үшін кедергісіз елге айналдыруды жоспарлап отыр.
Конвенцияның 10-бабы. Өмір сүру құқығы
202. Әрбір адамның өмір сүру құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 1-тармағында бекітілген. Ешкімнің де өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
203. Қылмыстық кодексте адам өлтіру, анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі, аффект күйінде жасалған, сондай-ақ адам өліміне әкелген қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
204. Өлім жазасын шектеулі қолдану өмір сүруге құқықтың маңызды элементі болып табылады. Конституцияда өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар деп көзделген (Конституцияның 15-бабының 2-тармағы).
205. Практикада өлім жазасы тағайындалмайды. Өлім жазасына балама түрінде 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бас бостандығынан өмір бойына айыру енгізілген. Өлім жазасы қылмыс жасаған 18 жасқа дейінгі жастағы адамдарға, 63 жастан асқан ерлер мен әйелдерге тағайындалмайды.
206. Адамның, оның ішінде мүгедектердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында мемлекет әркімнің тегін медициналық қызмет көрсетілуіне құқығын қамтамасыз етеді. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен алынған халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады, өйткені өмір сүруге құқық айырылмайтын болып табылады.
Конвенцияның 11-бабы. Қатерлі жағдайлар мен төтенше гуманитарлық жағдайлар
207. Қазақстанда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызмет етеді.
208. Басқа адамдар сияқты мүгедектердің қорғалуы және қауіпсіздігі "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі, "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерін іске асыру шеңберінде төтенше гуманитарлық жағдайлар немесе табиғи апаттар тудырған қатерлі жағдайларда қамтамасыз етіледі.
209. Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында барлық азаматтарға, оның ішінде мүгедектерге: ұшырауы мүмкін төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының туындау қатері туралы және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты күні бұрын алу; төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды заңнамада белгіленген тәртіппен өтету; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды өтеу туралы сотқа қуыным беру құқығына кепілдік беріледі.
210. Қазақстанда төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қауіп пен денсаулығына зиян келуі қатері туралы және шұғыл қызметтердің өз құзыреті шегінде ден қоюы жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қабылдау талап етілетін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдаумен және өңдеумен айналысатын бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі жұмыс істейді.
211. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес байланыс операторлары ақысыз негізде "112" қызметіне төтенше жағдайлар туындағанда немесе қатер төнгенде қоңырау шалып тұрған абоненттің орналасқан жерін анықтау және халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу бойынша қызметтерді көрсетуге міндетті. Аталмыш норма есту қабілеті бұзылған адамдарға ақпаратты басқа азаматтармен бірдей ұялы байланыс арқылы алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстанда есту және көру қабілеті нашар мүгедектер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мобильді телефондармен қамтамасыз етілетінін атап өту қажет.
212. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде өрт, авариялық жағдайлар және қауіпті табиғат жағдайлары кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді құрылыстарға және ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары көзделген (ҚР ҚН 3.06.2011 "Халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі" құрылыс нормалары, 3.06-02-2012 "Халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескерумен ғимараттар және құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер" ҚР ҚЖ қағидалар жинағы).
Конвенцияның 12-бабы. Заң алдындағы теңдік
213. Қазақстанда әрбір мүгедек басқа адамдармен бірдей құқықтық қорғалуға құқылы. Барлық азамат заң және сот алдында тең, бұл толық көлемде мүгедектерге де қолданылған.
214. Азаматтық заңнама "құқық қабілеттілігі" (азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттерді көтеру қабілеттілігі) және "әрекетке қабілеттілігі" (азаматтың өз әрекеттері арқылы азаматтық құқықтарды иеленуі және жүзеге асыруы, өзіне азаматтық міндеттер жүктеу және оларды орындау қабілеттілігі) түсініктерін қамтиды.
215. Заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен және жағдайларда ғана құқық қабілеттілігі мен әрекетке қабілеттігіне шектеу қойылуы мүмкін.
216. Қазақстанда мүгедектердің азамат ретінде жан-жақты қатысуына мүлікке иелік етуге және оны мұраға алуға, өз қаржы істерін жүргізуге, сондай-ақ банк несиесіне, ипотекалық кредиттерге және қаржылық кредиттеудің басқа да нысандарына тең қолжетімділікке құқығы қамтамасыз етілген.
217. Психикалық ауруы немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан өзінің әрекеттерінің мәнісін түсіне алмайтын немесе оларды басқара алмайтын азаматты сот әрекетке қабілетсіз деп тани алады, осыған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қамқоршысы жасайды. Әрекетке қабілетсіз адам жазылған немесе денсаулығы айтарлықтай жақсарған жағдайда сот оны әрекетке қабілетті деп таниды, содан кейін одан қамқоршылық алынады.
Конвенцияның 13-бабы. Сот төрелігіне қол жеткізу
218. Қазақстан Республикасында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуына құқығы бар.
219. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі – АПК) азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған мынадай нормалар бекітілген:
- егер куә мүгедектігінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның болған жерінде жауап алуы мүмкін;
- судья 1 және 2-топтағы мүгедектердің істерін сот талқылауына дайындаған кезде немесе қараған кезде заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті;
- сот тараптардың біреуі есту қабілеті бұзылған адам болып табылатын арыздарды қарау кезінде сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамды тартады.
220. АПК-де аудио-бейне жазба құралдары көмегімен сот отырысын жазып алу қарастырылған, бұл көру қабілеті бұзылған адамдардың соттың істі қарау барысында ақпарат алу құқын сақтауға ықпал етеді. Іске қатысушы адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының аудио-бейне жазбасының мазмұнымен танысуға және оның мазмұнына ескерту жасауға құқылы.
221. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот отырыстары қылмыстық, сол сияқты азаматтық істер бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізілуі мүмкін. Осындай технологияны мүмкіндіктері шектеулі азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау үшін пайдалана алады, өйткені егер осындай азамат алыс жерде тұратын болса, оған жақын орналасқан сотты таңдап, онлайн-режимде сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді.
222. Жоғарғы Соттың деректері бойынша 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен азаматтық құқық бұзушылықтар шеңберінде соттар 10 221 талап/істі қараған, олардың ішінде отбасылық құқықтық қатынастар аясында – 1 192, еңбек құқықтық қатынастары аясында – 1 710, тұрғын үй құқықтық қатынастары аясында – 552, жер құқықтық қатынастары аясында – 106, басқалары – 6 661. Істердің жалпы санынан 1 765 іс процесті аудио, бейне тіркеуге жүргізе отырып қаралды.
223. Мүгедектер, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектер үшін 324 сот ғимаратының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс басталды. 28 сот ғимаратында үй-жайға еш кедергісіз кіруге болады, 255 ғимаратта халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған пандустар орнатылған.
Соттың санитариялық-тұрмыстық үй-жайларында тұтқалар орнату бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр (бүгінде 90 сот ғимаратында тиісті жабдықтар орнатылған), ақпараттың тактильді құралдары 86 сотта бар. Мүгедектігі бар адамдардың автокөлігіне арналған көлік қою жерлері арнайы белгілермен жабдықталған.
224. 2014 жылы сот жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарға арналған Сот жүйесінің интернет ресурсы (СЖИР) жаңғыртылды. СЖИР бір терезеде елдің 370 сотының ақпаратына қол жеткізу мүмкіндігін және "Сот кабинеті" сервисін ұсынады. "Сот кабинетінде" өтініштерді, арыздарды, шағымдарды электрондық түрде дайындауға және беруге; мемлекеттік баж салығын онлайн төлеуге; мемлекеттік баж салығының төленгенін тексеруге; істің қаралу барысын тексеруге және істі онлайн қарауға; сот құжаттары мен хабарламаларын шұғыл алуға; сот практикасының қорытындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Мүмкіндіктері шектеулі адам сот органдарының барлық сервистерімен қашықтан немесе сотқа келіп пайдалана алады. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа іске асырылған. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін СЖИР мазмұнын дыбыспен беруді енгізу бойынша мәселе пысықталып жатыр.
225. Жоғарғы Сот, облыстық оқу орталықтары мен соларға теңестірілген соттар тұрақты негізде соттардың және сот жүйесіндегі қызметкерлердің мүгедектердің құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған шаралар жүргізеді. Мүгедектердің сот төрелігіне тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы республика соттары 11 оқу семинарын, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізді, оларға 150-ден астам судья және сот жүйесінің 50 қызметкері қатысты. Жоғарғы Сот жанындағы Әділ сот академиясымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" атты тақырыпта дәрістер оқылды.
226. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес егер сотта қаралатын дау кәсіпкерлік қызметке байланысты болмаса, адвокаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектерге заңды көмекті тегін көрсетеді (мемлекеттік бюджет есебінен). 2012 – 2016 жылдар аралығында адвокаттар 5 623 мүгедекке заңды көмек көрсеткен.
227. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің 541-бабына сәйкес мынадай адамдар:
мүгедек талапкерлер, жасынан мүгедек баланың ата-анасының біреуі – барлық істер және құжаттар бойынша;
жұмыскерлерінің кемінде 35 % есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілеті бойынша мүгедектер құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) олар құрған ұйымдар – өз мүдделерінде арыз беру кезінде сотта мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.
Конвенцияның 14-бабы. Еркіндік және жеке басына қол сұғылмаушылық
228. Конституцияда мүгедектерді қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарына (12-бап), бостандық және жеке басына қолсұғылмаушылық құқығына кепілдік (16, 17, 18-баптар) беріледі. Азаматтардың бостандығын заңсыз және ерікті түрде, оның ішінде мүгедектік себептері бойынша айыруға жол берілмейді.
229. Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары есі дұрыс емес деп танылған адамдарға қатысты соттың шешімі бойынша ғана қолданылады. Бұл ретте есі дұрыс емес деп қылмыстық немесе қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның созылмалы психикалық аурудың, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-ойы кемістігінің немесе психикасының өзге де бұзылуының салдарынан өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық түйсіне алмаған және оларды игере алмаған күйі түсініледі.
230. Тұтқынға алуға, қамауға алуға және қамауда ұстауға соттың шешімі бойынша ғана жол беріледі. Соттың шешімі шыққанға дейін адамды 72 сағаттан артық ұстауға болмайды ( Конституцияның 16-бабы).
231. Адамдардың, оның ішінде мүгедектердің бостандықтарын заңсыз немесе ерікті түрде айыруды жою үшін, сондай-ақ бостандықты кез келген түрде айыру заңға сәйкес келуі үшін Қылмыстық кодексте адамды ұрлау 125-бап), бас бостандығынан заңсыз айыру, (126-бап), психиатриялық стационарға заңсыз жатқызу (127-бап) сияқты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жазалау көзделген.
232. Сотталған мүгедектерге қатысты жазаны орындаудың олардың денсаулық жағдайын және физикалық мүмкіндіктері ескеру қажеттілігімен түсіндірілетін өз ерекшеліктері бар. Қылмыстық-атқару заңнамасында олар үшін кейбір ерекше шарттар мен жеңілдіктер қарастырылған: жақсартылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары және тамақтану нормасы; үй-жайларды арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықтау; медициналық қорытындыда айқындалған мөлшерде және ассортиментте дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бар сәлемдемелерді алу және беру құқығы; жұбайы (зайыбы), туысы немесе басқа еріп жүретін адаммен мекемеден тыс жерлерге шығу.
233. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығымен Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары бекітілді.
234. 2016 жылы қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарында ұсталатын мүгедек адамдардың саны 740 адамды құрады, пробация қызметінде (шартты сотталғандар) есепте тұрғандар – 254 адам. Соңғы 5 жылда шартты сотталған мүгедектер санының өсуі кезінде, қылмыс жасағаны үшін бостандығынан айырылған мүгедектер санының азайғанын байқауға болады.
235. Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алу қолданылмайды (2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 50-бабының 2-тармағы).
Конвенцияның 15-бабы. Азаптаулардан және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу
236. Конституцияның 17-бабында ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды деп белгіленген. Қазақстанда мүгедектер азаптаулардан және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғалған. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және оны мемлекет қорғайды.
237. Қазақстан азаптаудың алдын алу аясындағы барлық негізгі халықаралық-құқықтық шарттық тетіктердің қатысушысы болып табылады.
238. Қазақстанда ұлттық алдын алу тетігі азаптаулардың және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу түрінде әрекет етеді, ол Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіруімен ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметі арқылы қызмет етеді.
239. Қазақстанның қылмыстық-атқару заңнамасы сотталғандардың азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқа да қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын басқа да іс-әрекеттерден қорғалуына кепілдік беруді қатаң сақтауға негізделеді (Қылмыстық-атқару кодексінің 10, 39-баптары).
Конвенцияның 16-бабы. Қанаудан, зорлықтан және қорлаудан еркіндік
240. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мүгедектерді қатыгездікпен қараудан, зорлық-зомбылықтан және қанаудан басқалармен тең негізде қорғайды. Бұдан басқа, Қылмыстық кодексте психикасының бұзылуы бар немесе қауқарсыз күйдегі адамдарды қанау мақсатындағы әрекеттер жасағаны үшін жазалауды күшейтуге қатысты арнайы ережелер бар.
241. Қазақстан Республикасында мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.
242. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналардың баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс. ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 72-бабы).
243. Егер ата-аналар (немесе ата-ананың біреуі) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса, онда ата-ана құқықтарынан айрылуы мүмкін (Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 75-бабы), сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан (немесе ата-анасының біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айыру (ата-ана құқықтарын шектеу) туралы шешiм шығаруы мүмкін (Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 79-бабы).
244. Іріктеп зерттеу деректеріне сәйкес сұрау жүргізілген 18 жастан асқан мүгедектердің 2,3 %-ы – психологиялық, 1 %-ы – физикалық, 0,9 %-ы экономикалық және сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Респонденттер негізінен зорлық-зомбылық қоғамдық орындарда (34,2 %), көршілер тарапынан көшеде (30,5 %) және туыстар тарапынан үйде болғанын (14,3 %) атап өтті.
245. Қазақстанда зорлық-зомбылықтың құрбаны болған мүгедектердің тиімді түрде қалпына келу, оңалу және әлеуметтік қайта бейімделу қызметтері мен бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін барлығын қамтитын шаралар қабылдануда.
246. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік адамды өмірлік қиын жағдайда және қызметтер мен көмек алуға құқылы деп тану үшін негіз болып саналады.
247. 2014 жылы Ішкі істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлерінің бірлескен бұйрығымен әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездіктің бар-жоғын бағалау өлшемшарттарын бекітті.
248. Республикада "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығымен бекітілген тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты қабылданды және қолданылуда.
249. Жәбірленушілердің құқықтары қылмыстардан және билікті теріс пайдаланудан заңмен қорғалады. Мемлекет жәбірленушілердің сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді (Конституцияның 13-бабы). Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады (Қылмыстық-процестік кодекстің 8-бабы).
Конвенцияның 17-бабы. Жеке тұтастықты қорғау
250. Қазақстан заңнамасында мүгедектердің физикалық және психикалық тұтастылығын құрметтеу құқығы белгіленген.
251. Мәжбүрлеп емдеу соттың шешімі негізінде ғана жүзеге асырылады. Азаматтардың келісімінсіз: өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы; айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші; психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші; психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.
252. 2016 жылы денсаулық сақтау органдарының есебінде психикасының бұзылуынан зардап шегуші 190 945 адам тұрды, оның ішінде 55 364-і емдеу және оңалтудан өз еркімен, 280 – мәжбүрлі түрде өтті.
253. Адамның еріксіз және саналы түрде келісуінсіз ұсынылатын медициналық көмектен немесе өзге араласудан мүгедектерді қорғауға бағытталған шараларға, атап айтқанда, ағзаларды ерікті түрде транспланттауды жатқызу қажет ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы). Осы норма ұлттық заңнаманы жаңғырту шеңберінде, оның ішінде Конвенция ережелерін іске асыру шеңберінде енгізілді.
254. Қазақстанда әрбір әйел ана болу туралы мәселені дербес шешеді. Жүктілікті жасанды тоқтату хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі болған кезде әйелдің ниеті бойынша жүргізіледі.
255. 2012 – 2016 жылдары мүгедектігі бар әйелдердің жүктілігін тоқтатудың 213 жағдайы тіркелген, оның ішінде 201 жағдай – медициналық көрсетілімдер бойынша, 12 – әлеуметтік көрсетілімдер бойынша.
256. Адамды ұрпақты болу қабілетінен айыру мақсатында немесе контрацепция әдісі түріндегі арнайы медициналық араласу ретінде хирургиялық "стерилизациялау" отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық көрсетілімдер мен кәмелеттік жастағы азаматтың келісімі болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 103-бабы).
18-бап. Еркін жүріп-тұру және азаматтық
257. Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұратын әрбір адамның оның аумағы бойынша еркін қозғалуға және тұрғылықты жерді еркін таңдауға құқығы бар; әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға құқығы бар. Республика азаматтарының республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар (Конституцияның 21-бабы).
258. "Азаматтық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде мүгедектердің азаматтық алу бойынша қандай да бір шектеулері көзделмеген. Осы Заңға сәйкес Қазақстан азаматын ешбір жағдайларда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге қуылмайды.
259. Қазақстан азаматтығы қағидаттарында және азаматтық мәселелерін реттейтін қағидаларда әлеуметтiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына байланысты азаматтардың құқықтарын шектейтін ережелер жоқ ("Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы). Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
260. Ұлттық заңнамада "тууы бойынша" Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздемесі бекітілген. Бала туған кезде ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол Қазақстан Республикасының азаматтығын (туған жеріне қарамастан) алады. Бала егер Қазақстан Республикасының аумағында туған болса және оның ата-анасы азаматтығы жоқ адамдар болып табылған жағдайда да Қазақстан Республикасының азаматтығын алады ("Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 22.12.2016 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен).
261. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 46-бабына сәйкес бала туғаннан кейін бірден тіркеледі және туылған кезінен бастап атын алуға және азаматтық алуға құқығы, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай, өз ата-аналарын білуге құқығы және олардың қамқорлығына құқығы болады. Кодексте балалардың дене бітімі жағдайы бойынша оларды шектейтін нормалар жоқ. Осылайша, барлық балалар, оның ішінде мүгедек балалар туған сәтінен бастап тіркеу органдарында тіркелуге жатады.
Конвенцияның 19-бабы. Дербес өмір сүру салты және жергілікті қоғамдастықтарға тартылу
262. Қазақстан Республикасында мүгедектер басқа адамдармен бірдей өздерінің тұрғылықты жерлерін таңдау мүмкіндігіне ие. Ешкімді тұрғын үйінен еркінен тыс айыруға болмайды.
263. Іріктеме зерттеу дерегі бойынша сұрау жүргізілген мүгедектердің 96,1 %-ы жеке меншік үйлерде және пәтерлерде, 2 %-ы – медициналық-әлеуметтік мекемелерде, респонденттердің 0,9 %-ы жатақханадағы бөлмелерде тұрады және тағы 0,9 %-ы өздерінің тұрғылықты жерлерін саяжай үйлері немесе басқа түрдегі үй-жайлар деп атаған.
264. Мүгедектердің өздерінің тұрғылықты жерлеріне құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді есепке алатыны, тұрғын үйге мұқтаж мүгедектерге тұрғын үйді пайдалануға беретіні; мүгедектерге немесе құрамында мүгедек адам бар отбасыларға берілетін тұрғын үйлерді арнайы құрылғылармен және құралдармен жабдықтайтыны көзделген.
265. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалдап отырған тұрғын үйді алуға құқылы ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 2-тармағы).
266. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
267. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес мүгедектерге үйдің қабаттылығын, ғимараттың түрін, абаттандыру дәрежесін және тұру үшін басқа қажетті жағдайларды ескере отырып, тұрғын үйді таңдау құқығы беріледі.
268. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға түзетулер енгізілді, оларға сәйкес тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектер екінші қабаттан жоғары болмайтын тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, үшінші топтағы мүгедектер тұруға жарайтын басқа жайды бергенге дейін қызметтік тұрғын үйден шығарылмайтын адамдар тізбесіне енгізіледі; мүгедек медициналық-әлеуметтік мекемеде уақытша тұрған жағдайда оның тұрғын үйге құқығы сақталады.
269. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2016 жылдың соңына құрамында мүгедек адам бар 26 293 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұр. 2012 – 2016 жылдары 2021 мүгедек тұрғын үй алды.
270. Конвенцияның дербес өмір сүру салты және мүгедектердің жергілікті қоғамдастықтарға тартылуы туралы ережелерін іске асыруға Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңның нормалары бағытталған, оларда мүгедек балаларға, қарт және жасы 18 жастан асқан мүгедектерге үйде қызмет көрсету және ОЖБ негізінде тұрғылықты жері бойынша күндіз болу бөлімшелерінде қызметтер алу құқығын ұсыну көзделген.
271. Үнемі басқа адамның көмегін қажет ететін мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық; әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-педагогикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-мәдени; әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер тікелей үйде немесе тұрғылықты жеріне жақын жерде тегін (мемлекеттік бюджет есебінен) көрсетіледі.
272. Қазақстан Республикасында мынадай мекемелер жұмыс істейді:
- 53 мемлекеттік күндіз болу орталығы, онда психоневрологиялық аурулары бар және тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған 5 285 қарт, мүгедек, мүгедек бала қызмет алып жатыр;
- 508 мемлекеттік бөлімше үйге барып әлеуметтік көмек көрсетеді, оның ішінде 141 бөлімше психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер мен мүгедек балаларға арналған, 301 бөлімше қарттарға және мүгедектерге арналған, 66 аралас типтегі бөлімше. Әлеуметтік қызметкерлер үнемі басқа адамның көмегін қажет ететін 13 974 адамға үйінде қызмет көрсетеді.
273. Жергілікті қоғамдастықтарға мүгедектерді қосу және тартуда ҮЕҰ ерекше рөл атқарады. 2016 жылдың соңына 106 ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрғылықты жері бойынша 6 291 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
274. Отбасыға көмек көрсету шараларын бір мезгілде қабылдау арқылы арнаулы әлеуметтік көмекті тұрғылықты жері бойынша ұсыну саясатын жүзеге асыру психоневрологиялық аурулары бар 626 баланы медициналық-әлеуметтік стационарлардан отбасыларына қайтаруға мүмкіндік туғызды.
275. Жергілікті қоғамдастықтарда мүгедектердің дербес өмір сүру салтын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің инновациялық түрлерін (сыйымдылығы шағын, өз бетінше тұру үйлерін, патронат отбасыларға мүгедектерді орналастыру практикасын және басқаларды дамыту) және оларға әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында бәсекелестік ортаны дамыту болып табылады.
Конвенцияның 20-бабы. Жеке ұтқырлық
276. Үкімет мүгедектердің жеке ұтқырлығын олардың барынша мүмкін дәрежедегі дербестігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды, оның ішінде:
- кедергілерді жою және қолжетімді ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
- мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
- қолжетімді көлік құралдарын ұсыну;
- жеке көмекшілердің және ымдау тілі мамандарының қызметтерін көрсету;
- мүгедектермен жұмыс істейтін мамандарды оқыту.
277. Мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты қабылданып жатқан шаралар баяндамада Конвенцияның 9-бабы бойынша бөлімде сипатталған.
278. Мүгедектердің еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мақсатында мемлекет мүгедектерді оңалтудың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ), оның ішінде олардың жеке ұтқырлығын қамтамасыз ететін құралдармен қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруда. Жыл сайын мүгедектерге денсаулықтың зақымдануы және ауру салдарынан организмнің бұзылған немесе жойылған функцияларын өтейтін дененің жоқ мүшелерін ауыстыратын заттардың 100 мың бірліктен астамы тегін беріледі.
279. ОТҚ мүгедектерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен (5-қосымша) бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне сәйкес ОЖБ негізінде беріледі.
280. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін ОТҚ тізбесі жандандырылды, 2017 жылдан бастап ол айтарлықтай кеңейтілетін болады (32-ден 55 бұйым түріне дейін).
281. Протездік-ортопедиялық кәсіпорындарда 90-ға жуық протездік-ортопедиялық бұйым атауы дайындалады: ортездер, жоғары және төменгі мүшелердің, емшек бездерінің протездері, олардың жабдықтары, аппараттар, ортопедиялық аяқкиім, бандаждар, корсеттер, тростар, балдақтар, жетек арбалар, жаңа технологиялар бойынша жасалған протездер, сондай-ақ оларға жөндеу жүргізіледі.
282. Қабылдау гильзасын тез дайындау жүйесімен жаңа технология бойынша жасалған тізе протезі; қатты сору әдісімен дайындалған термолиннен жасалған өлшеу гильзасы бар жаңа технология бойынша жамбас протезі; силикон-лайнер қаптамасы бар жамбас протезі, қосалқы құралдарының ассортименті кеңейтілген, фасондары өзгертілген ортопедиялық аяқкиімнің жаңа түрлері (ұлтарақ, бандаж, корсеттер) әзірленіп, өндіріске енгізілді.
283. Сапалы және қауіпсіз техникалық құралдарды алуға мүгедектердің құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай протездік-ортопедиялық бұйымдар өндірісі мүгедектерді оңалту саласындағы 17 мемлекеттік техникалық стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.
284. 2016 жылы протездік-ортопедиялық бұйымдар және қосалқы оңалту, оның ішінде протездерде дербес жүріп-тұру дағдыларына үйрету бойынша қызметтерді 24 700 мүгедек алды.
285. Мүгедектерге көлік құралдары мемлекеттік бюджет есебінен, сондай-ақ жеке қаражаты есебінен ұсынылады.
286. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның отыз және одан да көп таксиі болған кезде әр отыз таксиге арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген кемінде бір таксиі болады. Мұндай таксидің қызметтерін мүгедек жалпы тариф бойынша төлейді.
287. Елдің барлық өңірлерінде жергілікті атқарушы органдар ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жолымен инватакси қызметтерінің жұмысын ұйымдастырады.
288. Мүгедектер жұмыс орнына; оқу орындарына; жергілікті өкілді және атқарушы органдарға; сотқа, прокуратураға, нотариалдық контораларға; медициналық мекемелерге (кезек күттірмейтін медициналық көмектен басқа жағдайларды қоспағанда); әуежайларға, теміржол вокзалдарына, автовокзалдарға, теңіз және өзен порттарына; арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және басқа әлеуметтік сала объектілеріне дейін (және кері) тегін жеткізіледі.
289. Республикада 89 инватакси қызметі жұмыс істейді, олардың паркінде 211 автомашина бар, оның ішінде 140 – арнайы көтеру құралдарымен жабдықталған. Жыл сайын қызметтерді 25 мыңға жуық мүгедек қолданады, оның ішінде 31,7 %-ы – кресло-арбаның көмегімен қозғалатындар, 21,3 %-ы – көру қабілеті нашар адамдар. 2014 – 2016 жылдары жергілікті бюджеттің инватаксиді ұстауға жұмсалған шығындары 534,2 млн. теңгені құрады.
290. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін Үкімет инватаксидің жергілікті қызметтерін қолдау және одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдады. 2014 жылдан бастап осы мақсаттарға бюджеттен 306,1 млн. теңге бөлінді.
291. Қоғамдық көлікте жүру бойынша мүгедектерге жеңілдіктер ұсынуда мүгедектердің дербес ұтқырлығын арттыруға жағдай жасайды. Өңірлердің басым бөлігінде жергілікті билік органдарының шешімдерімен қалалық және қала маңына қатынайтын жалпы қолданыстағы көліктің барлық түрлерінде мүгедектердің жолақысын төлеу бойынша жеңілдіктер ұсынылады.
292. Мемлекет қоғамдық көлікте мүгедектерге кедергісіз қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау мақсатында қабылданатын шаралардан басқа мүгедектердің жеке автокөлігімен қозғалуы үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдауда.
293. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес әр автокөлік тұрағында (аялдамасында), оның ішінде, сауда, қызмет көрсету саласы, медициналық, спорттық және мәдени-ойын-сауық мекемелерінің маңында мүгедектердің арнайы автокөлік құралдарының тұрақтары үшін орындар бөлінеді. Мүгедектер арнайы автокөліктер тұрақтарына арналған орындарды тегін қолданады.
294. Барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедек адамның ата-анасының біреуі автомобильге, автомобильге тіркемеге және мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін алу кезінде мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 7) тармақшасы).
295. Азаматтық кодексте (937-бап) мүгедектердің белгіленген тәртіппен кәсіптік аурудан немесе еңбекте мертігуден денсаулығының зақымдануынан болған шығыстарды өтеуге, оның ішінде арнайы көлік (автомобиль) сатып алуға құқығы көзделген. Мұндай шығыстарды жұмыскердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші өтейді.
296. Қазақстан Республикасында жүріп-тұруында қиындығы бар 17 756 бірінші топ мүгедегіне жеке көмекшілердің қызметтері ұсынылады. Мұндай қызметтер тауарлар және қызметтерді сатып алумен, демалысты, бос уақытты өткізумен, қажетті құжаттарды ресімдеумен, ақпаратты алумен, өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асырумен және қорғаумен байланысты мәселелерді шешу үшін тұрғылықты жерінен бастап межелі орнына дейін және кейін мүгедекті сүйемелдеу қажеттілігі жағдайларында көрсетіледі.
Конвенцияның 21-бабы. Көзқарасы мен наным-сенімін білдіру еркіндігі және ақпаратқа қол жеткізу
297. Қазақстанда әр адамға сияқты мүгедекке де сөз және шығармашылық бостандығына кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің ар-намыс бостандығына құқығы бар (Конституцияның 20, 22-баптары).
298. Конституцияда әр азаматтың бірлесу бостандығына құқығы бекітілген. Конституцияның 32-бабы әрбір азаматтың бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге, басқалармен тең сайлау құқықтарын іске асыруға және бұқаралық ақпараттық құралдарының қызметіне қатысуға құқығын белгілейді.
299. Конституцияның 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Осы құқықтар толық дәрежеде мүгедектерге де қолданылады. Бұдан басқа өз пікірлерін білдіру үшін Қазақстан Республикасындағы мүгедектер өздері құрған 30-дан астам қоғамдық ұйымды, ал жұмыс істейтін мүгедектер кәсіптік одақтарды қолданады.
300. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ақпарат иеленуші ақпарат беру кезінде мүгедектер үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Көрсетілген Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес ақпараттық стенділерді және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды орналастырған кезде ақпарат иеленушілер мүгедектердің оларға еркін қол жеткізуіне жағдайлар жасауға міндетті.
301. Қолданыстағы заңнаманың мүгедектердің ақпаратқа қолжетімдігі бөлігіндегі нормалары осы баяндаманың 78, 79-тармақтарында жарияланған.
302. "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес жаңалық сипатындағы кемінде бір телебағдарлама субтитрлер түріндегі аудармамен немесе сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Бөлінген қаражат есебінен жыл сайын 14 өңірлік телеарнада күніне 2 жаңалық шығарылымы жаңалық телебағдарламасын сурдоаудармасымен трансляциялау қамтамасыз етілген. Көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджеттен 2014 – 2016 жылдарға 957,8 млн. теңге бөлінген.
303. Есту қабілеті бұзылған 3 618 мүгедек жылына алпыс сағат көлемінде ымдау тілі маманының қызметтерін алады (2017 жылға дейін – жылына 30 сағат). Аталмыш қызметтер құлағы естімейтін мүгедектерге басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға және ақпарат алуға, оқумен, жұмысқа орналасумен, өз құқықтары мен мүдделерін қорғаумен және іске асырумен байланысты мәселелерді шешуге, қажетті құжаттарды ресімдеуге, консультациялық ұйымдарда және мемлекеттік органдарда ақпарат алуға мүмкіндік береді.
304. Үкімет ақпараттың жаһандық көзі ретінде ақпараттық технологиялар мен интернеттің маңыздылығын ескере отырып, ОТҚ тізбесіне (279-280-тармақтарды қараңыз) есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қазіргі заманғы ұялы телефондарды, арнайы жабдығы және бағдарламалық қамтылымы бар ноутбуктерді қосты.
305. Барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның ресми сайттарындағы ақпарат қосымша төлемсіз және мүгедектерге бейімделген және қолжетімді форматта орналастырылған.
306. 2014 жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба шеңберінде "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау" атты ақпараттық портал пайдалануға енгізілді, ол Еңбекминінің интернет-ресурсында арнайы бөлім болып табылады. Портал мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, өңірлік жаңалықтарды, фото және бейнесюжеттерді, объектілерді бейімдеу және жұмыспен қамту карталарын іске асыру мониторингін және мәліметтерді, инфографика және сауалнаманы (http://convention.mzsr.gov.kz) қамтиды.
307. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің статистикалық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Еңбекминінің интернет-порталында "мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (мүгедектердің) саны", "кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бар адамдар", "медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қарт адамдардың саны", "ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың саны", "қылмыстық деңгейі", "туберкулезбен ауыратындардың саны" сияқты және т.б. денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер жүйелері бойынша деректерді қамтитын әлеуметтік қатерлер картасы орналастырылған. Оның негізінде өңірлердегі әлеуметтік әл-ауқат жағдайын мониторингтеу қамтамасыз етіледі.
Конвенцияның 22-бабы. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық
308. Азаматтардың, оның ішінде мүгедектердің жеке өміріне қол сұғылмау Конституциямен кепілдендірілген.
Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.
Тұрғын үй қол сұғылмайтын болып табылады. Заңмен белгіленбеген жағдайларда немесе сот шешімінсіз ешкім де тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркінен тыс басып кіруге хақысы жоқ. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.
309. Жеке тұлға және денсаулық жағдайы туралы мәліметтердің құпиялылығы басқалармен тең дәрежеде азаматтық (Азаматтық кодекстің 115-бабының 3-тармағы), әкімшілік (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 16-бабы) және қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 147-бабы) заңнамамен қамтамасыз етілген.
310. Елде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып қолданылуда, ол мүгедек адамдарға да қолданылады.
Конвенцияның 23-бабы. Үй мен отбасын құрметтеу
311. Конституцияның 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстандық заңнамада мүгедектік себебі бойынша некеге тұру үшін шектеулер жоқ.
312. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексте некеге ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында заңмен белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған ер адам мен әйел арасындағы тең құқықты одақ деген түсінік беріледі. Неке жасы ерлер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған кезде неке жасы екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетілуі мүмкін. Заңнамада араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар тобы белгіленген, ол тізбеге мүгедектер кірмейді. Осылайша, неке жасына жеткен Қазақстанның барлық азаматтарының кедергісіз, өз қалауымен жұбайын таңдауға және неке қиюға құқығы бар.
313. Қазақстан заңнамасы әке болуға, ана болуға және жеке байланыстарға қатысты мәселелерде мүгедек адамдар үшін ерекшелік көздемейді. Бұған сондай-ақ олардың балалар санын анықтау, отбасын жоспарлау туралы ақпаратқа қолжетімді болу және басқалар сияқты өзінің фертильдігін сақтау құқығы кіреді.
314. Балаларды асырап алу туралы шешімді сот қабылдайды. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексте бала асырап алуға рұқсат етілмейтін адамдар тобы белгіленген. Олардың қатарына сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар; денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар кіреді. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
315. 2016 жылы Қазақстанда 2 200 бала асырап алынған, оның 29-ын шетелдіктер асырап алған. Соңғы жылдары қазақстандық отбасылардың психикалық және физиологиялық ауытқулары бар балаларды асырап алуының өсуі байқалады.
316. 1056 мүгедек бала қазақстандық азаматтардың отбасында қамқоршылықта, қорғаншылықта және патронатта.
317. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады. Осыған байланысты асырап алынған мүгедек балалар бойынша жеке статистика және мүгедектер берген асырап алу туралы істер бойынша талап-арыздар мониторингі жүргізілмейді.
318. Қазақстанда мүгедектер басқа азаматтармен қатар қосалқы репродуктивтік технологияларға бірдей қол жеткізе алады. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте некеде тұратын және некеде тұрмайтын әйел мен ер адамның медициналық араласуға екіжақты хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға құқығы бар. Жалғыз басты әйелдің де медициналық араласуға хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға құқығы бар. Фертильдікті сақтау бойынша қосалқы репродуктивтік технологиялардың әр түрлі әдістері мен жаңалықтары белсенді түрде енгізілуде.
319. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың білім алуы мәселелерін және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар. Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтірмесе, баласы өзімен бірге тұратын ата-ана баланың екінші ата-анасымен араласуына кедергі жасамауға тиіс (Кодекстің 73-бабының 1-тармағы).
320. Бірде бір бала ата-анасымен мүгедектік немесе баланың мүгедектігіне немесе ата-анасының біреуінің немесе екеуінің мүгедектігі себебі бойынша ажырамауын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда қабылданған шараларға баланың отбасында тәрбиеленуі, ата-анасымен және басқа туысқандарымен араласуы және өз пікірін білдіру құқығының заңнамалық бекітілуін жатқызуға болады ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-тарауы).
321. Егер заңда басқаша айтылмаса, бала өзінің шыққан тегі, биологиялық ата-анасы туралы білуге және отбасымен – егер соңғысы осыған өз келісімін берсе – тіпті егер оған қатысты ата-ана құқықтары тоқтатылса да қарым-қатынасты қолдауға құқылы. Баланың ата-анасының екеуімен де, тіпті егер ата-анасы басқа мемлекеттерде тұрса да байланыс жасауға құқығы бар.
322. Заңнама тұрғысынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары бекітілген – асырап алу, қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа беру, қабылдайтын немесе патронат отбасына беру, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде отбасына тәрбиелеуге бергенге дейін кезеңге – жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға беріледі ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 116-бабы).
323. Мүгедектерді әлеуметтік интеграциялау процесінде отбасының рөлін одан әрі арттыру мақсатында мемлекет осындай отбасыларға көмек көрсету нысандарын және олардың әлеуметтік қызметтермен өзара байланысын дамытады, бала асырап алған ата-ана және қамқоршыны дайындау жүйесін жетілдіреді, патронат және алмастырушы отбасыларды құруды ынталандырады.
Конвенцияның 24-бабы. Білім беру
324. Қазақстанда мүгедектердің басқа адамдармен бірдей барлық деңгейде және өмір бойы мүмкіндіктер теңдігі негізінде, кемсітусіз білім алу құқығы құпталады.
325. Конституцияға сәйкес азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар (30-бап). Білім алудың және өздігінен білім алудың түрлі нысандарын мемлекеттік қолдау, мемлекеттік білім стандарттарын, оның ішінде оны мүгедектің алу шарттары мен тәртібін айқындайтын стандарттарды белгілеу көзделеді.
326. Мемлекет мүмкіндіктері шектеулі балаларды, мүгедектер мен бала жасынан мүгедектерді, оларды білім алу кезеңінде күтуге арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді (Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағы).
327. Көзі көрмейтін және құлағы естімейтін мүгедектердің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арттырылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар (Білім туралы заңның 47-бабының 7-тармағы).
328. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде бірінші, екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін 1 пайыз қабылдау квотасы көзделген (Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 1) тармақшасы).
329. Конвенция ратификацияланғаннан кейін Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы: мүгедектердің құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау (28-баптың 4-тармағы); тәрбиеленушілер мен білім алушылардың білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен қамтамасыз етілуге құқығы (47-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы); ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдарды мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте жіберу құқығы туралы (47-баптың 17-1-тармағы) нормалармен толықтырылды.
330. Ел заңнамасында "мүгедек бала" және "мүмкіндіктері шектеулі бала" деген ұғымдар бар.
331. Даму мүмкіндіктері шектелген балалардың жалпы саны 144 783 құрайды, оның ішінде 96 555-і мектеп және 48 228-і мектеп жасына дейінгі балалар. 79 662 балаға мүгедектік белгіленген.
332. Білім туралы заңда қабылдау шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысанын таңдау құқығы көзделген. Осыған байланысты мүгедек балалардың ата-аналары мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, баланың оқу орны ретінде дағдылы немесе арнаулы білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
333. Қазақстанда арнаулы білім беру ұйымдарының мынадай желілері жұмыс істейді:
- 42 арнаулы балабақша, онда сөйлеу қабілеті, ақыл-ойы, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы, есту және көру қабілеті бұзылған 5 160 бала және жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда контингенті 8 754 баланы құрайтын 193 арнаулы топ тәрбиеленіп, оқып жатыр;
- 97 мектеп, мұнда мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар 14 275 бала орта білім алуда;
- 58 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) және 149 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті бар, онда мүмкіндіктері шектеулі 144 мыңнан астам бала психологиялық-педагогикалық түзету қызметтерін алуда.
334. Елімізде инклюзивті білім беру жүйелі түрде енгізілуде, оның анықтамасы мен тетігін Қазақстан "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізе отырып, ТМД елдерінің ішінде бірінші болып заңды түрде бекітті (1-баптың 21-4-тармағы, 8-баптың 6-тармағы, 56-баптың 3-тармағы).
335. БҒМ Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін және 2015 – 2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітті. Инклюзивті білім беруді дамыту индикаторлары Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді (2-қосымша).
336. Бүгінгі күні жалпы білім беретін 3 289 мектепте балаларды инклюзивті оқыту үшін жағдай жасалған.
337. Инклюзивті білім беру жүйесіне енгізілген ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны мен үлесі 6-қосымшада көрсетілген.
338. Арнаулы білім беру ұйымдарында 6 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, олардың 32 %-ында – дефектологиялық білім, 58 %-ында жоғары педагогикалық білім бар. Педагогтардың жалпы санының 25 %-ы дефектология бойынша қайта даярлау курстарынан өткен.
339. Сонымен бірге білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау мәселесі инклюзивті білім беруді іске асырудағы проблемалардың бірі болып қалуда. Дефектолог мамандарды дайындауды Қазақстан Республикасында 17 жоғарғы оқу орны (ЖОО) жүзеге асырады. Жыл сайын осы мамандыққа 250-ге дейін мемлекеттік грант бөлінеді. 2015 – 2016 оқу жылынан бастап қазақстандық ЖОО-лардағы барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарларына "Инклюзивті білім беру" міндетті оқу пәні енгізілді.
340. Инклюзивті білім беруді енгізу шеңберінде мемлекеттік ұйымдар жұмыскерлерінің үлгілік штатына педагог-ассистент лауазымы енгізілді.
341. Республикадағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған барлық 97 арнаулы білім беру ұйымы интернетке қосылған. Мультимедиалық оқыту құралдарымен қамтамасыз ету орташа алғанда – 85 %-ды құрайды (12 облыста – 100 %, Ақтөбе облысында – 85 %, ШҚО-да – 35 %, Қарағанды облысында – 80 %, Оңтүстік Қазақстан облысында – 17 %). Интерактивті тақталармен және көмекші құралдармен білім беру ұйымдарының 95 %-ы жабдықталған.
342. Қазақстан Республикасында білім берудің және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алғаш рет Брайль қарпімен басылған (зағиптар үшін) және қарпі ірілендірілген (нашар көретіндер үшін) оқулықтарды әзірлеуге қаражат бөлінді.
343. Оқу процесінде электрондық оқыту жүйесін пайдалану үшін сурдоаудармасы бар бейнесабақтар порталы құрылды (http://mediakurs.kz), мұнда 112 бейнесабақ орналастырылған, оның ішінде 80 – танымдық, 20 – оқу-танымдық, 12 – анимациялық фильм.
344. Мүгедектігі бар 2 мыңнан астам баланы оқыту үшін техникалық және кәсіптік оқыту (ТжКО) жүйесіндегі 163 колледжде (барлығы 817 колледж) жағдай жасалған.
345. Бүгінде ЖОО-да 374 студенттің мүгедектігі бар, оның ішінде 46 %-ы – әйелдер.
346. Дене кемістігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі 42 ЖОО-да қашықтықтан білім беру технологиясы енгізілген.
347. Қосымша білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балаларды үйірмелерге, спортпен, шығармашылық қызметпен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мүмкіндіктері шектеулі 2 000-нан астам бала үшін қосымша білім беру ұйымдарында шығармашылық оңалту (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана қаласында) ұйымдастырылған.
Конвенцияның 25-бабы. Денсаулық
348. Мүгедектерді медициналық оңалту және денсаулығын қорғау жұмысының негізгі бағыттары Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте қамтылған, ол Конвенция бекітілгеннен кейін "Мүгедектерге медициналық көмек көрсету" деген жеке 136-1-баппен толықтырылды.
349. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат азаматтардың қауіпсіз, тиімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету; медициналық көмектің қолжетімділігі; денсаулық сақтаудың халықтың сұраныстарын, мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағдарлылығы және өмір сапасын жақсарту қағидаттары негізінде іске асырылуда (Кодекстің 4-бабы).
350. Кез келген медициналық араласу азаматтың хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі негізінде жүзеге асырылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қатысты, егер мұндай адам өз жағдайына байланысты медициналық араласуға келісім беруге қабілетсіз болатын болса, онда оның заңды өкіліне хабардар етілген ерікті түрдегі келісім беру құқығы беріледі.
351. Денсаулық сақтау саласында туа біткен патологияға ерте диагностика жүргізіледі, неонатальдық хирургия, онкологиялық ауруы бар адамдарға медициналық көмек дамып келеді, туберкулезді ерте анықтау және емдеу жүзеге асырылуда, АИТВ инфекциясын және С гепатиті вирусын жұқтырғандарды анықтау мақсатында тексеру, балаларды және ересектерді вакцинациялау жүргізіледі, медициналық көмек көрсетудің стационарды алмастыру нысандары (күндізгі стационар) енгізілген.
352. Халық денсаулығы туралы кодекстің 34-бабының нормасына сәйкес мүгедектің басқалармен бірдей бюджет қаражаты есебінен кепілдік берілген көлемде медициналық көмек алуға құқығы бар, олар профилактикалық, диагностикалық және медициналық емдеу қызметтерін, сондай-ақ ақылы, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру шартына сәйкес медициналық қызметтерді және өзге де қызметтерді қамтиды.
353. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде мүгедектің медициналық көрсетілімдері болған кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде диагностикалық зерттеудің қымбат тұратын түрлеріне (полимеразалық тізбекті реакция; иммунофенотиптеу; жүктілерді медициналық-генетикалық зерттеу (ұрық анатомиясын бағалаудың ультрадыбыстық скринингі, инвазивтік пренатальды рәсімдер, цитогенетикалық зерттеудің биохимиялық скринингі), компьютерлік томография; магниттік-резонанстық томография; позитрондық-эмиссиялық томография; бір түсті эмиссиялық компьютерлік томография; ангиография) құқығы бар.
354. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету белгілі бір ауру және арнайы емдеу өнімдерімен бірге амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік құрал және медициналық тағайындау өнімдерінің бекітілген тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінде тізбеге 49 нозология бойынша дәрілік заттардың 400-ден астам атауы енген.
355. ТМККК шеңберінде тегін дәрілік препараттар тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есепте тұратын барлық адамдарға, оның ішінде мүгедектерге дәрігердің тағайындауы бойынша рецептіге сәйкес беріледі.
356. Медициналық көмекке қолжетімділік мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ерекше қажеттіліктері ескеріле отырып медициналық ұйымдарды құрал-жабдықтармен және көмекші құралдармен жабдықтау арқылы қамтамасыз етіледі. Осы ережені іске асыру диагностикалық және емдеу рәсімдерінен қолайлы өтуге (әсіресе тірек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедектер үшін) мүмкіндік береді, физикалық қолжетімділік қазіргі кезде мүгедектер үшін қиындық тудырады.
357. Денсаулық сақтау саласында мүгедектік себебі бойынша мүгедектерге ғана қажет осындай қызметтерді атаулы түрде ұсыну мақсатында мұндай шаралар ОЖБ-ға енгізілуде.
358. Мүгедектерді медициналық оңалтуға: қалпына келтіру терапиясы (организм мен денсаулықтың бұзылған немесе жоғалған қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған дәрі-дәрмектік, физикалық, санаторий-курорттық және басқа да емдеу әдістері), реконструктивті хирургия; протездік-ортопедиялық көмек енеді.
359. Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі. Ауруханалық ұйымдарда құрамында жыл сайын 70 мыңға жуық адам емделетін оңалту бөлімшелері жұмыс істейді.
360. Денсаулық сақтау жүйесінде туберкулезбен ауыратын, тыныс алу мүшелері, ас қорыту, жүйке жүйесі және орталық ми сал ауруымен ауыратын балалар үшін 26 санаторий-курорттық ұйым жұмыс істейді, оларда жыл сайын 22 мың адамға қызмет көрсетіледі.
Бұдан басқа, жыл сайын 26 мыңнан астам мүгедек ОЖБ негізінде халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті органдары арқылы жеке меншік санаторий-курорттық ұйымдарға жіберіледі.
361. Үкімет профилактикалық медицинаны дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Елімізде жыл сайын 2 млн. жуық адамды қамтитын ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілген.
362. Еңбек жағдайлары зиянды және ерекше қауіпті ұйымдарда медициналық тексеру жүргізу тетігін жетілдіру мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған жол картасы қабылданды, оның шеңберінде:
- Міндетті медициналық тексерулерді жүргізу тәртібі мен кезеңділігін белгілейтін міндетті медициналық қарап-тексеру жүргізу ережесі (ҰЭМ міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №128 бұйрығы);
- міндетті медициналық қарап-тексеру жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесі (ҰЭМ 2015жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы);
- Жұмыскердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауға байланысты тексеру және есепке алуға жататын, жұмыскерге зиянды өндірістік факторлар әсерімен белгіленген жіті және созылмалы кәсіптік ауруларға (улану) сәйкес халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру ережесі (ҰЭМ 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы);
- Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік ауру және улану жағдайларын есепке алуды жүргізу, тіркеу ережесі және олар бойынша есептілік жүргізу ережесі (ҰЭМ 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығы);
- Ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстар, жерасты жұмыстары, сондай-ақ халықтың декреттік топтарындағы тұлғаларға жұмысқа рұқсат ету аясында еңбек шарттарын жасау үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі (Еңбекминінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығы);
- Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмек ұйымдастыру стандарты (Еңбекминінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы) бекітілді.
363. Қабылданған нормативтік актілердің негізгі мақсаты жұмыс істейтін халықтың денсаулығына мониторинг жүргізу, кәсіптік және жалпы аурулардың алдын алу және төмендету, кәсіптік ауруларды ерте анықтау және кәсіптік аурулары бар адамдарға диспансеризациялау жүргізу, кәсіптік ауру салдарынан болатын мүгедектікті, өлім-жітім санын төмендету, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, еңбекке қабілеттілік кезеңін ұлғайту болып табылады.
364. Қазақстанда 2018 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Мүгедектер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, бұл ретте олар медициналық қызметтерді тұтынушының барлық құқықтарын иеленеді ("Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15, 28-баптары).
365. Мүгедектерге ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында диспансерлік науқастарды Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне және МОДҚ тіркеуге біріктіру жүргізіледі.
366. Жоғары медициналық оқу мекемелерінің бағдарламаларына бакалаврларды, магистрлерді, докторларды дайындау деңгейіндегі, сол сияқты қосымша білім беру бағдарламаларына ҚХЖ ережелерінің классификациясы мен өлшемшарттарының мәселелері бойынша тақырыптық дәрістер енгізілген. Дәрістерде ҚХЖ-ның жалпы мәселелері, сол сияқты жекелеген нозологиялық формаларына қатысты мәселелер айтылады.
Мүгедек балалар
367. Балалардың өлім-жітімін төмендету, балалар ауруларының профилактикасын қамтамасыз ету және бес жасқа дейін ақыл-ой, дене дамуының толық іске асырылуына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін елімізде БДҰ/ЮНИСЕФ ұсынымдары бойынша "Бала жастағы ауруларды біріктіріп жүргізу" (бұдан әрі – БЖАБЖ) стратегиясы ойдағыдай енгізілді.
368. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында құрылған БЖАБЖ үйлестіру орталығы (Алматы қаласы) медициналық жұмыскерлерді кәсіби тұрғыдан үздіксіз оқытып келеді, 5 жасқа дейінгі сау және ауру балаларға практикалық жұмыстар жүргізу, оның ішінде БДҰ ұсынғандай, балалардың есту қабілетін ерте анықтау стандарттарын енгізуде.
369. Хирургиялық аурулары бар жаңа туған және ерте жастағы балалардың операциядан кейінгі өмір сүру пайызы 82 % құрайды.
370. Қант диабетімен ауыратын балалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен инсулин помпаларымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз етіледі. 2013 – 2015 жылдары 2,5 мыңнан астам инсулин помпасы орнатылды.
371. Мүгедек балаларға оңалту көмегі республикалық маңызы бар 2 орталықта: "Балбұлақ" балаларды оңалту орталығында (Алматы қаласы) және балаларды оңалту орталығында (Астана қаласы), сондай-ақ түрлі ведомстволарға (ДСМ-ге, Еңбекминіне, БҒМ-ға, ҮЕҰ-ға және жеке құрылымдарға) тиесілі өңірлік деңгейдегі 55 оңалту орталығында көрсетіледі.
372. Балаларға сурдологиялық көмек көрсетіледі. Құлағы естімейтін 1000-нан астам балаға кохлеарлық имплантация бойынша операция жасалды. 2015 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғау органдары сөйлеу процессорларын кохлеарлық импланттарға ауыстыруды және теңшеуді жүргізді. Мұндай көмек түрлерін жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге 492 бала алды.
Конвенцияның 26-бабы. Абилитация және оңалту
373. Мүгедектерді оңалту және қоғамға интеграциялау құқығы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңда бекітілген.
374. Қазақстанда ОЖБ-ны әзірлеу және іске асыру міндеттілігін, көзделген оңалту шараларын мемлекеттік қаржыландыруды, мүгедектерге қажетті техникалық құралдар мен ассистивтік бұйымдар ұсынуды, мүгедектерге барынша тәуелсіздік мүмкіндігі мен оларды жергілікті қоғамдастыққа қосуды қамтамасыз ету үшін басқадай жағдайлар жасауды көздейтін мүгедектерді оңалтуды құқықтық реттеудің бірыңғай жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.
375. Мүгедектерді оңалту организм функциялары тұрақты бұзылған денсаулықтың бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін болдырмауға немесе орнын толық толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтиды.
376. Мүгедектің қажеттіліктерін бағалау және оның оңалту әлеуетін медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдерінің мүмкіндігінше іске асыру мақсатында оңалту жүргізудің нақты көлемдерін, түрлерін және өткізу мерзімдерін айқындайтын құжат – ОБЖ әзірленуде.
377. МӘС бөлімдері ОБЖ-ны іске асыру және мүгедекті кезекті куәландыру кезінде ОБЖ жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін мониторинг жүргізеді.
378. ОБЖ-ның медициналық бөлігінің жүргізілген кешенді оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалауды медицина ұйымының мультидисциплинарлық командасы жүзеге асырады.
379. Оңалту және емдеу іс-шараларының нәтижесінде 2012 – 2016 жылдары 47 576 адам мүгедектер санатынан шықты, организмнің бұзылған функцияларының ішінара қалпына келтірілуінің салдарынан 44 100 адам мүгедектіктің басқа тобына (бірінші топтан екіншіге немесе үшіншіге немесе екіншіден үшіншіге) ауыстырылды.
380. Денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, білім беру, мәдени қызмет және әлеуметтік қызмет көрсету саласында оңалту мен абилитацияны ұйымдастыру және оның тиімділік көрсеткіштері Конвенцияның 20, 24, 25, 27, 28 және 30-баптары бойынша баяндама бөлімінде мазмұндалған.
381. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мүгедектерді кешенді оңалтумен қамтамасыз ету үшін мемлекет қаржыландыратын сараптамалық, абилитациялық және оңалту қызметтерін ұсынатын мекемелер желісі құрылды, олар:
126 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі;
3 филиалы бар "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ;
Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 50 медициналық-әлеуметтік мекеме;
тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 2 медициналық-әлеуметтік мекеме;
психоневрологиялық ауруы бар балаларға арналған 18 медициналық-әлеуметтік мекеме;
психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедектерге арналған 40 медициналық-әлеуметтік мекеме;
мүгедек балаларға, мүгедектер мен қарттарға арналған 53 күндіз болу бөлімшесі;
21 оңалту орталығы;
психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға және 18 жастан асқан мүгедектерге, қарттар мен мүгедектерге арналған 508 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі.
382. Мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегін, ал қосымша қызметтер – төлем тәртібімен ұсынылады. Бұл ретте, стационар (дәстүрлі МӘМ), жартылай стационар (күндіз болу бөлімшелері), үйде күтім жасау жағдайларындағы әлеуметтік қызмет көрсету нысандарын таңдау мүмкіндігі жасалған.
383. Әлеуметтік қызмет көрсетудің басты қағидаттарының бірі – адамды отбасынан айырмау мақсатында мүгедек балаларға арналған күндіз болу бөлімшелерінің желісін, оларды аутсорсинг арқылы ҮЕҰ-ға немесе жеке құрылымдарға беру жолымен кеңейту; стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерді Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қайта құру бойынша жұмыстар ретке келтірілді.
384. Халық арасында оң пікірге ие болған пилоттық жоба – Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды онлайн қолдау қызметінің жұмыс істеуі жаңашылдықтың бірі болды. Бұл Қызмет Қазақстан-Ресей медицина университетінің базасында (Алматы қаласы) іске қосылды, ондағы мамандар 2015 – 2016 жылдары Қазақстанның өзге өңірлерінде тұратын 842 мүгедек баланың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетіп, консультациялар берді.
385. Қазақстанда әлеуметтік қызметтерді ұсыну мен оңалтудың интеграциялық және кешенді моделі енгізілуде, оған ведомствоаралық өзара іс-қимыл және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеу жатады. Пилоттық жоба Шығыс Қазақстан облысында іске асырылуда.
386. Еңбекмині Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау қағидаларын және мүгедек баланың, 18 жастан асқан мүгедектің, қарт адамның өмірлік қиын жағдайда болу өлшемшарттарын қамтитын бағалау парақтарын және қызметтер кешені мен көмек көрсету ұсынымдарын қайта қарады.
387. Аталған бастаманы іске асыру үшін: кейбір заңнамалық актілерге өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға (адамдарға) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу; қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін ескере отырып, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын әзірлеу; 2019 жылдан бастап – бірнеше пилоттық өңірде интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтер моделін енгізу; үкіметтік емес секторды тарта отырып, баламалы жұмыс нысандарын пайдалану арқылы отбасыларды сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ұйымдар желісін дамыту жоспарлануда.
388. Республика бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жалпы саны 23 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде 6 мыңнан астам адам қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті.
389. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар шаралар қабылданды.
390. Мүгедектіктің бірінші тобы мерзімсіз белгіленетін аурулар тізбесі кеңейтілді (организм функциялары ауыр бұзылған бала кезінен мүгедектер енгізілді).
391. 2016 жылдан бастап әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде өтініш беруші әлеуметтік-медициналық сараптама бөліміне жүгіне отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша мүгедектікті алғаш белгілеу және жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту жөніндегі қызметтерді алумен қатар, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы және еңбек қабілеттілігін жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындауға өтініш беруге құқылы. 2016 жылы мұндай қызмет 28 мың адамға көрсетілді.
392. ҚХЖ негізінде мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесінің өлшемшарттарын әзірлеу басталды. Мұндай жүйені енгізу адамның денсаулық жағдайын әділдікпен өлшеуге және мүгедектік белгілеуге мүмкіндік береді.
393. МӘС мамандары Еңбекминінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курстары" мемлекеттік мекемесінің негізінде біліктіліктерін арттырып, оқудан өтеді.
394. Мемлекет қаладағы және ауылдық елді мекендердегі мүгедектерге оңалту іс-шараларын жүргізуге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін, сондай-ақ жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметтерін, естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметін алуға кепілдік береді.
395. Техникалық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету арқылы мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі;
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары;
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары;
Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары;
Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары қабылданды.
Жоғарыда көрсетілген барлық қағидалар "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілді.
396. 2014 жылы Еңбекминінің Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы құрылды, мақсаты протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік оңалтудың жаңа құралдарын енгізу, халықты әлеуметтік қорғау саласында инновациялық технологияларды және жобаларды енгізе отырып, ғылыми-зерттеу және әдіснамалық жұмыстарды дамыту болып табылады.
Конвенцияның 27-бабы. Еңбек және жұмыспен қамту
397. Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда бекітілген және базалық заңдарда, Еңбек кодексінде көрсетілген еңбек және жұмыспен қамту саласындағы құқықтары мен кепілдіктері толық көлемде мүгедектерге қолданылады және Мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде еңбек ету құқығын тану туралы конвенцияның 27-бабының 1-тармағына сәйкес келеді және осы құқықты іске асыру үшін құқықтық негіз жасайды.
398. Конституцияда (24-баптың 1-тармағы) және Еңбек кодексінде (5-бап) мүгедектер үшін ешбір шектеусіз қолданылатын еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздері анықталған: еңбек бостандығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін иелік ету, мамандық және қызмет түрін таңдау құқығы, жұмыссыздықтан қорғау құқығы және жұмысқа орналасуда көмек көрсету, еңбек саласында кемсітушілікке тыйым салу. Бұл ретте әрбір адам қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін жағдайларда еңбек етуге, ешбір кемсітусіз еңбегі үшін сыйақы алуға, сот қорғауын қоса алғанда, еңбек құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы.
399. Қазақстан Республикасында мүгедектердің еңбекке құқығын іске асыру үшін қажетті құқықтық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің жалпы санының 39 %-ын құрайтын 129,7 мыңнан астам мүгедектің (оның ішінде 45 мыңы әйел) жұмысы бар (7-қосымша).
400. Қазақстан Республикасында азаматтар мемлекеттік қызметке қол жеткізуде тең құқыққа ие. Мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді (Конституцияның 33-бабы). Мемлекеттік қызмет туралы заңда сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған; тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына қойылатын арнайы талаптар біліктілік талаптарында белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негізінде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар адам мемлекеттік қызметші бола алмайтыны көзделген.
401. 2016 жылы "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінде мүгедектігі бар 545 адам жұмыс істеді, оның 48 %-ы – әйелдер.
402. Еңбек кодексінің 6-бабында көзделген еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу мүгедектерге толық көлемде қолданылады. Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
403. Ашық еңбек нарығында еңбекке орналасу кезінде мүгедектерді кемсітуді болдырмау мақсатында Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 31-32-баптарында мүгедектерге өзге азаматтармен тең еңбек қызметі мүмкіндіктерін құруға бағытталған қосымша шаралар жүйесі, сондай-ақ жұмыспен қамтамасыз етудің төмендегідей шаралары:
ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;
мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшін арнаулы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру бекітілді.
404. Еңбек кодексінде жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады (54-бап).
405. Жұмыс беруші жұмыскердің арнаулы біліктілік талаптарына және іскерлік сапасына байланысы жоқ негіздер бойынша мүгедекті жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мүгедекпен еңбек шартын жасасуға негізсіз бас тарту бойынша сотқа шағымдануға болады.
406. Мүгедектердің әділетті және қолайлы еңбек шарттарына құқықтарын қорғау үшін өзге заңнамалармен қатар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге қажетті еңбек шарттарын жасау бойынша қосымша кепілдіктер көзделген.
407. Мүгедектерді қорғау туралы Заңның 32-бабында және Еңбек кодексінің 25, 28, 69, 75, 76-баптарында, атап айтқанда, мүгедектер үшін еңбек қатынастарындағы жеңілдіктер белгіленген, олар мүгедектердің өздерінің еңбек құқықтарын өзгелермен тең дәрежеде жүзеге асыру үшін қамтамасыз етуге бағытталған.
408. І және ІІ топтағы мүгедектер үшін толық еңбекақы төлемі сақталып, аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды Бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.
409. Мүгедектерді үстеме жұмыстарға, мереке және түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға олардың келісімімен және мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі. Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары беріледі.
410. Ұжымдық немесе жеке еңбек шарттарында өзге қызметкерлермен салыстырғанда мүгедектердің жағдайын нашарлататын еңбек жағдайларын (еңбекақы төлемін, жұмысы уақытының және демалыс уақытының режимін, демалыстарын және т.б.) белгілеуге жол берілмейді.
411. Егер медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған жұмыс болса, мүгедек жұмыскерлерді іссапарға жіберуге рұқсат беріледі. Бұл ретте көрсетілген жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы. Егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек баласына тұрақты күтім жасау жүзеге асырылуы тиіс болса, онда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы. Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға медициналық қорытынды ұсынылған күннен бастап бірінші топ мүгедектері жіберілмейді.
412. Мүгедектердің еңбек құқығын қорғау Еңбекминінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне және еңбек инспекциясы (мемлекеттік еңбек инспекциялары) жөніндегі жергілікті органдарға жүктелген (Еңбек кодексінің 16-бабы).
413. Жұмыс істейтін мүгедектер үшін саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік еңбек инспекторларына мүгедектерге қатысты еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, өз құзыреті шегінде қажетті ден қою шараларын қабылдау жүктелген. Мемлекеттік еңбек инспекциялары анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді, заңнаманы бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
414. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 98-бабында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектерге арналған жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамағаны үшін 10 АЕК мөлшерiнде, қайталанған жағдайда – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылық енгізілді.
415. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін Үкімет заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру жолымен мүгедектерді жұмыспен қамту саласында бірқатар шараларды қабылдады.
416. 2015 жылғы 24 қарашада "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда жұмыс орындары санының 2-ден 4 %-ына дейінгі мөлшерінде (ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда) мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу жөніндегі норма көзделген. Заңды іске асыру үшін Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары қабылданды.
417. Халықты жұмыспен қамту туралы заңды іске асыру үшін 2015 жылы көру және есту қабілетінен толық айырылған, тірек-қимыл аппараттары бұзылған адамдарға арналған жұмыс орындарының стандарттары бекітілді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 ж. 14.06 № 519 бұйрығы).
418. 2018 жылдан бастап алғаш рет мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау енгізілетін болады. Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 206,9 млн. теңге көзделіп отыр. Аталған норма Конвенция бойынша жеке сектордағы мүгедектерді жалға алуды ынталандыру бөлігіндегі міндеттемелерін орындау үшін енгізілген.
419. Жұмыспен қамту туралы заңда жұмыссыз азаматтарға халықты жұмыспен қамту орталығынан: лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жөніндегі көрсетілетін қызметті; қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтерді және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тегін алуға; егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға; "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға бағытталған мемлекет міндеті көзделген.
420. Соңғы 5 жыл ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына жүгінген мүгедектер саны үш есеге дерлік өскен: 2012 жылы – 4 мың адам, 2016 жылы – шамамен 12 мың адам.
2012 – 2016 жылдары 41,5 мың мүгедек, оның ішінде 17,8 мың адам "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын, 23,7 мың адам – Аумақтарды дамыту бағдарламаларын орындау шеңберінде жұмысқа орналастырылған.
421. 2016 жылы мүгедектер қатарынан 311 адам Жол картасы шеңберінде кәсіптік оқумен қамтылып, оның ішінде 280 адам оқуларын аяқтаса, оның 83 %-ы (232 адам) жұмысқа орналастырылды.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында кәсіпкерлік негіздеріне 180 адам оқытылып, 491 мүгедек микрокредит алды, олардың ішінде 156 адам өз ісін ашты. Бұдан басқа, микрокредит алушылар қосымша 86 жаңа жұмыс орнын құрды.
422. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құру және сақтау саясатында мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Қазақстан Үкіметі мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне және олар құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде қолдау көрсетеді.
423. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан сатып ала алады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен (конкурс өткізбей) өткізіледі және ұйыммен тікелей шарт жасасу көзделген.
424. 423-тармақта көрсетілген шаралардан басқа Қазақстан Республикасында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі (1-тізбе);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі (2-тізбе);
Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидалары қолданылады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын барлық органдар 2-тізбеге енгізілген мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдардан 1-тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде 50 % көлемде, жұмыстар мен қызметтерді –100 % көлемде) сатып алуға міндетті.
425. 2-тізбеге енгізу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар:
мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайды;
мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құрайды (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда – кемінде 35 пайыз).
426. Бүгінгі таңда 129 қоғамдық бірлестік пен олар құрған ұйым тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің 21 атауы (төсек жаймалары, нысанды киім, тезтікпелер, қаптау қораптары, архив қораптары, столярлық бұйымдар, клинингтік, полиграфиялық қызметтер, көгалдандыру бойынша жұмыстар және т.б.) бойынша мемлекеттік сатып алуда артықшылыққа ие.
427. Ашық еңбек нарығында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мүгедектерді ақпараттандыру үшін Еңбекмині сайтындағы "Қазақстандағы жұмыс" ақпараттық порталының (http://www.enbek.kz) "бос орындарды іздеу" бөлімінде "Мүгедек адамдарға арналған қолжетімді бос жұмыс орны" атты опция қарастырылған. Жұмыс іздеу кезіндегі ұқсас өлшемшарттар HeadHunter (https://hh.kz) компаниялар тобының жұмыс іздеуге және жалдауға арналған жеке онлайн ресурсында да бар.
428. Мемлекет мүгедектерді, оның ішінде ментальдық бұзылуы бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке бастамаларға қолдау көрсетеді.
429. Мысалы, 2016 жылы Қазақстанда Еңбекмині мен БҰҰДБ бірлескен жобасы шеңберіндегі конкурс нәтижесінде 10 қоғамдық бірлестік мүгедек адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру гранттарына ие болды.
430. 2016 жылы "Мүгедек әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту" атты жаңа бірлескен жобаның шеңберінде 230 мүгедек әйел ішкі кедергілерді жеңуді және көшбасшылық қасиеттерді дамытуды үйренді, олардың ішінде 90-ы нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта біліктілік алу курстарын өтті. Жобаны "Даму" қоры мен "Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы іске асырды.
431. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде жүргізілген іс-шаралар, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру республикадағы мүгедектер еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, мүгедектерді өнімді жұмыспен қамтуға тарту Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі шеңберінде (2016 – 2018 жылдар) өз жалғасын табатын болады
Конвенцияның 28-бабы. Жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау
432. Қазақстан Республикасы конституциялық деңгейде өзін әлеуметтік мемлекет ретінде мәлімдейді (1-бап). Қазақстан Республикасының азаматына жасына байланысты, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі (28-бап).
433. Конвенцияда көзделген барлық бағыттар бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету шаралары айқындалған Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 14-бабында олардың әлеуметтік қорғаудың жеткілікті өмірлік деңгейіне деген құқығы бекітілген.
434. Мүгедектерге әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар және өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қайырымдылық есебінен төлемдер түріндегі төлемдерді қамтиды.
435. Республикада барлық мүгедектер ай сайын мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) немесе зейнеткерлік жасқа жеткенде – зейнетақы алады. Мүгедектік бойынша МӘЖ көлемі мүгедектік тобы мен себептеріне байланысты болады және жыл сайын ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруіне байланысты индексацияланады. Бұл ретте алынатын жәрдемақы/зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болмауы керек (8-қосымша).
436. Ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді және азық-түлік себеті мен азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады.
437. Алынатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (МӘЖ) немесе зейнетақыға қосымша бұрын ұсынылған заттай жеңілдіктердің орнына МӘЖ төленеді.
438. Мемлекет мүгедек балалары бар отбасылардың ана мен баланы қорғау мақсатында заңнамада белгіленген әлеуметтік қолдаудың барлық шараларын алу құқығына кепілдік етеді. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында бала тууына байланысты біржолғы төлем, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы, он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы; мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы көзделген. Бұл ретте соңғы жәрдемақы ең төменгі жалақы көлемінде төленеді.
439. Аз қамтылған отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленеді және тұрғын үй көмегі көрсетіледі. 2012 жылдан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын мүгедектер саны екі есе азайды (2012 жылы – 1088 адам, 2016 жылы – 446 адам). 9084 мүгедек отбасы тұрғын үй көмегін алады. Осылайша, Қазақстанда мүгедектер, оның ішінде әйелдер, қыздар және егде жастағы адамдар арасындағы кедейлік жойылып келеді.
440. Жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер және өзге де ұйымдар әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсетуге құқылы.
441. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек ұсынылады.
442. Ұлттық су заңнамасының қағидаттары халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету; халықтың суға әділ және теңдей қол жеткізуі болып табылады (Қазақстан Республикасы Су кодексінің 9-бабы). Көрсетілген нормалар мүгедектерді қоса алғанда, барлық тұрғындарға қолданылады. 2008 жылы елімізде "Халық үшін ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті қабылданды.
Конвенцияның 29-бабы. Саяси және қоғамдық өмірге қатысу
443. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заң Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығына кепілдік етеді (Заңның 4-бабының 1-тармағы).
444. Саяси құқықтарын іске асыруға шектеулер тек қана заңмен белгіленеді және атап айтқанда, сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған азаматтар үшін сайлауға және сайлануға, сайлау комиссиясының мүшесі болуға тыйым салуды көздейді.
445. Сайлаушылар Президентті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi. (Заңның 5-бабы).
446. Сайлау туралы заңның 41-бабына сәйкес әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс (Заңның 41-бабының 6-тармағы).
447. Мүгедек адамдарға сайлау құқығын қолжетімді ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу кезеңінде 2015 жылдың сәуірінде сайлау учаскелері егде жастағы адамдар мен мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасты.
448. Учаскелік сайлау комиссиялары маңайындағы аумақ пен сайлау учаскелерінің фойесінде сайлау қағидалары, мерзімдері туралы ақпараттық стенділер және сайлау учаскелерінің орналасуы туралы маңдайшалар мен нұсқаулар орнатты. Аталған ақпарат көру қабілеті нашар адамдар үшін қолжетімді ету мақсатында ірі қаріппен жазылды. Сайлау, дауыс беру тәртібі, сайлау учаскелерінің орналасу орындары туралы ақпарат республикалық және өңірлік телеарналарда көрсетілді, бұл ақпараттың көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмаған адамдар үшін бұрын ұсынған өтінімдері бойынша сайлау комиссиясы мүшелерінің үйлеріне баруы ұйымдастырылды.
449. Аумақтың сайлау комиссияларының өкілдері сайлауды өткізу тәртібі мен дауыс беру учаскелерінің орналасу орындары туралы ақпаратты түсіндіру үшін мүгедектер ұйымдарына барды.
450. Еліміздің жекелеген өңірлерінде сайлау комиссияларының құрамына мүгедектер ҮЕҰ өкілдері кірді.
451. Сайлау құқығын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 20 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда мүгедектерге кандидаттар, сайлау учаскелерінің орналасу орындары, кандидаттардың бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасалды (ірі қаріпті, ымдау тілін және т.б. пайдалану).
452. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттар депутаттарына кандидаттар толтыратын биографиялық деректерде кандидаттың мүгедектігін көрсететін мәліметтер қарастырылмаған. Сонымен қатар, жергілікті билік органдарының ақпараты бойынша 2016 жылы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар құрамында мүгедектігі бар 35 депутат, оның ішінде 12 әйел жұмыс істеді.
453. Мүгедектер республиканың басқа азаматтарымен қатар мемлекеттің басқару істеріне тең тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу, мемлекеттік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгіну, сонымен қатар жеке және ұжымдық ұсыныстар жіберу құқықтарына ие (Конституцияның 33-бабы).
454. Конституцияның ережелеріне сәйкес (23-бабы) әркімнің бірлесу бостандығына құқығы бар, олардың қызметі "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
455. 2016 жылы Қазақстанда мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау және оларға көмек көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын 808 ҮЕҰ тіркеліп, жұмыс жасауда.
456. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және олардың уәкілетті өкілдерімен мүгедектердің мүдделеріне қатысты шешімдерді дайындау және қабылдау барысында өзара әрекет етеді.
457. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері:
мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлерін ұсыну тиімділігін бағалауға қатысу;
Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу арқылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.
458. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысады, оның мақсаттары мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру; орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және өзге ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.
459. Үйлестіру кеңесінің құрамына ҮЕҰ 16 өкілі кіреді, бұл оның барлық мүшелерінің жалпы санының 62 %-ын құрайды.
460. Барлық өңірлерде мүгедектердің құқықтарын жергілікті деңгейде сақтауға қатысты барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын Мүгедектер ісі жөніндегі облыстық кеңестер құрылды.
461. Мүгедектердің қоғамдық және саяси өмірге қатысуға құқықтарын сақтауда үлкен жетістік мүгедектер ашқан қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатарынан штаттан тыс кеңесшілер институтын енгізу болып табылады. Қазақстанның бұл қадамы халықаралық деңгейде атап өтілді (анықтама үшін: 2012 жылы БҰҰДБ жариялаған байқауда Қазақстанның мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы А.А. Аманбаевты Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындау бойынша Қазақстанның бастамашылығы атап өтілді).
462. Үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы шешімімен Жоғары білімі бар мүгедектердің "Намыс" қоғамдық бірлестігі әзірлеген Министрлердің, әкімдердің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілері туралы үлгілік ережесі мақұлданған.
463. ҮЕҰ-мен нәтижелі ынтымақтастықта "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші және екінші кезеңдері жобасына, "Инватакси" қызметін көрсету қағидалары жобасына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына паспорттау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға ұсыныстар жасалды.
464. Көру және есту қабілеті бұзылған мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің статистикалық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде "Қазақ соқырлар қоғамы" АҚ, "Қазақ саңыраулар қоғамы" АҚ, "Астана қаласының мүгедек жастар қоғамы" ҚБ, Астана қаласының қауымдастықтары, "Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы" РАҚ сияқты бірқатар ұйымдармен кездесулер өткізілді, олардың барысында гендерлік аспектіні ескере отырып, мүгедектердің өмір сүру сапасы бойынша ішінара байқау анкеталары талқыланды.
465. Мемлекет мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдарға қолдау көрсетеді, бұл қолдау ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландырудан және жеңілдіктер мен преференциялар ұсынудан көрініс табады.
466. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ олар құрған ұйымдарға олардың меншігіндегі ғимараттар (құрылымдар, құрылыстар) салынған жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік меншіктен жеке меншікке ауыстыру Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайда тегін жүзеге асырылады. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қызметін тоқтатқан немесе жылжымайтын мүлікті мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің, олардың ұйымдарының меншігінен айырған жағдайларда олардың меншігіндегі жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылуға жатады.
467. Мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуы кезінде салықтық жеңілдіктер мен преференциялары беріледі.
468. ҮЕҰ жобаларын мемлекеттік қаржыландыру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заң аясында жүзеге асырылады.
469. 2013 жылдан бастап Еңбекмині жыл сайын "Үздік әлеуметтік жоба" атты республикалық конкурс өткізеді. 2016 жылы конкурсқа қатысу үшін 178 өтінім ұсынылды. Республикалық комиссия бірінші үш орынның номинанттарын анықтады. Жеңімпаз болғандар: бірінші орын, "Сурдоаударманың онлайн қызметі" жобасы (Алматы қ.); екінші орын, "Көкшетау қаласы мен Красный Яр аулында тұратын 1-топ мүгедектері, жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін үйде паллиативтік көмек көрсету орталығын ұйымдастыру" жобасы (Ақмола облысы, Көкшетау қ.). Конкурс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға және жобаларды одан әрі жылжытуда Еңбекминінің қолдауына ие болды.
30-бап. Мәдени өмірге қатысу, бос уақыты мен демалысын өткізу, спортпен шұғылдану
470. Конституция әркімнің, мүгедектерді қоса алғанда, төл мәдениетін пайдалануға құқын жариялайды (19-бап).
471. Мемлекет азаматтарға, оның ішінде мүгедектерге мәдениет саласындағы қызметке құқығын мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқығын қамтамасыз ету арқылы кепілдік етеді ("Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы).
472. Азаматтардың, оның ішінде мүгедектердің өз қабілеттеріне сәйкес оларды пайдалану салаларын, іске асыру нысандарын өз бетімен таңдау және кәсіптік білім алу арқылы шығармашылық қызметке құқығы бар. Барлық Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі (Мәдениет туралы заңның 10-бабы).
473. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес мүгедектер мәдениет ұйымдарында бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлумен қамтамасыз етіледі (14-бап); жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар аталған қызметтерді – бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу пайызын төлеп пайдаланады (27-бап).
474. Мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің қатысуы арқылы мемлекеттік органдар мүгедектерді қоғамның мәдени өміріне тарту және оларды әлеуметтік-мәдени оңалтуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдайды.
475. Мүгедектігіне немесе егде жасына байланысты кітапханаға бара алмайтын кітапхана пайдаланушыларының кітапхана қорларына сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы қол жеткізу құқығы бар (Мәдениет туралы заңның 24-бабының 6-тармағы).
476. Қазақстанда зағиптар мен нашар көретін адамдарға арналған 15-тен астам кітапхана көзі көрмейтін мүгедектерді әлемдік және отандық әдеби бай мұрамен таныстыру бойынша жұмыс жүргізуде.
477. Жаңа әдеби шығармаларға қолжетімділікті кеңейту үшін жыл сайын қазіргі заманғы бейімделген техникалық құралдардың шығарылымы (мәдениет мекемелеріне сатып алу мен жеткізулер) көбеюде, баспа мәтінін дыбысқа айналдыратын жаңа оқитын машиналар, жалпақ баспа мәтінін рельефті-ноқатты мәтінге айналдыратын брайльдық дисплейлер мен принтерлер, сонымен қатар сөйлеу синтезімен экрандық қолжетімділік бағдарламалары сатып алынуда.
478. Мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылдануға тарту мақсатында оларға дене шынықтыру, сауықтыру сабақтары мен спорт жабдықтарына қол жеткізу жағдайларын жасаумен байланысты мәселелерді кешенді түрде шешу, нормативтік құқықтық базаны дамыту және мүгедектерді оңалту әдістерін меңгерген тренерлер мен педагог мамандарды даярлау бойынша шаралар қабылдануда.
479. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен (1, 19-баптар) "бейімдік дене шынықтыру", "мүгедектердің дене бітімін оңалту және оларды әлеуметтік бейімдеу" түсініктері енгізілген, сондай-ақ мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту тетіктері айқындалған.
480. Адаптивтік дене шынықтыру және спорт әдістерін пайдалану арқылы мүгедектердің дене бітімін оңалту және оларды әлеуметтік бейімдеу мүгедектерге арналған спорт клубтарында, мектептер мен секцияларда, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында жүзеге асырылады.
481. Мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, кадрларды даярлау, мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын медициналық қамтамасыз ету және дәрігерлік бақылау білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктелген.
482. Дене шынықтыру және спорт туралы заңмен жергілікті билік органдарының және Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды, әуесқой және кәсіби спортты дамыту саласындағы МСМ құзыреті регламенттелген.
МСМ дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оған мүгедектер арасында республикалық жарыстарды өткізу, халықаралық спорттық жарыстарда, оның ішінде Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен Бүкіләлемдік арнайы олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының барлық спорт түрлері бойынша құрама командаларын (барлық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларын) дайындау және оларды қатыстыру жүктелген. Конвенцияға қол қойылғаннан кейін МСМ құрылымында ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жасау жөніндегі басқарма құрылды.
Жергілікті атқарушы органдар дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi; спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын қамтамасыз етеді; жергілікті деңгейде спорттық іс-шараларды өткізуді; мүгедектердің республикалық спорттық жарыстарға дайындалуын және қатысуын ұйымдастырады.
483. Қазақстанда мүгедектердің спорт түрлері бойынша қызметті жүзеге асыратын 3 қоғамдық ұйым жұмыс істейді – Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитеті (http://www.paralympic.kz), "Спешиал Олимпикс" қоғамдық бірлестігі және "Дефлимпикс" қоғамдық бірлестігі; Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық дайындау орталығы; 12 спорт клубы; мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған 2 спорт мектебі.
484. Жыл сайын мүгедектердің түрлі санаттары үшін 5 мыңнан астам мүгедек спортшылардың қатысуымен 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионаттар мен турнирлер өтеді. 2016 жылы мүгедектер арасында 36 республикалық жарыс өткізілді, сондай-ақ 37 халықаралық жарысқа баруы қамтамасыз етілді.
485. 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадада Қазақстан командасы алғашқы рет қорытынды 58-орынды иеленіп, екі медаль жеңіп алды (Зульфия Габидуллина жүзуде "алтын" және Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингте "күміс").
486. Қолданып жатқан шаралардың арқасында соңғы жылдары дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектер үлесінің артуы байқалады (спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер қатарынан 2012 жылы – 8,3%, 2016 жылы– 10,2%). 2016 жылы 27421 мүгедек әуесқой және кәсіби спортпен шұғылданған.
Конвенцияның 31-бабы. Статистика және мәліметтер жинау
487. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру, мүгедектік себептеріне, құрылымына және жағдайына мониторинг жүргізу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады.
488. ҰЭМ Статистика комитеті мүгедектер туралы ақпаратты жинауды статистикалық бақылаудың 6 нысаны бойынша, оның ішінде өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектердің саны, мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны, мүгедек балаларға арналған интернат үйлерінде тұрып жатқандардың саны, қарттар мен ересек мүгедектерге арналған интернат үйлерінде тұрып жатқандардың саны, мүгедек балаларға арналаған интернат үйлерінің саны, қарттар мен ересек мүгедектерге арналған интернат үйлерінің саны сияқты көрсеткіштер бойынша жүзеге асырады.
489. 2014 жылы Статистика комитеті "Мүгедектігі бар адамдардың гендерлік ерекшелігін есепке алу арқылы өмір сүру сапасы" ішінара байқауын жүргізді. Аталған тексеру Мүгедектер құқықтары бойынша БҰҰ конвенциясын ратификациялау дайындығына байланысты бастамашылық етілген.
490. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға қатысты ведомстволық статистикалық ақпаратты басқа орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде (БҒМ, ДСМ, АКМ, ҰЭМ және т.б.), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
491. Деректерді жинау және жариялау жеке деректер және оларды қорғау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
492. Деректерді тарату ақпаратты Статистика комитетінің ресми статистикалық (баспа) басылымдарында, мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Конвенцияның 32-бабы. Халықаралық ынтымақтастық
493. Конституцияға сәйкес Қазақстан халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді. Қазақстан 3 748 халықаралық шарттың қатысушысы болып табылады.
494. Елімізде адам құқықтары қорғау және халықты әлеуметтік қорғау саласында Үкіметпен белсенді ынтымақтастық жасайтын 73 халықаралық және өңірлік ұйымдар, агенттіктер жұмыс жасауда, оның ішінде БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ХЕҰ, ДДҰ, ЕКЫҰ, МАСО, Дүниежүзілік банк, АДБ және т.б.
495. Елімізде қызметі Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға және Қазақстанның мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелерін мүмкіндігінше орындауына бағытталған Үкімет пен БҰҰДБ бірлескен бағдарламалары іске асырылуда. Жобалар аясында Қазақстандағы барлық билік деңгейлерінде, мүгедектігі бар адамдардың мәселелері қаралатын халықаралық диалог алаңдарында консультациялық-кеңесші комиссиялардың жұмысына мүгедектердің ҮЕҰ қатысуы және төрағалық етуі қолдау тапқан.
496. 2012 жылы "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының жетекшісі Л.М.Қалтаева мүгедектігі бар адамдардың құқықтары үшін күрескерлер Азия-Тынық мұхиты сыйлығының иегері болды (ЭСКАТО).
497. Қазақстандағы мүгедектердің қоғамдық ұйымдары халықаралық ынтымақтастықтың, халықаралық даму бағдарламаларының белсенді қатысушылары болып табылады, оның ішінде халықаралық ұйымдардың гранттық жобаларына қатысу арқылы, "Орталық Азияның Еуразия қоры" (ОАЕҚ), "Сорос-Қазақстан қоры" және т.б. сияқты қорлар арқылы қатысады.
498. Мүгедектерді қоғамға етене араластыру, сондай-ақ мүгедектерге толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсатында:
жыл сайын 3 желтоқсанда 1992 жылы 47-сессияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы арнайы қарарында жариялаған Мүгедектердің халықаралық күні атап өтіледі;
қазанның екінші жексенбісі Қазақстан Республикасының мүгедектер күні деп белгіленген ("Қазақстан Республикасының мүгедектер күнін белгілеу туралы" 1993 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы).
Конвенцияның 33-бабы. Ұлттық жүзеге асыру және мониторинг
499. Атқарушы билік органдары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестіретін органның функциялары еңбек, өмір сүру мен табыстар деңгейі, зейнетақымен қамсыздандыру, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық, халықты әлеуметтік қорғау, оның ішінде халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету (мүгедектерді қоса алғанда), мүгедектерді оңалту, медициналық-әлеуметтік сараптама өткізу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ететін Еңбекминіне жүктелген.
500. Еңбекмині өз қызметін ведомстволық бағынысты ұйымдары арқылы орталық және жергілікті атқарушы ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдармен өзара әрекет етіп жүзеге асырады. Еңбекминінде Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның жүзеге асырылуы және іске асырылуының мониторингі мәселелері Әлеуметтік қызметтер департаментіне жүктелген.
501. Қазақстанда мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясаттың жекелеген мәселелерін әзірлеу және іске асыру бойынша едәуір өкілеттер ДСМ, БҒМ, МСМ, ҰЭМ, Қаржыминіне, ІІМ және Әділетминіне берілген.
502. 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.
503. Конвенция нормаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу функцияларын министрлердің, облыс (қала, аудан) әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілері жүзеге асырады.
504. Мүгедектерді құқықтарын көтермелеудің, қорғаудың тәуелсіз тетігі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) институттары болып табылады.
505. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын көтермелеу және қорғау Омбудсмен қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұған дейін Омбудсмен "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері" арнайы баяндамасын дайындаған.
506. Соңғы 5 жылда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына мүгедектерден тұрғын үй, еңбек құқықтарына, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты сақтау, білім алу құқықтарына, сондай-ақ сот шешімдерін орындамауға, білікті заң көмегін алуға қатысты 201 өтініш келіп түскен. Іс жүргізуге қабылданған әрбір шағым белгіленген тәртіппен тиісті түрде қаралып, шешім қабылданады.
507. Омбудсмен атына келіп түсетін шағымдарды жалпылама талдау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы жыл сайынғы есепте жүргізіледі. Сонымен қатар мүгедектер көтеретін проблемалық мәселелер Омбудсмен мемлекеттік органдардың атына жіберетін ұсынымдарда өзектендіріледі.
508. Соңғы 5 жылда Омбудсмен мекемесінің қызметкерлері қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, оның ішінде балаларға арналған 44 ұйымға, Қазақ соқырлар қоғамы мен Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарына барды. Аталған ұйымдарға бару қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жіберілді.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 1-қосымша |
2017 жылы 1 қаңтардағы МОДҚ мәліметтері бойынша өңірлердегі мүгедектердің саны
адам
Облыстың атауы | Барлығы | оның ішінде жасы бойынша | жынысы бойынша | қала-ауыл бөлінісінде | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
18 жасқа дейінгі | еңбекке қабілетті жастағы | зейнеткерлік жастағы адамдар | |||||||||
абс. | % | абс. | % | абс. | % | ер | әйел | қала | ауыл | ||
Ақмола | 28637 | 2654 | 9,3 | 18064 | 63,1 | 7919 | 27,7 | 16075 | 12562 | 14680 | 13957 |
Ақтөбе | 24040 | 3231 | 13,4 | 15461 | 64,3 | 5348 | 22,2 | 13770 | 10270 | 16494 | 7546 |
Алматы | 68248 | 8284 | 12,1 | 44569 | 65,3 | 15395 | 22,6 | 39058 | 29190 | 19832 | 48416 |
Атырау | 20239 | 3061 | 15,1 | 12808 | 63,3 | 4370 | 21,6 | 10894 | 9345 | 12232 | 8007 |
ШҚО | 57080 | 4901 | 8,6 | 35858 | 62,8 | 16321 | 28,6 | 31671 | 25409 | 32247 | 24833 |
Жамбыл | 42570 | 5620 | 13,2 | 27148 | 63,8 | 9802 | 23,0 | 25201 | 17369 | 15181 | 27389 |
БҚО | 24036 | 2569 | 10,7 | 14466 | 60,2 | 7001 | 29,1 | 13779 | 10257 | 11122 | 12914 |
Қарағанды | 64329 | 4965 | 7,7 | 42014 | 65,3 | 17350 | 27,0 | 35897 | 28432 | 48318 | 16011 |
Қызылорда | 29151 | 4807 | 16,5 | 18584 | 63,8 | 5760 | 19,8 | 16901 | 12250 | 12173 | 16978 |
Қостанай | 27676 | 2594 | 9,4 | 18298 | 66,1 | 6784 | 24,5 | 16313 | 11363 | 15466 | 12210 |
Маңғыстау | 22358 | 4070 | 18,2 | 13309 | 59,5 | 4979 | 22,3 | 11894 | 10464 | 12308 | 10050 |
Павлодар | 28061 | 2612 | 9,3 | 17093 | 60,9 | 8356 | 29,8 | 15518 | 12543 | 18501 | 9560 |
СҚО | 28194 | 2097 | 7,4 | 17279 | 61,3 | 8818 | 31,3 | 16148 | 12046 | 11134 | 17060 |
ОҚО | 117392 | 18434 | 15,7 | 76427 | 65,1 | 22531 | 19,2 | 66135 | 51257 | 49980 | 67412 |
Алматы қ. | 47967 | 5691 | 11,9 | 25042 | 52,2 | 17234 | 35,9 | 25736 | 22231 | 47967 | 0 |
Астана қ. | 21946 | 4072 | 18,6 | 12790 | 58,3 | 5084 | 23,2 | 11662 | 10284 | 21946 | 0 |
Қазақстан Республикасы | 651924 | 79662 | 12,2 | 409210 | 62,8 | 163052 | 25,0 | 366652 | 285272 | 359581 | 292343 |
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 2-қосымша |
Мемлекеттік бағдарламаларда және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген қолжетімді орта құру, қызметтердің қолжетімділігін және мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар мен индикаторлар
Р/с | Атауы | Индикаторлар | жылдар | ||||
2015 | 2017 | 2019 | 2020 | 2030 | |||
1 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы | Ерекше білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі, % | 9,1 | 15 | 20 | ||
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі, % | 30 | 55 | 70 | ||||
Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі, % | 15 | 25 | 40 | ||||
Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ЖОО-лардың үлесі, % | 12 | 25 | 100 | ||||
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны, бірлік | 137 | 220 | |||||
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны, бірлік | 57 | 85 | |||||
2 | Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген "Ақпаратты Қазақстан – 2020" мемлекеттік бағдарламасы | Ерекше қажеттіліктері бар балаларға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету (инклюзивті білім), % | 30 | 50 | |||
3 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы | Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі және егде адамдарға тосқауылсыз аймаққа айналады | х | ||||
Жұмыс істеуге ниетті және оған медициналық көрсетілімдер бойынша сол немесе басқа еңбек қызметі рұқсат етілетін әрбір мүгедек жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болатындай жағдай жасалатын болады | х | ||||||
4 | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы | Халық денсаулығының индексі, % | 16 | 18 | 20 | ||
5 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 349 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары | Мүгедектердiң жалпы санындағы дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын мүгедектердiң үлесi, % | 9,7 | 10,7 | 11,7 | 12,2 |
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 3-қосымша |
Мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі
Шифрі және нөмірі | Атауы | Бекітілген |
1 | 2 | 3 |
Құрылыста басшылыққа алынатын құжаттар | ||
ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001 (2002 шығ.) | Қала құрылысы. Елді мекендерді мүгедектер және халықтың жүріп тұруы шектеулі басқа да топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлау және құрылысын салу | ҚР ЭСМ ҚІК 28.02.2002 ж. № 44 бұйрығы 01.03.2002 ж. бастап |
Міндетті түрде қолдану үшін құрылыс нормалары | ||
ҚР ҚН 3.06-01-2011 | Ғимараттар мен құрылыстардың жүріп тұруы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі | ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК 29.12.2014 ж. № 156-НҚ бұйрығы 01.07.2015 ж. бастап |
Ерікті түрде қолдану үшін жобалау және салу жөніндегі қағидалар жинағы | ||
ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 | Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін ескере отырып жобалау. Жалпы ережелер | ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК 29.12.2014 ж. № 156-НҚ бұйрығы 01.07.2015 ж. бастап |
Нормалар және талаптар | Барлық туристік инфрақұрылым объектілерінде мүгедек туристердің демалысын қамтамасыз ету үшін техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптары | ҚР Туризм және спорт агенттігінің 03.03.04 ж. № 06-2-2/73 және ҚР ДСМ 01.03.2004 ж. № 203 бірлескен бұйрығы |
Жобалау және салу жөніндегі қағидалар жинағы | ||
ҚР ЕЖ 3.06-31-2005 (2005 шығ.) | Мүгедектерге қолжетімді жоспарлық элементтері бар тұрғын орта | ИСМ ҚжТКШІК18.02.2005 ж. № 55 бұйрығы 01.07.2015 ж. бастап |
Міндетті түрде қолдану үшін құрылыс нормалары | ||
ҚР ҚН 3.06-01-2011 | Ғимараттар мен құрылыстардың жүріп тұруы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі | ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК 29.12.2014 ж. № 156-НҚ бұйрығы 01.07.2015 ж. Бастап |
Ерікті түрде қолдану үшін жобалау және салу жөніндегі қағидалар жинағы | ||
ҚР ЕЖ 3.06-02-2012 | Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін ескере отырып жобалау. Жалпы ережелер | ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК 29.12.2014 ж. № 156-НҚ бұйрығы 01.07.2015 ж. бастап |
Ұлттық стандарттар | ||
ҚР СТ 1.53-2005 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Егде адамдар мен мүгедектердің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған стандарттарды әзірлеу тәртібі | ҚР ИСМ ТРМК 01.09.2005 ж. № 460 бұйрығы |
ҚР СТ МЕМСТ Р 51090-2010 | Қоғамдық жолаушылар көлігі құралдары. Мүгедектер үшін қолжетімділік пен қауіпсіздіктің жалпы техникалық талаптары | ҚР ИЖТМ ТРМК 06.08.2010 ж. № 351-од бұйрығы |
ҚР СТ 1544-2006 | Мүгедектер үшін қолжетімді жалпы пайдаланылатын техникалық ақпарат және байланыс құралдары. Классификация. Қолжетімділік және қауіпсіздік талаптары | ҚР ИСМ ТРМК 02.11.2006 ж. № 478 бұйрығы |
ҚР СТ 1619-2007 | Тіршілік әрекеті шектелген адамдарды оңалтудың техникалық құралдары. Классификация | ҚР ИСМ ТРМК 18.05.2007 ж. № 269 бұйрығы |
ҚР СТ 1885-2009 | Есту немесе көру бойынша мүгедектерге арналған оңалту телефон байланысының құралдары. Классификация. Негізгі параметрлері. | ҚР ИСМ ТРМК 29.09.2009 ж. № 493-од бұйрығы |
ҚР СТ 1544-2006 | Мүгедектер үшін қолжетімді жалпы пайдаланылатын техникалық байланыс және ақпарат құралдары. Классификация. Қолжетімділік және қауіпсіздік талаптары | ҚР ИСМ ТРМК 02.11.2006 ж. № 478 бұйрығы |
ҚР СТ 1619-2007 | Тіршілік әрекеті шектелген адамдарды оңалтудың техникалық құралдары. Классификация | ҚР ИСМ ТРМК 18.05.2007 ж. № 269 бұйрығы |
ҚР СТ 1885-2009 | Есту немесе көру бойынша мүгедектерге арналған оңалту телефон байланысының құралдары. Классификация. Негізгі белгілері | ҚР ИСМ ТРМК 29.09.2009 ж. № 493-од бұйрығы |
1 | 2 | 3 |
ҚР СТ МЕМСТ Р 51264-2010 | Оңалту электрондық байланыс, информатика және сигнал беру құралдары. Жалпы техникалық шарттар | ҚР ИЖТМ ТРМК 20.08.2010 ж. № 371-од бұйрығы |
ҚР СТ МЕМСТ Р 51630-2009 | Мүгедектерге арналған тік және көлбеу жылжытуға арналған көтерілетін платформалар. Қолжетімділіктің техникалық талаптары | ҚР ИСМ ТРМК 13.07.2009 ж. № 348-од бұйрығы |
ҚР СТ МЕМСТ Р 51631-2008 | Жолаушыларға арналған лифтілер. Мүгедектер үшін қолжетімділіктің техникалық талаптары | ҚР ИСМ ТРМК 26.11.2008 ж. № 600-од бұйрығы |
ҚР СТ МЕМСТ Р 51764-2008 | Мүгедектерге арналған оңалту көтергіш көлік құралдары. Жалпы техникалық талаптар | ҚР ИСМ ТРМК 26.11.2008 ж. № 600-од бұйрығы |
ҚР СТ МЕМСТ Р 52131-2006 | Мүгедектерге арналған ақпаратты белгілер арқылы көрсететін құралдар. Техникалық талаптар | ҚР ИСМ ТРМК 02.11.2006 ж. № 478 бұйрығы |
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 4-қосымша |
2017 жылы 1 қаңтардағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау (түгендеу) және бейімдеу туралы мәліметтер
Өңірдің атауы | Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы саны | паспорттау | бейімдеу | Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі, % | ||
---|---|---|---|---|---|---|
жататын | оның ішінде жүргізілгені | жататын | оның ішінде жүргізілгені | |||
Ақмола | 1672 | 1672 | 1672 | 1514 | 1514 | 100 |
Ақтөбе | 1147 | 1094 | 1094 | 702 | 295 | 62,8 |
Алматы | 2117 | 2117 | 2117 | 400 | 360 | 98,1 |
Атырау | 3141 | 3141 | 3083 | 1389 | 694 | 77,5 |
Шығыс Қазақстан | 3907 | 1954 | 1926 | 775 | 755 | 99,0 |
Жамбыл | 3036 | 904 | 904 | 904 | 598 | 66,2 |
Батыс Қазақстан | 1518 | 1518 | 1310 | 955 | 467 | 62,7 |
Қарағанды | 1771 | 1035 | 1017 | 785 | 302 | 52,5 |
Қостанай | 1568 | 1568 | 1568 | 1166 | 593 | 63,5 |
Қызылорда | 2326 | 2326 | 2326 | 1185 | 837 | 85,0 |
Маңғыстау | 1590 | 408 | 390 | 347 | 97 | 35,9 |
Павлодар | 1558 | 1257 | 1257 | 599 | 597 | 99,8 |
Солтүстік Қазақстан | 2660 | 2300 | 2300 | 1735 | 876 | 62,7 |
Оңтүстік Қазақстан | 4083 | 4083 | 4083 | 3316 | 2431 | 78,3 |
Алматы қ. | 3000 | 2427 | 2380 | 1425 | 664 | 68,0 |
Астана қ. | 1106 | 401 | 401 | 309 | 132 | 55,9 |
Қазақстан Республикасы | 36200 | 28205 | 27828 | 17506 | 11212 | 77,4 |
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 5-қосымша |
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқкиім;
11) жейде киюге арналған құрылғы;
12) колготки киюге арналған құрылғы;
13) шұлық киюге арналған құрылғы;
14) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);
15) белсенді ұстағыш;
16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;
17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;
18) кілтке арналған ұстағыш.
2. Сурдотехникалық құралдар:
1) есту аппараттары;
2) веб-камерасы бар ноутбук;
3) көп функционалды дабылды жүйелер;
4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар;
5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;
6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;
7) дауыс шығаратын аппарат.
3. Тифлотехникалық құралдар:
1) тифлотаяқтар;
2) оқу машиналары;
3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;
4) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;
5) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;
6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;
7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар;
8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;
10) сөз шығаратын термометр;
11) сөз шығаратын тонометр;
12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;
13) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;
14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;
15) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштары, тігін инелері.
4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;
2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.
5. Міндетті гигиеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар;
2) нәжіс қабылдағыштар;
3) жөргектер;
4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);
5) катетер;
6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;
7) қорғаныш крем;
8) сіңіргіш ұнтақ (опа);
9) иісті бейтараптандырғыш;
10) теріні тазартқыш;
11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;
12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;
13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.
Ескертпе:
* 3-тармақтың 13), 14), 15) тармақшалары 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 6-қосымша |
Инклюзивті білім беру жүйесіне енгізілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны және үлесі
Өлшем бірлігі | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл | |
---|---|---|---|---|---|---|
мектепке дейінгі білім | адам | 6 704 | 6 558 | 17 826 | 14 507 | 15 084 |
% | 14,1 | 14,6 | 37,4 | 32,5 | 31,3 | |
орта білім | адам | 31 124 | 29 998 | 46 340 | 47 441 | 45 104 |
% | 30,8 | 32,0 | 49,1 | 48,8 | 46,7 | |
кәсіптік-техникалық |
адам | 2 177 | 2 302 | 2 579 | 2 464 | 2 468 |
% | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
жоғары білім, барлығы | адам | - | - | - | 354 | 374 |
оның ішінде | ||||||
ерлер | адам | - | - | - | 51 | 54 |
әйелдер | адам | - | - | - | 49 | 46 |
оның ішінде оқитын саласы/мамандығы бойынша | ||||||
құқықтану | адам | - | - | - | 12 | 15 |
экономика | адам | - | - | - | 10 | 19 |
педагогикалық мамандықтар | адам | - | - | - | 12 | 14 |
IT-технологиялар | адам | - | - | - | 13 | 11 |
ауыл шаруашылығы | адам | - | - | - | 10 | 7 |
басқа салалар/мамандықтар | адам | - | - | - | 297 | 308 |
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 7-қосымша |
2017 жылдың 1 қаңтарына еңбек етуге қабілетті жастағы жұмыс істейтін мүгедектер туралы мәліметтер
Өңір | Еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істейтін мүгедектер саны | оның ішінде | ||||||||
бірінші топ | екінші топ | үшінші топ | ||||||||
18 жастан 29 жасқа дейінгі | 29 жас тан 45 жас қа дейінгі | 45 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер және 63 жасқа дейінгі ерлер | 18 жастан 29 жасқа дейінгі | 29 жас-тан 45 жасқа дейінгі | 45 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер және 63 жасқа дейінгі ерлер | 18 жас-тан 29 жас-қа дейінгі | 29 жас-тан 45 жасқа дейінгі | 45 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер және 63 жасқа дейінгі ерлер | ||
Ақмола | 6667 | 12 | 49 | 162 | 110 | 484 | 1273 | 377 | 1276 | 2924 |
оның ішінде әйелдер | 2277 | 3 | 14 | 55 | 40 | 193 | 442 | 128 | 475 | 927 |
Ақтөбе | 5533 | 23 | 84 | 200 | 110 | 433 | 932 | 410 | 1248 | 2093 |
оның ішінде әйелдер | 1777 | 8 | 33 | 46 | 37 | 169 | 326 | 147 | 440 | 571 |
Алматы | 11170 | 37 | 140 | 295 | 280 | 1090 | 2311 | 672 | 2281 | 4064 |
оның ішінде әйелдер | 3766 | 9 | 56 | 84 | 84 | 380 | 727 | 247 | 857 | 1322 |
Атырау | 4947 | 18 | 66 | 115 | 115 | 418 | 1134 | 353 | 971 | 1757 |
оның ішінде әйелдер | 1880 | 3 | 18 | 37 | 46 | 197 | 418 | 152 | 391 | 618 |
Шығыс Қазақстан | 10664 | 29 | 117 | 272 | 182 | 807 | 2006 | 552 | 2245 | 4454 |
оның ішінде әйелдер | 3528 | 9 | 40 | 85 | 72 | 321 | 649 | 211 | 811 | 1330 |
Жамбыл | 6800 | 23 | 87 | 167 | 116 | 538 | 1549 | 424 | 1376 | 2520 |
оның ішінде әйелдер | 2217 | 5 | 31 | 60 | 42 | 210 | 455 | 154 | 502 | 758 |
Батыс Қазақстан | 4592 | 19 | 71 | 151 | 75 | 279 | 828 | 290 | 898 | 1981 |
оның ішінде әйелдер | 1513 | 8 | 31 | 33 | 25 | 130 | 274 | 121 | 334 | 557 |
Қарағанды | 16821 | 29 | 165 | 448 | 319 | 1582 | 3869 | 885 | 3160 | 6364 |
оның ішінде әйелдер | 5739 | 11 | 66 | 145 | 110 | 645 | 1360 | 312 | 1129 | 1961 |
Өңір | Еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істейтін мүгедектер саны | оның ішінде | ||||||||
бірінші топ | екінші топ | үшінші топ | ||||||||
18 жастан 29 жасқа дейінгі | 29 жастан 45 жасқа дейінгі | 45 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер және 63 жасқа дейінгі ерлер | 18 жастан 29 жасқа дейінгі | 29 жастан 45 жасқа дейінгі | 45 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер және 63 жасқа дейінгі ерлер | 18 жастан 29 жасқа дейінгі | 29 жастан 45 жасқа дейінгі | 45 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер және 63 жасқа дейінгі ерлер | ||
Қызылорда | 5268 | 15 | 67 | 165 | 105 | 450 | 1047 | 384 | 1139 | 1896 |
оның ішінде әйелдер | 1698 | 4 | 19 | 47 | 38 | 182 | 327 | 128 | 397 | 556 |
Қостанай | 6598 | 19 | 78 | 188 | 117 | 432 | 1452 | 357 | 1260 | 2695 |
оның ішінде әйелдер | 1949 | 4 | 24 | 40 | 36 | 165 | 434 | 135 | 392 | 719 |
Маңғыстау | 5210 | 21 | 74 | 152 | 155 | 615 | 1487 | 348 | 1006 | 1352 |
оның ішінде әйелдер | 2019 | 7 | 26 | 47 | 51 | 271 | 542 | 131 | 434 | 510 |
Павлодар | 5799 | 21 | 92 | 211 | 128 | 484 | 1236 | 351 | 1099 | 2177 |
оның ішінде әйелдер | 2035 | 5 | 34 | 57 | 47 | 214 | 433 | 131 | 399 | 715 |
Солтүстік Қазақстан | 5561 | 11 | 50 | 123 | 52 | 329 | 771 | 391 | 1226 | 2608 |
оның ішінде әйелдер | 1793 | 4 | 18 | 35 | 21 | 141 | 249 | 138 | 439 | 748 |
Оңтүстік Қазақстан | 19158 | 60 | 186 | 495 | 391 | 1809 | 4282 | 1343 | 3753 | 6839 |
оның ішінде әйелдер | 7064 | 18 | 54 | 132 | 150 | 781 | 1449 | 444 | 1580 | 2456 |
Алматы қ. | 9246 | 43 | 194 | 309 | 204 | 1042 | 2737 | 430 | 1444 | 2843 |
оның ішінде әйелдер | 3513 | 18 | 77 | 100 | 78 | 495 | 913 | 190 | 667 | 975 |
Астана қ. | 5684 | 35 | 122 | 208 | 179 | 637 | 1202 | 332 | 1121 | 1848 |
оның ішінде әйелдер | 2354 | 15 | 42 | 71 | 87 | 309 | 465 | 152 | 543 | 670 |
Қазақстан Республикасы | 129718 | 415 | 1642 | 3661 | 2638 | 11429 | 28116 | 7899 | 25503 | 48415 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
оның ішінде әйелдер | 45122 | 131 | 583 | 1074 | 964 | 4803 | 9463 | 2921 | 9790 | 15393 |
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндамаға 8-қосымша |
Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (2013 – 2016 жылдар)
Мүгедектер санаты | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл | |||||||||
Топ | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | |
Қазақстан | 483642 | 18510 | 107426 | 491944 | 20962 | 122878,5 | 500414 | 22453 | 134825,8 | 517 584 | 29 527 | 183 390,7 | |
1. Жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіптік аурулардан болған мүгедектер | I | 24849 | 25378 | 7567,4 | 25637 | 28352 | 6403,6 | 25974 | 30337 | 6998,7 | 27 029 | 40 690 | 9 576,9 |
II | 145046 | 19780 | 34428,1 | 146495 | 22163 | 36591,7 | 146552 | 23715 | 39484,7 | 149 144 | 31 775 | 52 844,8 | |
III | 115981 | 13809 | 19219,0 | 117529 | 15574 | 29356,6 | 120177 | 16664 | 32379,5 | 125 863 | 22 402 | 44 595,9 | |
2. Бала кезінен мүгедектер | I | 14602 | 25378 | 4446,8 | 14954 | 28352 | 3735,2 | 15237 | 30337 | 4105,4 | 15 713 | 40 690 | 5 567,4 |
II | 55983 | 20713 | 13914,9 | 56370 | 23161 | 14080,2 | 56918 | 24783 | 15334,9 | 57 618 | 33 146 | 20 415,3 | |
III | 43230 | 16235 | 8422,1 | 44183 | 18170 | 11036,1 | 45108 | 19442 | 12153,1 | 46 517 | 26 060 | 16 481,9 | |
3. 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар | I | 965 | 25378 | 293,9 | 974 | 28352 | 243,3 | 1061 | 30337 | 285,8 | 1 115 | 40 690 | 395,1 |
II | 2651 | 20713 | 658,9 | 2549 | 23161 | 636,7 | 2532 | 24783 | 682,2 | 2 491 | 33 146 | 882,6 | |
III | 3994 | 16235 | 778,1 | 3906 | 18170 | 975,6 | 3931 | 19442 | 1059,7 | 4 176 | 26 060 | 1 479,6 | |
4. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 59054 | 18660 | 13223,4 | 62579 | 20965 | 15631,1 | 66673 | 22433 | 17964,0 | 72 311 | 29 946 | 25 621,3 |
Мүгедектер санаты | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл | |||||||||
Топ | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | |
5. Әскери қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарындағы мүгедектер, ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде мүгедек болған адамдар | I | 563 | 30043 | 203 | 255 | 33743 | 63,7 | 249 | 36106 | 67,4 | 254 | 48 233 | 90,0 |
II | 4165 | 24258 | 1212,4 | 2657 | 27154 | 663,7 | 2578 | 29056 | 694,3 | 2 494 | 38 861 | 883,7 | |
III | 7210 | 18660 | 1614,5 | 4663 | 20965 | 1164,7 | 4420 | 22433 | 1190,5 | 4 242 | 29 946 | 1 503,0 |
Мүгедектер санаты | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл | |||||||||
Топ | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | |
6. Қызмет міндеттерін атқаруға байланысты емес жазатайым оқиғаның нәтижесіндегі мертiгу салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарындағы мүгедектер | I | 67 | 25378 | 20,4 | 76 | 28352 | 19 | 79 | 30337 | 21,6 | 80 | 40 690 | 28,3 |
II | 340 | 19780 | 80,7 | 358 | 22163 | 89,4 | 352 | 23715 | 94,4 | 350 | 31 775 | 124,0 | |
III | 168 | 13809 | 27,8 | 191 | 15574 | 47,7 | 213 | 16664 | 58,0 | 210 | 22 402 | 74,4 |
Мүгедектер санаты | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл | |||||||||
Топ | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | |
7. Әскери қызметті өткеру кезінде қызметтік борышын орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы мүгедектер | I | 125 | 39000 | 58,5 | 107 | 43726 | 26,7 | 110 | 46788 | 29,7 | 111 | 62 634 | 39,3 |
II | 1083 | 27804 | 361,3 | 620 | 31147 | 154,9 | 601 | 33328 | 161,8 | 563 | 44 576 | 199,5 | |
III | 1938 | 18660 | 434 | 520 | 20965 | 129,9 | 517 | 22433 | 138,9 | 498 | 29 946 | 176,5 |
Мүгедектер санаты | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл | 2016 жыл | |||||||||
Топ | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге | Сома, млн. теңге | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | Саны, адам | Мөлшері, теңге |
Сома, млн. | |
8. Себеп-салдарлық байланысын анықтаған кезде төтенше экологиялық жағдайлар, оның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткізу кезiндегi радиациялық әсердің және/немесе олардың зардаптары салдарынан мүгедек болған адамдар | I | 260 | 30043 | 93,7 | 583 | 33743 | 145,6 | 578 | 36106 | 156,4 | 561 | 48 233 | 198,8 |
II | 902 | 24258 | 262,6 | 2743 | 27154 | 685,2 | 2 629 | 29056 | 707,8 | 2 444 | 38 861 | 866,0 | |
III | 466 | 18660 | 104,3 | 3995 | 20965 | 997,9 | 3 925 | 22433 | 1057,0 | 3 800 | 29 946 | 1 346,4 |