1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Республикалық басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру салааралық институты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институтына (бұдан әрi - Институт) айналдырылсын.
2. Институтқа мыналар жүктелсiн:
мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру;
лауазымдар санаттары мен бiлiктiлiк сыныптары ескерiлiп, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн көтерудiң оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу;
республикада жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң салааралық институттары мен курстарын үйлестiру және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi бойынша шет елдердiң басқару органдарымен, оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерiмен, консультациялық фирмалармен, қоғамдық қорларымен және басқа да ұйымдарымен байланыстарды жүзеге асыру;
мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн көтеру жөнiнде Қазақстан Республикасына шет елдер, халықаралық ұйымдар, қорлар және қаржы институттары көрсететiн техникалық көмек бағдарламаларын үйлестiруге қатысу;
министрлiктер, ведомостволар, облыстар, қалалар және аудандар әкiмдерiнiң аппараттары, ассоциациялар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер ұсынған шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi жобаларды қарау;
мемлекеттiк қызметшiлердi дамыту мен тиiмдi пайдалану, олардың еңбегiн бағалау, ықыласын ояту және ынталандыру, басқарудың жаңа машықтарын қалыптастыру мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру проблемалары бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, мәжiлiстер, басқа да ғылыми-практикалық жиындар ұйымдастыру және өткiзу;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтерудi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу.
3. Институттың қызметiн қаржыландыру мыналардың есебiнен жүзеге асырылады:
мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеруге арналған республикалық бюджет қаржысы;
институттың оқу, консалтинг, ғылыми-зерттеу және баспа қызметтерiндегi өз табыстарынан.
4. "Қазақстан Республикасы халқы тұрмысының әлеуметтiк жағдайларын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 2692 Жарлығына сәйкес институтқа құрылым оңтайландыру, штатты және тарифтiк разрядтар бойынша ставкалар ретке келтiру есебiнен қызметкерлердiң еңбекақы деңгейiн 1996 жылдың iшiнде орташа есеппен 2 есе көбейту қамтамасыз етiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi жанындағы Республикалық басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру салааралық институттың материалдық-техникалық базасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институтына белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде берсiн.
6. Институттың қызметiне жалпы басшылық жасау Қазақстан
Республикасының Аппаратына жүктелсiн. 7. Институттың ректорын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi тағайындайды деп белгiленсiн. 8. Институттың ректоры Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институты туралы Ереженi екi ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн. 9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 49 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Республикалық басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiгiн көтерудiң салааралық институтын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 2 наурыздағы N 81 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1989 ж., N 19, 40-бап) қаулысы.
2. "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Басшы қызметкерлер мен қызметшiлердiң бiлiгiн көтеру республикалық салааралық институтының атауын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 7 наурыздағы N 160 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 8, 61-бап);
3. "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 наурыздағы N 200 P930200_ қаулысының 6 тармағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 169-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институттың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1236 P931236_ қаулысы (Қазақстан Республикасы, 1993 ж., N 48, 586-бап).