Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 13 қыркүйек 1996 ж. N 1114. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.24. N 626 қаулысымен. ~P990626

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1812 P951812_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы

 

Қазынашылық туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығын

құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы

20 мамырдағы N 549 


P940549_


  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1994 ж., N 22, 236-құжат) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                     1996 жылғы 13 қыркүйектегi

                                          N 1114 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН

              Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

                     жанындағы Қазынашылық туралы

                           ЕРЕЖЕ

                     1. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық (бұдан әрi - Қазынашылық) республикалық бюджеттiң атқарылуын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң кассалық атқарылуын ұйымдастыратын және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiне қатысты өкiлеттi орган болып табылатын Қазақстан Республикасының ведомствосы - маманданған мемлекеттiк орталық атқару органы болып табылады.
      2. Қазынашылықтың облыстар мен Алматы қаласындағы қазынашылық басқармаларынан тұратын жоғарыдан төмен қарай бағыныстағы органдары болады.
      3. Өзiнiң қызметiнде Қазынашылық Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрықтарын басшылыққа алады.
      4. Қазынашылықтың бiртұтас қазынашылық шотын жүргiзудi және оған кассалық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүзеге асырады.
 
               2. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттерi
      5. Қазынашылық органдарының негiзгi мiндеттерi мыналар:
      республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау;
      жергiлiктi бюджеттердiң, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар мен арнаулы қаржылардың кассалық атқарылуын ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiмен келiсе отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
      кассаның бiртұтастығы қағидатын басшылыққа ала отырып, Қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мекемелерiнде ашылған шоттардағы ақша қаражатын басқару;
      республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы өзара есеп айырысуларды жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарызын есепке алу және оған қызмет көрсету;
      республикалық бюджет пен мемлекеттiк мақсатты қаржыландыру қорларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды жедел басқарып отыру, осы қорлардың қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау;
      мемлекеттiк қаржының жай-күйi туралы ақпарат жинау, оны өңдеу мен талдау және оларды жедел басқару iсiнде пайдалану, бюджет шоттарының жай-күйi туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп тұру;
      мемлекеттiк қаржыны тиiмдi әрi жедел түрде басқару мен икемдеу мақсатында оның мөлшерiне болжам жасау;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есептеменi жүзеге асыру және белгiленген тәртiппен есептеме ұсынып отыру;
      Қазынашылықтың құзыретiне жататын және бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың орындалуы үшiн мiндеттi мәселелер бойынша есепке алу операцияларын жүргiзу тәртiбi туралы әдiстемелiк және нұсқамалық құжаттарды әзiрлеу.
 
               3. Қазынашылықтың негiзгi қызметтерi
      6. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Қазынашылық мынадай қызметтер атқарады:
      республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асырады және ұйымдастырады, республикалық бюджет пен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың және мақсатты қаржыландыру қорларының арасындағы қаржы қатынастарын реттейдi, сондай-ақ республикалық бюджетке қарайтын ұйымдарды қаржыландырады;
      мемлекеттiк бюджет пен жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы өзара есеп айырысулар мен бюджеттiк несиелердiң есебiн жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасы бюджетiнiң кiрiстер мен шығыстарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауындағы теңге түрiндегi де, шетелдiк валюта түрiндегi де өзге орталықтандырылған қаржы ресурстарын басқаруды жүзеге асырады, банктер мен басқа да қаржы-кредит мекемелерiнiң шоттарында есепте тұрған Қазынашылық қаржыларына иелiк етедi, сондай-ақ осы қаржылар мен операцияларды жүзеге асырады;
      жалпымемлекеттiк реттелмелi кiрiстердiң республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнуiн бақылайды;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы бухгалтерлiк есепке алу мен есептеменi жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi және жүзеге асырады, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың бюджеттiк және ағымдағы шоттарынан жұмсалған шығындар бойынша төлем құжаттарына алдын-ала бақылауды жүзеге асырады;
      әдiстемелiк, нұсқаулық құжаттарды әзiрлеп, бекiтедi, Қазынашылықтың құзыретiне жататын, бюджеттiк қаржы алатын ұйымдар мен кәсiпорындардың орындауы үшiн мiндеттi мәселелер бойынша есеп жүргiзу мен есептеме жасаудың тәртiбiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы республиканың iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарызын есепке алу мен оған қызмет көрсету жөнiнде операциялар орындайды;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орталықталындырылған қаржы ресурстарын Ұлттық Банк арқылы орналастыруды қайтарылатын ақылы негiзде ұйымдастырып, жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi және қаржы ресурстарының жай-күйi туралы ақпарат әзiрлеуге қатысады;
      Қазынашылықтың құзыретiне жататын мәселелер бойынша заң және өзге нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының сақталуына және республикалық бюджеттiң атқарылу бөлiгiнiң, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың қаржылары мен арнаулы қаржылардың жұмсалуына бақылау жасау жөнiндегi Қазынашылықтың аумақтық органдарының жұмысын ұйымдастырады;
      Қазынашылықтың аумақтық органдарының жұмыс тәжiрибесiне талдау жасап, қорытындылайды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олардың қызметiне тексеру ұйымдастырады, бетi ашылған кемшiлiктер мен бұрмалауларды жою жөнiнде шаралар қолданады;
      шет елдердегi қазынашылық қызметiн ұйымдастыру тәжірибесiн зерттейдi және оны iс жүзiнде пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының қазынашылық органдары мен мемлекеттiк Бюджеттiк банк қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      Қазынашылықтың бiртұтас ақпараттық-есептеу жүйесiн енгiзудi ұйымдастырады және оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
 
               4. Қазынашылықтың құқықтары мен мiндеттерi
      7. Негiзгi мiндеттердi орындау және бюджет тәртiбiн нығайту мақсатында Қазынашылық органдарының:
      министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде және басқа орталық атқарушы органдарда, кәсiпорындар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржы ресурстарын есептеумен, аударумен және пайдаланумен байланысты ақша құжаттарына тексеру жүргiзуге; бюджеттiк қаржыларды мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған жағдайда қаржыларды министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан даусыз тәртiппен бюджетке өндiрiп алуға (қайтарып алуға);
      бюджеттен қаржы алатын министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден және басқа орталық атқарушы органдардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру, мемлекет алдындағы қаржы мiндеттемелерiнiң орындалуына қаржы-валюталық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен мәлiметтер алып тұруға құқығы бар.
      8. Қазынашылық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде бюджеттiк қаржыларды банктердiң депозиттiк шоттарына орналастыруына және олармен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi атынан жасалған келiсiмдерде белгiленген мөлшерде проценттер алуына болады.
      Республикалық бюджеттiң тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаржысы заңдарда белгiленген тәртiппен қарызға алынған жағдайда Қазынашылық та жоғарыда көрсетiлген шарттар мен тәртiпке сәйкес проценттер төлейдi.
 
               5. Қазынашылықтың қызметiн ұйымдастыру
      9. Қазынашылықтың бастығы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы министрiнiң орынбасары болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      10. Қазынашылықтың бастығы Қазынашылыққа жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi, өз орынбасарларының, құрылымдық бөлiмшелер бастықтарының жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
      11. Қазынашылық органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiн қатаң сақтауы тиiс, заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалған мемлекеттiк және коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi құпия түрде сақтауға мiндеттi.
      12. Қазынашылық Бастығының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, Қазынашылық бастығының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Аумақтық басқармаларының және Қазынашылықтың облыстардағы, Алматы қаласындағы бөлiмшелерiнiң бастықтары Қазынашылық бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      13. Қазынашылықтың консультациялық-кеңесушi басқару органы Қазынашылықтың бастығы, оның орынбасарлары және орталық аппаратының басқа да басшы қызметкерлерi құрамымен құрылатын кеңес болып табылады. Қазынашылық кеңесiнiң саны мен адам құрамын Қазынашылық Бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      Кеңес өзiнiң мәжiлiстерiнде Қазынашылықтың болашақтағы және ағымдағы мiндеттерiн айқындайды, қазынашылық жүйесiнiң жұмыс әдiстерiн жетiлдiрiп, оның тиiмдiлiгiн арттырудың, қабылданған шешiмдердi орындаудың, кадрларды iрiктеудiң, орналастырудың, қайта даярлаудың негiзгi мәселелерiн қарайды аса маңызды бұйрықтардың, нормативтiк және әдiстемелiк құжаттардың жобаларын талқылайды, Қазынашылық бөлiмшелерiнiң жұмысы туралы есептердi тыңдайды.
      Кеңестiң шешiмдерi Қазынашылық бастығының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
      Қазынашылық Кеңесi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      14. Қазынашылық республикалық бюджеттiң есебiнен қаржыландырылады.
      Қазынашылық қызметкерлерi санының лимитiн және қызмет автомобильдерiнiң санын - Қазақстан Республикасының Үкiметi, қазынашылықтың облыстық және Алматы қалалық басқармаларына - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi белгiлейдi.
      15. Қазынашылықтың құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi, Қазынашылықтың облыстық және Алматы қалалық басқармаларында - оларға белгiленген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде осы органдардың басшылары бекiтедi.
      16. Қазынашылық органдары өз жұмыстарында түрлi деңгейдегi бюджеттер арасындағы есеп айырысу мәселелерi бойынша және жұмыс барысында - бюджет жүйесiнiң жай-күйi туралы қажеттi ақпарат жинау жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен өзара байланысты болады.
      17. Қазынашылық республикалық бюджеттiң және мақсатты қаржыландырылатын мемлекеттiк қорлардың атқарылу нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне мезгiл-мезгiл хабарлап тұрады.
      18. Қазынашылықтың аумақтық органдары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеттiк банкi дербес заңды тұлғалар болып табылады.
      Қазынашылықтың орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталықтандырылған бухгалтериясы арқылы жүзеге асырылады.
      19. Қазынашылықтың аумақтық басқармаларының жұмысын бағыныстылық тәртiбiмен Қазынашылықтың жоғары тұрған органы кемiнде екi жылда бiр рет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де органдар тексерiп отырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады