Зейнеткерлердiң материалдық тұрмыс жағдайын одан әрi қолдау жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 17 қыркүйек 1993 ж. N 902. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 809 қаулысымен.

      Тұтыну тауарлары мен көрсетiлген қызмет бағасының үздiксiз өсуiне, сондай-ақ зейнеткерлердiң материалдық тұрмыс жағдайын одан әрi қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Зейнеткерлердiң зейнетақысын одан әрi өсiру жүзеге асырылғанға дейiн 1993 жылғы қазанның 1-iнен бастап зейнеткерлердiң барлық санатының зейнетақысына мынадай мөлшерде ай сайынғы қосымшаақы төлеу қамтамасыз етiлсiн: 
      жасына, мүгедектiгiне байланысты, еңбек сiңiргенi үшiн, сондай-ақ мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне мүгедектiгi үшiн берiлетiн толық еңбек зейнетақысын алатындарға - 10000 сом; 
      еңбек стажы толық емес жағдайдағы зейнетақыны, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алатындарға - 7000 сом; 
      әлеуметтiк зейнетақы алатындарға - 5600 сом. 
      Аталған қосымшаақы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Зейнеткерлердi материалдық жағынан қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 12 шiлдедегi N  591  және "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының, ұнтақ жарманың және халыққа пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнның бағасы туралы" 1993 жылғы 30 тамыздағы N  745  қаулыларымен белгiленiп, зейнетақыларға қосылған қосымшаақыға қарамастан төленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бұрын тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 2 сәуiрдегi N 309 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 14, 236-бап) сәйкес бұрын тағайындалған зейнетақыларды көбейтудi нақты қамтамасыз ету мақсатымен аталған зейнетақыларды қайта есептеу республикада жаңадан ең төменгi еңбекақы және жасына байланысты ең төменгi зейнетақы деңгейi, сондай-ақ "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгiзiлген мерзiмнен бастап жүзеге асырылсын.

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады