Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 771. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.18. N 816 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.18.  N 816   Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) <*>
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің құрылымы; 
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен. 
      2. Күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1790  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 56, 509-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі мен Тергеу департаментiнiң штат санын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 373  қаулысы .
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1999 жылғы 15 маусымдағы     
N 771 қаулысымен бекітілген   

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің
Құрылымы

      Басшылық
      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу басқармасы 
      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы
      Қаржылық және техникалық бақылау бөлімі
      Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету бөлімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
1999 жылғы 15 маусымдағы      
N 771 қаулысымен бекітілген    

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі

      "Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны 
      "Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
      "Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны <*>
       ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.30. N 906  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады