"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 516 қаулысы.

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2024 № 713 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 25 шілдедегі
№ 516 қаулысымен
бекітілген

"ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 2022 – 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

      Ескерту. Бағдарламаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2024 № 713 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

МАЗМҰНЫ

1-бөлім. Бағдарламаның паспорты

3

2-бөлім. Кіріспе

6

3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

7

4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оған қол жеткізу жолдары

10

5-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары

17

6-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың күтілетін әсері мен нәтижелері
7-бөлім. Қажетті ресурстар

17
17

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

20

1-бөлім. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021– 2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 785 қаулысы.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялау

Бағдарламаның міндеттері

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызметті және білім беру процесін интеграциялау.
2. Университетте білім берудің перспективалы моделін қалыптастыру және академиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету.
3. Университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыру.
4. Университеттің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру.

Іске асыру мерзімдері

2022 – 2026 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1. Халықаралық рейтингтердің үздік 300-інің қатарына енген білім беру бағдарламаларының үлесі – 2,8 %.
2. Білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистранттар, докторанттар) бойынша білім алушылардың  үлесі – 27 %.
3. Оқыту мен тағылымдамадан, оның ішінде QS WUR халықаралық рейтингінің үздік 300 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖООКБҰ) өткен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) үлесі – 17 %.
4. Зертханалық жабдықтардың жаңартылуын ескергенде, Қазақстан Республикасы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындардың жалпы көлеміндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру үлесі – 9,7 %.
5. Scopus-те ҚР ғалымдарынан дәйексөз келтірудің жалпы санынан Scopus дерекқоры бойынша ғалымдардың жарияланымдарынан дәйексөз келтіру үлесі – 21 %.
6. Ғылыми жобалардың жалпы санынан ҚР ЖЖОО КБҰ-мен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп орындалған жобалардың үлесі – 26 %.
7. Корпоративтік басқару жүйесіне тартылған ОПҚ-ның, білім алушылардың және қызметкерлердің үлесі – 19 %.
8. Университеттің жалпы кірісіндегі коммерциялық қызметтен түскен кірістің үлесі – 10 %.

Қаржыландыру көздері мен көлемі*

Қажетті қаражат
2022 – 2026 жылдарға қажетті бюджеттен тыс қаржыландыру – 46 353 570,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 37 332 943,4 мың теңге,
меншікті қаражат – 9 020 627,0 мың теңге, оның ішінде 2022 – 2026 жылдар бөлінісінде:
2022 жылы – 23 357 404,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 22 074 566,0 мың теңге,
меншікті қаражат – 1 282 838,0 мың теңге;
2023 жылы – 13 437 785,85 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 11 976 709,85 мың теңге,
меншікті қаражат – 1 461 076,0 мың теңге;
2024 жылы – 5 264 176,55 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 3 281 667,55 мың теңге, меншікті қаражат – 1 982 509,0 мың теңге;
2025 жылы – 2 095 670,0 мың теңге, оның ішінде:
меншікті қаражат – 2 095 670,0 мың теңге;
2026 жылы – 2 198 534,0 мың теңге, оның ішінде:
меншікті қаражат – 2 198 534,0 мың теңге.
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Университет, Қоғам) 2022 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражатынан жалпы кірістері 99 371 075 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыс бойынша білім беру қызметінен қаражат – 84 000 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 382 000 мың теңге, ғылыми қызметтен – 14 989 075 мың теңге;
оның ішінде 2022 – 2026 жылдар бөлінісінде:
2022 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыстан – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;
2023 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыстан – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;
2024 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыстан – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;
2025 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыстан – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;
2026 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыстан – 16 800 000 мың теңге,
академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге,
ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге.
Республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.

      * Даму бағдарламасын қаржыландыру көлемі алдағы кезеңдерге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде айқындалатын болады

      Бағдарламаны іске асыру бойынша қаржыландыру бюджеттен тыс қаражаттан, тартылған инвестициялардан және меншікті қаражаттан жоспарланады.

      2-бөлім. Кіріспе

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында "Cапалы білім беру" жалпыұлттық басымдығының негізгі мақсаты "ел дамуының жаңа бағытын іске асыру үшін адами капиталды дамыту" болып табылады.

      Осы басымдық шеңберінде "ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың жеткіліксіздігінен әлемдік ғылыми кеңістікке шыға отырып, отандық ғылымның прогрессивті технологиялық шешімдерін өндірістік және өнеркәсіптік секторға енгізуге" көшу жүзеге асырылатын болады. "Үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жабдықтармен жарақтандырылған объектілермен толық қамтамасыз ету" және "ғылымға жеке инвестициялардың үлесін ұлғайту" да көзделген.

      Сонымен қатар еліміздің ЖЖООКБҰ алдына "smart-университеттерге айналу және білім берудің цифрлық экожүйесін құру" міндеті қойылды. Тұтас алғанда, білім беру қызметтері нарығында негізінен сапалы білім беретін және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ЖЖООКБҰ қалуға тиіс.

      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, сондай-ақ ғылыми әлеуеті неғұрлым жоғары Университетті қолдау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін зерттеу университетіне трансформациялау жолымен Қоғам ғылымның, бизнес пен өндірістің интеграциясын қамтамасыз етеді.

      Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттері бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің кең ауқымын іске асыруға және оны әрі қарай коммерцияландыруға маманданған. Дәл осы зерттеу университеттері өсу нүктелеріне, ғылымды қажет ететін экономиканың драйверлеріне және ғылыми-инновациялық жүйенің хабтарына айналады. Ғылыми-инновациялық жүйенің даму дәрежесі орнықты экономикалық өсудің негізін қалыптастырады және елдің әлемдік еңбек бөлінісіне толыққанды қатысуы үшін қажетті шарт болып табылады.

      Қоғам білім беру, ғылыми және инновациялық қызметті және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды тиімді жүзеге асыратын көп бейінді университет болып табылады.

      3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      Кең ауқымды бағыттар бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде мамандар даярлайтын еліміздің көп бейінді жетекші университеті бола отырып, Қоғамның Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде алатын рөлі ерекше.

      Қоғамның құрамында 16 факультет және 67 кафедра, 8 ғылыми-зерттеу институты, жаратылыстану-ғылыми және техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі 29 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар жұмыс істейді.

      Университетте саны 3 мыңнан асатын жоғары білікті оқытушы-профессорлық құрам, оның ішінде: 9 ҚР ҰҒА академигі, бейіні бойынша 598 доктор, 858 ғылым кандидаты, 461 PhD докторы бар. Оқытушылардың 35 %-дан астамы шет тілін біледі, оның ішінде тиісті IELTS және TOEFL сертификаттары бар.

      Қоғам жұмыс берушілермен және халықаралық әріптестермен келісілетін бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасының 640-тан астам білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Университеттің базасында даярлаудың 9 бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді.

      Қазіргі заманғы еңбек нарығының сұраныстарын және жұмыс берушілерді тартуды, білім беру бағдарламаларын құруда шетелдік тәжірибені қолдануды, кәсіптік қоғамдастықтардың мойындауын және сертификаттауды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын трансформациялау жүзеге асырылады.

      Таяу және алыс шет елдердің әріптес университеттері арасындағы тікелей келісімдер шеңберінде Университетте бірлескен және қос дипломды бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау жүргізіледі. Бірқатар бағдарламалар бойынша әріптес университеттер QS WUR халықаралық рейтингінде алдыңғы орындарда (Осака университеті, Жапония – 72-орын, Гент университеті, Бельгия – 135-орын, Ла Сапиенца университеті, Италия – 171-орын және т.б.).

      Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу білім беру сапасын қамтамасыз етудің түйінді тетіктерінің бірі болып табылады. Айталық, білім беру бағдарламаларының шамамен 90 %-ы қазақстандық және шетелдік аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтті. EUR-ACE ® label белгісін иеленген бірқатар білім беру бағдарламалары бар.

      Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан алынған ақпаратқа сәйкес 2020 жылы Университеттің бакалавриат бойынша түлектерінің жұмысқа орналасуы 90 %-ды құрады, ал магистратура бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 93 %-ға, докторантура бойынша – 100 %-ға жетті.

      2021 жылы Университет әлемдегі үздік университеттердің QS рейтингінде түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша 201-250 үздіктің қатарына кірді. "Жұмыспен қамтылған түлектер үлесі" көрсеткіші бойынша Университет әлемде 55-ші орында. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің жоғары екенін және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

      Университетте жарияланымдық белсенділік бойынша көрсеткіштері жоғары шетелдік профессорлар мен ғалымдарды тарту бағдарламасы іске асырылуда. Бұл рейтингі жоғары басылымдарда бірлескен жарияланымдарды жариялау және әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында білім алушылардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Университет таяу және алыс шет елдердің білім алушылары үшін білім беру қызметтерін экспорттау орталығына айналуда. Шетелдік білім алушылар контингенті 70 есе: 2016 жылғы 33-тен 2021 жылы 2400-ге дейін өсті.

      Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы ұжым қолданатын 2 ғылыми зертхананы, 8 аккредиттелген зертхананы, ғылыми-технологиялық паркті, коммерцияландыру офисін, бизнес-инкубаторды, стартап-компанияларды және шағын инновациялық кәсіпорындарды қамтиды.

      Ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландыруды ұлғайту бойынша серпін бар: 2018 жылы – 4,6 млрд тг., 2019 жылы – 4,8 млрд тг., 2020 жылы – 5,8 млрд тг, 2021 жылы – 4,53 млрд тг. Қаржыландыру құрылымы мынадай: гранттық – 39 %; бағдарламалық-нысаналы – 12%; халықаралық – 29 %; шарттық – 19 %.

      Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің сапасын және соның нәтижесінде Университеттің әлеуетін арттыру бойынша нысаналы жұмыс жүргізілуде. Докторантурада білім алушылар контингенті 2,5 есе: 2016 жылғы 479-дан 2020 жылы 1243-ке дейін өсті.

      2014 жылдан бері Университет Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҒЖБМ) 10 ғылыми-зерттеу институтымен "Білім және ғылым интеграциясы" жобасын іске асыруда. Қоғам ҒЗИ ғалымдарымен бірлесе отырып, кең ауқымды ғылыми бағыттар бойынша магистранттар мен докторанттар даярлайды. Осы жылдар ішінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 550-ден астам адам оқуын аяқтады, 147 докторант даярланды.

      Одан әрі интеграциялау мақсатында Университет 2022 жылғы 2 ақпанда "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және 18 ҒЗИ-мен келісімге қол қойды: Экономика институты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Математика және математикалық модельдеу институты, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және инженерия институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Зоология институты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Жалпы генетика және физиология институты, Жану проблемалары институты, География және су қауіпсіздігі институты, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері институты, М.А. Айтқожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты, Маңғышлақ тәжірибелік-ботаникалық бағы.

      Осы институттардың барлығы ҒЖБМ Ғылым комитетіне ведомстволық бағынысты болып табылады.

      Даярлаудың барлық деңгейлерінде ғылыми зерттеулер мен білім беру процесінің интеграциясы жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулерді (Scientific Writing, Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, Академиялық жазылым, Ғылыми зерттеулер әдістері) жүргізу үшін құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған арнайы курстар енгізілді.

      Докторанттардың шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту саны артуда. Ғылыми тағылымдамалардың шамамен 85 %-ы ЖЖООКБҰ-да және алыс шет елдердің ғылыми орталықтарында, қалған 15 %-ы жақын шет елдерде жүзеге асырылады. Бұл ретте тағылымдама базасы болып табылатын университеттердің үштен бірінен астамы QS WUR рейтингінің үздік 300-інің қатарына кіреді.

      Студенттерді ақылы негіздегі зерттеулерге тартуға бөлінетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы гранттық қаржыландырудың 10 %-ын құрайды.

      Рейтингі жоғары журналдарда ЖЖООКБҰ-ның жарияланымдық белсенділігінің деңгейі ғылыми зерттеулер нәтижелілігінің көрсеткіші болып табылады. Университет Scopus рейтингтік басылымдарында жыл сайын 1000-нан астам мақала жариялайтын Қазақстандағы тұңғыш ЖЖООКБҰ болып табылады.

      Университетті әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатында 142 халықаралық ғылыми жоба іске асырылды: 2018 жылы – 42, 2019 жылы – 50, 2020 жылы – 50, 2021 жылы – 45.

      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) нәтижелерін экономиканың нақты секторына конвертациялау мақсатында Университетте "идеяны ойлап табудан бастап оны коммерцияландыруға дейін" технологиялық дәліз құрылды. Инновациялық кәсіпорындар мен спин-офф компаниялар құрылды, жоғары технологиялы өнімдер шығаратын шағын сериялы өндірістер іске қосылды. Процесстік инновациялар орталығы мен Жерді қашықтан зондтау орталығы жұмыс істейді. Университет алғашқы қазақстандық "Әл-Фараби-1" және "Әл-Фараби-2" наноспутниктерін ғарышқа ұшырды.

      Университет институционалдық ұлттық рейтингтердің де, білім беру бағдарламалары рейтингтерінің де көшбасшысы болып табылады. ЖЖООКБҰ-ның QS WUR және THE WUR әлемдік рейтингтеріне енуі Университеттің халықаралық деңгейде серпінді ілгерілеуіне ықпал етті.

      Университеттің жұмыс істеуі 2017 – 2021 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. Келесі кезең – Қоғамның 2026 жылға дейінгі даму бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) негізінде әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялау болып табылады.

      Бағдарламада ЖЖООКБҰ-да білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық процестердің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы, басқару жүйесі мен қаржы-экономикалық тетіктердегі өзгерістерді қамтитын, ресурстар мен мерзімдер бойынша өзара байланысты іс-шаралар кешені қамтылған.

      Алдағы даму кезеңінің мақсаттары мен міндеттерін айқындау "Қазақстан-2050" Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында, "Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс" ұлттық жобасында, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ-ның 2021 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарында айқындалған Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық міндеттері тұрғысында жүзеге асырылады.

      Сонымен қатар COVID-19 пандемиясы жағдайында оқу процесін ұйымдастыруға әсер еткен білім және ғылым жүйесінің шешімін талап ететін мәселелерін де ескеру қажет.

      Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Қоғамның білім беру және ғылыми қызметінде Бағдарламада көзделген бірқатар даму бағыттары бар. Айталық, Университеттің академиялық және зерттеу әлеуеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық міндеттеріне толық сәйкес келмейді. Білім беру бағдарламалары елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес одан әрі жаңартуды талап етеді.

      Материалдық-техникалық инфрақұрылым білім беру процесін ұйымдастыруға және ғылыми зерттеулер жүргізуге қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келу мақсатында түбегейлі жаңғыртуды қажет етеді. Білім алушылардың жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту қажет.

      Цифрландыру деңгейі және қызметтің барлық бағыттары бойынша заманауи технологияларды енгізу Университеттің серпінді дамуына ықпал етпейді. Тұтастай алғанда, Университеттің білім мен ғылымның сапасын арттырудағы, сондай-ақ ұлттық адами капиталды дамытудағы үлесін арттыру қажет.

      4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оған қол жеткізу жолдары

      Мақсаты: Қоғамды әлемдік деңгейдегі университетке трансформациялау.

      Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілетін болады.

      1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау.

      Ғылымды қажет ететін технологиялардың даму деңгейі қазіргі уақытта елдің экономикалық жай-күйі мен ғылыми-өндірістік әлеуетінің негізі болып табылады. Білім беруді ғылыммен және өндіріспен интеграциялау – бұл көп компонентті серпінді жүйе, ЖЖООКБҰ-ның, ғылым мен өндірістің біртұтас білім беру кеңістігі.

      Университет ғылым, білім беру және өндіріс саласындағы интеграциялық процестердің орталық буыны ретінде болады. Зерттеу университетінің нысаны – бұл білімді, ғылым мен бизнесті интеграциялаудың табысты нысаны. Зерттеу бағдарламаларын іске асыру кезінде Университет өндірістік саланың тапсырысы бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді дамытып, білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми-инновациялық орталықтар, технопарктер құру жөніндегі жұмысты жүргізетін болады.

      Бұдан басқа, "Ғылым ордасы" мен ҒЗИ-дың тығыз интеграциясы Университеттің ынтымақтастық аясын кеңейтіп, мемлекеттік дамудың бірінші кезектегі міндеттерін ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу бойынша жаңа зерттеу топтарын құру жөніндегі интеграциялық мәселелер аясын біршама ұлғайтады. Университетте ғылыми жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін нақты сектордың технологиялық міндеттерін жинақтау тетігі әзірленді. Осы мақсатта ғылыми-зерттеу зертханалары мен ұжымдық пайдалану орталықтарының базасын кеңейту қажет. Жалпы білім мен ғылымның интеграциясы қазақстандық ғылымның елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосатын үлесінің артуына әкеледі.

      Білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау мақсатында ОПҚ мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне және ғылыми жобаларды іске асыруға жан-жақты тарту қажет.

      Университеттік ғылымның стратегиялық міндеттерін шешу үшін ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру процесін жандандыру және нақты сектормен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау қажет. Ғылыми зерттеулерді экономика мен қоғамның өзекті қажеттіліктеріне барынша бағыттау керек.

      Әлемдік ғылыми кеңістікке одан әрі интеграциялану стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша Университет ғалымдарының әлемдік жетекші ғылыми және зертханалық кешендер базасындағы халықаралық ұжымдарға қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Халықаралық коллаборацияны дамыту мақсатында ғалымдардың ғылыми тағылымдамаларының саны артады, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шет тілдерін меңгерудің деңгейі мен сапасын арттыруға, жарияланымдық белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.

      Университет неғұрлым өзекті бағыттар бойынша ғылыми жобаларды орындау мақсатында қазақстандық және халықаралық жетекші ЖЖООКБҰ-мен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтетін болады.

      Аталған шараларды іске асыру ғылыми қызметті интернационалдандыруға және Университеттің халықаралық зерттеу кеңістігіне одан әрі интеграциялануына ықпал ететін болады.

      2-міндет. Университеттік білім берудің перспективалы моделін қалыптастыру және академиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету.

      Жоғары белгісіздік жағдайында жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау мақсатында білім беру қызметтерін әртараптандыру және оқытудың жаңа форматтарын енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Білім беру бағдарламаларын жаңарту мемлекеттік стратегиялық даму міндеттерін ескере отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады. Университеттің қолда бар әлеуеті әрі қазақстандық және шетелдік стратегиялық әріптестермен ынтымақтастық негізінде білім беру бағдарламаларының пәнаралық байланысы қамтамасыз етілетін болады.

      Университет неғұрлым сұранысқа ие кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін бакалавриаттың, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының кешенін іске асыратын болады. Білім беру бағдарламаларының ұлттық портфелі қалыптастырылып, стейкхолдерлердің Университет түлектеріне жоғары қанағаттануы қамтамасыз етіледі.

      Білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттарды ескере отырып әзірленіп, түлектердің кешенді құзыреттерін қалыптастыруға бағдарланатын болады. Білім алушылар "disruptive thinking" (серпінді идеялар) дамытуға бағдарланады.

      Университетте оқуды ұйымдастыру цифрлық технологияларды кешенді пайдалану негізінде қамтамасыз етілетін болады. Күрделі цифрлық білім беру ресурстарын, оның ішінде виртуалды тренажерларды әзірлеу IT-саламен бірлесіп жүзеге асырылады. Оқытушылар мен білім алушылар үшін цифрлық құзыреттер мен жобалық басқару дағдыларын дамыту бағдарламалары енгізіледі.

      Бірлескен халықаралық бағдарламалардың артуы, оқытушылар мен білім алушылардың алмасу және коллаборациясы, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен шетелдік жетекші университеттерге тағылымдамадан өту жүйесін дамыту қамтамасыз етіледі. Үздік шетелдік профессорлар мен ғалымдар ақылы көрсетілетін қызметтер есебінен Университетке ғылыми-зерттеу профессоры және доцент-зерттеуші лауазымына тартылатын болады.

      Жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимыл жасау және еңбек нарығының ағымдағы және перспективалы қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді түрде тарту қамтамасыз етіледі. Білім беру бағдарламаларына Университеттің оқытушы-профессорлар құрамының, нақты сектор мен бизнес өкілдерінің бірлесіп оқытуына негізделген практикаға бағытталған пәндер енгізілетін болады.

      Түлектерді жұмысқа орналастыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басым салалардағы қазақстандық және халықаралық кәсіпорындарға, ұйымдар мен компанияларға бағдарланатын болады.

      Университеттің білім алушылары мен қызметкерлерінің азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық бірегейлік пен құндылықтарды нығайту мақсатында жоғары оқу орындары арасында студенттік дискуссиялық платформалар құрылады.

      Университеттің стратегиялық әріптестігі тұрақты жаһандық даму үшін әлеуетті қалыптастыратын алдыңғы қатарлы шетелдік ЖЖООКБҰ мен ғылыми орталықтарға шоғырландырылады. QS WUR халықаралық рейтингінің үздік 300-інің қатарына кіретін шетелдік әріптес университеттермен қос диплом бағдарламалары іске асырылады.

      Білім беру қызметтерінің экспортын кеңейту үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен Университеттің шетелдік филиалдары құрылады.

      Пандемия мен пандемиядан кейінгі кезеңнің сақталып отырған сын-қатерлерін ескере отырып, өз қаражаты есебінен онлайн академиялық ұтқырлық және Эразмус, Mevlana, Orhun, IAESTE, Flagman сияқты халықаралық бағдарламалар шеңберінде студенттік ынтымақтастық белсенді дамитын болады.

      Болжау және сценарийлік жоспарлау саласында ұлттық әлеуетті дамытуға үлес қосу елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге Университеттің қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі.

      Көрсетілген шараларды іске асыру елдің адами капиталының сапасын арттыруға және Университетті ұлттық және халықаралық рейтингтерде одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді.

      3-міндет. Университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыру.

      Университеттің ғылыми саясатының негізінде плазма физикасы, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, математикалық және компьютерлік модельдеу, биотехнология, молекулалық биология және генетика, қоғамдық денсаулық сақтау, тарих және археология, психология және т.б. іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында ғылыми мектептердің зерттеу әлеуеті арттырылатын және дамытылатын болады.

      Ғылыми әзірлемелер әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына шоғырланады. Мемлекеттік және нақты секторлардан технологиялық міндеттерді жинақтау жүзеге асырылады.

      Университеттік ғылымның басым бағыттарын айқындауға шоғырландырылатын пәнаралық зерттеу топтары құрылады.

      Ғылыми әлеуетті дамыту және ресурстарды ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру ғылыми зерттеулер нәтижелерінің инвестициялық тартымдылығын және технологиялар трансферті мен коммерцияландыруды дамытуды қамтамасыз етеді. Ғылыми гранттарға өтінімдерді дайындау кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі, технологиялық міндеттерді шешу, конструкторлық бюролардың инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігі, инкубациялау, акселерациялау және басқалары арқылы нақты сектормен байланыс ескерілетін болады.

      Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми-инновациялық зертханаларды, ғылымды қажет ететін технологиялар мен зерттеулер саласындағы артықшылық орталықтарын құру Университеттің басым ғылыми бағыттарының озыңқы дамуын қамтамасыз етеді.

      Оқытушылар мен білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін арттыру мақсатында қазақстандық және халықаралық ұйымдардың жетекші сарапшыларын тарта отырып, ғылыми зерттеулердің кешенді әдістерін пайдалану және ғылыми жарияланымдар мен гранттарға өтінімдер дайындау дағдыларына оқыту бойынша тренингтер ұйымдастырылатын болады.

      Ғылыми нәтижелерді ілгерілету бойынша интернет-платформаны құру Университеттің зерттеу жобаларының инвестициялық тартымдылығын және қажеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Инновациялық белсенділікті ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу қызметіне тартылуын арттыруға мүмкіндік береді.

      Коммерциялық әлеуеті бар, ғылымды қажет ететін және инновациялық жобаларды орындау үшін Университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен гранттық қолдау жүйесі енгізіледі.

      Университеттің ғылыми зерттеулері нәтижелерінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау тұрақты негізде жүргізіледі.

      Қазақстандық және халықаралық нарықта Университеттің зерттеулері мен әзірлемелері үлесінің өсуі қамтамасыз етіледі. Зерттеу әлеуетін күшейту мақсатында қазақстандық, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қаржыландыратын гранттарды ұлғайту қамтамасыз етілетін болады.

      Іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми зертханалар мен орталықтарды түбегейлі жаңарту жүзеге асырылады. Озық жабдықтармен және цифрлық технологиялармен жабдықтау Университеттің ғылыми-зияткерлік ортасын құруға мүмкіндік береді. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолдау инфрақұрылымын жаңғырту да одан әрі дамитын болады.

      Әлемдік деңгейдегі ғылыми жобаларды іске асыру мақсатында Университеттің ғылыми-зертханалық базасы ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттаудан өтеді.

      Университеттің ғылыми зертханалары мен орталықтарының жабдықтарын жаңарту олардың нәтижелілігін бір мезгілде арттыра отырып, озық ғылыми жобаларды іске асыруға ықпал ететін болады.

      4-міндет. Корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру және Университеттің орнықты дамуын қамтамасыз ету.

      Қойылған мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында университеттің ұйымдық құрылымын жаңғырту жүзеге асырылады. Front және back офистер арасында теңгерім және барлық құрылымдық бөлімшелердің функционалдық тиімді өзара іс-қимылы қамтамасыз етіледі.

      Академиялық еркіндік және адалдық (academic freedom and integrity) қағидаттарын дамыту Университеттің білім беру сапасы үшін жауапкершілігін арттырады.

      Корпоративтік басқарудың бірыңғай жүйесін құрайтын комитеттер құру арқылы Университет дамуының негізгі бағыттары бойынша шешімдер қабылдауға және оларды іске асыруға ОПҚ, білім алушылар мен қызметкерлердің тікелей қатысуы үшін жағдайлар жасалатын болады.

      Жағымды корпоративтік мәдениетті қалыптастыру Университеттің стратегиялық даму міндеттерін іске асыруға қызметкерлердің жоғары ынтасын және тартылуын қамтамасыз етеді.

      Стратегиялық HR мен талант-менеджментін енгізу кадрлық әлеуетті арттырады. Ассесмент орталығын құру ОПҚ мен қызметкерлердің кәсіптік құзыреттерінің тұрақты бағалануын және даму серпінін қамтамасыз етеді. ОПҚ мен қызметкерлердің кәсіптік дамуының онлайн-платформасы құрылады, бұл біліктілікті арттырудың озық технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді.

      Компьютерлік және коммуникациялық технологияларды пассивті пайдаланудан Университеттің "ақылды" ортасы мен сервистерін құруға көшу жүзеге асырылады. Басқарудың цифрлық технологияларын енгізу басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде жеделділік пен икемділікті арттырады. Цифрлық құжат айналымына көшу "paper free university" жүйесін қалыптастырады.

      Бизнес-процестерді оңтайландыру және цифрлық реинжиниринг бюрократияны түбегейлі төмендетіп, Университетті әкімшілік басқарудың нәтижелілігін арттырады.

      Бұл Бағдарлама "Al-Farabi SciTech Center" артықшылық орталығын ашу есебінен Университеттің инновациялық экожүйесін күшейтуге бағытталған, ол ең алдымен, оның инфрақұрылымын ғылымның әртүрлі салалары ғалымдарының бірлесіп пайдалануына бағдарланатын болады.

      Нанометрология және материалдарды талдау орталығы (Center for Nanometrology and Materials Analysis – CeNaMA), инженерлік-техникалық модуль (Technical Workshop) – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми-инновациялық зертханалар оның негізгі өзегі болмақ. Бұдан басқа, Орталықтың аумағында медицина, биология және т.б. саладағы озық ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған зертханалар орналасады, олар қазіргі кезде бос алаңдардың шектеулілігіне байланысты Университеттің қолданыстағы ғимараттарының аумағында орналаса алмайды.

      Қазіргі заманғы инженерлік-коммуникациялық құрылымды (тарту жүйелері, коммуникацияларды жеткізу мен бұрудың төбедегі және үстелдегі сервистік модульдері, зертханалық жиһаз және т.б.) құруға көп көңіл бөлінетін болады. Бірден әлемдік аналогтар деңгейінде заманауи инфрақұрылым құру маңызды. Бұл жоғары бәсекеге қабілеттілігін көрсететін, физикалық және психологиялық жайлы жағдай жасайтын ғылыми-зерттеу экоортасын қалыптастыруға ықпал ететін болады. Жақсы жабдықтар паркімен, озық ғылыми зерттеулермен бірге мұндай еңбек жағдайлары прогрессивті жастар мен мықты ғалымдарды тартатын болады, бұл ұтып алынатын жобалар санының артуына, басқа ғылыми орталықтармен коллаборацияның күшеюіне және бизнес-құрылымдар мен венчурлік инвестициялау үшін тартымдылыққа автоматты түрде алып келеді. Сонымен қатар мұндай орталықтың болуы оқу ортасына да оң ықпалын тигізеді, ғылым мен техниканың жоғары жетістіктерін тікелей зертханаларда көрсету мүмкіндігі пайда болады, студенттер практика мен дипломдық жұмыстарды заманауи жабдықта орындауға мүмкіндік алады.

      Мұндай орталық, ең алдымен, кадрлар құрамымен және ғылыми негізбен қамтамасыз ететін білім беру процесінің, басқа да ғылыми бөлімшелердің тарапынан қолдау болмаса, тиімді жұмыс істей алмайды. Университет жанынан осындай орталық ашудың артықшылығы сөзсіз, өйткені оның құрамында 16 факультет және 68 кафедра, жаратылыстану-қылыми және техникалық бейіндегі 8 ғылыми-зерттеу институты, әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі 29 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар жұмыс істейді.

      Университетте ұжымдық пайдаланылатын екі зертхана жұмыс істейді: ашық үлгідегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана және он жылдан астам уақыт бұрын елдің әртүрлі ЖЖООКБҰ базасындағы басқа зертханалар қатарында еліміздің ғылыми-техникалық дамуының 5 басымдығына сәйкес құрылған Инженерлік бейіндегі зертхана.

      Зертханалар қызметінің негізгі мақсаты – ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулер жүргізуі үшін, сондай-ақ алынған нәтижелерді экономиканың нақты секторына одан әрі енгізе отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін жеке секторға қолжетімділік беру.

      Қоғамның стратегиялық әріптестігі орнықты жаһандық даму үшін әлеуетті қалыптастыратын озық ЖЖООКБҰ мен ғылыми орталықтарға шоғырландырылатын болады. Экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен Университеттің шетелдік филиалдарын ашу үшін жағдай жасалады.

      Қаржы менеджментінің қазіргі заманғы құралдарын енгізу және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану экономикалық өсуді, коммерциялық қызметті кеңейтуді, қызметкерлердің жалақысын көтеруді және инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Өнімсіз шығындар анықталып, азайтылатын болады.

      Дәстүрлі бюджеттік көздермен қатар инвестицияларды тарту стратегиялық кезеңде Университет бюджетінің көлемін құрылымдауға және біртіндеп кеңейтуге әкеледі.

      Оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары мен орталықтарының ғимараттары мен үй-жайлары жаңартылады және жаңғыртылады.

      Көрсетілген шараларды іске асыру корпоративтік басқарудың тиімді моделін құруға ықпал етеді және Университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

      5-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары

      Көрсетілген міндеттер шеңберінде нысаналы индикаторлары бар қойылған мақсатқа қол жеткізу жөніндегі ақпарат осы Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген.

      6-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың күтілетін әсері мен нәтижелері

      Бағдарламаны іске асыру жаһандық ауқымда танылған оқыту, жобалау жұмыстары мен зерттеулер деңгейін арттырады.

      Университет көп бейінді білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы ретінде елдің адами (зияткерлік) әлеуетін қалыптастыруға, зерттеулер мен технологиялардың алдыңғы шебінде жұмыс істей алатын кәсіпқой кадрларды даярлауға барынша үлес қосады.

      Қоғам Даму бағдарламасын іске асырудың соңына қарай радикалды технологиялық трансформациялар жағдайында Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетінің озыңқы дамуының сын-қатеріне жауап ретінде ұлттық жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы мәртебесін нығайтады және әлемнің үздік зерттеу университеттерінің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жетекші білім беру және ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде халықаралық деңгейде танылатын болады.

      Қоғамды дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы Бағдарламаға 2-қосымшада келтірілген.

      7-бөлім. Қажетті ресурстар

      Қаржыландыру көздері мен көлемі*

      2022 – 2026 жылдарға қажетті бюджеттен тыс қаржыландыру 46 353 570,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

      бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 37 332 943,4 мың теңге, меншікті қаражат – 9 020 627,0 мың теңге, оның ішінде 2022 –2026 жылдар бөлінісінде:

      2022 жылы – 23 357 404,0 мың теңге, оның ішінде:

      бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 22 074 566,0 мың теңге, меншікті қаражат – 1 282 838,0 мың теңге;

      2023 жылы – 13 437 785,85 мың теңге, оның ішінде:

      бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 11 976 709,85 мың теңге, меншікті қаражат – 1 461 076,0 мың теңге;

      2024 жылы – 5 264 176,55 мың теңге, оның ішінде:

      бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 3 281 667,55 мың теңге, меншікті қаражат – 1 982 509,0 мың теңге;

      2025 жылы – 2 095 670,0 мың теңге, оның ішінде:

      меншікті қаражат – 2 095 670,0 мың теңге;

      2026 жылы – 2 198 534,0 мың теңге, оның ішінде:

      меншікті қаражат – 2 198 534,0 мың теңге.

      * Даму бағдарламасын қаржыландыру көлемі алдағы кезеңдерге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде айқындалатын болады.

      Инвестициялық жобаны іске асыру үшін меншікті қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат тартылатын болады.

      Айталық, 2022 – 2024 жылдары білім беру сапасын арттыруға және ғылыми-зияткерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бюджеттен тыс шығыстарды кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр. Тартылған бюджеттен тыс инвестициялардың болжамды қаржылық шығындары 9 997 943,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:

      2022 жылы – 2 940 066,0 мың теңге;

      2023 жылы – 3 776 209,85 мың теңге;

      2024 жылы – 3 281 667,55 мың теңге.

      Бағдарламаны іске асыру кезеңі мен құны осы Бағдарламаға 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген.

      Жатақханаларды реконструкциялауға және салуға бюджеттен тыс қаражат тартудың болжамды көлемі 27 335 000,0 мың теңгені құрайды.

      Университет жалпы ауданы 84649 м2 болатын 14 студенттік жатақхана инвестор есебінен реконструкцияны көздеп отыр. Жобалық қуаты – 4 865 орын. Инвестордың қаржыландыру көлемі – 6 335 000,0 мың теңге.

      Жатақханаға мұқтаж студенттерді орынмен қамтамасыз ету үшін Университет жайлылық деңгейі жоғары 6 000 орындық 9-қабатты 6 жатақхана салуды көздеп отыр. Инвестор есебінен қаржыландыру көлемі 21 000 000,0 мың теңге көлемінде жоспарланды.

      Бұдан басқа Университеттің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және негізгі құралдарды, оның ішінде компьютерлік техниканы, оқу-зертханалық құрал-жабдықтарды жаңартуға, кітаппен қамтамасыз етуге және электрондық оқу ресурстарын, өндірістік жабдықтарды, жиһаздарды және басқа да негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға 9 020 627,0 мың теңге қаражат тарту жоспарлануда, оның ішінде:

      2022 жылы – 1 282 838,0 мың теңге;

      2023 жылы – 1 461 076,0 мың теңге;

      2024 жылы – 1 982 509,0 мың теңге;

      2025 жылы – 2 095 670,0 мың теңге;

      2026 жылы – 2 198 534,0 мың теңге.

      Қоғамның 2022 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражатынан жалпы кірістері 99 371 075 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

      мемлекеттік тапсырыс бойынша білім беру қызметінен түскен қаражат – 84 000 000 мың теңге;

      академиялық ұтқырлықтан – 382 000 мың теңге, ғылыми қызметтен – 14 989 075 мың теңге;

      оның ішінде 2022 – 2026 жылдар бөлінісінде:

      2022 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік тапсырыс – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;

      2023 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік тапсырыс – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;

      2024 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік тапсырыс – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;

      2025 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік тапсырыс – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге;

      2026 жылы – 19 874 215 мың теңге, оның ішінде:

      мемлекеттік тапсырыс – 16 800 000 мың теңге, академиялық ұтқырлықтан – 76 400 мың теңге, ғылыми қызметтен – 2 997 815 мың теңге.

      Республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.

  "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
2022 – 2026 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
1-қосымша

Көрсетілген міндеттер шеңберінде нысаналы индикаторлары бар қойылған мақсатқа қол жеткізу жөніндегі ақпарат


Р/с

 
Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі Жоспарлы кезеңде



2022 2023 2024 2025 2026

1

2

3

4

5

6

7

8

Мақсат – Қоғамды әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялау

1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызметті және білім беру процесін интеграциялау

 
1.

Халықаралық рейтингтердің үздік 300-інің қатарына енген білім беру бағдарламаларының үлесі

%

1,5

1,7

2,0

2,5

2,8

 
 
2.

Ғылыми жобалардың жалпы санынан ЖЖООКБҰ және
ҚР-ның ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп орындалатын жобалардың үлесі

%

15,0

17,0

20,0

23,0

26,0

2-міндет. Университеттік білім берудің перспективалы моделін қалыптастыру және академиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету

1.

Білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың (магистранттардың, докторанттардың) үлесі

 
%

20

22

23

25

27

2.

Оқыту мен тағылымдамадан, оның ішінде QS WUR халықаралық рейтингінің үздік 300
ЖЖООКБҰ-да өткен ОПҚ үлесі

%

7

9

11

15

17


3-міндет. Университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыру

1.

Зертханалық жабдықтардың жаңартылуын ескергенде, Қазақстан Республикасы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындардың жалпы көлеміндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру үлесі

%

7,4

7,9

8,5

9,1

9,7

2.

Scopus-те ҚР ғалымдарынан дәйексөз келтірудің жалпы санынан Scopus дерекқоры бойынша ғалымдардың жарияланымдарынан дәйексөз келтіру үлесі

%

19

19,5

20

20,5

21

4-міндет. Университеттің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру

 
1.

Корпоративтік басқару жүйесіне тартылған ОПҚ-ның, білім алушылардың және қызметкерлердің үлесі

%

11

13

15

17

19

 
2.

Университеттің жалпы кірісіндегі коммерциялық қызметтен түскен кірістің үлесі

%

6,0

7,0

8,0

9,0

10,0

 
3.

Университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне қанағаттану

%

55

60

65

70

75

      * Ескертпе. Магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылардың ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың үлесін ұлғайтуға, оқудан және тағылымдамадан өткен ОПҚ үлесін ұлғайтуға арналған шығыстар алдағы кезеңдерге арналған РБ-ны қалыптастыру кезінде және ақылы көрсетілетін қызметтер есебінен айқындалатын болады.

  "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
2022 – 2026 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
2-қосымша

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Р/с
Іс-шаралардың атауы  
Өлшем бірлігі
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері Аяқтау нысаны
2021 (факт) 2022 2023 2024 2025 2026


1

2

3 4 5 6 7 8 9 10
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызметті және білім беру процесін интеграциялау

1.

QS WUR халықаралық рейтингінің үздік 300-інің қатарына енген ЖЖООКБҰ тағылымдамадан өткен ОПҚ санын ұлғайту

адам

85

250

350

400

500

600

есептік ақпарат
 

2.

Шақырылған шетелдік оқытушылар мен зерттеушілердің үлесін ұлғайту

%

4,2

5

7

10

15

20

жеке еңбек шарттары

3.

Университеттің ОПҚ, нақты сектор мен бизнес өкілдері бірлесіп оқытуды жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының үлесін ұлғайту

%

10

20

30

35

40

45

білім беру бағдарламалары

4.

ЖЖООКБҰ және ҚР ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми жобаларды бірлесіп іске асыру үлесін ұлғайту

%

12

18,5

37,1

51,1

60,7

67,6

ҒЗЖ нәтижелері туралы есептер

5.

Университеттің жалпы бюджетінен ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар үлесін ұлғайту

%

22,7

24,8

26,5

28,4

30,4

31,0

шарттар, бюджеттік өтінімдер

6.

Технологиялық міндеттерді шешу үшін кәсіпорындармен және бизнес-құрылымдармен бірлесіп орындалатын ғылыми жобалардың үлесін ұлғайту

%

24

42,5

47,9

66,7

72,2

72,6

шарттар, меморандумдар

Университеттік білім берудің перспективалы моделін қалыптастыру және академиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету
 

1.

Стейкхолдерлерді тарта отырып, жаңартылған білім беру бағдарламалары мен оқуды аяқтау жұмыстары тақырыптарының үлесін ұлғайту

%

30

35

45

50

60

65

білім беру бағдарламалары

2.

Пәнаралық білім беру бағдарламаларының үлесін ұлғайту

%

20

25

30

45

50

55

білім беру бағдарламалары

3.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары бойынша қолданбалы жобалар форматында орындалған оқуды аяқтау жұмыстарының үлесін ұлғайту

%

17

30

40

50

60

65

 
оқуды аяқтау жұмыстары

4.

Цифрлық технологияларды пайдалану және жобалық басқару бойынша оқытудан және сертификаттаудан өткен ОПҚ мен білім алушылардың үлесін ұлғайту

%

2,7

15

40

60

70

75

сертификаттар

5.

Оқу процесінде пайдаланылатын күрделі цифрлық білім беру ресурстарының санын ұлғайту

бірлік

83

100

150

200

250

300

жаппай ашық онлайн курстар, виртуалды симуляторлар, цифрлық құралдар

6.

Оқуды аяқтаған жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесін ұлғайту

%

87

80

82

85

87

90

есептік ақпарат

7.

QS WUR халықаралық рейтингінің үздік 300-інің қатарына енген шетелдік университеттермен бірлесіп әзірленген қос диплом бағдарламаларының санын ұлғайту

%

5

7

10

13

15

17

білім беру бағдарламалары

8.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының басым бағыттары бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысатын ОПҚ үлесін ұлғайту

%

0,6

0,5

2

5

10

12

жұмыс және сараптама топтарының құрамдары


Университеттік ғылымның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыру
 

1.

ҚР бойынша ғылыми жобалардың жалпы санынан гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалардың үлесін ұлғайту

%

13,7

15,2

15,5

15,8

16,2

16,5

ҒЗЖ нәтижелері туралы есептер

2.

Іске асырылатын халықаралық ғылыми жобалар санының өсуі

бірлік

50

86

104

124

149

176

шарттар, меморандумдар

3.

Scopus дерекқорында ҚР ғалымдары жарияланымдарының жалпы санындағы Scopus индекстейтін рейтингтік журналдардағы жарияланымдардың үлесін арттыру

%

22,1

20,5

21

21,5

22

22,5

Scopus дерекқорында индекстейтін жарияланымдар

4.

Web of Science дерекқорында ҚР ғалымдары жарияланымдарының жалпы санындағы Web of Science (Clarivate Analytics) индекстейтін басылымдардағы жарияланымдар үлесін арттыру

%

21,9

19

19,5

20

20,5

21

Web of Science дерекқорында индекстейтін жарияланымдар

5.

ҚР ғалымдарының Scopus-та бірлескен жарияланымдарының жалпы санындағы Scopus дерекқоры бойынша шетелдік ғалымдармен бірге авторлар жарияланымдарының үлесін ұлғайту

%

23,8

20

20,5

21

21,5

22

Scopus дерекқорында индекстейтін жарияланымдар

6.

Ғылыми-техникалық қызметтің коммерцияландырылған нәтижелері санының өсуі

бірлік

13

18

27

41

53

55

шарттар, енгізу актілері

7.

Алынған патенттер мен өзге де қорғау құжаттарының (өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы модельдер және авторлық құқықтар) санын ұлғайту

бірлік

160

438

526

631

757

760

патенттер, авторлық куәліктер

8.

Постдокторанттар контингентін ұлғайту

адам

35

40

45

50

55

60

оқуға қабылдау туралы бұйрықтар

9.

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша диссертациялық кеңестер құру (ҒЗИ-мен бірлесіп)

бірлік

14

16

17

19

20

21

құру туралы бұйрықтар

10.

Зертханалардың жалпы санындағы аккредиттелген және сертификатталған зертханалардың үлесін ұлғайту

%

11

11,2

13,1

15,9

18,9

19,0

сертификаттау және аккредиттеу туралы сертификаттар

11.

Ұжымдық пайдаланылатын жаңа ғылыми-инновациялық зертханаларды, артықшылық орталықтарын құру

бірлік

_

1

2

7

_

_

зертханалар, орталықтар

12.

Шағын инновациялық кәсіпорындар санын ұлғайту

бірлік

10

18

23

30

50

55

шағын инновациялық кәсіпорындар

Университеттің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру
 

1.

Корпоративтік басқару жүйесіне тартылған ОПҚ, білім алушылар мен қызметкерлер үлесін ұлғайту

%

0,4

1,5

2

3

5

7

комитеттер мен корпоративтік басқарудың өзге де құрылымдарының құрамдары

 
2.

Шет елдерде университет филиалдарын ашу (жыл сайын)

бірлік

1

1

_

1

_

1

шет елдердегі филиалдар

3.

Университет және бөгде ұйымдар базасында кәсіптік даму курстарынан өткен ОПҚ мен қызметкерлердің үлесін ұлғайту

%

11

35

50

60

70

75

 
сертификаттар

4.

Цифрлық құжат айналымын пайдаланатын ОПҚ мен қызметкерлер үлесін ұлғайту

%

25

20

40

50

60

70

Directum
Office 365
Microsoft Teams
One Drive

5.

Оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары мен орталықтарының жаңғыртылған ғимараттары мен үй-жайларының үлесін ұлғайту

%

_

35

40

45

50

55

объектілерді жаңғырту бойынша орындалған жұмыстардың актілері,
жабдықтарды жеткізу актілері

6.

Жатақханаға мұқтаждардың жалпы санынан жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген білім алушылардың үлесін ұлғайту

%

36,64

35

40

45

50

55

білім алушыларды орналастыруға бұйрықтар


Бюджеттен тыс қаражаттан инвестициялық шығыстар









 
1.

Кадрлық әлеуетті дамытуға инвестициялар (инженерлік кадрлар мен ғалымдардың біліктілігін және тағылымдамасын арттыру)

мың тг.

_

150 000,0

150 000,0

200 000,0

_

_

 
есептер

2.

Ғылыми-зерттеу жабдықтарын сатып алу үшін ғылыми-білім беру зертханаларын дамытуға инвестициялар көлемі

мың тг.

_

2 790 066,0

2 018 370,0

1 191 554,0

_

_

жеткізу актілері, есептер

3.

Жаңа зертханалық корпус салуға бағытталған инвестициялар

мың тг.
 

_

_

1 607 839,85

1 890 113,55

_

_

 
есептер


Университеттің материалдық-техникалық базасын өз бюджеті есебінен жаңарту









1.

Негізгі құралдар, оның ішінде компьютерлік жабдық, оқу-зертханалық жабдық, кітаппен қамтамасыз ету және электрондық білім беру ресурстары, өндірістік жабдық, жиһаз және өзге де негізгі құралдар және материалдық емес активтер

мың тг.

_

1 282 838,0

1 461 076,0

1 982 509,0

2 095 670,0

2 198 534,0

жеткізу актілері, есептер


Бюджеттен тыс қаражаттан студенттік жатақханалар бойынша инвестициялық шығыстар









1.

14 студенттік жатақхананы реконструкциялауға бағытталған инвестициялар

мың тг.

_

4 434 500,0

1 900 500,0

_
 

_
 

_
 

пайдалануға беру актілері
 

2.

6 студенттік жатақхананы салуға бағытталған инвестициялар

мың тг.

_

14 700 000,0

6 300 000,0

_
 

_
 

_
 

пайдалануға беру актілері


БАРЛЫҒЫ: инвестициялық шығыстар

мың тг.


46 353 570,4


  "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
2022 – 2026 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
3-қосымша

Іс-шараларды іске асыру кезеңі мен құны

Р/с
Іс-шаралар мен компоненттердің атауы Жиыны, мың теңге
2022 жыл

1.1

Жабдықтарды сатып алу

2 790 066,0

1.2

Оқыту, біліктілікті арттыру және сертификаттау

150 000,0

Барлығы

2 940 066,0

2023 жыл

2.1

Жабдықтарды сатып алу

2 018 370,0

2.2

Құрылыс

1 607 839,85
 

2.3

Оқыту, біліктілікті арттыру және сертификаттау

150 000,0

Барлығы

3 776 209,85

2024 жыл

3.1

Жабдықтарды сатып алу

1 191 554,0

3.2

Құрылыс

1 890 113,55

3.3

Оқыту, біліктілікті арттыру және сертификаттау

200 000,0

Барлығы

3 281 667,55

ЖИЫНЫ

9 997 943,4

  "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
2022 – 2026 жылдарға арналған
даму бағдарламасына
4-қосымша

Іс-шараларды іске асыру кезеңі мен құны

Іс-шаралар мен компоненттердің атауы

Сомасы, мың теңге

2022 жыл

1.1

7 студенттік жатақхананы реконструкциялау

4 434 500,0

1.2

3 студенттік жатақхананы салу

14 700 000,0

Барлығы

19 134 500,0

2023 жыл

2.1

7 студенттік жатақхананы реконструкциялау

1 900 500,0

2.2

3 студенттік жатақхананы салу

6 300 000,0

Барлығы

8 200 500,0

ЖИЫНЫ

27 335 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады