"Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағында құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің болуы мен өзара іс-қимыл тәртібі туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 308 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасының Президентіне "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағында құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің болуы мен өзара іс-қимыл тәртібі туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы қарауға енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағында құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің болуы мен өзара іс-қимыл тәртібі туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 8 сәуірде Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының аумағында құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің болуы мен өзара іс-қимыл тәртібі туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы Қырғыз Республикасын заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады