Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 722 қаулысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 722 қаулысы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат, №7, 36-құжат):

      106-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылуы (ауруы) бар адам деп танылса;".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңы):

      1) мазмұнында 319 және 321-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "319-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзуді заңсыз жүргізу;";

      "321-бап. Медицина қызметкерінің құпиясын жария ету";

      2) 3-баптың 11) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) денсаулыққа ауыр зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті зиян не денсаулыққа: көру, сөйлеу, есту қабілетінен немесе қандай да бір ағзадан айырылуға; ағзаның өз функцияларын жоғалтуына; бет-әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге; психиканың, мінез-құлқының бұзылуына (ауруына); оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психиканың, мінез-құлқының бұзылуына (ауруына)әкеп соққан өзге де зиян;";

      3) 44-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталған адамның: сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір орындарға бармау; психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан), жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан емделу курсынан өту; отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру мiндеттерiн; сотталған адамның түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды қамтиды.";

      4) 91-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан) емделуге мұқтаж деп танылған;";

      5) 93-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн сотталған, бiрақ есiнің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан) емделуге мұқтаж адамдарға сот жазамен бiрге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.";

      6) 129-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Адамды клондау, биомедициналық зерттеулер мақсатында адам эмбрионын жасау немесе коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда адам эмбрионын тұтыну, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам эмбрионын дәл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету –";  

      7) 319-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "319-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзуді заңсыз жүргізу";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның жүктілікті жасанды түрде үзуді жүргізуі,–;

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адамның жүктілікті жасанды түрде үзуді заңсыз жүргізуі, –";

      бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Абайсызда жәбірленушінің өліміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу –";

      8) 321-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "321-бап. Медицина қызметкерінің құпиясын жария ету";

      9) 427-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамның, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан) емделуге мұқтаж деп танылған сотталған адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өздеріне қолданудан жалтаруы–".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжа; № 7, 36-құжат):

      1) 140-баптың үшінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан) емделу курсынан өту;";

      2) 299-баптың үшінші бөлігінің 7) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан) емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мән-жайлар туралы мәліметтер.";

      3) 480-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, оның қылмыс арқылы келтірген залалды өтегені туралы мәліметтерді, сотталған адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан) емделгені және оның нәтижелері туралы, міндетті түрде емдеуді қажет ететін өзге де ауруларының бар-жоғы туралы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы және басқалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, оның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының өтінішхатына ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде шығарылған, заңды күшіне енген үкім қоса берілуге тиіс. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа сотталған адамның сол кезге қарай түзелу дәрежесі және оның бүкіл жаза мерзімін орындау қажет екені немесе ондай қажеттіліктің болмауы туралы пікірін береді. Сондай-ақ жазаны орындайтын мекеме немесе орган және сотталған адамның өзі сотталған адамның босап шыққаннан кейінгі болжамды тұратын орны мен оның жұмысқа орналасу перспективасы (туыстарының жазбаша келісімі, ұйымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғын үй, жұмыс орнын беруі) туралы деректерді сотқа ұсынуға тиіс";

      4) 481-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, сотталған адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (аурулардан) емделгені және оның нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, сотталған адамның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді, сотталған адамның жазаны өтеуіне кедергі келтіретін психикасының бұзылуының немесе өзге де ауыр науқасының бар-жоғы, тиісті емдеу жүргізудің қажеттігі және оны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы медициналық комиссияның қорытындысын ұсынуға міндетті.";

      5) 650-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сотталушының бұрынғы сотталғандығына байланысты, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық және мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адам деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар алқабилердің қатысуымен зерттеуге жатпайды.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; №2, 6-құжат):

      1) 26-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған, есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (ауруларынан) зардап шегетін адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

      2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға мекемелер сот үкімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.";

      2) 113-баптың үшінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасының бұзылуынан зардап шегеді деп танылған, сондай-ақ туберкулезден, инфекциядан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық және мінез-құлқының бұзылуларынан (ауруларынан) емделудi аяқтамаған;";

      3) 117-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға медициналық қызмет көрсету үшін емдеу-профилактикалық мекеме (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар; медициналық бөлімдер, медпункттер) ұйымдастырылады. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық және мінез-құлқының бұзылуларымен (ауруларымен) ауыратын сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді мекеменің медициналық бөлімі жүзеге асырады.".

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
2019 жылғы 2 сәуірдегі Заңы):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 80-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "80-1-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау";

      701-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган";

      2) 80-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "5. Өрескел бұзушылық жасалған түрінде, заңнамада көзделген тәртіппен бекітілген медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, стандарттарын сақтамау, –

      Жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –

      Жеке тұлғаларға отыз, лауазымды адамдарға – маман сертификатынан немесе шетелдік маманға берілген маман сертификатынан немесе денсаулық сақтау менеджері сертификатынан айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лицензиядан немесе лицензияға қосымшадан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) мынадай мазмұндағы 80-1-баппен толықтырылсын:

      "80-1-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау

      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін өз құзыретіне сәйкес жүзеге асыруға кедергі жасау құрмет көрсетпеуді білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқпайтын заңсыз іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне заңсыз араласу -

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он, заңды тұлғаларға отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

      жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      4) 82-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – маман сертификатынан немесе шетелдік маманға берілген маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға – денсаулық сақтау менеджері сертификатынан айыра отырып не онсыз, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 93-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметкерлерді міндетті және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландыруды жүргізу, скринингтік зерттеп-қараулардан өту жөніндегі талаптарды бұзуы, –";

      6) 127-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе көрсетілген міндеттер жүктелген өзге де ұйымның басқа да қызметкерінің кәмелетке толмаған адамның темекіні, темекі бұйымдарын, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді пайдалануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасауына алып келген орындамауы, –";

      7) 424-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) шетелдік маманға берілген маман сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, –";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ұсыну, –";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға маман сертификатынан немесе шетелдік маманға берілген маман сертификатынан айыра отырып – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене, денсаулық сақтау менеджері сертификатынан айыра отырып лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Екі және одан да көп адамды тарта отырып, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, емшілік сеанстарын өткізу, –";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға маман сертификатынан немесе шетелдік маманға берілген маман сертификатынан айыра отырып – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – денсаулық сақтау менеджері сертификатынан айыра отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) 429-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуларымен (ауруларымен) ауыратын не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден жалтаруы, –";

      9) 433-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Денсаулық сақтау субъектілерінің:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы;

      медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға жүкті, босанатын, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттердің жоспарлы медициналық көмек (алғашқы медициналық-санитариялық және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсеткен кезде кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы;

      ішкі істер органдарына жаңа алған жарақаттар, жараланулар, криминалдық түсіктер, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жүгінген адамдар туралы, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы, –";

      10) 437-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "437-бап. Тыныштықты бұзу

      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 20-дан таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының тыныштықты жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы, –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      "2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет, –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      11) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 81 (екінші бөлігінде), 82 (екінші бөлігінде), 82-1, 85, 86 (төртінші бөлігінде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екінші бөлігінде), 145, 149, 150, 151 (екінші бөлігінде), 153, 154, 156-1, 158, 159, 160 (екінші бөлігінде), 169 (екінші, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екінші бөлігінде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 199 (екінші бөлігінде), 200, 211 (бірінші бөлігінде), 214, 216, 219, 233 (үшінші бөлігінде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 247 (алтыншы, 7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екінші бөлігінде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екінші бөлігінде), 313, 314, 316 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірінші бөлігінде), 382 (екінші және үшінші бөліктерінде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екінші бөлігінде), 389, 392 (үшінші бөлігінде), 395 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 397 (төртінші бөлігінде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екінші бөлігінде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлігінде), 407 (екінші және үшінші бөліктерінде), 409 (жетінші және 7-1) бөліктерінде, 410-1, 413, 413-1, 414, 415 (екінші бөлігінде),
415-1 (екінші бөлігінде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде), 422, 423 (екінші бөлігінде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екінші бөлігінде), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 427, 433 (екінші бөлігінде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445,
445-1, 446, 449 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450, 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 453, 456-1, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 461, 462, 463, 464 (екінші бөлігінде), 465, 469 (екінші бөлігінде), 470 (екінші бөлігінде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 509, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1 бөлігінде), 532 (екінші бөлігінде), 543 (бірінші, 1-1 және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екінші бөлігінде), 549, 550, 552 (екінші бөлігінде), 563 (екінші бөлігінде), 564 (бесінші бөлігінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екінші бөлігінде), 590 (төртінші бөлігінде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екінші бөлігінде), 605 (екінші бөлігінде), 606 (екінші бөлігінде), 607 (екінші бөлігінде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртінші бөлігінде), 618, 621 (үшінші бөлігінде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екінші бөлігінде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      12) 685-бапта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 80-1, 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөлігінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде және 1-1), 484, 485, 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)–баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Осы Кодекстің 80-1, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 359, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 420 , 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444 (екінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде және 1-1), 484, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505 (екінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 562, 571 (үшінші бөлігінде), 590 (үшінші, сегізінші, оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593, 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерімен), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 619-1, 621 (екінші бөлігінде), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін, - полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметінің бастықтары және олардың орынбасарлары;";

      13) 700-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 432, 433 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      14) 701-бап, мынадай редакцияда жазылсын:

      "701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 408-1, 425 (бірінші бөлігінде),428, 429, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде), 637 (он екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      15) 804-баптың бірінші бөлігінің 22) және 52) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органдардың (151 (екiншi бөлiгi), 193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 203, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 408-1, 413, 416 (тағамдық өнiмге, ойыншықтарға, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 433 (екінші бөлігі), 462, 463, 476, 637 (он үшінші бөлігі)-баптар);";

      "52) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы органдардың (80 (төртінші және алтыншы бөлiктерi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 409 (жетінші бөлігі), 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 433 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);".

      6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңы):

      1) 138-бапта:

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;";

      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;";

      2) 141-баптың 2-тармағында:

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында – босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты;";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы бақылау мен қадағалауға жататын объектілерді жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      3) 144-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін, оның ішінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болғаны туралы шұғыл хабарламаны (хабарлама) қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;";

      4) 154-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарының, байқау және бекіту, фото-бейне аппаратуралардың аспаптарының жазбаларын тұтыну;".

      7. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңы):

      1) мазмұнында 38-тараудың 335, 336, 337, 338, 339, 340-баптарының, 39-тараудың 341, 342, 343, 344, 345-баптарының тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-тарау. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу

      335-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру

      336-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру мерзімі

      337-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау

      338-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз бойынша соттың шешімі

      339-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау

      340-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша соттың шешімі

      39-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу

      341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру

      342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау

      343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз бойынша соттың шешімі

      344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау

      345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша соттың шешімі";

      2) 302-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) азаматтарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамдарды және туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;";

      3) 38 және 39-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-тарау. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу

      335-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру

      1. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды оның келісімінсіз мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін мемлекеттік ұйымның өкілі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның орналасқан жері бойынша сотқа береді.

      2. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп жатқызу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына психикасының бұзылуы (аурулары) бар адамды емдеуге жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлері комиссиясының дәлелді қорытындысы қоса беріледі.

      336-бап. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру мерзімі

      1. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз сотқа психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға адамды орналастырған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірмей беріледі.

      Сот шешімі шығарылғанға дейін психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп жатқызуға "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 153-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында ғана рұқсат етіледі.

      Соттың шешімінсіз мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайы бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға адамды орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.

      2. Істі қозғай отырып, судья бір мезгілде адамның психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда болу уақытын арызды сотта қарау үшін қажетті мерзімге ұзартады.

      337-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау

      1. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам жатқызылған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша ол адамның психикалық жай-күйі оған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына жеке өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, оған өзін мәжбүрлеп жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына жеке өзінің қатысуына құқығы бар.

      2. Іс адам емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан адамның өкілінің қатысуымен қаралады.

      338-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз бойынша соттың шешімі

      1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

      2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамды емдеу үшін емдеуге мәжбүрлеп жатқызу және заңда белгіленген мерзімге психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда одан әрі ұстау үшін негіз болып табылады.

      339-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және оны қарау

      1. Мәжбүрлеп жатқызу мерзімін алты айдан асатын мерзімге ұзарту туралы арызды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым психикалық денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның орналасқан жері бойынша сотқа береді.

      2. Мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға психиатр-дәрігерлер комиссиясының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарылған мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы қорытындысы қоса беріледі.

      3. Мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 337-бабында көзделген тәртіппен қаралады.

      340-бап. Психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша соттың шешімі

      1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда осы арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

      2. Адамды мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру туралы сот шешімі мәжбүрлеп жатқызу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылады.

      3. Адамды мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау туралы сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады.";

      "39-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу

      341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз беру

      1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына оның келісімінсіз мәжбүрлеп жатқызуға жіберу туралы арызды науқастың жұбайының (зайыбының), туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер органдарының, прокуратураның, қорғаншылық немесе қамқоршылық органының бастамасы бойынша науқастың тұрғылықты жері бойынша медициналық қорытынды болған кезде ғана психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының өкілі береді.

      Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына тұрғылықты жері жоқ науқасты мәжбүрлеп жатқызу туралы мәселе шешілген жағдайда арызды өтініш қозғалған кезде аталған адамның орналасқан жері бойынша ішкі істер органдары береді.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызуға жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиісті арызға психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды ауырады деп тану және оған мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану қажеттігі туралы дәлелді медициналық қорытынды қоса беріледі.

      342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды қарау

      1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арызды судья психиатриялық көмек көрсететін ұйымның орналасқан жері бойынша арыз іс жүргізуге қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамның, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілінің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамның туыстарының, жұбайының (зайыбының), қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.

      Өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға мәжбүрлеп жатқызуға жіберу туралы іс қозғалған психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адам сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеп әкеледі.

      343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы арыз бойынша соттың шешімі

      1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

      2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды заңда белгіленген мерзімге психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына жатқызу үшін негіз болып табылады.

      344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз беру және қарау

      1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімі заңда көзделген жағдайларда, осы ұйым орналасқан жер бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым әкімшілігінің арызымен ұзартылуы мүмкін.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға мәжбүрлеп емдеу мерзімін ұзартудың қажеттігі туралы медициналық қорытынды қоса беріледі.

      345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша соттың шешімі

      1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда осы арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша соттың шешімі психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлқының бұзылуы (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп жатқызу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзарту үшін негіз болып табылады.

      3. Адамды ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау туралы сот шешімі оны психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығару үшін негіз болып табылады.";

      4) 467-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өзіне қатысты бала асырап алу туралы, әрекетке қабілеттігін шектеу немесе оны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға мәжбүрлеп жатқызу туралы, психикасының бұзылуы (ауруы) бар адамды ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу мерзімін ұзарту, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты, туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу туралы арыз берген адам Қазақстан Республикасының азаматы болған не оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері болған;".

      8. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "126-1-бап. Он екі аптаға дейін жүкті болып табылатын қызметкер үшін кепілдік

      126-2-бап. Транспланттау үшін ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тіндердің бөліктерінің) донорлары болып табылатын қызметкер үшін кепілдік";

      2) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

      "26) қызметкерге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және көлемде жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік зерттеп-қараулардан өту үшін демалыс беруге міндетті.";

      3) 48-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар міндетті болып табылатын болса, медициналық қарап-тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан не скринингтік зерттеп-қараудан өтпеген;";

      4) 87-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік демалыс ана болуға, скринингтік зерттеп-қараудан өтуге, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттарда қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату деп түсініледі.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) бір жыл ішінде бес жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеп-қараулардан өту үшін демалыс;

      6) кемінде үш жұмыс күні мөлшерінде он екі аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұруға демалыс.";

      5) мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптармен толықтырылсын:

      "126-1-бап. Он екі аптаға дейін жүкті болып табылатын қызметкерге кепілдік

      Он екі аптаға дейін жүктілігі мен туу бойынша қарап-тексеру және медициналық есепке тұру уақытына жүкті әйелдердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа үш күндік жалақысы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.

      126-2-бап. Транспланттау үшін ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тіндердің бөліктерінің) донорлары болып табылатын қызметкер үшін кепілдік

      Транспланттау үшін ағзалардың (ағзалардың бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тіндердің бөліктерінің) донорлары болып табылатын қызметкердің қарап-тексеру және ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерін (тіндердің бөліктерін) алу кезінде жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.".

      9. "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1,4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 56-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 23, 88-құжат):

      1) 7-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында тiкелей есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлерге психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың) болмауы туралы, сондай-ақ аталған тұлғалар арасында кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi атқаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылғандар жоқ екендiгi туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындылары қажет.";

      2) 3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету";

      3) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге масаю фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (зерттеп-қарау) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал "психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар)" диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия белгілейді.";

      4) 34, 35, 36 және 37-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу.

      Ерiктi түрде емделуден жалтаратын психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамның психикалық белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар деп тану тәртiбi және оны психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымға емдеуге жiберудiң негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтатудың негiзi мен тәртiбi, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарды есепке алу және қолдаушы емдеудi жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      35-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаттары

      1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек өзіне психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың) профилактикасын, азаматтарды зерттеп – қараудан өткiзудi, ауытқулардың диагностикасын, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулары) зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға мемлекет медициналық-санитариялық көмек көрсетуге кепiлдiк бередi және ол заңдылық, адамгершiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Адам психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымнан медициналық көмек сұрап, ерiктi түрде өтiнiш бiлдiрген кезде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамға медициналық-санитариялық көмек көрсетiледi. Кәмелетке толмаған, сондай-ақ заңдар белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға медициналық-санитариялық көмек олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен көрсетiледi.

      4. Өз еркiмен емделуден жалтаратын психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдарда мәжбүрлеп емделуге жатады.

      5. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен көрсетiледi.

      6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде науқасқа – еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, ал емделу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетiлген анықтама берiледi.

      7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен жүгінген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiмет осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.

      8. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға көмек көрсететiн жеке адамдардың (наркологтардың, адвокаттардың және т.б.) қызметтерiне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық есебiнен төленедi.

      36-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар

      1. Қазақстан Республикасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың ғана құқығы бар.

      2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөнiндегi қызметке лицензия беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдар көрсететін немесе нарколог-дәрiгерлер көрсететiн медициналық-санитариялық көмектiң түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.

      37-бап. Медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру

      Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттiк ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.".

      10. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; № 5-6, 27-құжат ):

      15-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға және сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат алу үшін, сондай-ақ адамдарға пиротехникалық заттарды қолдануға рұқсат беру үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.".

      11. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 14-құжат 4; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11,102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 39-құжат):

      1) 6-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне облыстың аудандық жоспарлау схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын медицина қызметкерлерін қоса алғанда, жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау да жатады.";

      2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік қолдау шараларының және денсаулық сақтау саласындағы мамандарға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатының есебінен үй сатып алуға немесе салуға жеңілдіктердің ең төмен кепілдік берілген көлемін айқындау қағидаларын бекіту жатады.";

      2) 27-баптың 1-тармағында:

      14-1) және 14-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде өңірдің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      14-2) медициналық ұйымдарды кадрлармен толықтыру рәсімдеріне, медицина қызметкерлерінің біліктілігін уақтылы арттыруға бақылауды жүзеге асырады, жас мамандарды орналастыруға қатысады";

      мынадай мазмұндағы 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-3) халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша және (немесе) өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру шеңберінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етеді;

      14-4) жергілікті бюджет, жұмыс берушінің қаражаты есебінен және басқа да тыйым салынбаған көздерден тұрғын үй сатып алуға жеңілдіктердің ең төмен кепілдік деңгейін айқындайды;".

      12. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79,82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37-құжат):

      13-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, жаңадан құрылған және балаларға арналған дыбыстау-бейнелеу туындыларында, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио - , теле - , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекіні тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көріністерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да тұтыну нысанында;

      5-2) теле - және бейнефильмдерді қоса алғанда, жаңадан құрылған және ересектерге арналған дыбыстау-бейнелеу туындыларында, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио- , теле- , бейне - және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ егер мұндай іс-әрекет көркем ойдың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көріністерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да тұтыну нысанында;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Темекі бұйымдарын және темекіні тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын теле-және бейнефильмдерді, теле- , бейне және кинохроникалық бағдарламаларды қоса алғанда, дыбыстау-бейнелеу туындыларын көрсету кезінде хабар беруші немесе көрсетуді ұйымдастырушы осындай туындыны көрсету алдында немесе уақытында тікелей темекі тұтынудың зияны туралы мәтіндік хабарламамен, осындай бағдарламаны сүйемелдейтін мәтіндік хабарламамен қамтамасыз етуге тиіс.".

      13. "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):

      5-баптың 6-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн, психикасының, мінез-құлқының бұзылуы (аурулар), соның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты ауру.".

      14. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156,158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17,18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат):

      1) 1-бапта:

      34), 51) және 51-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) клиникалық база – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі бар, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының заманауи әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиника;";

      "51) резидентура – мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіби біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру нысаны;

      51-1) резидент дәрігер – тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін және резидентура білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын маман;";

      мынадай мазмұндағы 62) тармақшамен толықтырылсын:

      "62) үздіксіз интеграцияланған білім беру – деңгейаралық интеграцияланған білім беру бағдарламалары шеңберінде жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны.";

      2) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Дәрігерлік кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының құрылымы бакалавриат, интернатура және магистратура бағдарламаларын қамтиды.

      Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру шеңберінде интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру "дәрігер" біліктілігін алудың міндетті шарты болып табылады.

      Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      3) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын бітірген азаматтарды дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.";

      4) 30-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ата-аналардың бас тартуы себебінен олардың ауруларға қарсы профилактикалық жоспарлы егулер алмаған балалар тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілетін медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, оларды айналасындағы балаларға инфекциялық аурулар жұқтырудың алдын алу мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жіберілмейді.

      Профилактикалық жоспарлы егулердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін баланы бекіту орны бойынша медициналық ұйым ұсынады.";

      5) 36-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Резидентурада тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіби біліктілігін алу немесе өзгерту мақсатында клиникалық мамандықтар бойынша резидент-дәрігерлерді даярлау жүзеге асырылады. Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      6) 37-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

      7) 40-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Білім беру ұйымдары клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын тек клиникалық базасы болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады, оның қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады.

      Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты:

      1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;

      2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыру;

      3) дәрігер кадрларын даярлау кезінде – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларын іске асыру;

      4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері қатарынан тәлімгерлерді тарту;

      5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік клиникаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру болып табылады.

      Университеттік клиника, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      8) 47-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидент-дәрігерлер, докторант тыңдаушылар жатады.".

      15. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94,96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; № 2, 6-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      96-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Денсаулық сақтау ұйымдарында динамикалық байқауда тұрған және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдардан өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.".

      16. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат):

      13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдарды анықтауды, есепке алуды және оларды байқауды жүзеге асырады;".

      17. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 7, 39-құжат; № 8, 45-құжат):

      76-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) оның Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикасының, мінез-құлқының бұзылушылығы (аурулары) бар, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп туғызатын өзге де ауру мен ауыруы, азаматтың қайтыс болуы);".

      18. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; № 5-6, 27-құжат):

      1) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикасының, мінез-құлықтың бұзылулары (аурулары) бар және медициналық ұйымдарда динамикалық бақылауда тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған, сондай-ақ өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құтқарушы болып жұмысқа қабылдана алмайды.";

      2) 67-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикасының, мінез-құлықтың бұзылулары (аурулары) бар және медициналық ұйымдарда динамикалық бақылауда тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған адамдар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылдана алмайды.".

      19. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; № 8, 45-құжат):

      1) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) автомобильдегі алғашқы көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының тізбесін бекітеді;";

      2) 23-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жеке тұлғаларды медициналық ұйымдарға жеткізу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда, шет мемлекеттердің дипломатиялық, консулдық және өзге де өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға тиесілі көлік құралдарынан және арнайы мақсаттағы көлік құралдарынан басқа, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шығындарды өтей отырып пайдалануға;";

      3) 28-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жүргізушілердің жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын жетілдіру жөнінде іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.";

      4) 29-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жол жүрiсiне қатысушыларға, парамедиктерге, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың қызметкерлеріне жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне оқыту болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:

      1) алғашқы сағат ішінде жол-көлік оқиғасы болған жерде және медициналық ұйымға бара жатқан жолда алғашқы көмек көрсетуді;

      2) жол-көлік оқиғасы болған жерде, медициналық ұйымға бара жатқан жолда және медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

      3) жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық ұйымдарда амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтиды.";

      5) 32-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаларын оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау шеңберінде адамдарды алғашқы көмек көрсетуге оқыту;";

      "жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) алғашқы көмек көрсету және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалау жүйесін әзірлеу және бекіту;";

      6) 54-баптың 3-тармағында:

      7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шығындарды өтеумен, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды медициналық ұйымдарына жеткізу үшiн, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне;";

      8) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшiн ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, егер бұл мүмкiн болмаса, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi медициналық ұйымға жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушi куәлiгiн және көлiк құралына берілген тiркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;".

      20. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар;
№ 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңы):

      1) 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

Медициналық қызметке лицензия

1. Жедел медициналық көмек және (немесе) санитариялық авиация
2. Ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық емханалық көмек: медициналық-санитариялық алғашқы көмек: дәрігерге дейінгі, білікті көмек;
консультациялық диагностикалық көмек: диагностика: радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық; зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер; акушерлiк және гинекология; педиатрия; неонатология; инфекциялық аурулар; терапия; неврология; кардиология; ревматология; гастроэнтерология; нефрология; пульмонология; эндокринология; аллергология және иммунология; гематология; кәсіптік патология; жалпы дәрігерлік практика; жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология; трансплантология; кардиохирургия; ангиохирургия; пластикалық хирургия; жақ-бет сүйегi; нейрохирургия; оториноларингология; офтальмология; трансфузиология; урология; травматология-ортопедия; анестезиология және реаниматология; дерматовенерология (дерматокосметология) психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология; фтизиатрия; онкология; стоматология; дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлекстік терапия, фитотерапия және табиғи заттармен емдеу; медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология; медициналық генетика; сәулелік терапия; спорт медицинасы.
3. Ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек: диагностика: радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық; патологиялық анатомия; зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер; акушерлiк және гинекология; педиатрия; неонатология; инфекциялық аурулар; терапия; неврология; кардиология; ревматология; гастроэнтерология; нефрология; пульмонология; эндокринология; аллергология және иммунология; гематология; кәсіптік патология; жалпы дәрігерлік практика; жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология; трансплантология; кардиохирургия; ангиохирургия; пластикалық хирургия; жақ-бет сүйегi; нейрохирургия; оториноларингология; офтальмология; трансфузиология; урология; травматология-ортопед я; анестезиология және реаниматология; дерматовенерология (дерматокосметология) психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология; фтизиатрия; онкология; стоматология; дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи заттармен емдеу; медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология; спорт медицинасы; токсикология; перфузиология; сәуле терапиясы.
4. Қан мен оның құрауыштарын дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткiзу
5. Еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiби жарамдылық сараптамасы  

Иеліктен шығарылмайтын; 1-класты

Мерзімсіз

      ";

      2) 2-қосымшада:

      реттік нөмірлері 120 және 227-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:



      "

1120

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

Иеліктен шығарылмайтын;

Мерзімсіз рұқсат беру;

      ";

      "

2227

Дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру
 

Дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық зерттеуге клиникалық сынау жүргізуге рұқсат беру

Иеліктен шығарылмайтын;

Мерзімсіз рұқсат беру;

      ";

      реттік нөмірлері 228 және 229-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 230, 352, 378 және 379-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2230

І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру

І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат

Иеліктен шығарылмайтын;

Мерзімсіз рұқсат беру;

      ";

      "

3352

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты

Иеліктен шығарылмайтын;

Мерзімсіз рұқсат беру;

      ";

      "

378

Өнімді мемлекеттік тіркеу

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 

Иеліктен шығарылмайтын;

Мерзімсіз рұқсат беру;

379

Дәрілік зат пен медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, оның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу 


Дәрілік зат пен медициналық бұйымға тіркеу куәлігі
 

Иеліктен шығарылмайтын;

Мерзімсіз рұқсат беру;

      ".


      21. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; № 7, 39-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";

      2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:

      1) мыналарды:

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулері;

      медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша пациенттерді бейінді мамандардың қабылдауы мен консультациялары;

      уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың динамикалық байқауы;

      уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсетуі;

      диагностикалық қызметтерді, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша зертханалық диагностиканы қамтитын амбулатория жағдайындағы мамандандырылған медициналық көмек;

      2) мамандандырылған, оның ішінде стационарды алмастыратын жағдайдағы жоғары технологиялы медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

      3) мамандандырылған, оның ішінде стационар жағдайындағы жоспарлы түрдегі жоғары технологиялы медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

      4) стационар жағдайындағы шұғыл түрдегі мамандандырылған көмек, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді қажет етпейтін диагнозды белгілегенге дейін қабылдау бөлімшесінде емдік-профилактикалық іс-шараларды жүргізу (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

      5) негізгі ауруды емдеу кезінде медициналық оңалту және қалпына келтіру емі, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, кеш қалпына келтіру кезеңіндегі медициналық оңалту және қалпына келтіру емі.

      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін аурулардың паталогиялық-анатомиялық диагностикасы ұсынылады.

      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, бейімделген емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационар және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

      2) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

      3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, бейімделген емдік өнімдерді, иммундық-биологиялық препараттарды пайдаланады.

      Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйі бар пациенттердің шектеулі контингентіне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен медициналық көмек көрсету үшін қолдануға жол беріледі.

      4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      5. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шығындар өтеуді көрсетілетін (қызметтерге ақы төлеуді) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      6. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шарттар жасасуға аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары басым құқыққа ие.".

      2-бап. Осы Заң, қолданысқа енгізілген күннен бастап 6 ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады