Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12,88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121,124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., №6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-10-тармақпен толықтырылсын:
"2-10. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауаптылығын қарау және қарау нәтижелері туралы шешім шығара отырып, 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 3-тармағында көзделген тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жаза түрін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу жатады.";
2) 24-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру және тәртіптік теріс қылықтар мен жазалар үшін шешім шығару өкілеттігі".
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және:
1) мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру жағдайларында;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы негізінде жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны лауазымынан босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарау нәтижесі туралы мәслихаттың шешімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне жіберіледі.
Мәслихаттың тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тиісті өкім шығарады.
2. Әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі, мәслихат депутаттарының әкімнің жұмысына теріс баға беруі, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тәртіптік теріс қылық жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.";
3) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлау, оның өкілеттіктерін тоқтату тәртібі
1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жасы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан төрт жыл мерзімге лауазымға сайланады.
2. Бір адам аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында регламенттеледі.
4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аумақтық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімі негізінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкімімен шешім алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тағайындалады.
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әкім әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кетті деп танылған; өзі ұсынылған саяси партияға мүшелігі тоқтатылған не саяси партияның қызметі тоқтатылған; мәслихат сенімсіздік вотумын білдірген, оның ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша өз қалауы бойынша, шет мемлекеттің азаматтығы болған, жоғары тұрған әкім мәслихат депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған жағдайларда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті әкімінің өкілеттігін тоқтатады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Президент шешімінің негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тиісті адамның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды.";
4) 36-1-бап алып тасталсын;
5) 39-3-баптың 3-тармағының 4-3) және 4-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4-3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда одан әрі ұсыну үшін келісу;
4-4) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты алдында бастама жасау;".
2. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "осы Заңның талаптары ескеріле отырып, депутаттыққа" деген сөздерден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына," деген сөздерден кейін "аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын.";
3) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы "тиісті мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың" деген сөздерден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2020 жылғы 6 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне" мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 10) тармақшасындағы "тұрақты" деген сөзден кейін "немесе сайланған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-бапта:
2-тармақтағы "тағайындау" деген сөзден кейін "осы баптың 2-2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі мемлекеттік әкімшілік лауазымына сайлану негізінде орналасқан кезде арнайы тексеру кандидат ретінде тіркелген күннен бастап бес күн ішінде жүргізіледі.";
3) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Арнайы тексеру
1. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет.
Өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша арнайы тексеруді қоспағанда, кандидат ретінде тіркелген күннен бастап бес күн ішінде өткізілетін арнайы тексеру жүргізу мерзімі үш айға дейінгі уақытты құрайды.";
4) 38-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндеттерін басқа мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай уақытша жүктеу тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.";
5) 41-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың күші өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік лауазымға қолданылмайды.";
6) 44-бапта:
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;".
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік лауазымын қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің осы Заңның 50-бабында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-10-тармағына сәйкес қаралады.";
7) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |