Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 24 ақпандағы N 258

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1996 жылғы 5 шiлдеде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi

арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


          Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қытай

            Халық Республикасының Үкiметi арасындағы

             әскери-техникалық ынтымақтастық туралы

                           КЕЛIСIМ


     Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкiметi және Қытай Халық Республикасының Үкiметi,


 
       1993 жылы 18 қарашада Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастардың негiздерi туралы бiрiккен Декларацияны, 1995 жылы 11 қыркүйекте Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды ары қарай дамыту және тереңдету туралы бiрiккен Декларацияны басшылыққа ала отырып,
      1995 жылы 1 қыркүйекте Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi және Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды есепке ала отырып,
      бейбiт қарым-қатынастардың және өзара сенiмнiң бес принципiне негiзделген Тараптар арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық дамытуға ұмтыла отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:
 
                      1-Бап
 
      Тараптар өз елдерiнiң заң шығарушылығына, жалпыға танымал халықаралық құқық принциптерiне сәйкес, теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде, екi елдiң халықаралық мiндеттерiн есепке ала отырып:
 
      1) Тараптардың әскери-техникалық ынтымақтастығын:
      2) Тараптардың қарулы күштерi және қорғаныс өнеркәсiптерiнiң кәсiпорындары арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдем көрсетедi.
 
                      2-Бап
 
      1. Екi Тарап төмендегi бағыттарда:
      1) жаяу әскерлер, әскери-теңiз күштерi, әскери-әуе күштерi, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерi және радиотехникалық әскерлердiң мұқтаждықтары үшiн өндiрiлетiн әскери техниканы, қару-жарақты, оларға қажеттi тетiктердi және қосалқы бөлшектердi (бұдан былай "арнайы мүлiк" деп аталатын) жеткiзудi;
      2) бiрiккен ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды және арнайы мүлiктi тәжiрибе тәртiбiмен бiрiгiп дайындауды жүргiзудi;
      3) әскери техника мамандарымен және қорғаныстық-ғылыми

 

зерттеулермен, арнайы мүлiктi дайындау және жасаумен айналысатын

мамандармен алмасуды;

     4) қорғаныстық ғылыми-техникалық мәлiметтермен және құжаттармен

алмасуды;

     5) арнайы мүлiктi, олардың тетiктерiн және қосалқы бөлшектерiн

жөндеудi және жетiлдiрудi;

     6) арнайы мүлiктi пайдалану және жөндеу бойынша мамандарды

дайындауды;

     7) Тараптардың келiсуi бойынша анықталған объектiлерде

ынтымақтастықты жүзеге асырады.

     2. Жоғарыда көрсетiлген бағыттарда қаржылай есеп айырысу әрбiр

нақты жағдайда атап көрсетiлетiн тәртiпте және шарттарға сәйкес

жүзеге асырылады.


                     3-Бап


     Осы Келiсiмнiң 2-бабында атап өтiлген ынтымақтастық төмендегi:


 
       1) Тараптар келiскен техникалық тапсырмалар бойынша конструкторлық жұмыстарды жүргiзу және тәжiрибе тәртiбiмен арнайы мүлiктi жасау;
      2) Тараптар келiскен техникалық тапсырмалар бойынша жеткiзiлетiн арнайы мүлiктi жетiлдiру;
      3) арнайы мүлiктiң тиiстi түрлерiн таңдау бойынша ұсыныстарды дайындау және беру;
      4) арнайы мүлiктi дайындау, жасау және жөндеу бойынша бiрiккен кәсiпорындарды құру;
      5) Тараптардың заң шығарушылығына сәйкес арнайы мүлiктi өндiруге рұқсат беру және алу;
      6) Тараптардың заң шығарушылығына және олардың халықаралық мiндеттерiне сәйкес өзара жеткiзiлетiн арнайы мүлiктi дайындау және жөндеу бойынша техникалық құжаттармен алмасу;
      7) арнайы мүлiктi дайындау және жөндеу бойынша технологиялық жабдықтарды өзара жеткiзу;
      8) арнайы мүлiктi дайындауда және жөндеуде пайдаланылатын шикiзат, материалдар, жартылай фабрикаттар және қосалқы бұйымдарды өзара жеткiзу;
      9) Тараптар келiскен басқа да жолдармен жүзеге асырылады.
 
                      4-Бап
 
      Арнайы мүлiктi, тетiктердi және оларға қажеттi қосалқы бөлшектердi өзара жеткiзу және жөндеудi жүргiзу Тараптардың өкiлеттi ұйымдары келiскен тiзiмдер бойынша жүзеге асырылады.
 
                      5-Бап
 
      1. Осы Келiсiмдi орындау үшiн өкiлеттi ұйымдар:
      Қазақстан Тарапынан: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi бойынша комитет;
      Қытай Тарапынан: ҚХАА бас штабы және Қытай Халық

 

Республикасының Қорғаныс ғылымы, техникасы және қорғаныс өнеркәсiбi

бойынша комитетi болып табылады.

     2. Екi Тараптың өкiлеттi ұйымдары ынтымақтастық нақты мазмұнын,

объектiлерiн, жоспарларын және формаларын, сондай-ақ осы Келiсiм

бойынша есеп айырысу тәртiбi иен шарттарын барынша тез арада келiседi.


                     6-Бап


     Ынтымақтастық кезiнде пайда болатын нақты сұрақтарды

Тараптардың өкiлеттi ұйымдары келiссөздер жүргiзу жолдарымен шешiп

отырады.


                     7-Бап



 
       Осы Келiсiмдi орындау үшiн өзара делегацияларды жiберуге байланысты сұрақтар Тараптардың өкiлеттi ұйымдарымен келiсiледi.
 
                      8-Бап
 
      1. Тараптар ынтымақтастық процесi кезiнде арнайы мүлiктiң, тетiктердiң, қосалқы бөлшектердiң, блоктардың, материалдардың, техникалардың, патенттердiң, ынтымақтастық жоспарларының, жұмыс кестесiнiң және ғылыми-техникалық құжаттардың құпиялығын сақтауды

 

қамтамасыз етуге қажеттi шараларды қабылдайды.

     2. Ынтымақтастық кезiнде Тараптар алған нәтижелер, мәлiметтер

Тараптарға тиесiлi және екiншi Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi

Тарапқа берiлмейдi.


                     9-Бап


     Осы Келiсiм Тараптардың келiсуi бойынша жазбаша түрде

өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.


                     10-Бап


     Осы Келiсiм Тараптар қол қойған күннен бастап уақытша

қолданылады.


 
       Осы Келiсiм Тараптардың қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларын орындағандығы туралы ноталармен айырбастаған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiм iшiнде күшiнде қалады және ары қарай егерде Тараптардың бiреуi оның қызметiн тоқтатқысы келетiндiгi туралы Келiсiм қызметiнiң бiтуiне алты ай қалған мерзiм iшiнде екiншi Тарапқа жазбаша түрде өз ниетiн хабарламаса, онда оның күшi өзiнен-өзi келесi бес жылға ұзартылады.

 

     Осы Келiсiм 1996 жылы 5 шiлдеде Алматы қаласында әрқайсысы

қазақ, қытай, орыс тiлiнде екi данада жасалды, сондай-ақ барлық

текстiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмдi түсiндiру кезiнде қарама-қайшылық пайда болған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi текстi ұстанады.


     Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының

         Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады