"Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен "Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану" жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 295-2-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен "Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану" жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаровқа "Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен "Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану" жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ шарттардың сақталуына мониторинг жүргізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1149 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

"Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен "Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану" жобасы бойынша инвестициялар туралы келісім

      "Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен "Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану" жобасы бойынша инвестициялар туралы осы келісім ("Келісім") 2024 жылғы "__" ___________ мыналар арасында жасалды:

      (1)      Қазақстан Республикасының Үкіметі ("Үкімет") атынан Үкіметтің 2024 жылғы "__" _________ № ___ қаулысы негізінде әрекет ететін Уәкілетті орган; және

      (2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және өз қызметін жүзеге асыратын, БСН 231240027830, кеңсесі Қазақстан, 160011 Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Д. Қонаев даңғылы, 17/5 құрылыс мекенжайы бойынша тіркелген "Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ("Инвестор") атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директоры Гюнай Гокалп мырза.

      Үкімет және Инвестор бұдан әрі жеке-жеке — "Тарап", ал бірге "Тараптар" деп аталады.

      Келесіні назарға ала отырып:

      1) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық жағдайды қалыптастыру — Үкіметтің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі,

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің ("Кәсіпкерлік кодекс") 295-2-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің ("Салық кодексі") 712-1-бабына сәйкес салықтық преференцияларға сай осы Келісім бойынша инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестор осы Келісімнің тұрақтылық кепілдіктерін алуға мүдделі,

      3) Уәкілетті орган мен Инвестор осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оның олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтініне келісті,

      4) Инвестор Түркиядағы ірі өнеркәсіптік топ Alarko Holding A.S. бір жүз пайыздық еншілес Үлестес тұлғасы болып табылады. Инвестор импортты алмастыруға қол жеткізуге және жақын және алыс шет елдерге Өнім экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған Қазақстанның Шымкент қаласында жылыжай кешенін салу және кейіннен пайдалану бойынша ірі инвестициялық жобаны әзірлеуге және іске асыруға мүдделі,

      5) "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын" ("Тұжырымдама") бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысы басымдық ретінде Қазақстан Республикасының азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуді айқындайды, оған басқасымен қатар негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импортты алмастыратын инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жылыжайларды салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен қол жеткізу күтілуде,

      6) Тұжырымдаманы орындау мақсатында Үкімет Қолданылатын заңнамада және осы Келісімде белгіленген тәртіппен Жобаны іске асыруға байланысты Инвесторға қажетті қолдауды көрсетуге, оның ішінде инвестициялық преференциялар, субсидиялар мен кепілдіктер, оның ішінде Салық заңнамасын өзгерту кезінде салықтық преференциялар тұрақтылығының, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодекске және Салық кодексіне сәйкес Келісімнің нормативтік-құқықтық актілері тұрақтылығының кепілдіктерін беруге дайын,

      7) осы Келісімді жасамас бұрын:

      2023 жылғы 9 тамызда Alarko Holding A.S. (Инвестордың түпкілікті бас компаниясы) мен Уәкілетті орган Қазақстандағы агроөнеркәсіптік жобаларды жоспарлауға, ұйымдастыруға және іске асыруға байланысты өзара ынтымақтастық орнату мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға ("Меморандум") қол қойды;

      Жобаның мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Инвестор арасында 2024 жылғы 6 маусымда Инвестициялық келісімшарт ("Инвестициялық келісімшарт") жасалды, оған сәйкес Инвесторға Жер учаскелеріне құқықтар беріледі және ол әкелу кедендік баждарды төлеуден босатылады,

      8) Үкіметтің Уәкілетті орган арқылы әрекет ететін Үкіметтің Инвестормен осы Келісімнің жасалуын мақұлдайтын Үкімет 2024 жылғы "__" ________ № _____ қаулысын ("Үкімет қаулысы") қабылдады,

      жоғарыда баяндалған жайттарға сәйкес Үкімет пен Инвестор осы Келісімді жасасты.

1. Анықтамалар және түсіндірмелер

      1.1 Анықтамалар

      1) "Үлестес тұлға" кез келген тұлғаға қатысты, тікелей немесе жанама Бақылайтын, Бақыланатын немесе осындай бірінші тұлғамен ортақ Бақылауда болатын басқа тұлғаны, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, Қолданылатын заңнамаға немесе Түркия Республикасының заңнамасына сәйкес үлестес тұлға болып табылатын басқа тұлғаны білдіреді.

      2) "Келісім" мерзімді түрде енгізілетін өзгерістерді, толықтыруларды немесе жаңа редакцияда баяндалуын ескере отырып, Үкімет пен Инвестор арасында жасалған Қазақстанда жылыжай кешенін салуға және пайдалануға салынатын инвестициялар туралы осы Келісімді білдіреді.

      3) "АХҚО" "Астана" халықаралық қаржы орталығын білдіреді.

      4) "АХҚО құқығы" АХҚО-ның қолданыстағы құқығын, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңын білдіреді.

      5) "Қолданылатын заңнама" Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерін және АХҚО құқығын, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі немесе кез келген тиісті мемлекеттік органы шығарған, Қазақстанда кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда қолданылатын немесе реттейтін кез келген заңдарды, қаулыларды, қағидаларды, бұйрықтарды немесе басқа да міндетті құқықтық актілерді білдіреді.

      6) "Жұмыс күні" сенбі, жексенбі немесе мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасында банктер жұмыс істеу үшін ашық болатын кез келген күнді білдіреді.

      7) "Заңнамадағы өзгеріс" Қазақстан Республикасының заңнамасының, Қазақстан Республикасы ратификациялаған кез келген халықаралық келісімдердің, Конституцияның, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың, конституциялық заңдардың, кодекстердің, жиынтық заңдардың, заңдардың, Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулыларының, Президент жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдар бұйрықтарының, мемлекеттік органдар департаменттерінің (комитеттерінің, ведомстволарының) басшылары өкімдерінің, маслихаттар, әкімдіктер, әкімдер қаулыларының, сондай-ақ тексеру комиссиялары шешімдерінің, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің Күшіне ену күнінен кейін қабылданатын немесе күшіне енетін кез келген өзгерісін (өзгерту, болдырмау, қайтарып алу, тоқтату немесе қолданылу мерзімінің аяқталуы нәтижесіндегі өзгерістерді қоса алғанда) білдіреді.

      8) "Пайдалануға беру күні" Кешеннің әрбір кезегінің құрылысы аяқталған, Кешеннің әрбір кезегіне қатысты пайдалануға беру және қабылдау жүзеге асырылған күнді білдіреді.

      9) "Уәкілетті орган" Үкімет қаулысы негізінде Келісімге қол қоюға, жасасуға, табыстауға және орындалуын бақылауға тиісті түрде уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігін білдіреді.

      10) "Кешен" осы Келісімнің 2.3-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      11) "Мердігер" Инвестормен, оның мердігерлері және жеткізушілерімен, олардың қосалқы мердігерлерімен және т.б. Жоба мақсаттары үшін кез келген деңгейде (Тауарларды жеткізуді қоса алғанда) тартылған барлық және кез келген мердігерлер мен жеткізушілерді білдіреді.

      12) "Үкімет үшін жою кезеңі" осы Келісімнің 12.2-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      13) "Инвестор үшін жою кезеңі" осы Келісімнің 12.4-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      14) "ЕАЭО" Еуразиялық экономикалық одақты білдіреді.

      15) "Күшіне ену күні" осы Келісімнің 10.1-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      16) "Экспроприация" осы Келісімнің 4.1.10-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      17) "Форс-мажор" осы Келісімнің 5.1-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      18) "Шетелдік жұмыскер" Қазақстан азаматы болып табылмайтын және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ Инвестордың жұмыскері немесе оған, оның Үлестес тұлғаларына, Мердігерлеріне іссапарға келген жұмыскер болып табылатын, Инвестордың нұсқауы немесе өкімі бойынша Жобаға тартылған не Жобаға өзгеше қатысатын кез келген жұмыскерді білдіреді.

      19) "Тауарлар" осы Келісімнің 4.1.5-тармағының 3) -тармақшасында көрсетілген мағынаға ие.

      20) "Үкімет" Қазақстан Республикасының Үкіметін және оның барлық құрамдас органдары мен ұйымдарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының кез келген министрлігін, Қазақстанның барлық деңгейдегі қалалары мен облыстарының әкімдіктерін білдіреді.

      21) "Үкімет қаулысы" Үкіметтің 2024 жылғы "__" ________ № __ қаулысын білдіреді.

      22) "Инвестициялар" заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салған мүліктің барлық түрлерін (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ оларға құқықтарды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын оның негізгі құралдарын көбейтуді білдіреді.

      23) "Инвестициялар сомасы" осы Келісімнің 2.2-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      24) "Инвестициялық міндеттемелер" инвестордың капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа тіркелген құралдарды сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдардың құнын арттыратын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін білдіреді.

      25) "Инвестициялық келісімшарт" преамбуланың 7)-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      26) "Инвестор" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін, 2023 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласында тіркелген "Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін білдіреді.

      27) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын білдіреді.

      28) "KZT" немесе "теңге" Қазақстан Республикасының заңды валютасы – қазақстандық теңгені білдіреді.

      29) "Жер учаскелері":

      ауданы 38,90 гектар, кадастрлық нөмірі 22:327:001:027, Шымкент қаласы, Абай ауданы мекенжайында (Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағында, "Бозарық" индустриялық аймағының жанында) орналасқан жер учаскесін;

      ауданы 108,5 гектар, кадастрлық нөмірі 22:327:001:026, Шымкент қаласы, Абай ауданы мекенжайында (Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағында, "Бозарық" индустриялық аймағының жанында) орналасқан жер учаскесін;

      ауданы 61,05 гектар, кадастрлық нөмірі 22:327:001:025, Шымкент қаласы, Абай ауданы мекенжайында (Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағында, "Бозарық" индустриялық аймағының жанында) орналасқан жер учаскесін,

      Инвесторға Инвестициялық келісімшарт бойынша заттай грант ретінде берілген, оларда орналасқан инфрақұрылыммен бірге білдіреді.

      30) "Кредитор" Жобаны іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды ұсынатын банкті немесе қаржы институтын қоса алғанда, кез келген тұлғаны білдіреді.

      31) "Тауарлар тізімі" осы Келісімнің 4.1.5-тармағының 2)-тармақшасында көрсетілген мағынаға ие.

      32) "Елеулі бұзушылық" осы Келісім бойынша Инвестордың мынадай кез келген бұзушылықты жасауын білдіреді:

      (a) Инвестор Жобаны іске асырудан кез келген уақытта бас тартады, бұл Инвестордың Үкіметке жіберген жазбаша хабарламасымен расталады, егер мұндай бас тарту тек қана Инвестордың кінәсінен болса; немесе

      (b) Инвестор осы Келісімді өрескел немқұрайлылық немесе қасақана теріс қылық арқылы Жобаны одан әрі іске асыру мүмкін болмайтын және мұндай бұзушылықты жою мүмкін болмайтын дәрежеде бұзды,

      Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, ведомстволардың, олардың бөлімшелерінің және (немесе) Жобаға қатысты (соның ішінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге қатысты) өкілеттігі, құзыреті немесе юрисдикциясы бар тұлғалардың, сондай-ақ Жобаға қатысты кез келген келісімдерді, рұқсаттарды, лицензияларды, мақұлдауларды немесе басқа ұқсас құжаттарды беретін немесе беруге уәкілетті кез келген басқа органның немесе тұлғаның бұзушылықтарынан, әрекетінен немесе әрекетсіздігінен толық немесе ішінара туындағанда, ешбір бұзушылық бұзушылық болып саналмаған жағдайда.

      33) "Меморандум" преамбуланың 7)-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      34) "Тарап" осы Келісімнің тарапын білдіреді.

      35) "Өнім" Инвестор Жоба шеңберінде өсіретін және (немесе) өндіретін қызанақтарды және (немесе) көкөністердің және (немесе) бақша дақылдарының және (немесе) тамыржемістердің және (немесе) түйнектердің кез келген басқа түрлерін білдіреді.

      36) "Жоба" осы Келісімнің 2-тармағында көрсетілгендей, көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыржемістерді және түйнектерді өсіруге арналған заманауи поликарбонаттан жасалған жылыжай кешенін жобалау, салу, пайдалануға беру, иелену, пайдалану және оған қызмет көрсету жөніндегі жобаны білдіреді.

      37) "Жобаны қолдау шаралары" осы Келісімнің 4.1.5-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      38) "Жоба мерзімі" осы Келісімнің 2.6-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      39) "Жобаны іске асыру кестесі" осы Келісімнің 1-қосымшасында келтірілген Жоба бойынша жұмыстарды орындау кестесін білдіреді.

      40) "Салық преференцияларының тұрақтылығы" Салық кодексіне сәйкес Салық заңнамасы өзгертілген кезде салық преференциялары тұрақтылығының кепілдігін білдіреді.

      41) "Мемлекеттік сараптама" қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңадан салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттарға мемлекеттік кешенді ведомстводан тыс сараптаманы білдіреді.

      42) "Субсидиялау қағидалары" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын білдіреді.

      43) "Салық заңнамасы" Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұратын Қазақстан Республикасының салық заңнамасын білдіреді.

      44) "Келісімнің қолданылу мерзімі" осы Келісімнің 10.1-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      45) "Бағалау күні" осы Келісімнің 4.1.10-тармағында көрсетілген мағынаға ие.

      46) "ҚҚС" Қазақстандағы қосылған құн салығын білдіреді.

      1.2 Түсіндірмесі

      1) Осы Келісім Инвестициялық келісімшарт пен Үкімет қаулысын қоспағанда, Жобаға қатысты бұрын білдірілген кез келген ниеттерді, түсіністіктерді немесе келісімдерді алмастырады.

      2) Егер өзгесі көрсетілмесе, осы Келісімде тармаққа немесе қосымшаға сілтеме осы Келісімнің тармағына немесе қосымшасына сілтеме болып табылады. Қосымшалар осы Келісімнің қосымшалары және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      3) Жекеше түрде қолданылатын сөздерге көпше түрі де (және керісінше) кіреді, ал бір грамматикалық текке сілтеме барлық грамматикалық тектерді қамтиды.

      4) Осы Келісімге немесе кез келген басқа құжатқа сілтеме осы Келісімге немесе мерзімді түрде енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, осындай басқа құжатқа сілтемені білдіреді.

      5) "Тұлғаға" сілтеме кез келген тұлғаны, фирманы, компанияны, корпорацияны, үкіметті (немесе оның кез келген агенттікті, органды, кеңесті, департаментті, бөлімшені немесе ведомствоны), трастты немесе кез келген қауымдастықты, бірлескен кәсіпорынды немесе жоғарыда аталған екі немесе одан да көп субъектілердің (тәуелсіз заңды тұлға мәртебесінің бар-жоғына қарамастан) серіктестігін қамтиды.

      6) "Қосу" немесе "қоса алғанда" терминдеріне сілтемелер мысал ретінде түсіндіріледі және олардың алдындағы сөздердің мағынасын шектемейді.

      7) "Осы Келісімде", "Осы Келісімге", "Осы Келісімнің" және басқа да ұқсас сөздер осы Келісімнің қандай да бір нақты ережесіне емес, тұтастай осы Келісімге қатысты.

      8) Осы Келісімнің тақырыптары сілтеме жасау ыңғайлы болуы үшін ғана қажет және осы Келісімді түсіндіруге немесе түсінуге еш әсерін тигізбейді.

      9) Осы Келісімнің мақсаттары үшін:

      Үкiметтiң, Уәкiлеттi органның немесе кез келген мемлекеттiк органның Инвестициялық келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердi бұзуы Үкiметтiң осы Келiсiм бойынша мiндеттемелерiн бұзуы болып саналады; және

      Үкіметтің, Уәкілетті органның немесе кез келген мемлекеттік органның осы Келісімге сәйкес міндеттемесі кез келген мемлекеттік органның (жергілікті мемлекеттік органдарды қоса алғанда) және (немесе) квазимемлекеттік ұйымның осындай міндеттемені орындауын және (немесе) сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің міндеттемесі ретінде түсіндірілуі және қарастырылуы керек.

2. Келісімнің мәні

      2.1 Келісімнің мәні — Шымкент қаласында орналасқан "01.13 – Көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыржемістерді және түйнектерді өсіру" қызмет түрі бойынша инвестициялық Жобаны іске асыру. Инвесторға Кәсіпкерлік кодекстің 295-2-бабына сәйкес осы Келісімнің тұрақтылығына кепілдік беріледі.

      2.2 Үкімет осы Келісім бойынша өзінің барлық міндеттемелерін уақтылы орындаған жағдайда, Инвестициялық жобаны іске асыру үшін Инвестор ҚҚС қоспағанда, жалпы сомасы 73781884000 (жетпіс үш миллиард жеті жүз сексен бір миллион сегіз жүз сексен төрт мың) теңге қаражатты инвестициялауды жоспарлап отыр, бұл сома Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған Жобаның бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасының негізінде Инвестордың одан әрі түзетуіне жатады ("Инвестициялар сомасы").

      2.3 Жобаға поликарбонаттан жасалған, қызанақ және басқа да көкөністерді, бақша дақылдарын, тамыржемістер мен түйнектерді өсіруге арналған, жалпы алаңы 208,45 га Ж учаскесіндегі (учаскелеріндегі) жалпы күтілетін өнімділігі кемінде 25 (жиырма бес) кг/м2 құрайтын, заманауи жылыжай кешенін ("Кешен") жобалау, салу, пайдалану және басқару кіреді.

      2.4 Кешен 2 (екі) кезектен тұрады – А кезегі және В кезегі, олардың әрқайсысы Жобаның бизнес-жоспарында айқындалады және Инвестор ұсынатын Жобаның тиісті жобалық-сметалық құжаттамасында толығырақ сипатталады, олар 1-қосымшада көрсетілгендей, салынады және пайдалануға беріледі. Күшіне ену күніндегі жағдай бойынша Инвестициялар сомасын келесідей бөлу болжанады:



А кезегі

В кезегі

C кезегі*

Барлығы

Жер учаскелері, га

108,5

61,05

38,90

208,45

Инвестициялар сомасы, мың теңге

48696044

25085840


73781884

      *С кезегі Кешеннің ажырамас бөлігі емес, бірақ осы Келісімге қосымша келісім немесе Инвестор мен Үкімет арасында инвестициялар туралы жаңа келісім жасалған жағдайда, Жобаның әлеуетті қуатының артатынын білдіреді.

      2.5 Үкімет Келісім бойынша өз міндеттемелерін тиісінше және уақтылы орындаған жағдайда, мұндай күтілетін Пайдалануға беру күндерін Инвестор Жобаның орындалу барысына қарай одан әрі түзетуі мүмкін болған жағдайда, Кешеннің кезектерін Пайдалануға беру күндері 1-қосымшада көрсетілгендей басталады деп күтіледі.

      2.6 Тараптар Қолданылатын заңнамаға немесе осы Келісімге сәйкес кез келген қолданылатын ұзартуларды ескере отырып, Жобаның ұзақтығы Күшіне ену күнінен бастап 25 (жиырма бес) жылды құрайтынына келіседі ("Жоба мерзімі").

      2.7 Жобаны іске асырудың болжамды кестесі 1-қосымшада көрсетілген ("Жобаны іске асыру кестесі").

3. Тараптардың құқықтары

      3.1 Үкіметтің құқықтары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Инвестормен келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      2) Инвестордан өз міндеттемелерін және Келісім талаптарын орындауды талап ету, сондай-ақ Келісімді орындауға қатысты ақпаратты сұрату;

      3) жобаны іске асыру кестесіне сәйкес міндеттемелердің орындалуын бақылау мақсатында инвестициялық жоба іске асырылып жатқан Инвестордың нысанына бару;

      4) Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес Келісімді мерзімінен бұрын бұзу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Келісімде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      3.2 Инвестордың құқықтары:

      1) Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекеттерді жасау;

      2) Кәсіпкерлік кодекске және осы Келісімге сәйкес Келісімді мерзімінен бұрын бұзу;

      3) Үкіметтен өз міндеттемелері мен Келісім талаптарын орындауды талап ету;

      4) күмәнді болдырмау үшін салықтарды және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін Жоба шеңберінде өз қызметінен алған кірісті өз қалауы бойынша пайдалану;

      5) 1-қосымшаға сәйкес, соның ішінде 4.1.5-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес Субсидиялау қағидаларының өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, Субсидиялау қағидаларына сәйкес Кешеннің әрбір кезегі пайдалануға берілгеннен кейін осы Келісімде көзделген субсидияларды алу;

      6) Жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын немесе қолданылатын процестерді, технологияларды, операцияларды және ресурстарды дербес таңдау; және

      7) Қолданылатын заңнамада және осы Келісімде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

4. Тараптардың міндеттері

      4.1 Үкімет міндеттенеді:

      4.1.1 Келісім шеңберіндегі міндеттемелердің орындалуын бақылауға;

      4.1.2 Келісімге қол қою, оны өзгерту және бұзу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;

      4.1.3 Келісімге қол қою және оған өзгерістер енгізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге;

      4.1.4 сотқа дейінгі тәртіппен Инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды шешуге көмек көрсетуге;

      4.1.5 Инвесторға және (немесе) Жобаға (жағдайға байланысты) Келісімде көзделген преференцияларды, субсидияларды және басқа да қолдау шараларын (бірге "Жобаны қолдау шаралары" деп аталады) беруге, оның ішінде:

      1) Жобаның В кезегі пайдалануға берілгенге дейін Субсидиялау қағидаларына рұқсат етілген ең жоғары құнды ұлғайту және басқа лимиттер мен шектеулерді жою, оның ішінде су жинау ұңғымалары құрылысының құнын өтеу бойынша субсидиялар алу үшін өнеркәсіптік жылыжайлар салу мақсатында пайдаланылатын Жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді білдіруге тиіс деген талапты алып тастау бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілсін;

      2) Жобаға қатысты барлық Материалдардың (төменде анықталғандай) импорты ҚҚС төлеуден босатылған Қазақстан Республикасына әкелінетін шикізат пен материалдар тізбесіне ("Тауарлар тізбесі") енгізілуін қарастыру және келістіру және Тауарлардың тізбесіне Материалдарды қосуды ескере отырып, Инвестициялық келiсiмшарт шеңберінде оған қосымша келісім жасасу арқылы шикізат пен материалдар импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату.

      Тауарлардың тізбесіне Материалдарды қосуды ескере отырып, шикізат пен материалдар импорты, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, тыңайтқыштардың, тұқымдардың, өсімдік екпелерінің (көшеттердің), құралдардың, аксессуарлардың, құрылыс материалдарының және Жобаға қатысты басқа материалдардың ("Материалдар") импорты Кешеннің В кезегі пайдалануға берілген айдың бірінші күнінен бастап дәйекті 5 (бес) жыл бойы импортқа ҚҚС-тан босатылады;

      3) Инвестициялық келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей, Жобаны іске асыру кезінде қолданылатын Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға және халықаралық стандарттарға сапасы сәйкес келетін ұқсас Тауарлар Қазақстан аумағында өндірілмейтін болса, технологиялық жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы бұйымдар мен Материалдарды ("Тауарлар") импорттаған кезде кедендік баждарды салудан босату. 4.1.5 тармағының осы 3) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды салудан босату Инвесторға келесі мерзімдер бойы қолданылады:

      технологиялық жабдық пен жинақтаушы бөлшектерге қатысты – Инвестициялық келісімшарттың қосымша келісімі тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жыл мерзіміне;

      қосалқы бөлшектерге қатысты – Кешеннің В кезегі пайдалануға берілген күннен бастап 5 (бес) жыл мерзіміне;

      Материалдарға қатысты – Кешеннің В кезегі пайдалануға берілген күннен бастап 5 (бес) жыл мерзіміне;

      4) осы Келісім жасалған айдың 1-ші күнінен бастап және Келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан 10 (он) жылдан кейін аяқталатын Жер учаскелері бойынша жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентінің қолданылуын қамтамасыз етуге;

      5) бірінші актив негізгі қаражат құрамында есепке алынған айдың 1-ші күнінен бастап халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (ХҚЕС) және (немесе) бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы Қолданылатын заңнама талаптарына сәйкес ХҚЕС және (немесе) қаржы есептілігі туралы Қолданылатын заңнама талаптарына сай бірінші актив негізгі қаражат құрамында есепке алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан 8 (сегіз) жылдан кейін аяқтап Жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын нысандар бойынша мүлік салығының салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептелуін қамтамасыз етуге;

      6) осы Келісім жасалған айдың 1 қаңтарынан бастап және Келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан 10 (он) жылдан кейін аяқтап Келісімнің 2.1 тармағында анықталған қызмет түрлері бойынша Жобаны іске асырудан, Кешенді пайдалану арқылы алынған табыстар бойынша корпоративтік табыс салығының 100 % (жүз пайызға) азайтылуын қамтамасыз етуге;

      7) Салық заңнамасы өзгертілген кезде Келісімде көзделген Салықтық преференцияларының тұрақтылығын және Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге;

      8) 25 жыл мерзіміне осы Келісім талаптарының тұрақтылығын ұсынуға (соның ішінде 4.1.5 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Субсидиялау қағидаларының өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, Субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялар мөлшеріне қатысты);

      9) Қолданылатын заңнамаға сәйкес Жобаға қолжетімді басқа преференцияларды ұсынуға;

      10) 4.1.5 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Субсидиялау қағидаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген Жобаның сметалық құнының 30 % (отыз пайыз) мөлшерінде, бірақ Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидияларды есептеу үшін рұқсат етілген қолданылатын максималды құннан астам емес мөлшерде Жоба бойынша инвестициялық салымдардың өтелуін қамтамасыз етуге;

      11) 4.1.5-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес Субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Субсидиялау қағидаларында көзделген "Су алу және жеткізу инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы су үнемдейтін суару технологияларын енгізу" № 11 жобасының паспортына сәйкес, Жоба шеңберінде салынатын сужинағыш ұңғымалардың жалпы құнының 50 %-ның (елу пайыз) республикалық бюджеттен, сондай-ақ көрсетілген құнның 30 %-ның (отыз пайыз) жергілікті бюджеттен өтелуін қамтамасыз етуге;

      12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды Субсидиялау қағидаларына сәйкес, Жоба шеңберінде сатып алынатын тыңайтқыштар, тұқымдар, өсімдік көшеттері жалпы құнының ішінара өтелуін қамтамасыз етуге, соның ішінде:

      Жоба шеңберінде сатып алынатын тыңайтқыштардың, тұқымдардың, өсімдік көшеттерінің жалпы құнының 50 %-ын (елу пайыз) өтеу,

      Жоба шеңберінде сатып алынатын таңдаулы тұқымдардың жалпы құнының 70 %-ын (жетпіс пайыз) өтеу,

      Жоба шеңберінде сатып алынатын бірінші репродукция тұқымдарының, бірінші буын гибридтері тұқымдарының жалпы құнының 50 %-ын (елу пайыз) өтеу;

      13) Жоба мерзімі бойы, жыл сайын әкімдік айқындайтын субсидиялар нормаларына сәйкес мөлшерде, Жоба шеңберінде көкөніс дақылдарының 1 (бір) дақыл айналымына (газ және электр энергиясын тұтыну) арналған шығындардың жыл сайын өтелуін қамтамасыз етуге;

      14) Жоба шеңберіндегі Өнімдерге арналған көкөніс қоймасы құрылысының жалпы құнының төмендегіге тең мөлшерде ішінара өтелуін қамтамасыз етуге:

      Тоңазытқыш жабдығы бар көкөніс қоймасы құрылысының жалпы құнының 50 % (елу пайыз) немесе

      Желдеткіш жабдығы бар көкөніс қоймасы құрылысының жалпы құнының 40 % (қырық пайыз),

      қайсысы қолданылатынына байланысты;

      15) 4.1.5 тармағының 10), 11), 12), 13), 14), тармақшаларында көзделген субсидиялар бойынша Инвесторға төлеу (өтеу) үшін жеткілікті қаржы ресурстарын мемлекеттік бюджеттен бөлуді және үлестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ Инвестор Кешенді болжалды пайдалануға беру күніне дейінгі 4 (төрт) айдан кешіктірмей субсидиялар сомасын көрсете отырып Уәкілетті органға және әкімдікке негіздеме-хатты алдын ала жіберген жағдайда, тиісті мемлекеттік органдардың мұндай субсидияларды Инвестор субсидиялауға өтінімді берген қаржы жылынан кешіктірмей төлеуін қамтамасыз етуге;

      16) келесі мерзімдерде Кешеннің жұмыс істеуі үшін қажет инфрақұрылымның құрылысын қамтамасыз етуге:

      (a) Кешеннің инфрақұрылымын жобалауға және салуға конкурс өткізу туралы хабарландыру – Күшіне ену күнінен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей;

      (b) Кешеннің инфрақұрылымын салуды аяқтау және пайдалануға беру – Күшіне ену күнінен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей;

      17) сауда шектеулері немесе квоталар Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өнім үшін осындай шектеулер немесе квоталар белгіленген жағдайларды қоспағанда, Инвестор өндіретін кез келген Өнімді өндіруге немесе экспорттауға немесе өсіруде, өңдеуде немесе өндіруде Инвестор пайдаланатын кез келген өнімді импорттауға сауда шектеулері немесе квоталар қолданылмайтынын қамтамасыз етуге. Күмәнді болдырмау үшін осы тармақша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешімімен көзделген әкелім мен әкетілімнің рұқсат беру тәртібіне қолданылмайды;

      18) Қолданылатын заңнамада белгіленген мерзімдерде Инвесторға, Мердігерлерге және (немесе) Жобаға Жобаның мақсаттары үшін қажетті барлық квоталардың, рұқсаттардың, келісімдердің, лицензиялардың және басқа да келісулердің, тіркеулердің және формальдылықтың берілуін (орындалуын) қамтамасыз етуге;

      19) мынаны қамтамасыз етуге:

      Жоба, Инвестор және олардың кез келген активтері Қазақстан Республикасының стратегиялық нысандарының тізіміне енгізілмеуін;

      шетелдік меншікке (меншік құқығына) немесе Инвестордың Жобаға қатысуына қатысты уақытша немесе тұрақты тыйымдар немесе басқа шектеулер болмауын;

      20) Инвесторды және Жоба шеңберінде Инвестор өндіретін кез келген Өнімді Қазақстандағы баға белгілеу талаптарының барлығынан, оның ішінде белгілі бір деңгейде баға белгілеу жөніндегі кез келген талаптардан босатуға;

      21) Жобада жұмыс істейтін Шетелдік жұмыскерлер үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота мен рұқсаттарды беруге:

      құрылыс сатысында – 350 (үш жүз елу) Шетелдік жұмыскерлерге дейін;

      пайдалану сатысында – 150 (жүз елу) Шетелдік жұмыскерлерге дейін,

      Инвестор қызметкерлерінің жалпы тізімдік санында жергілікті құрамының (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің) болуы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолданбай;

      22) Қазақстан Республикасының аумағына кіруге виза беруден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер болмаған жағдайда, Жоба шеңберінде Инвестор, оның Мердігерлері және Үлестес тұлғалары тартқан барлық Шетелдік жұмыскерлерге (және олардың жақын отбасыл мүшелеріне: жұбайлары мен балаларына) тез және кідіріссіз визалар беруге;

      23) Жобаның бүкіл өмірлік циклі бойынша Кешен үшін 39 000 (отыз тоғыз мың) нм3/сағ көлемінде үздіксіз газбен жабдықтауға, Инвестордың алдағы күнтізбелік жыл кезеңіне алдын ала беретін жыл сайынғы өтінімдеріне сәйкес түзетулерді ескере отырып, қамтамасыз етуге;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жобаны іске асырудың барлық мерзіміне электр энергиясымен Жобаға қажетті көлемде жабдықтауды қамтамасыз етуге;

      25) Инвестордың тыныш және кедергісіз пайдалануын және иеленуін қамтамасыз ету үшін Келісімнің бүкіл қолданылу мерзіміне Шымкент қаласын және оның агломерациясын/iргелес аумақтарын дамытудың бас жоспарының Жобаны iске асыру (оны пайдалануды қоса алғанда) мақсаттары үшiн Жер учаскелерiнiң шекаралары бойынша тұрақтылығының кепiлдiгiн бүкiл мерзiмге қамтамасыз етуге;

      26) Инвестордың өтініші бойынша Жоба үшін қаржыландыруды алу және Кредитордың талаптарын орындау мақсатында қажетті құжаттар мен ақпаратты беруге;

      27) Инвестордың өтініші бойынша үшінші тұлғалардың кез келген кінәрат-талаптары бойынша Үкімет пен оның мемлекеттік органдары/Уәкілетті орган тарапынан Инвесторға қолдау көрсету және көмек көрсетуге;

      28) (1) Инвестордың және оның Мердігерлерінің қалыпты операциялық қызметіне араласпаған, (2) Инвесторды алдын ала жазбаша хабардар еткен және (3) Инвестордың қауіпсіздік және басқа нұсқауларын орындаған жағдайда, Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi және (немесе) Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi iшiнде Үкiмет пен мемлекеттік органдардың кез келген араласулары, инспекциялары, тексерістерi және басқа сапарлары немесе мониторинг/бақылау шаралары тек Қолданылатын заңнамада нақты көзделгендермен шектелетініне кепілдік беруге;

      29) жерасты суларын алу үшін ұңғымаларды бұрғылауға рұқсаттарды, сондай-ақ Кешен аумағына іргелес аумақта жерасты суларын алу және пайдалану үшін арнайы суды пайдалануға рұқсаттарды және Қолданылатын заңнамаға сәйкес Жобаны іске асыру мақсатында тәулігіне 11 000 (он бір мың) текше метр су мөлшерінде жерасты суларын алу мен беруді қамтамасыз ететін басқа да рұқсат құжаттарын беруге;

      30) Өнімнің бүлінуін және Жобаға залал келтіруді болдырмау үшін тиісті уақытта бар барлық маңызды экспорттық және импорттық инфрақұрылымға жеделдетіп қол жеткізуге және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеделдетілген қозғалысқа жәрдемдесуге, оның ішінде шектеусіз:

      (a) экспортқа арналған мамандандырылған рефрижераторлық теміржол вагондары мен контейнерлерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      (b) Жоба шеңберінде Өнімді автокөлікпен тасымалдау үшін жағдай жасау;

      (c) бүкіл суық сақтау тізбегі бойынша көкөніс өнімдерін сақтауға арналған, температура режимі реттелетін қоймаларға жедел қолжетімділікті, соның ішінде көтерме сауда орталықтарының болуын қамтамасыз ету;

      (d) бірінші кезекте және кез келген жағдайда мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде Жоба шеңберінде тез бұзылатын тауарларға және басқа да ұқсас тауарларға қатысты тіркеу. Үкімет Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген тауарларды рәсімдеу процесін оңтайландыруға жан-жақты көмек көрсетуге міндеттенеді;

      (e) Инвестордың Кешен аумағында өз тауарларын сақтауға арналған қойма құруына және Инвесторды өз тауарларын сақтауға арналған қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуге, сондай-ақ мұндай қойманы құру, пайдалану және ұстау үшін қажет барлық қажетті рұқсаттар мен мақұлдауларды беруге жәрдемдесу;

      31) қолжетімді құралдар шеңберінде кез келген елге Жоба шеңберіндегі Өнімді экспорттауға жәрдемдесуге;

      32) Жобаға теріс әсер ететін әрекеттерді жасамауға; және

      33) Инвесторға өтеусіз негізде және Қолданылатын заңнамада көзделген тәртіппен Жобаның құрылысы мен толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті мынадай инфрақұрылымға (мөлшері, көлемі, қуаты және басқа да сипаттамалары Инвестор үшін қолайлы болуы тиіс) қолжетімділікті қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей) қамтамасыз етуге; соның ішінде:

      газбен және электрмен жабдықтау;

      кәріз, талшықты-оптикалық Интернет, ұялы және стационарлық телефон байланысы; және

      әр жағдайда Қолданылатын заңнамада және Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасында көрсетілген қолданылатын техникалық және санитарлық талаптарға сәйкес. Коммуналдық қызметтер басқа коммуналдық тұтынушыларға алынатын осындай қызметтердің орташа құнынан аспайтын нарықтық мөлшерлемелер бойынша төленеді.

      4.1.6 Заңнамадағы өзгерістерге байланысты мынадай кепілдіктерді беру:

      1) 4.1.6 тармағының 3) тармақшасын ескере отырып, Үкімет Инвесторға Келісімнің бүкіл мерзімі бойы Жоба мен Инвесторға келесі тұрақтылық кепілдіктері берілетініне кепілдік береді:

      (a) Күшіне ену күні қолданылатын Қазақстан Республикасының Салық заңнамасы мен көші-қон заңнамасы өзгертілген кезде, Келісімде көзделген Салықтық преференцияларының тұрақтылығы. Осы міндеттемені орындау шеңберінде Үкімет Инвесторға және (немесе) Жобаға қолданылатын жер салығын және (немесе) мүлік салығын есептеу мөлшерлемелерін және (немесе) корпоративтік табыс салығының мөлшерін арттыратын Салық заңнамасындағы қандай да бір өзгерістер кезінде Инвестордың Күшіне ену күні қолданылған жер салығын және (немесе) мүлік салығын және (немесе) корпоративтік табыс салығын есептеу мөлшерлемелерін қолдану құқығын сақтауын қамтамасыз етуге міндетті; және

      (b) Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге енгізілген өзгерістерді немесе Қолданылатын заңнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты өзгертілуі тиіс осы Келісімнің ережелерін қоспағанда, осы Келісім талаптарының тұрақтылығы:

      акцизделетін тауарларды әкелу, өндіру, өткізу тәртібі мен талаптарын өзгертетін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде; немесе

      ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында.

      2) Үкімет осы Келісімде көзделген Жобаны қолдау шараларының Инвесторға және Жобаға ешқандай шектеусіз қолданылуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады.

      3) Заңнамадағы өзгеріс Жоба және (немесе) Инвестор үшін осы Келісімде көзделгеннен тиімдірек талаптарды ұсынса, егер Инвестор басқаша шешім қабылдамаса, мұндай өзгерістер Инвесторға қолданылады.

      4) Осы Келісімге сәйкес берілген тұрақтылық кепілдігін Үкімет Келісімнің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде қайтарып ала алмайды.

      4.1.7 Үкімет осы Келісімді барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар мен ұйымдардың республикалық және жергілікті деңгейде сақтауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      4.1.8 Үкімет Жобаның мақсаттары үшін инфрақұрылымды салуды кешіктірсе және (немесе) Үкімет мұндай инфрақұрылымды 4.1.5 тармағының 16) тармақшасында белгіленген мерзімдерде Инвестициялық келісімшарт шеңберінде Инвестор үшін қолайлы күйде бермесе, Тараптар төмендегі туралы келіседі:

      1) Инвестор өз қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымды салуға құқылы (бірақ міндеттеме емес), ал Үкімет Инвестордың бірінші талабын алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде Инвесторға бекітілген жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған сметалық құнның мөлшерінде ол шеккен шығыстар сомасын өтеуге міндетті; және

      2) Осы Келісімнің 1-қосымшасында көрсетілген Жобаны іске асыру кестесі Жобаны іске асыру кестесінде көзделген мерзімдер Үкіметтің құрылысты кешіктіруі, инфрақұрылымды аяқтауы және (немесе) оны Инвесторға беруі мерзіміне тең кезеңге ұзартылатындай автоматты түрде қайта қаралады.

      4.1.9 16.1 және 16.2 тармақтарына сәйкес Үкіметтен алынуы тиіс кез келген өтемақы Инвестордың талабы бойынша еркін айырбасталатын валютада төленуі тиіс.

      4.1.10 Мұндай Экспроприацияны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін кемсітілмейтін жолмен қалпына келтіру мақсатында қажет болатын және Экспроприациялауды жүзеге асыру сәтінде қолданыста болатын, оның ішінде тез, барабар және тиімді өтемақы төлеу бөлігінде қолданылатын Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы инвестицияларға өзара жәрдемдесу, көтермелеу және қорғау туралы халықаралық келісімдер ережелерін әрқашан қатаң сақтау қажет болатын жағдайларды қоспағанда, Инвестордың ешбір мүлкі (соның ішінде кез келген Инвестициялар) нәтижесінде Инвестор Инвестордың мүлкіне меншік құқығын беретін не оны тікелей алып қоятын, немесе меншік құқығын беруінсіз не тікелей алып коюсыз, мүлікті иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқықтарын қоса алғанда, Инвестор оның мүлкіне меншіктің негізгі атрибуттарынан айырылатын экспроприациялауға, мемлекет меншігіне алуға, реквизициялауға немесе экспроприацияға, ұлттандыруға немесе реквизициялауға, тақылеттес салдарға әкеп соғатын кез келген басқа тікелей немесе жанама шараларға ("Экспроприация") ұшырауы мүмкін емес. Өтемақы Инвесторға мемлекеттік бюджет есебінен алдағы Экспроприация туралы белгілі болған сәттің алдындағы сәтте ("Бағалау күні") экспроприацияланған мүліктің 1-қосымшасына (Әділ нарықтық құн) сәйкес анықталатын әділ нарықтық құны болып табылуы керек. Үкімет алдағы Экспроприация туралы Қолданылатын заңнама қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өтемақы мөлшерін анықтауға міндетті. Өтемақы Қолданылатын заңда белгіленген мерзімде, бірақ кез келген жағдайда өтемақы мөлшері анықталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, экспроприацияланған мүлік Үкіметке берілгенге дейін еркін айырбасталатын валютада төленуі тиіс.

      Күмәнді болдырмау үшін, кемсітпейтін құқықтық шаралар Экспроприация болып табылмайды:

      Инвестордың Инвестор мүлкіне меншік құқығын беруіне немесе оны тікелей алып қоюына не Инвестордың оның мүлкіне меншіктің негізгі атрибуттарынан айырылуына (меншік құқығын бермей немесе тікелей алып қоймай мүлікті иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқықтарын қоса алғанда) әкелмейтін шаралар, және

      Үкімет денсаулықты, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау үшін қолданатын шаралар.

      4.2 Инвестор міндеттенеді:

      4.2.1 осы Келісімде көзделген мөлшерде және мерзімде Инвестицияларды жүзеге асыруға;

      4.2.2 осы Келісімнің ережелерін сақтауға;

      4.2.3 Инвестицияларды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беру және осы Келісімнің және 3-қосымшаның талаптарына сәйкес тексеру туралы ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтауға;

      4.2.4 Кешеннің толық өнімділігіне қол жеткізген кезде Кешеннің орналасқан жері бойынша 1000-нан (бір мың) 1600-ге (бір мың алты жүз) дейінгі жергілікті жұмыскерлерді жұмысқа тартуға, сол арқылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы секторында қосымша жұмыс орындарын құруға;

      4.2.5 қазақстандық кадрларды үздіксіз оқыту жүйелерін енгізуге және жылына кемінде 25 (жиырма бес) Кешенде жұмыс істейтін жұмыскердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

      4.2.6 Шымкент қаласының әкімдігі немесе Уәкілетті орган аталған мамандарды ұсынған жағдайда, әрбір маман үшін ұзақтығы 1 (бір) ай болатын жыл сайын 10 (он) агроинженер мен 10 (он) агротехникті тағылымдамаға қабылдауға;

      4.2.7 Шымкент қаласының әкімдігі ағаш отырғызу үшін тиісті жер учаскелерін берген жағдайда, 2375000 (екі миллион үш жүз жетпіс бес мың) теңгеден аспайтын жыл сайынғы бюджет шеңберінде ағаш отырғызуға;

      4.2.8 Шымкент қаласының әкімдігі балалар (ойын) алаңдарын салу үшін тиісті жер учаскелерін берген жағдайда, 5 (бес) көп емес балалар (ойын) алаңдарын салу және жарақтандыруға;

      4.2.9 Шымкент қаласының әкімдігі ауданы 500 (бес жүз) шаршы метрден аспайтын балабақша салу үшін тиісті жер учаскесін, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды (инженерлік желілерді, автожолдарды қоса алғанда) берген жағдайда, салуға жұмсалатын шығындары 570 000 000 (бес жүз жетпіс миллион) теңгеден аспайтын, сыйымдылығы 100 (жүз) баладан көп емес, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақша салу және жарақтандыруға;

      4.2.10 Уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға және Инвестиция тартуға бағытталған Үкiмет ұйымдастыратын форумдарға, көрмелерге және басқа да осыған ұқсас iс-шараларға қатысуға;

      4.2.11 Үкіметтің негізделген талабына сәйкес озық тәжірибелер туралы ақпаратты ұсыну арқылы ақпараттық қолдау көрсетуге;

      4.2.12 Үкіметтің негізделген сауалына сәйкес Қолданылатын заңнамаға ұсынылатын түзетулердің жобаларына қатысты ақпарат беруге;

      4.2.13 Жоба бойынша Мердігерлерді таңдауға. Инвестор Кешенді жобалау және салу жұмыстарының 100 % дейін қосалқы мердігерлікке тапсыруға құқылы, ал Үкімет жұмыстарды қосалқы мердігерлікке тапсыруға рұқсат береді;

      4.2.14 Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, жоспарлау құжаттамасын және жобалық-сметалық құжаттамасын (соның ішінде жұмыстарды қосалқы мердігерлікке тапсыру арқылы) әзірлеуге;

      4.2.15 қажет болған жағдайда және осындай рұқсаттар мен келісімдерді жедел алу үшін Үкіметтің көмегімен қажетті рұқсаттар мен келісімдерді алуға;

      4.2.16 ішкі және сыртқы өткізу нарықтары үшін өткізуге және маркетингке байланысты Жобаны қолдауға;

      4.2.17 қызметкерлерді Кешенді басқару және пайдалану бойынша оқыту үшін қажетті біліммен және тәжірибемен бөлісуге.

5. Форс-мажор

      5.1 Егер мұндай орындамау немесе бұзу форс-мажордың (бұдан әрі "Форс-мажор") салдарынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны немесе өзге жолмен бұзғаны үшін жауапты болмайды.

      5.2 Форс-мажорға еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни Форс-мажорға ұшыраған Тараптың ақылға қонымды бақылауынан тыс төтенше жағдайлар және осы Келісім бойынша Тарапқа өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін осы жағдайларда болдырмауға болмайтын мән-жайлар жатады, бірақ егер Тараптардың бірі осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін бұзбаған болса, алдын алуға болатын оқиғаны қоспағанда.

      Форс-мажор шектеусіз мыналарды қамтиды: i) соғыс, әскери іс-қимылдар (мұндай соғыстың жариялануына не жарияланбауына қарамастан), арнайы әскери операция, басып кіру, сыртқы жаулардың әрекеті; немесе (ii) азаматтық бағынбау актісі, терроризм актісі, революция, көтеріліс, әскери немесе басып алынған биліктің әрекеті немесе азаматтық соғыс; немесе (iii) Үкіметтің персоналынан басқа тұлғалардың тарапынан төңкеріс, көтеріліс, азаматтық толқу, тәртіпсіздік, ереуіл немесе локаут; немесе (iv) Тараптың әскери жарақтарды, жарылғыш заттарды, радиациялық немесе радиоактивті көздерді пайдалануына байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери жарақтар, жарылғыш заттар, иондаушы сәулелену немесе радиацияның әсерінен ластану көздері; немесе (v) табиғи апаттар, мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны, дауылдар, тайфундар, көшкіндер, циклондар, өрттер, найзағай немесе жанартаулық белсенділік немесе басқа да осыған ұқсас табиғи құбылыстар немесе оқиғалар; немесе (vi) ДДҰ немесе жергілікті денсаулық сақтау органдары жариялаған пандемия, эпидемия, карантин, оқшаулау; немесе (vii) халықаралық санкциялар және (немесе) эмбарголар; олардың барлығы жоғарыдағы анықтамада берілген барлық талаптарды қанағаттандыруы керек.

      5.3 Тараптар Форс-мажорға байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара тоқтатқан кезде мұндай міндеттемелерді орындау мерзімі 1-қосымшаға (Жобаны іске асыру кестесі) өзгерістер енгізу жолымен Форс-мажордың қолданылу мерзіміне ұзартылады. Бұл ретте орындау Форс-мажор аяқталған күннен бастап қайта басталуы тиіс.

      5.4 Форс-мажор жағдайында оның әсерінен зардап шеккен Тарап Форс-мажор туындаған күннен бастап 15 (он бес) Жұмыс күні ішінде келесі Тарапты жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабардар етуге міндетті:

      1) Форс-мажор әсерінің басталу күні;

      2) Форс-мажорға байланысты Тараптардың орындауы мүмкін емес міндеттемелер немесе олардың бөліктері;

      3) Форс-мажордың толық сипаттамасы;

      4) Форс-мажордың күтілетін ұзақтығы; және

      5) осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындауға Форс-мажордың әсерін жою немесе барынша азайту мақсатында Форс-мажорға ұшыраған Тарап немесе Тараптар бірлесіп қолдануы ұсынылатын шаралар. Мұндай хабарлама берілгеннен кейін және Форс-мажордың барлық кезеңінде Форс-мажордың салдарынан орындалуы мүмкін емес міндеттемелерді орындау тоқтатылады.

      5.5 Форс-мажор жағдайлары орын алған жағдайда, Тараптар ағымдағы жағдайдың шешімін табу үшін дереу адал келіссөздер жүргізеді және Форс-мажордың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

6. Құпиялылық

      6.1 Қолданылатын заңнамаға сәйкес, Келісімнің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде Тараптар осы Келісімге, оның талаптары мен ережелеріне, осы Келісімнің талаптарын орындауға және Жобаны іске асыруға қатысты барлық құжаттама мен ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді.

      6.2 Мына жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Жобаны іске асыруға қатысты ақпаратты, осы Келісімнің мазмұнын немесе басқа да тиісті ақпаратты ашуға құқылы емес:

      1) мұндай ақпарат Қазақстан Республикасында, Түркия Республикасында және (немесе) кез келген басқа елде сотта немесе арбитражда іс жүргізу барысында пайдаланылады;

      2) мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылығы бойынша міндеттемелерді атқарған жағдайда және оны Тараптар көздеген мақсатта және Тараптар келіскен кезең ішінде пайдаланған жағдайда, ақпарат осы Келісім бойынша кез келген Тарапқа қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға беріледі;

      3) мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылығы бойынша міндеттемелерді атқарған жағдайда, ақпарат шарт негізінде кез келген Тарапқа қаржы ресурстарын беретін банкке немесе басқа қаржы ұйымына беріледі;

      4) ақпарат Инвестордың кез келген банктік шоттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетел банктерінде ашылған шоттарына қатысты банк құпиясын құрайтын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алатын Қазақстан Республикасының және (немесе) Түркия Республикасының мемлекеттік табыс органдарына немесе басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына беріледі;

      5) ақпарат танылған қор биржасына, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде беріледі;

      6) ақпарат кез келген мемлекеттік немесе реттеуші органға, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс юрисдикциялардың мемлекеттік немесе реттеуші органдарына беріледі;

      7) ақпарат лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет ақпаратқа қолжетімділік принципіне сәйкес Тараптардың немесе олардың Үлестес тұлғаларының жұмыскерлеріне, басшыларына, директорларына беріледі.

7. Міндеттемелердің орындалуын бақылау

      7.1 Уәкілетті орган осы Келісім бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылайды.

      7.2 Осы Келісімді жасасқаннан кейін Инвестор 3-қосымшада көзделген нысандағы Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей және тексеру кезеңінен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Жобаны іске асыру кестесін ескере отырып және Инвестордың міндеттемелерінің орындалуын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімін қоса бере отырып, Инвестициялық міндеттемелер бөлінген осы Келісімнің талаптарын орындау туралы ақпаратты жылына екі рет беруге міндеттенеді.

      Инвестор осы Келісімді бұзған немесе осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Уәкілетті орган Инвесторға бұзушылықты көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді және оған мұндай бұзушылықты жою үшін 4 (төрт) ай мерзім береді.

      7.3 Жобаны іске асыру кестесін орындағаннан кейін 3 (үш) ай ішінде Инвестор мыналарды бере отырып, Уәкілетті органға аудиторлық есепті ұсынады:

      1) Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес Инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;

      2) Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес сатып алынған тіркелген активтердің бөлінуі;

      3) Жобаны іске асыру кестесінің сақталуын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;

      4) осы Келісімнің талаптарын орындау туралы ақпарат.

8. Дауларды шешу

      8.1 Тараптар осы Келісім негізінде немесе оған байланысты туындайтын кез келген дауды, қайшылықты немесе кінәрат-талапты Тараптардың бірі екінші Тарапқа даудың бар болуы туралы жазбаша хабарлама жібергеннен кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде келіссөздер арқылы шешуге ұмтылуы тиіс. Егер дау осы кезең ішінде шешілмесе, 8.2 тармағының ережелері қолданылады.

      8.2 Тараптар дау Келісімнің 8.1 тармағына сәйкес келіссөздер арқылы шешілмесе, дауларды шешудің мынадай процедурасы қолданылатынына келіседі:

      (i) осы Келісім бойынша немесе оған байланысты, оның ішінде оның бар болуына, жарамдылығына, түсіндірілуіне, орындалуына, бұзылуына немесе тоқтатылуына қатысты туындайтын, құны 1000000 (бір миллион) АҚШ долларынан кем кез келген дау, оның ішінде шарттық немесе шарттан тыс дау "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық арбитраждық орталығы ("ХАО") өткізетін арбитраждық талқылау шеңберінде ХАО тіркеушісіне арбитраждық талқылау туралы өтініш берілген күні қолданылатын және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ХАО Арбитраж және медиация қағидаларына сәйкес қарауға беріледі және түпкілікті шешіледі. Арбитраж жүргізу орны Қазақстан, Астана қаласы болады;

      (ii) осы Келісім бойынша немесе оған байланысты, оның ішінде оның бар болуына, жарамдылығына, түсіндірілуіне, орындалуына, бұзылуына немесе тоқтатылуына қатысты туындайтын, құны 1 000 000 (бір миллион) АҚШ долларына тең немесе одан астам болатын кез келген дау, оның ішінде шарттық немесе шарттан тыс дау Париждегі Халықаралық сауда палатасының ("ХСП") қолданыстағы Арбитраждық регламентіне сәйкес шешімі міндетті болатын арбитраждық талқылау қарауына беріледі және түпкілікті шешіледі. Арбитраж жүргізу орны Париж қаласы (Франция) болады.

      Арбитраж құрамында 3 (үш) арбитр болады. Инвестор, бірінші тараптан, және Үкімет, екінші тараптан, дау арбитражға берілген күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде бір (1) арбитрден тағайындайды. Қандай да бір Тарап арбитрді тағайындамаған жағдайда, тиісті регламентке сәйкес қайсысы қолданылатынына байланысты тиісті арбитрді ХАО немесе ХСП төрағасы тағайындайды, ал үшінші төрағалық етуші арбитр басқа екі арбитрдің келісімі бойынша тағайындалады немесе егер арбитрлер үшінші арбитр тағайындалғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде төрағалық етуші арбитрдің кандидатурасын тағайындау бойынша келісімге келмесе, тиісті регламентке сәйкес қайсысы қолданылатынына байланысты осындай төрағалық етуші арбитрді ХАО немесе ХСП төрағасы тағайындайды. Арбитраждық талқылау ағылшын тілінде өткізіледі. Арбитраждық талқылауды өткізу орнының юрисдикциясының заңнамасы арбитраждық талқылаудың өткізілуін реттейтін қолданылатын құқық болады. Арбитраждық шешім түпкілікті болып табылады және Тараптар үшін міндетті. Тараптар арбитраждық талқылау шығындарын арбитрлердің белгілеуіне сәйкес көтереді. Арбитрлер коммерциялық заңгерлер болуы керек және әрқайсысының кемінде 15 (он бес) жылдық кәсіби тәжірибесі болуы керек. Арбитрлер Қазақстан Республикасының, Түркия Республикасының, ТМД немесе ЕАЭО-ға қатысушы елдердің азаматтары бола алмайды.

      8.3 Егер Тараптар өзгесін келіспесе, Тараптар дауды шешу кезеңінде осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.

9. Қолданылатын құқық

      Осы Келісім, сондай-ақ осы Келісімнен туындайтын немесе оған байланысты немесе оны құруға байланысты кез келген сипаттағы кез келген даулар, қайшылықтар, талқылаулар немесе кінәрат-талаптар (соның ішінде шарттан тыс даулар немесе кінәрат-талаптар) АХҚО құқығына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.

10. Келісімнің қолданылу және күшіне ену мерзімі

      10.1 Осы Келісім Тараптар оған қол қойған күннен бастап ("Күшіне ену күні") күшіне енеді және жаңа мерзімге ұзартылмаса немесе мерзімінен бұрын тоқтатылмаса немесе, осы Келісімде көзделгендей, осы Келісімнен бас тартылмаса, _____ жылғы "___" [ ] дейін 25 (жиырма бес) жыл бойы ("Келісімнің қолданылу мерзімі") өз қолданысын сақтайды.

      10.2 Келісім оның талаптарына сәйкес ұзартылмаса немесе мерзімінен бұрын тоқтатылмаса, Келісімнің қолданылуы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталған күні тоқтатылады.

11. Келісімге енгізілетін өзгерістер

      Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара келісім бойынша жылына бір реттен жиі емес қосымша келісім жасасу арқылы Келісімге өзгерістер енгізуге құқылы.

12. Келісімді бұзу талаптары

      12.1 Осы Келісімнің 10-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін Келісімнің қолданылуы Тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын немесе осы бөлімге сәйкес біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

      12.2 Инвестордың өтемақы кепілдігіне және жауапкершіліктен сақтауға және 4.1.10, 16.1, 16.2 және 16.4 тармақтарында көрсетілген залалдарды өтеу құқығына қатысты құқықтарын шектемей, Инвестор Уәкілетті органға Келісімнен бас тарту туралы хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнен біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы, егер: (1) Үкiмет осы Келiсiм бойынша өзiнiң кез келген мiндеттемесiн және (немесе) мiндетiн орындамаса және Инвестор Үкiметтен мұндай мiндеттеменi орындауды талап ету құқығынан бас тартпаса немесе Үкімет мұндай орындамауды Инвестор Уәкілетті органға жою туралы талабы бар бұзушылық туралы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде немесе Инвестор көрсеткен ақылға қонымды басқа кезең ішінде ("Үкімет үшін жою кезеңі") Инвесторды қанағаттандыру үшін жоймаса; немесе (2) осы Келісімге сәйкес Үкімет берген кез келген растамалар немесе кепілдіктер қате, дәл емес немесе жаңылыстыратын болса.

      Инвестордың Келісімнен бас тарту туралы хабарламасы Уәкілетті орган Келісімнен бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап 4 (төрт) айдан ерте болмауы тиіс Келісімді тоқтату күнін қамтуы тиіс.

      12.3 12.2 тармағына сәйкес Инвестор Келісімнен біржақты тәртіппен бас тартқан жағдайда, Инвестор Келісімнің 16.4 тармағына сәйкес залалдардың, зиянның, шығыстардың, шығындардың (оның ішінде Инвестор Жобаны іске асыру үшін тартқан сыртқы қарызды және қарыз бойынша тиісті пайыздарды өтеуге байланысты шығындардың) өтелуіне құқылы, бұл ретте мұндай залалдарды өтеу Келісімнің 4.1.10, 16.1 және 16.2 тармақтарында көзделген Инвестордың құқықтары мен құқықтық қорғау құралдарына қосымша, нұқсан келтірместен және (немесе) бас тартусыз көзделген.

      12.4 Үкімет осы Келісімді бұзуға құқылы және мұндай құқық Инвесторға Келісімді бұзу туралы хабарлама жіберу арқылы Үкіметтің айрықша құқықтық қорғау құралы болып табылады, егер (1) Инвестор өз кінәсінен (яғни Үкіметтің осы Келісімнің талаптарын немесе осы Келісімнің талаптарынан туындайтын кез келген шартты бұзуы нәтижесінде емес және (немесе) Форс-мажор нәтижесінде емес) осы Келісім бойынша Елеулі бұзушылық жасаса; және (2) мұндай Елеулі бұзушылықты жою мүмкін емес немесе егер оны жою мүмкін болса, Инвестор Үкіметтен елеулі бұзушылық туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап төрт (4) ай ішінде ("Инвестор үшін жою кезеңі"), бұзушылықты жоюға бағытталған ешқандай әрекеттерді жасамаса және (3) Үкімет мұндай Елеулі бұзушылықты жоюдан бас тартуды бермесе.

      Үкіметтің Келісімді бұзу туралы хабарламасы Инвестордың бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап 4 (төрт) айдан ерте болмауы тиіс Келісімді бұзу күнін қамтуы тиіс.

      12.5 Осы Келісімнің 12.4 тармағына сәйкес Үкімет осы Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Инвестор Келісім бұзылған күнге дейін осы Келісім бойынша инвестициялық артықшылықтар мен Жобаны қолдау шараларын беру нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждарды және (немесе) Инвестор Келісім бұзылған күнге дейін нақты алған өзге жеңілдіктердің сомаларын Қолданылатын заңнамада белгіленген тәртіппен төлеуге міндеттенеді.

      12.6 4.1.10, 12.3, 16.1, 16.2 және 16.4 тармақтарының ережелеріне нұқсан келтірместен, Үкімет 12.4 тармағында көзделмеген негіздер бойынша Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда:

      1) Кешенді салу кезеңінде оны пайдалануға бергенге дейін Үкімет Инвесторға Инвестордың бірінші талабын алған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген Жобаның сметалық құнының 30 % (отыз пайыз) тең мөлшерде алдын ала бағаланған залалдарды, сондай-ақ Келісім бұзылған күннен бастап Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейінгі кезеңде Инвестор төлеуі тиіс болатын салықтар мен кедендік баждардың сомасын төлейді;

      2) Кешенді пайдалану кезеңінде оны пайдалануға бергеннен кейін Инвестор 4.1.5 тармағының 10), 11), 14) тармақшаларына сәйкес Келісім бұзылған күнге дейін субсидияларды нақты алған жағдайда, Үкімет Инвесторға Инвестордың бірінші талабын алған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде алдын ала бағаланған залалдарды салықтар мен кедендік баждардың сомасына тең мөлшерде төлейді, Инвестор оларды Келісім бұзылған күннен бастап Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін төлеуі тиіс болады.

      12.7 Күмәнді болдырмау үшін осы Келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тоқтату себептеріне қарамастан, Тараптар Кешен әрқашан Инвестордың меншігінде сақталатынына келіседі.

13. Келісім тілі

      13.1 Осы Келісім ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі 2 (екі) данада жасалды, әр Тарапқа бір данадан беріледі. Егер осы Келісімнің талаптарында өзгесі көзделмесе, барлық даналар бірдей дәрежеде түпнұсқа болып саналады және бірдей заңды күшке ие. Осы Келісімді түсіндіруге қатысты қайшылықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы басым күшке ие болады.

      13.2 Тараптар қарым-қатынас пен хат алмасу тілі ағылшын тілі екеніне келіседі. Күшіне ену күнінен бастап осы Келісімнің талаптарын орындау туралы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады.

14. Тараптардың растамалары мен кепілдіктері

      14.1 Әр Тарап екінші Тарапқа төмендегілерді растайды және кепілдік береді:

      1) мұндай бірінші Тарап осы Келісімді жасасуға және орындауға және осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға құқылы және барлық осындай әрекеттер тиісті түрде мақұлданған, оның ішінде оның барлық қажетті әрекеттерді орындауы және барлық қажетті процедураларды сақтауы;

      2) мұндай бірінші Тарап осы Келісімге тиісті түрде қол қойды және табыстады және ол оның талаптарына сәйкес мәжбүрлі түрде орындалуы тиіс мұндай Тараптың жарамды әрі міндетті заңды күшке ие міндеттемесі болып табылады; және

      3) осы Келісім шеңберінде Жобаға қатысты ешқандай растамалар, кепілдіктер немесе міндеттемелер үшінші тұлғаларға берілген құқықтарға немесе басымдықтарға (артықшылықтарға) қайшы келмейді.

      14.2 Үкімет Инвесторға мыналарды ұсынады және кепілдік береді:

      1) Қолданылатын заңнамаға қатаң сәйкестікте, үшінші тұлғалардың және (немесе) Қазақстан Республикасының құқықтарын бұзбай, Инвесторға Инвестициялық келісімшарт аясындағы заттай грант ретінде Жер учаскелері беріледі, сондай-ақ Жер учаскелеріне құқықтар Жобаның бүкіл мерзімі бойы Инвесторда сақталады;

      2) осы Келісімнің ережелері Қолданылатын заңнамаға сәйкес келеді.

15. Егемендік иммунитеттен бас тарту

      15.1 Үкімет осы Келісімнің жария немесе мемлекеттік акт емес, коммерциялық мәміле болып табылатынын және Үкіметтің егемендік негізінде немесе қандай да бір юрисдикцияның қандай да бір заңына сәйкес осы Келісім бойынша немесе оған байланысты туындайтын кез келген міндеттемені мәжбүрлі түрде орындау туралы іс қозғалуы мүмкін өзге негізде өзіне немесе өзінің кез келген тиісті активтеріне қарсы сотта немесе арбитражда талқылаудан иммунитетті талап етпейтінін мәлімдейді және кепілдік береді. Егер Үкімет немесе оның тиісті активтерінің кез келгені есепке алудан, сот немесе арбитраж талқылауынан, талап арызды қамтамасыз ету шараларынан, егемендік негізінде немесе басқа негізде сот (арбитраж) шешімін орындау мақсатындағы басқа ауыртпалықтан немесе өндіріп алуға жүгінуден иммунитетке ие болса немесе кейін ие бола алса, Үкімет осы арқылы осы Келісім бойынша немесе оған байланысты туындайтын кез келген міндеттемені мәжбүрлі түрде орындау мақсатында іс жүргізілуі мүмкін қандай да бір юрисдикцияның қандай да бір заңына сәйкес кез келген есепке алудан, сот немесе арбитраж талқылауынан, талап арызды қамтамасыз ету шараларынан, егемендік негізінде немесе басқа негізде сот (арбитраж) шешімін орындау мақсатындағы басқа ауыртпалықтан немесе өндіріп алуға жүгінуден сөзсіз бас тартады.

      15.2 Күмәнді болдырмау үшін осы Келісімде ешнәрсе мынадай мүлікке қатысты кез келген иммунитеттен бас тарту ретінде түсіндірілмеуі керек:

      1) қорғаныс, әскери мақсаттағы немесе қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауында;

      2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық мақсаттары үшін пайдаланылады немесе арналған;

      3) Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерді немесе кез келген әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылады немесе арналған;

      4) Қазақстан Республикасының мәдени мұрасының бөлігі болып табылады немесе Қазақстан Республикасының халқы немесе Қазақстан Республикасындағы кез келген этнос үшін ерекше мәдени немесе тарихи маңызы бар және сатуға ұсынылмаған немесе ұсынылуға арналмаған; және

      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне меншiк құқығымен және (немесе) өзге түрде тиесiлi және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы мүлiк.

16. Жауапкершілік

      16.1 Осы Келісімде көзделген Үкіметтің міндеттемелерінің, растамаларының немесе кепілдіктерінің кез келгені, соның ішінде (шектеусіз) Жобаны қолдау шараларының кез келгені осы Келісімде көрсетілген мерзімдерде қандай да бір себептермен тиісінше орындалмаса немесе оның ішінде осы Келісімге сәйкес берілген тұрақтылықтың күшін жою нәтижесінде немесе заңнамадағы өзгеріс нәтижесінде орындалмайтын, жарамсыз немесе заңсыз болса, Үкімет Инвесторды толық көлемде Үкімет тарапынан міндеттемелерден, куәліктерді және (немесе) кепілдіктерді орындамауына және (немесе) бұзуына байланысты туындайтын қандай да бір мемлекеттік органдардың және (немесе) үшінші тұлғалардың жауапкершіліктен, шығындарынан, шығыстарынан, залалдарынан, талаптарынан сақтайтынына келіседі.

      16.2 Жоғарыда айтылғандардың жалпы мағынасын шектемей, Үкімет Инвесторды жауапкершіліктен толығымен қорғауға және Инвесторға оның талабы бойынша заңнаманың кез келген өзгерісін сақтау нәтижесінде Инвестор көтерген бүкіл залалды (соның ішінде осы Келісім шеңберінде салықтық артықшылықтарды беру көзделген салықтарды және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Инвестордың шығындарын) дереу өтеуге міндеттенеді.

      16.3 Үкімет осы Келісімде көзделген мерзімдерде өз міндеттемелерін орындауға, осы Келісімнің талаптарын сақтауға және Жобаны қолдау шараларын ұсынуға міндеттенеді. Үкіметтің осы Келісімде көзделген мерзімдерде кез келген Жобаны қолдау шараларын орындамауы немесе осы Келісімнің талаптарын орындамауы:

      1) Үкіметті оларды орындаудан босатпайды және Үкіметтің оларды орындаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды;

      2) Инвесторды өзара (қарсы) міндеттемені орындаудан босатады және Инвесторға Үкімет тарапынан кешіктіру ұзақтығына тең мерзімге Инвестор немесе Жоба үшін белгіленген мерзімнің ұзартылуын ұсынады.

      16.4 Үкімет және (немесе) оның мемлекеттік органдары және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Келісімнің қандай да бір ережелерін бұзған жағдайда, Инвестордың осы Келісімде, заңда немесе әділдік құқығында көзделген құқықтары мен құқықтық қорғау құралдарына, соның ішінде міндеттемені заттай орындауды талап ету құқығына залал келтірместен, Үкімет барлық залалдарды, зиянды, шығыстарды, соның ішінде Инвестор Жобаны іске асыру үшін тартқан сыртқы қарызды және (немесе) Инвестор көтерген немесе төлеген қарыз бойынша тиісті пайыздарды өтеуге байланысты шығындарды толық көлемде Инвесторға өтеп беруге міндетті.

      16.5 Инвестор осы Келісімді мерзімінен бұрын бұзуға әкеп соққан осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Инвестордың жауапкершілігі осы Келісімнің 12.5 тармағына сәйкес салықтар мен кедендік баждарды және (немесе) өзге де жеңілдіктер сомасын төлеумен шектеледі. Бұл ретте Инвестор Инвестордың осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауы нәтижесінде келтірілген Үкіметтің қандай да бір жанама, кездейсоқ шығындары және (немесе) залалы (соның ішінде, шектеусіз, жоғалған пайда, табыстан айырылу, Келісім бұзылған күннен кейін мемлекеттік бюджетке салықтарды немесе өзге де міндетті төлемдерді төлеу және т.б.) үшін Үкімет алдында жауап бермейді.

      Осы Келісімнің қарама-қайшы кез келген ережесіне қарамастан, Инвестордың осы Келісім бойынша жиынтық жауапкершілігі 73700000 (жетпіс үш миллион жеті жүз мың) теңгемен шектеледі.

17. Хабарламалар

      17.1 Мекенжайлары

      Осы Келісімде өзгесі көзделмесе, хабарлама, мәлімдеме немесе басқа хабар төменде көрсетілген мекенжай немесе осындай хабарламаны, мәлімдемені немесе басқа хабарды ұсынатын немесе жіберетін Тарапқа хабарлама арқылы осындай Тарап берген басқа мекенжай бойынша қолмен, халықаралық курьерлік қызметпен немесе электрондық пошта арқылы ол жеткізілуі тиіс немесе жеткізілуі мүмкін Тарапқа жеткізілген кезде тиісінше берілген немесе ұсынылған болып саналады.

      Үкімет үшін:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің назарына:

      Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс

      Т.А.Ә.: Сапаров Айдарбек Сейпілұлы

      Эл. пошта: office@minagri.gov.kz

      Инвестор үшін:

      "Alsera KZ" ЖШС назарына:

      Мекенжайы: Қазақстан, 160011 Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы, Д. Қонаев даңғылы, 17/5 құрылыс

      Т.А.Ә.: Гюнай Гокалп

      Лауазымы: Директор

      Эл. пошта: Gunay.Gokalp@alsim.alarko.com.tr

18. Заңды күшін сақтау

      18.1      4.1.10, 6 (Құпиялылық), 8 (Дауларды шешу), 9 (Қолданылатын құқық), 14 (Тараптардың растамалары мен кепілдіктері), 15 (Егемендік иммунитеттен бас тарту), 16 (Жауапкершілік), 18 (Заңды күшті сақтау) тармақтарының ережелері және осы Келісімнің ол тоқтатылғаннан кейін де қолданылатыны тікелей көзделетін немесе қарастырылатын кез келген басқа ережелері осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылғаннан кейін қолданыла береді және мұндай тоқтатудың негіздері мен себептеріне қарамастан, толық көлемде күшінде қалады.

19. Өзге ережелер

      1) Осы Келісімге енгізілетін кез келген өзгеріс немесе толықтыру жазбаша түрде жасалуы және осы Келісімнің Тараптары оған қол қоюы керек.

      2) Осы Келісімнің кез келген ережесі бұзылған жағдайда, бұзбайтын Тарап айқын білдірілген жазбаша келісім бойынша мұндай ережені сақтауды талап ету құқығынан бас тарта алады немесе бұзған Тарапты мұндай міндеттемеден босата алады. Кез келген ережені орындауды талап ету құқығынан бас тарту немесе осы Келісімге сәйкес берілген келісім жазбаша түрде жасалған және орындауды талап ету құқығынан бас тартатын Тарап қол қойған жағдайда және берілген мақсатына және дәрежесіне сай ғана жарамды болады. Тарап басқа Тараптың кез келген талапты, міндеттемені немесе міндетті орындауын талап ету құқығынан бас тартса, мұндай басқа Тарап мұндай бас тартудың барлық талаптарымен келіскен болып есептеледі. Мұндай бас тарту осы Келісімнің талаптарын қайта қарау үшін негіз ретінде түсіндірілмеуі және бас тартуды ұсынған Тарап заң, шарт бойынша немесе басқа негізде ие болатын құқықтар мен құқықтық қорғау құралдарына (соның ішінде залалды өтеуді талап ету құқығына) қандай да бір жолмен әсер етпеуі керек.

      3) Осы Келісімнің кез келген ережесі қандай да бір юрисдикцияда жарамсыз, заңсыз немесе мәжбүрлі түрде орындауға жатпайды деп танылса, мұндай факт осы Келісімде қамтылған кез келген басқа ережелердің осы юрисдикциядағы жарамдылығына, заңдылығына немесе мәжбүрлі түрде орындалуына еш әсерін тигізбейді, нұқсан келтірмейді және шектемейді, сондай-ақ осы Келісімде қамтылған мұндай немесе кез келген басқа ереженің кез келген басқа юрисдикциядағы жарамдылығына, заңдылығына немесе мәжбүрлі түрде орындалуына еш әсерін тигізбейді, нұқсан келтірмейді және шектемейді.

      4) Әрбір Тарап бүкіл күш-жігерін салады және барлық әрекеттерді немесе актілерді тиісінше және уақтылы орындайды және жүзеге асырады (немесе мұндай әрекеттерді немесе актілерді орындаудан бас тартады), мұндай қосымша құжаттарға қол қояды және оларды табыстайды және осы Келісімде көзделген уағдаластықтарды орындау үшін қажетті немесе орынды барлық әрекеттер мен шараларды қолданады.

      5) Тараптар "шарттар орындалуы тиіс" (pacta sunt servanda) принципіне сәйкес өз міндеттемелерін орындауға келісті.

      6) Осы Келісімде ешнәрсе Инвестордың акционерінің (акционерлерінің) және (немесе) Инвестордың өзінің қатысу үлесіне (акцияларына) және (немесе) Инвестордың активтеріне Үкіметтен келісім алу немесе оған хабарлама жіберу қажеттілігінсіз кез келген тәсілмен иелік ету құқығына тыйым салу немесе шектеу ретінде түсіндірілмеуі керек.

1-ҚОСЫМША

Жобаны іске асыру кестесі

      Жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама (осындай құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қоса алғанда) – Күшіне ену күнінен бастап 8 ай.

      Кешеннің әрбір кезегін салу және пайдалануға беру:

      (i) А кезегі – 2026 жылғы 31 желтоқсан

      (ii) В кезегі – 2025 жылғы 31 қазан,

      (жоғарыдағы күндердің әрқайсысы – "Пайдалануға беру күні").

      Кешеннің әрбір кезегін пайдаланудың басталуы – тиісті кезек пайдалануға берілген күннен бастап 1 (бір) ай.

      Осы Келісімді жасасқан заңды тұлғаның атауы

      "ALSERA KZ" ЖШС

      Инвестициялық міндеттемелер, мың теңгемен

Тіркелген активтерге инвестициялар

Күнтізбелік жыл

Барлығы

2024 2025 2026

1

Жылыжай кешені, оның ішінде:

9018677

36203931

28559276

73781884


А кезегі

1097250

19039518

28559276



В кезегі

7921427

17164413




*С кезегі





Уәкілетті орган:
Қолы __________ Мөр

Инвестор:
Қолы __________ Мөр (бар болса)

      *С кезегі Кешеннің ажырамас бөлігі емес, бірақ осы Келісімге қосымша келісім немесе Инвестор мен Үкімет арасында инвестициялар туралы жаңа келісім жасалған жағдайда, Жобаның ықтимал қуатының артатынын білдіреді.

2-ҚОСЫМША

Әділ нарықтық құн

      Экспроприацияланған активтердің әділ нарықтық құнын Инвестор анықтайтын Үлкен төрттік халықаралық аудиторлық фирмаларының бірі келесі принциптерді пайдалана отырып белгілейді:

      (a) егер Инвестордағы немесе оның Үлестес тұлғаларындағы барлық активтер немесе барлық активтердің елеулі бөлігі немесе кез келген бөлігі Жобаға байланысты экспроприацияланса, Экспроприацияға жататын активтердің немесе үлестің әділ нарықтық құны Инвестордың әділ нарықтық құнына тең болуы керек, ол (i) Инвестордың үздіксіз кәсіпорын ретінде жұмыс істейтіні және қызметін сол күйде жалғастыратыны негізінде белгіленуі керек, (іі) барлық қажетті ақпаратқа ие және ақылға қонымды әрекет ететін, сатып алғысы келетін сатып алушы және сатқысы келетін сатушы бар екені негізінде белгіленуі керек, (iii) дисконтталған ақшалай қаражат ағындарын және нарықты салыстыруды ескере отырып, негізделген әдістемені пайдалана отырып белгіленуі керек, (iv) осы Келісім жасалған күні ел тәуекелі немесе ақша ағындарының қозғалысына байланысты басқа тәуекелдер (соның ішінде шектеусіз дара немесе шағын ақша ағындарының тәуекелдері, экспорт тәуекелдері) үшін сыйлықақыға қатысты бар факторлардың әсерінен ұлғайтылмауы тиіс дисконт мөлшерлемесін пайдалана отырып белгіленуі керек және (v) өтімділік шектеулері немесе бақыламайтын қатысушылардың үлесі үшін дисконтталмауы тиіс; және

      (b) егер Экспроприация Жобаға байланысты Инвестордың немесе оның Үлестес тұлғаларының барлық активтерінің елеулі бөлігінен аспайтын мөлшерде жүргізілсе, Экспроприациялауға жататын активтердің әділ нарықтық құны мыналардың ең жоғарғы құнына тең болуы керек:

      (i) осы (b) тармағына сәйкес белгіленетін мұндай активтердің әділ нарықтық құны немесе

      (ii) мұндай активтерді алмастыру құны. (b)(i) тармағының мақсаты үшін әділ нарықтық құн (1) Инвестордың үздіксіз кәсіпорын ретінде жұмыс істейтіні және оны жалғастыратыны негізінде белгіленуі керек, (2) барлық қажетті ақпаратқа ие және ақылға қонымды әрекет ететін, сатып алғысы келетін сатып алушы және сатқысы келетін сатушы бар екені негізінде белгіленуі керек, (3) дисконтталған ақшалай қаражат ағындарын және нарықты салыстыруды ескере отырып, негізделген әдістемені пайдалана отырып белгіленуі керек, (4) осы Келісім жасалған күні ел тәуекелі немесе ақша ағындарының қозғалысына байланысты басқа тәуекелдер (соның ішінде шектеусіз дара немесе шағын ақша ағындарының тәуекелдері, экспорт тәуекелдері) үшін сыйлықақыға қатысты бар факторлардың әсерінен ұлғайтылмауы тиіс дисконт мөлшерлемесін пайдалана отырып белгіленуі керек және (5) өтімділік шектеулері немесе бақыламайтын қатысушылардың үлесі үшін дисконтталмауы тиіс.

3-ҚОСЫМША
20__ жылғы "__" _____ № _____ Инвестициялар туралы келісім талаптарының орындалуы туралы мәліметтер

________________________________

(Заңды тұлғаның атауы)

_________________________________

(Заңды тұлғаның орналасқан жері)

      Кезеңі: 20 ____ жыл

      Жиілігі: жартыжылдық

      Ұсынушы: Инвестор

      Ұсыну мерзімі: ағымдағы жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін.

1-бөлім. Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Р/б №

Қарсы міндеттемелердің түрі, соның ішінде шығын баптары бойынша

Жоспар

Факт

Ауытқулар (+;-)

Бас тарту себебі

Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)

1

2

3

4

5

6

7























20____ жыл ішіндегі инвестициялар жиыны






2-бөлім. Кадрларды оқыту жөнінде қабылданған міндеттемелер бойынша салымдар






























Барлығы:






      Көрсетілген мәліметтердің шынайылығы мен сенімділігін растаймыз.

      Орындаушы __________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Тел. _____________________ Электрондық пошта _______________

      Қолы _________

      Басшы ____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қолы ______________________

      M.О. (бар болса)

      Бас бухгалтер ___________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қолы ______________________

      M.О. (бар болса)

      Осыны куәландыру үшін осы Келісімге Тараптар жоғарыда көрсетілген күні тиісті түрде қол қойып, табыстады.

      Тараптардың қолдары

      қол қойылды және табысталды

      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан

      ________________________________

      Сапаров Айдарбек Сейпілұлы мырза

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

      қол қойылды және табысталды

      Инвестор

      "Alsera KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      ________________________________

      Гюнай Гокалп мырза

      Директор

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады