Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.26 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесi жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн.
2. <*>
Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 675 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 10 қаңтардағы
N 38 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың
мәртебесi жөнiндегi
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялар Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi - Қазгидромет) шұғыл-өндiрiстiк ұйымы болып табылады, ол гидрометеорологиялық бақылауды және ауаның, топырақ қабатының, судың ластану деңгейiн өлшеудi жүзеге асырады.
Ескерту: 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 675 қаулысымен .
2. Бақылау станциялары негiзгi (тiректi) және арнаулы болып бөлiнедi.
Негiзгi (тiректi) станциялар табиғи ортаның жайы туралы толықтай, дәлме-дәл және дер уақыт пен кеңестiк шешiмiнде тұрақты ақпарат алуға қызмет етедi. Олардың iс-әрекетiнiң ұзақтығы жекелеген аумақты, су объектiлерiн т.с.с. режимiн зерттеу дәрежесiмен, сондай-ақ ақпаратты болжау органдарына және шаруашылық қызметi жүйесiндегi ұйымдарға шұғыл берумен анықталады.
Арнаулы бағыттағы бақылау станциялары гидрометеорологиялық режимнiң (iрi су қоймалары, мелиорациялық аймақ, iрi қалалар т.с.с.) өзiндiк ерекшелiктерiн зерттеуге, iрi шаруашылық объектiлерiн (жылу және атом электростанциялары, темiр жол, тау-кен кәсiпорындары) деректермен қамтуға, жобалау шешiмдерi мен басқа да мақсаттарды негiздеуге, сондай-ақ ауа райын болжау қызметi органдарының арнайы сұранысын қанағаттандыруға бағытталған Арнаулы станциялар қызметiнiң ұзақтығы алға қойған мiндетiмен айқындалады, мiндет орындалған жағдайда олардың жабылуы мүмкiн.
3. Негiзгi станциялардың құрамынан реперлiк климаттық (РКС) станциялар, сондай-ақ климат пен гидрологиялық режимнiң ғасырлық тенденция өзгерiстерiн анықтауға қажеттi үздiксiз бiртектi гидрометеорологиялық мәлiмет алуға қолданылатын теңiз жағалаулары және гидрометеорологиялық бақылаудың ғасырлық жүйесiнiң сағалық станциялары бөлiнедi. Реперлiк станциялар ортаның өзгерiстерiне қарамастан кесiмсiз мерзiмге жұмыс iстейдi.
Реперлiк климаттық, теңiз жағалаулары мен сағалық станциялардың тiзбесiн Казгидромет бекiтедi.
4. Бақылау станциялары өз қызметiнде Қазгидромет жасап, бекiткен өтiнiштердi, басшылықтар мен нұсқауларды және осы Ереженi басшылыққа алады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 675 қаулысымен .
2. Негiзгi мiндеттер
5. Топырақтың, жер қабаты бетiнiң, ауыл шаруашылық дақылдарының жай-күйiне, атмосфераның, құрлықтағы судың және теңiздiң, олардың ластану деңгейiне тұрақты бақылау жүргiзедi.
6. Атқарушы өкiмет пен мемлекеттiк басқару органдарын табиғи ортаның ластану деңгейi туралы гидрометеорологиялық ақпараттармен және мәлiметтермен қамтамасыз ету.
3. Қызметтер
7. Төмендегi бақылау түрлерiн жүргiзу:
жер үстi метеорологиялық;
актинометриялық және жылулық теңгермелiк;
гидрологиялық;
аэрологиялық;
теңiздiк гидрометеорологиялық;
агрометеорологиялық;
атмосфераның, құрлықтағы судың, теңiз суының, топырақтың және қар жамылғысының ластану деңгейiне;
метеорологиялық радиолокациялық;
атмосферадағы электрлiкке;
озонометрлiк;
радиометрлiк;
табиғи ортаның фондық мониторингiне;
сел қаупiне;
қар көшкiнi қаупiне;
тосын гидрометеорологиялық құбылыстарды бақылауға.
8. Бақылау қорытындыларын алғашқы өңдеуден өткiзу, қажеттi жағдайда кестелiк материалдар құрау, бақылау қорытындыларын машинаға өңдеуге әзiрлеу.
9. Шұғыл ақпараттарды бақылау мәлiметтерiмен, оның iшiнде тосын (аса қауiптi) гидрометеорологиялық құбылыстарды жеткiзу.
10. Бақылау станциясының уәкiлi тосын гидрометеорологиялық құбылыстар ықпал еткен аудан аумағын тексеру жөнiндегi комиссия жұмысына қатысады.
4. Бақылау станцияларын ұйымдастыру және қызметiн
қамтамасыз ету
11. Бақылау станцияларын орналастыру - Қазақстан аумағындағы гидрометеорологиялық режимдi, табиғи ортаның ластану деңгейiн жан-жақты зерттеудi жүргiзудi, сондай-ақ Казгидрометке жүктелген барлық мiндеттердi толық орындауды қамтамасыз ету есебiмен жүзеге асырылады.
12. Бақылау станциялары жұмысын ұйымдастыру, оның желiлерiн дамыту мен ұтымды ету мыналарды:
бақылаудағы гидрометеорологиялық шама мен құбылыстың өзгеру дәрежесiн, табиғи ортаның ластануының геофизикалық сипаттамасы мен деңгейiн;
шаруашылық қызметiне қызмет көрсету үшiн қажеттi бақыланатын шама өлшемдерiнiң дер кездiлiгi мен дәлме-дәлдiгiн;
аталған аудан бойынша табиғи орта жәй-күйiнiң осы және басқа сипаттамаларының нақты және қажеттi мәлiметтерiн;
экономикалық тиiмдiлiктi;
белгiлi бiр әкiмшiлiк пунктiнде аз мөлшердегi желiлiк, мүмкiндiгiнше барынша жоғары деңгейдегi әкiмшiлiк орталығында (облыстық, аудандық) бақылау ұйымдарын құра отырып;
жұмысты кешендi ұйымдастыруды (бiр станцияда бiрнеше бақылау түрлерiнiң көп санын жүргiзу қарастырылуы керек);
тұрғын ел пунктiнен шалғай, меңгерiлмеген аудандарда бақылау станцияларын ұйымдастыруға тек қажеттi гидрометеорологиялық ақпарат алуға өзге мүмкiндiк болмаған кезде ғана жол берiлетiнiн ескере отырып жүзеге асырылады.
13. Бақылау станцияларын орналастыру үшiн Казгидрометке көшiруге жатпайтын аталған станцияға берiлетiн техникалық талаптарды ескере отырып жер учаскелерi берiледi.
14. Бақылау станцияларының қай түрi болмасын орналасқан жердiң айналасында жер учаскесi түрiндегi (су кеңiстiгi), осы станция аумағы шекарасынан жан-жағы 200 метрдi қамтитын тұйық сызықты қорғаныш желiсi белгiленедi.
15. Бақылау станцияларының қорғаныш желiсiне уақытша пайдалануға берiлген су қорының жерлерi мына талаптарды сақтай отырып пайдаланылады.
Реперлiк климаттық, теңiз жағалауы мен гидрометеорологиялық бақылаудың ғасырлық жүйесiнiң сағалық станцияларының тiзбесiне енетiн бақылау станциялары қорғаныш желiсiнде мыналарға тыйым салынады;
қандай да үй және құрылыс салуға;
суландыру және құрғату жүйесiн салуға;
қазба, құрылыс, монтаж, жарылыс жұмыстарын және топырақ қабатын жоспарлауды жүргiзуге;
ағаш отырғызуға, тыңайтқыш қоймасына, қоқысқа айналдыруға, қышқылдық қоспаларын, тұз бен сiлтiнi төгуге;
автомобиль, су көлiктерiнiң, тракторлар мен басқа да машиналар мен механизмдердiң тұрағына айналдыруға;
пристаньдар мен айлақтар салуға;
танымдық белгiлер мен ескерту белгiлерiн, бақылау-өлшеу пункттерiн ауыстыруға, бүлдiруге, сындыруға;
зәкiр тастауға, зәкiрдi сүйретуге, шынжыр, лоталармен, тiркелермен және торлармен жүруге, тереңдегi және жер бетiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
балық кәсiпшiлiгi учаскесiне беруге, балық аулауға, сондай-ақ су жануарлары мен өсiмдiктер өсiруге.
Реперлiк климаттық, теңiз жағалаулары мен гидрометеорологиялық бақылаудың ғасырлық жүйесiнiң станциялары тiзбесiне енбейтiн бақылау станцияларының қорғаныштық аймақтарындағы жоғарыда аталған жұмыстар Казгидрометтiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
16. Бақылау станциялары бар жер учаскелерi, сондай-ақ осындай станциялардың қорғаныштық аймағы шегiндегi жер учаскелерi мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаж үшiн тек ерекше жағдайда белгiленген тәртiппен алынуы мүмкiн. Мұндай жағдайда аталмыш станцияның жаңа жерге орын ауыстыруы (олардың үйлерi, құрылыс, басқа да объектiлерi) жер учаскелерiн алушы кәсiпорындар, ұйымдар немесе мекемелер күшiмен және қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.