Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Маңғыстау облысы әкімдігі, сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.
Құжат Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында теңіз инфрақұрылымын дамыту және оның жүк ағынының өзгеріп тұратын құрылымына бейімделуі, сондай-ақ жүктерді өңдеу уақытын қысқарту және порт операцияларының тиімділігін арттыру жөніндегі 2028 жылға дейінгі кезеңге арналған пайым мен негізгі тәсілдерді айқындайды.
Құжатта саланы мынадай:
1) көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
2) Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын дамыту;
3) әкімшілік кедергілерді азайту;
4) теңіз порттары арқылы халықаралық тасымал логистикасын (сервисін) дамыту;
5) көлікте цифрландыруды дамыту бағыттары бойынша тиімді дамыту үшін қажетті бастамалар баяндалған.
Кешенді жоспардың міндеттеріне қол жеткізу осы Кешенді жоспардың
іс-шараларын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Көзделген міндеттерді орындау транскаспий бағдарлары бойынша жүктерді тасымалдаудың жаһандық тізбегінде Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық және транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайды талдау
Ақтау, Құрық және Баутино теңіз порттары Каспий теңізінің қазақстандық секторында бірнеше халықаралық көлік дәлізі тоғысқан нүктеде орналасқан.
Порт инфрақұрылымы жылына 21 млн тонна жүк өткізу қабілеті бар терминалдық қуаттар кешені болып табылады, ол мыналардан тұрады:
шикі мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз ететін жобалық қуаты 7,5 млн тонна мұнай құю терминалы;
бір мезгілде 82,5 мың тоннаға дейін астық сақталатын астық терминалдары – 2 млн тонна;
күрделі, ыдыстағы, дара және габаритті емес жүктерді өңдеуге арналған құрғақ жүк терминалдары – 3,5 млн тонна;
әмбебап терминал – 2 млн тонна;
автомобиль және теміржол паромдарын қабылдауға қабілетті паром кешені – 6 млн тонна.
Қазіргі уақытта Құрық портында астық, күрделі, контейнерлік, үйілетін және құйылытын жүктер бойынша терминалдық қуаттардың ұлғаюын қамтамасыз ететін "Саржа" көпфункциялы теңіз терминалының жобасы іске асырылуда.
Кірме жолдардың барлық түрлері бар. Порттардың техникалық жарақтандырылуы (порталдық және мобильді крандар, қайта тиеу техникасы және басқалары) құрғақ, күрделі, құйылатын, габаритті емес (жобалық) жүктердің ауқымды номенклатурасын тиеу-түсіру жұмыстарын, сондай-ақ вагондардағы жүктерді және жүк автокөлік құралдарын итеріп кіргізуді/шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Теңіз порттарының режимі жұмыс – жыл бойы.
Жүктердің номенклатурасы: дәнді дақылдар, мұнай және мұнай өнімдері, металл бұйымдары, тыңайтқыштар, химиялық өнімдер, ХТТ және басқалар, сондай-ақ Иран, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан бағытында шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай жүретін транзиттік жүктер.
Өндірістік қызметті жүзеге асыру процесінде қазақстандық порттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді және халықаралық стандарттар (ISO 9001 сәйкес сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001, ISO 45001 экологиялық менеджменті және PERS порттарын экологиялық сараптау жүйесі) негізінде басқарудың заманауи модельдерін енгізеді.
Ақтау порты 2022 жылы EcoPorts халықаралық сертификатынан сәтті өтіп, "Жасыл порт" мәртебесіне ие болды.
Осы сертификаттау шеңберінде порт өзіне көміртегі ізін біртіндеп азайту міндеттемелерін қабылдады және бүгінгі күні отынды аз тұтынатын және тиісінше қоршаған ортаға теріс әсері аз қайта тиеу техникасын жаңғырту жұмысын белсенді жүргізуде.
Экологиялық менеджмент жүйесінің негізгі мақсаты – экономикалық қызмет нәтижесінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер тигізуді азайту және алдын алу.
Бүгінгі күні Қазақстан арқылы жүктерді қағазсыз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе құру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның мақсаты жүктерді ресімдеу рәсімдерін жеделдету, бизнес-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ қатысушылардың интеграциялық және электрондық өзара іс-қимылын дамыту арқылы транзиттік әлеуетті арттыру болып табылады.
Теңіз көлігін халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялау үшін теңіз саласының цифрлық кеме қатынасы, әкімшілік ауыртпалықты азайту және теңіз тасымалының тиімділігін арттыру бағытындағы міндеттерін шешу қажет.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушылар бизнес-процестерге цифрлық технологияларды енгізу және "бірыңғай терезе" тетігінің элементтері (кіші жүйелер, API функционалдық бөліктері) болып табылатын ақпараттық жүйелерді құру бойынша жұмыс жүргізуде. Тасымалдау процесін жеделдету мақсатында алдын ала ақпараттандыру бөлігінде ("АТСП" ҰК" АҚ, "KTZ Express" АҚ, "Баку халықаралық теңіз сауда порты" ЖАҚ) деректер алмасу үшін ақпараттық жүйелер арасында интеграция жүргізілді.
Сонымен қатар IT шешімдері тасымалдау процесіне қатысушылардың бәрінде бірдей жоқ немесе енді ғана енгізу процесінде, сондай-ақ қазіргі бытыраңқы ақпараттық жүйелер бір-бірімен нашар байланысқан. Теңіз порттарында цифрлық технологияларды енгізу түрлі ақпараттық жүйелер арасында интеграция жүргізуді/деректерді ортақ пайдалану жүйесін құру үшін АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) модулін ұсынуды көздейді.
Бұдан басқа, трансқазақстандық дәліздерді дамыту мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ жыл сайын транзиттік қатынастағы бәсекеге нарықтағы қабілетті тарифтік шарттарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутындағы (бұдан әрі – ТХКМ) конъюнктураны ескере отырып қарайды және қабылдайды.
"АТСП" ҰК" АҚ Қытай – Қазақстан – Әзербайжан – Грузия – Түркия – Еуропа бағыты бойынша контейнерлердегі жүктерді ауыстырып тиеуге 2024 жылға:
20 футтық контейнер – 1 контейнер үшін 60 АҚШ доллары (ҚҚС есептемегенде);
40 футтық контейнер – Баку портынан (Алят) келетін жоғарыда көрсетілген маршрут бойынша ауыстырып тиеуге ұқсас мөлшемелер, сондай-ақ ҚҚС, ӘТЖ, ГТЖ және Түркия аумағы бойынша т/ж операторлары тарапынан тасымалдауға жеңілдіктер беру шартымен 1 контейнер үшін 80 АҚШ доллары (ҚҚС есептемегенде) мөлшерінде төлемақы белгілеуге дайын.
Құрық порты жүктің кепілдік берілген көлемі болса, жүк жөнелтушілер/жүк тасымалдаушылар үшін жеңілдікті шарттар ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Теңіз порттарын дамытуға бағытталған іс-шараларға қарамастан, жаңа міндеттер туындауда, оларды шешу шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді:
1. Каспий теңізінің деңгейі 1998 жылдан бері 1,5 метрге төмендегені байқалады, соңғы 3 жылда (2021-2023 жж.) теңіз деңгейі 72 см-ге төмендеді (жылына орта есеппен 24 см). Бұл фактор теңіз порттарының жұмысына кемелерге жүкті толтыра тиемеу түрінде әсерін тигізуде. Мысалы, сыйымдылығы 12 мың тонна мұнай танкеріне қазіргі уақытта 10 мың тоннадан асырмай жүк тиеледі, ал суға 4,6 м батып тұратын 6,5 мың тонналық құрғақ жүк кемелеріне суға 4,3-4,4 м дейін ғана батып тұратын шекте жүк тиеліп, 450-500 тонна кем тиеледі.
Осыған байланысты теңіз порттары акваториясында және жақындап келу каналдарында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайды.
2. Теңіз порттарына кеменің келуін ресімдеген кезде бақылау-тексеру рәсімдерін жүргізуге жұмылдырылған кеден қызметтерінің және Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – ПТӘ) қызметкерлерінің штат санын ұлғайту жолымен теңіздегі өткізу пункттеріндегі бақылау қызметтерінің тәулік бойы жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету.
2020 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде кемелердің кіруі едәуір ұлғайғаны байқалады (2020 жылғы 756 бірліктен 2023 жылы 1026 бірлікке дейін).
Кеме кіруінің ұлғаюына байланысты ПТӘ инспекторын 30 (отыз) минуттан 60 (алпыс) минутқа дейін күту орын алуда.
ПТӘ инспекторының келуін күтуге байланысты мұнай құю және құрғақ жүк айлақтарының тұрып қалуы айына кемінде 1 (бір) тәулікті құрайды.
Осы уақыт ішінде порт айлақтарында кемінде екі кемені, танкер флотының бір кемесін және құрғақ жүк флотының бір кемесін өңдеуге болады. Осылайша, порт айына шамамен 15-16 млн теңгеден айырылып қалады немесе бұл жылына 180-192 млн теңгені құрауы мүмкін.
Бұл мәселені шешу бақылау-қадағалау органдарының жүктерді және кемелердің кіру/шығуын ресімдеу уақытын қысқартуына, порт қызметінің тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға оң әсерін тигізеді.
3. "Теңіз порты" кеден бекеті "Қазақстан Республикасы" бару пунктымен АТСП-на контейнерлерде келетін импорттық жүктерге, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін (бұдан әрі – МИТК) қолдана отырып, міндетті кедендік бақылауды өткізеді.
Сондай-ақ, АТСТ-на келетін импорттық контейнерлік жүктер МИТК арқылы сканерлеуге жатады.
Контейнерлердің жөнелтілуін орта есеппен 3-4 тәулікке дейін кешіктіру жүктерді жеткізу мерзімдерінің бұзылуына әкеп соғады, бұл өз кезегінде клиенттердің Ақтау порты арқылы жүктерді тасымалдаудан бас тартуына әкелуі мүмкін.
Транскаспий бағытын одан әрі дамытуда логистикалық тізбектің барлық учаскелерінде және Ақтау портын қоса алғанда, шекара өткелінің қайта тиеу пункттерінде контейнерлерді өңдеудің мәлімделген уақытын ұстап тұру ерекше рөл атқарады.
Бұдан басқа, жұмыс технологиясы және қадағалау органдарының талаптарын негізге ала отырып, персонал мен клиенттер кірген кезде порт аумағынан кіру/шығу, темір жолында, орталық бақылау-өткізу пунктында радиациялық бақылауды жүзеге асыру қажет.
Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, мемлекеттік бақылау түрлерін жүргізу үшін теміржол, автомобиль көлігін қарап-тексеруге (тексеруге) және контейнерлерді қарап-тексеруге арналған жабдықты қоса алғанда, технологиялық жабдықтармен жарақтандыру, сондай-ақ көлік құралдарын, тауарларды, багажды және жеке тұлғаларды радиациялық бақылауды жүргізу қажет.
4. Қазіргі уақытта Құрық портына су құбыры жоқ, осыған байланысты сумен қамтамасыз ету әкелінетін сумен жүзеге асырылады.
Бұл ретте Құрық портының жалпы газ магистраліне қосылмау себебінен газ цистерналармен сатып алынады.
Ақтау-Құрық автомобиль жолы, сондай-ақ Құрық порты ауданындағы едәуір аумақ мобильді операторларының ұялы байланыспен қамту аймағына кірмейді.
Жоғарыда көрсетілген фактілер порттың өндірістік үрдістерін қиындатады және қосымша шығындарға әкеледі.
Осыған байланысты, Құрық портының үздіксіз өндірістік қызметі үшін ауданды қажетті инженерлік коммуникациялармен: газ және сумен жабдықтау, сондай-ақ ұялы байланыс қызметтеріне қолжетімділікті сапалы қамтамасыз ету қажет.
Саланың перспективалары
Теңіз порттарының орнықты және ұзақ мерзімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында:
теңіз порттарының қуаттарын жүктерді ауыстырып тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін деңгейге біртіндеп жеткізіп, олардың, өндірістік қуаттарын кеңейту және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтауды;
порт кешенін басқару кезінде бизнес-процестерді цифрландыруды қамтамасыз етуді;
экологиялық қауіпсіздік қағидаттарын енгізуді және қайта тиеу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
клиенттерге көрсетілетін қызметтердің неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсыну, порт клиенттеріне қызмет көрсету қызметін кеңейтудің қосымша мүмкіндіктерін іздестіру арқылы клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыруды қамтитын кешенді тәсіл қажет.
Кешенді жоспарда:
жүктерді ауыстырып тиеу көлемін жылына 21 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін жеткізе отырып, теңіз порттарының терминалдық қуаттарын салу және реконструкциялау жолымен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
теңіз порттары арқылы халықаралық тасымалдардың логистикасын (сервисін) дамыту;
көлікте цифрландыруды дамыту көзделуде.
Күтілетін нәтиже:
Кешенді жоспардың негізгі нәтижелері:
мемлекеттің теңіз көлігі саласындағы міндеттерін шешуге және экономиканы дамытуға;
елдің транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалануға;
Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында көлік инфрақұрылымын тиімді дамытуға бағытталған.
Кешенді жоспарды іске асыру таяудағы 5 жылда Ақтау және Құрық теңіз порттарының базасында теңіз инфрақұрылымын ғана емес, өңірді де дамыту, атап айтқанда, әлеуметтік деңгейді (жаңа жұмыс орындарын құру), сондай-ақ шағын және орта бизнесті көтеруге мемлекеттік қолдау көрсету жолымен дамыған көлік-логистикалық кластер құруға мүмкіндік береді.
Құрылып жатқан теңіз порты инфрақұрылымы жүктердің ауқымды спектрін өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте теңіз порттарының өткізу қабілеті 2030 жылға қарай жылына 30 млн тоннаға, оның ішінде 200 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтылатын болады.
Кешенді жоспардың күтілетін нәтижелеріне сәтті қол жеткізу қаржыландыру көлеміне, оның уақтылығы мен нысаналы пайдаланылуына байланысты.
Кешенді жоспарды қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылатын болады.
Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін теңіз көлігін (оның ішінде қайта тиеу техникасы мен жабдықтарын) жаңарту, сондай-ақ инфрақұрылымды салу/жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыруға түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық 7 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банк" АҚ бюджеттік кредитін кемінде 20 жыл мерзімге бөлу жоспарлануда.
Бұдан басқа, Кешенді жоспар шеңберіндегі жобаларды іске асырған кезде синдикатталған қаржыландыру және бірлесіп қаржыландыру қолданылуы мүмкін.
Р/с | Атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушы |
Қаржыландыру көлемі, | Қаржыландыру көздері | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
Күтілетін нәтижелер: | ||||||||
1. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту | ||||||||
1.1. | Каспийдегі қазіргі порт қуаттарын және оларды дамыту жөніндегі жоспарларды, оның ішінде ТХКБ және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары шеңберінде талдау | КМ-ға талдамалық есеп | 2024 жылғы қыркүйек | "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Құрық порты" ЖШС (келісу бойынша), "АТСТ" ЖШС (келісу бойынша), "SEMURG Invest" ЖШС (келісу бойынша), "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
1.2. | Ақтау және Құрық порттарының терминалдық қуаттарының пайдалануға берілуін және жүк жөнелтушілердің жоспарларын ескере отырып, темір жолдардың өткізу қабілетін талдау | КМ-ға талдамалық есеп |
2024 жылғы қыркүйек | "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Құрық порты" ЖШС (келісу бойынша), "АТСТ" ЖШС (келісу бойынша), "SEMURG Invest" ЖШС (келісу бойынша), "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
1.3. | Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі, оның ішінде "Ақтау теңіз порты" АЭА АҚ аумағында орналасқан қазіргі КЛО, КЛХ, өнеркәсіптік және сервистік орталықтарын талдау | КМ-ға талдамалық есеп | 2024 жылғы қараша |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ, (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
1.4. | Порт инфрақұрылымын дамытуға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тарту | шарттар | тұрақты негізде |
СІМ, | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
1.5. | Дамыған инженерлік коммуникациялары бар сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға жарамды жер учаскелерін айқындау | Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы | 2024 жылғы желтоқсан | Маңғыстау облысының әкімдігі, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
2. Ақтау портының инфрақұрылымын дамыту | ||||||||
2.1. | Ақтау портында контейнерлік хаб салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы желтоқсан | КМ, "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
43,4 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
2.2. | Ақтау теңіз портының акваториясында және оған кіреберіс каналында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы желтоқсан | КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
18,1 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
2.3. | Баутино теңіз портының акваториясында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу | орындалған жұмыстар актісі | 2026 жылғы желтоқсан |
КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), жеке терминал иелері |
8,0 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
2.4. | Ақтау портының № 3 айлағын ұзарта отырып, № 12 айлақты реконструкциялау | пайдалануға қабылдау актісі | 2026 – 2027 жылдар |
КМ, "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
29,6 млрд тенге | бюджеттен тыс қаражат | ||
2.5. | Ақтау портының қайта тиеу техникасы мен жабдықтарын жаңарту | қабылдау актісі | 2024 – 2025 жылдар | КМ, "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | 8,5 млрд теңге | қарыз қаражаты (ҚДБ) | ||
2.6. |
Қуаты 1 млн тоннаға дейінгі мұнай-май құю терминалын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жылғы желтоқсан | КМ, "АТСТ" ЖШС (келісу бойынша) |
2,9 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
2.7. | № 21, 22, 23 айлақтарға қосымша теміржол орнату арқылы Ақтау теңіз солтүстік терминалының инфрақұрылымдық және техникалық қуаттарын кеңейту | пайдалануға қабылдау актісі | 2025 – 2026 жылдар | КМ, "АТСТ" ЖШС (келісу бойынша) |
1 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
2.8. | Ақтау портында жаңа аумақтар құрылуын ескере отырып, тас және топырақ карьерлерін резервтеу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы жобаларына, оның ішінде су қоры жерлеріне жер бөлу | Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы | 2024 жылғы желтоқсан | Маңғыстау облысының әкімдігі, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
2.9. | Ақтау портында № 13, № 14, № 15 құрғақ жүк айлақтарын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2027 – 2028 жылдар | КМ, "АТСП" ҰК" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
92,5 млрд теңге | қарыз қаражаты (ҚДБ) | ||
2.10. | Ақтау портындағы № 9, № 10 мұнай құю айлақтарын реконструкциялау | пайдалануға қабылдау актісі | 2027 – 2028 жылдар | КМ, "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) |
17,6 млрд теңге | "ҚДБ" АҚ қарыз қаражаты | ||
2.11. | Кіреберіс станциясы бар теміржол желісін (9 шақырым) салу және оны "Химия" паркі теміржол станциясына қосу | пайдалануға қабылдау актісі | 2028 жылғы наурыз |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ, (келісу бойынша) | 5,8 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
2.12. |
"Маңғыстау – Бейнеу" теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру: | пайдалануға қабылдау актісі | 2028 жылғы мамыр | "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | 6,8 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3. Құрық портының инфрақұрылымын дамыту | ||||||||
3.1. | Құрық теңіз портының акваториясында және оның кіреберіс каналында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жылғы желтоқсан |
КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Құрық порты" ЖШС (келісу бойынша), "SEMURG Invest" ЖШС (келісу бойынша) |
25,8 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.2. | Ерсай терминалы мен оның кіреберіс каналының акваториясында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу | акт орындалған жұмыстар | 2025 жылғы желтоқсан | КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) | 8,0 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.3. | "Semurg INVEST" ЖШС-ны және "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС-ны "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ-ға қосу бойынша шаралар қабылдау | тіркеу туралы куәлік | 2025 жылғы ақпан | КМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, "SEMURG INVEST" ЖШС (келісу бойынша), "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ (келісу бойынша), "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) | талап етіледі | қажет емес | ||
3.4. | "Ерсай" теңіз терминалында (жүк қоймалары) теміржол тармағын кеңейту және "Ерсай" станциясында қабылдау-жөнелту пунктін салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2024 – 2025 жылдар | КМ, "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) |
2,4 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.5. | "Ерсай" теңіз терминалында қойма үй-жайларын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2026 – 2028 жылдар | КМ, "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) |
3,8 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.6. | "Ерсай" теңіз терминалының мамандандырылған порт техникасы мен және жабдығын сатып алу | қабылдау актісі | 2024 – 2026 жылдар | КМ, "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) |
8,5 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.7. | Қуаттылығы жылына 1 млн. тонна түйіршікті күкірт пен минералды тыңайтқыштарды ауыстырып тиеуге арналған сусымалы жүктер терминалын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жылғы желтоқсан | КМ, "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) |
13,8 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.8 |
"Саржа" көпфункциялы теңіз терминалын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2024 – 2028 жылдар |
КМ, "SEMURG INVEST" ЖШС | 98 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.8.1. | Астық терминалын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2025 – 2027 жылдар |
КМ, "SEMURG INVEST" ЖШС | 18 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.8.2. | Құйылатын жүктер терминалын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2026 – 2028 жылдар |
КМ, "SEMURG INVEST" ЖШС | 39 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.8.3. | Жалпы (құрғақ) жүк терминалын салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2024 – 2026 жылдар |
КМ, "SEMURG INVEST" ЖШС | 7 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.8.4. | Әмбебап терминал салу | пайдалануға қабылдау актісі | 2025 – 2027 жылдар |
КМ, "SEMURG INVEST" ЖШС | 34 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
3.9. | Құрық портының терминалдарын газ және сумен жабдықтау бойынша қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету | орындалған жұмыстар актілері | 2026 – 2027 жылдар | Маңғыстау облысының әкімдігі | 0,8 млрд теңге | ЖБ/жеке инвестициялар | ||
4. Әкімшілік кедергілерді азайтуды қамтамасыз ету | ||||||||
4.1. | Жүктерді ресімдеу, сақтау, өңдеу бойынша кедендік және салықтық реттеуді оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде осы қызметтерді тәулік бойы көрсету мүмкіндігін беру, сондай-ақ жүкті ресімдеу кезінде қатысы бар қызметтер жүйелерінің интеграциясын көздеу | бірлескен бұйрық | 2025 жылғы шілде | Қаржымині, КМ, ҰЭМ, ДСМ, АШМ, ҰҚК ШҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
4.2. | Транзиттік жүктер үшін "жасыл дәлізді" қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 жылғы қазан | Қаржымині, КМ, ҰЭМ, ДСМ, АШМ, ҰҚК ШҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
4.3. | Ерсай терминалында теңізде өткізу пунктін ашу жөнінде шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасы | 2026 жылғы тамыз | КМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, ҰҚК ШҚ, "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
4.4. | Маңғыстау облысының Қарақия ауданында көлік инфрақұрылымы объектілерін қамту аймағын ұлғайту арқылы ұялы байланыс қызметтеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, ұялы байланыс операторлары (келісу бойынша), "Құрық порты" ЖШС(келісу бойынша), "SEMURG INVEST" ЖШС (келісу бойынша), "ЕРСАЙ Каспиан Контрактор" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
5. Теңіз порттары арқылы халықаралық тасымалдардың логистикасын (сервисін) дамыту | ||||||||
5.1. | Сервистік орталықтарды, КЛО, КЛХ, оның ішінде а/ш және тамақ өнімдерін сақтау және қайта өңдеу бойынша дамыту және салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2028 жылғы желтоқсан | Маңғыстау облысының әкімдігі, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
5.2. |
Түркиялық және қытайлық әріптестерді тарта отырып, ТХКБ маршруты бойынша біріккен көліктік-логистикалық компания құру | құрылтай құжаттары | 2024 жылғы желтоқсан | КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
5.3. | ҚХР мемлекеттік органдарымен және Орталық Азия елдерімен ТХКБ бағыты бойынша жүк ағынының болжамды көлемін айқындау және оны одан әрі жүктеу бөлігінде келіссөздер жүргізу жөнінде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 жылғы желтоқсан | КМ, СИМ, СІМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚМГ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
5.4. | Халықаралық контейнерлік операторларды тарту | шарттарды жасасу | Тұрақты негізде |
КМ, "KazakhInvest" (келісу бойынша) ҰК" АҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "АТСП" ҰК" АҚ | талап етілмейді | талап етілмейді | ||
6. Көлікте цифрландыруды дамыту | ||||||||
6.1. | Құрық портында терминалдық операциялық жүйе – TOS (Terminal Operating System) енгізу | КМ-ға ақпарат | 2024 жылғы |
КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Құрық порты" ЖШС (келісу бойынша) | 0,8 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
6.2. |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен теңіз порттарындағы терминал операторлары арасында жүк тасымалдарын жоспарлау мен басқарудың интеграцияланған автоматтандырылған жүйесін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2025 жылғы желтоқсан | КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Құрық порты" ЖШС (келісу бойынша), ЦДИАӨМ | 0,2 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
6.3. | "Бірыңғай терезе" қағидаты бойынша теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымы жүйесін құру | пайдалануға беру актісі | 2025 – 2026 жылдар | КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, Қаржымині, АШМ, ДСМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша) | 0,8 млрд теңге | бюджеттен тыс қаражат | ||
6.4. | Транзиттік жүктер үшін "жасыл дәлізді" қамтамасыз ету бойынша одан әрі шараларды қабылдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 – 2028 жылдар | Қаржымині, КМ, ҰЭМ, ДСМ, АШМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі | талап етілмейді |
талап |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"АТСП" ҰК" АҚ – "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"АТСТ" ЖСШ – "Ақтау теңіз солтүстік терминалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
КЛО – көліктік-логистикалық орталық
КЛХ – көліктік-логистикалық хаб
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
"ҚМГ" ҰК" АҚ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ТХКБ – Транскаспий халықаралық көлік бағдары
ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"KazakhInvest" ҰК" АҚ – "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы