Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.07.2022 № 482 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына одан әрі инвестициялар тарту жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін белгіленген мерзімде хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынылған ақпаратты қорытсын және жарты жылда бір реттен сиретпей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 548 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасына одан әрі инвестициялар тарту жөніндегі жол картасы
Ескерту. Жол картаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 қаулысымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушы | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Инвестициялық жобаларды іріктеу, бағалау және ілгерілету әдістемесін әзірлеу | Үйлестіру кеңесінің шешімі |
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), |
2019 жылғы 1 қыркүйек |
2 |
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ базасында инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын қалыптастыру және жүргізу: | ҰЭМ-ге ақпарат |
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), СІМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, МСМ, БҒМ, ДСМ, Қаржымині, ЕХӘҚМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), | тоқсан сайын |
3 | "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына және басқа да құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жолымен АХҚО құқығын келісімшарттың құқығы ретінде қолдануға және АХҚО немесе ХТО сотының төрелік ескертпесіне қатысты ұсыным сипатындағы ережелерді инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартқа қосу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ |
2019 жылғы 1 желтоқсан |
4 |
"Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы | Министрдің бұйрығы | СІМ |
2019 жылғы 1 желтоқсан |
5 | Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасын ведомствоаралық комиссияға шығару | Заң жобасының тұжырымдамасы |
ҰЭМ, СІМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, ДИАӨМ, АҚДМ, МСМ, БҒМ, ДСМ, Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), "Astana Hub" халықаралық |
2019 жылғы |
6 | Шетел элементімен жасалған және жасалатын барлық келісімшарттар бойынша контрагенттермен АХҚО құқығын шарттардың қолданылатын құқығы ретінде айқындау мәселесін пысықтау және АХҚО немесе ХТО сотының сот (төрелік) ескертпесін басқа шетелдік юрисдикциялардың сот немесе төрелік инстанцияларының орнына пайдалану | ҰЭМ-ге ақпарат |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), | жарты жылда бір рет |
7 | АХҚО, "Astana Hub" IT стартаптардың халықаралық технопаркінде, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-да және "Назарбаев Университеті" АҚ-да салықтық жеңілдіктерді біріздендіру мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині |
2019 жылғы 1 қыркүйек |
8 | Даму институттарын тікелей және портфельдік шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысқа, оның ішінде құзыреттілікті дамыту мен жобалық және венчурлік қаржыландыру құралдарын, капитал нарықтарын және АХҚО алаңында жеке активтерді басқару құралдарын қолдану арқылы белсенді тарту | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ |
2019 жылғы 1 тамыз |
9 | Компаниялардың өсу шамасына қарай, сондай-ақ әзір болған және АХҚО-ның талаптарына сәйкес келген жағдайда, таяудағы 3-5 жылдағы перспективада "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар 2.0" бағдарламасына қатысушыларды IPO-ға шығару мүмкіндігін қарастыру | ҰЭМ-ге ұсыныстар |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ |
жыл сайын |
10 | "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-ның жауапты қызметкерлерін "АХҚО әкімшілігі" АҚ-ға іссапарға жіберу арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша АХҚО Экспат орталығында Инвесторларға қызмет көрсету орталығының функцияларын іске асыруды және қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ | "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
2019 жылғы 1 тамыз |
11 | Барлық елдердің азаматтары мен шетелдік авиатасымалдаушыларға қатысты үшінші елдердің визаларын және транзиттік визаларды танудың жаңа практикаларын қолдана отырып, визалық және көші-қон режимін ырықтандыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының электрондық визаларын ресімдеу рәсімінің "жұмыс істейтін" форматына келтіру (оның ішінде шақыруға электрондық өтінішті ресімдей отырып) | ҰЭМ-ге ақпарат | ЕХӘҚМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), МСМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша) |
2019 жылғы 15 тамыз |
12 | Қазақстан қалаларының халықаралық әуе қатынастарын дамытудың құрылымдық проблемаларын дереу шешу және авиатасымалдаушылар үшін астаналық әуежайдың тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау | ҰЭМ-ге ақпарат |
ИИДМ, облыстардың және | 2019 жылдың соңына дейін |
13 | Қазақстан Республикасы қалаларының халықаралық қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынасын кеңейту | ҰЭМ-ге ақпарат | ИИДМ, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | тоқсан сайын |
14 | Астанада шет мемлекеттердің сауда-инвестициялық өкілдіктерін барынша оқшаулау мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ұсыныстар | СІМ |
2019 жылғы 1 қараша |
15 | Инвестиция орталығының мемлекеті ретінде Қазақстан Республикасының инвестициялық брендін қалыптастыру және дұрыс ұсыну мақсатында іскерлік БАҚ медиа-хабын құру, құзыреттілікті дамыту орталығы, өмір мен жұмыс үшін қолайлы орын, тарихи және экотуризм орталығы мен АХҚО шетелдік медиа-әріптестерін, сондай-ақ ЕАЭО және Орталық Азия аймағының жетекші БАҚ-тарын АХҚО алаңында орналастыруды қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат |
АҚДМ, СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), |
2019 жылғы 1 қыркүйек |
16 | Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен елде және шетелде халықаралық инвестициялық іс-шараларға қатысудың және ұйымдастырудың бірыңғай республикалық кестесін бекіту | Үйлестіру кеңесінің шешімі |
СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЭМ, АШМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" (келісу бойынша), облыстардың және |
2019 жылғы 1 тамыз |
17 | Басты спикерлер тізімін, шетелдік БАҚ-тарға сұхбат кестесін, зәкірлік оқиғаларды бекітуді қоса алғанда "Invest Kazakhstan" брендін және Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерін халықаралық ілгерілетудің бірыңғай республикалық медиа-жоспарын бекіту | Үйлестіру кеңесінің шешімі | СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), АҚДМ, ЭМ, АШМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2019 жылғы 15 тамыз |
18 | Инвесторлардың негізгі аудиторияларымен атаулы жұмыс және әлеуетті әріптестермен тікелей байланыстар орнату, оның ішінде зәкірлік оқиғалар мен негізгі месседждерге байланыстыру бойынша жыл сайынғы коммуникациялық жоспарды әзірлеу | ҰЭМ-ге ақпарат | СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
19 | ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің және "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-ның ЭКСПО ғимараттары кешенінің С-2 блогына көшуін қамтамасыз ету | ҰЭМ-ге ақпарат |
СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЭМ, АШМ, ИИДМ, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" (келісу бойынша) |
2019 жылғы 1 тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | - Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі |
"АХҚО әкімшілігі" АҚ | - "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
АШМ | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БҒМ | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ДСМ | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЕХӘҚМ | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
"Зерде" ҰЭХ" АҚ | - "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы |
ИИДМ | - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі |
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ | - "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ | - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
МСМ | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | - "Самұрық Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
СІМ | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ҰҚК | - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ХТО | - Халықаралық төрелік орталығы |
ІІМ | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭМ | - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |