"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2235 Заң күшi бар
Жарлығына
сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., N 9-10, 66-бап) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Мемлекеттiк жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндiрiстiк орталығына "Жерге орналастыру жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк жобалау институтын Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 ақпандағы N 230
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 12, 112-бап) қосымшаға сәйкес өндiрiстiк бөлiмшелердiң негiзiнде еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн және екi ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен олардың жарғыларын бекiтсiн.