Ақпараттық технологияларының 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1537

      "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемаларын шешудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 P990572_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия ұсынған Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспардың атқарылуы үшін дербес жауапкершілік орталық және

 

жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың бірінші

басшыларына (келісім бойынша) жүктелсін.

     3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы-Қаржы министрінің

міндетін атқарушы О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       міндетін атқарушы



                                      Қазақстан Республикасы

                                           Үкіметінің

                                      1999 жылғы 7 қазан N 1537

                                      қаулысымен бекітілген


              Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға

               сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі

                     ұлттық іс-қимыл жоспары


                     I-Тарау. Жалпы бөлім



 
       2000 жылдың проблемасы жылды белгiлеу үшiн компьютерлік және қондырылған жүйелерде жылды көрсету үшiн төрт емес, екі сан қолданудың (мысалы, "1999" жылды белгiлеу үшiн "99") қажеттілігі салдарынан пайда болып отыр. Кезiнде бұл компьютерлік ресурстардың қымбатшылығымен және компьютерлiк жүйелердiң өнiмдiлiгiн арттыру қажеттілігiмен ақталған болатын. Бүгінгі таңда бұл шешiмдер көптеген компьютерлiк және қондырылған жүйелер жұмысының сенiмдiлiгiне қауiп тудырып отыр.
      Күндi өңдеуге байланысты есеп айырысулар қате қорытындылар әкелуi мүмкiн және сыни маңызды ақпарат жоғалуы не бүлiнуi немесе өзiнде қондырылған микропроцессорлары бар, күндi өздері өңдейтiн электрондық құрылғының жұмыс iстемей қалуы немесе қатардан шығуы мүмкiн.
      Проблеманың "қарапайымдылығына" қарамастан, 2000 жылдың проблемасына байланысты жағдайдың төтеншелiгiн тереңдететiн екi маңызды аспект бар.
      Бiрiншi аспект - 2009 жылдың проблемасы барлық компьютерлендiрiлген және қондырылған жүйелердi әлеуеттi қамтиды және сонысымен ұлттық экономикаға қауіп тудырады.
      Екiншi аспект - 2000 жылдың проблемасының ірі масштабты және күрделi сипаты бар, бұл оны уақыт пен күш салу тұрғысынан алғанда, елеулi шығындарды талап ететін басқару проблемасына айналдырады.
      Компьютерлердiң барынша кеңінен қолданылуына байланысты 2000 жылдың проблемасы: мемлекеттік институттардың, жеке компаниялардың, азаматтардың барлығына қатысты. Тәуелдiлiк тiзбесiнiң және өзара байланыстардың болуы, мәселен, егер 2000 жылдың проблемасы басқару жүйесiнде әуе қозғалысымен толық шешiлетiн болса, онда бұл жүйе, егер электр жабдықтауда немесе байланыста iркiлiстер басталса, бәрiбiр жұмыс iстемеуiне әкеп соқтырады. Ешбiр ел қалған әлемнен оқшауландырылмағандықтан, өзара байланыс пен өзара тәуелдiлiк тiзбесi қосымша белгiсiздiк пен қосымша тәуекел құрай отырып, ұлттық шекаралардың шегiнен шығып кетедi.
      Компьютерлiк және қондырылған жүйелердiң жұмыс iстемей қалуы медициналық жабдықтың жұмысына әсер етуi мүмкiн және соған сәйкес аурудың өмiрiне және денсаулығына қауып туғызуы мүмкiн денсаулық сақтауда электр жабдықтау, телекоммуникация, су тазарту және сумен жабдықтау сияқты коммуналдық қызметтер қозғалуы мүмкiн. Қаржы жүйелерiнде проценттiк ставкаларды дұрыс есептемеу, терiс сандар алу, алымдарды төлемдерге ауыстыру - операциялардың дұрыс жүруiне зиян тигiзуi мүмкін. Егер банктер өзiнiң 2000 жылға әзiр екендiгi жөнiнде және т.б. қоғамды сендіре алмаса, шоттардан қаражатты алып тастау қаупі бар (ақшалай есеп айырысулар өте жылдам жүзеге асырылады).
      Экономиканың секторлары 2000 жылдың проблемасына осалдық дәрежесіне қарай жіктелуі мүмкін. Бұл жіктеме де осы немесе өзге сектор ақпараттық және қондырылған жүйелерді қандай дәрежеде қолданатындығына, сондай-ақ секторлардың өзара тәуелділік дәрежесіне негізделеді.
      2000 жылдың проблемасы, белгіленгеніндей, тәуекелдің алуан түрлі факторларымен ауыртпалық түскен ірі, ауыр, басқарушылық проблема болып табылады, оның ішінде: шешімнің кезек күттірмейтін сипаты, шектеулі ресурстар, барлық жүйелердегі қателіктерді уақытында жоюдың қиындығы. Көлем, масштаб, уақыт, ресурстар мен сыртқы факторлар проблеманың белгісіздігі мен қиындығына өз үлесін қосады.
      2000 жылдың проблемасы бойынша іс-қимылдардың ұлттық жоспары өзіне Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылдың проблемасын шешу жөніндегі бастаманы басқаратын әдістерді қамтиды және мынадай төрт басты мақсаты бар:
      1) Түрлі секторларда ұлттық масштабтағы проблеманы шешу жөніндегі бастамалардың дамуын үйлестіру және бақылау.
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі шегінде 2000-ның проблемаларын шешу жөніндегі бастамаларын дамытуды жеңілдету.
      3) 2000-ның проблемасына байланысты тәуекелдер мен қателердің зардаптарына қатысты жалпы ақпараттануды қамтамасыз ету, Ү2К-проблемасын шешуде басшылық пен қолдауды жүзеге асыру.
      4) 2000 жылдың проблемасына байланысты тәуекелдерді басқару кезінде әдістемелік көмек көрсету.
      Осы төрт мақсатқа байланысты әрқайсысы қалғандарымен тығыз байланысты тұрған мынадай төрт басты бағдарлама іске асырылуы тиіс:
      1) 2000 жылдың проблемасын шешу бойынша көмектесуді ұйымдастыру бағдарламасы арнаулы үкіметтік бастамаларды және іс-қимылдарды (қорларды, заңдарды және с.с.) айқындауға бағытталған. Бұл бағдарламаның мақсаты - Қазақстан республикасының Үкіметі деңгейінде қаржы ресурстарын реттеуге және құқықтық қолдауға немесе олардың жетімділігі мәселесіне қатысты бастамаларға көмек көрсету үшін Ү2К-жобаларды әзірлеуге көмектесуде және осы әзірліктерге барлық әлеуетті кедергілерді қарауда. Ол сол сияқты басқа елдермен немесе халықаралық органдармен әріптес-елдерден басталатын ықтимал тәуекелдерді бағалауға және Ү2К-проблеманы шешу үшін аймақтық ынтымақтастық пен бірлескен қызметті дамыту үшін байланыстарға көмектесуге бағытталған.
      2) Ақпараттық және жалпы қолдау бағдарламасы елдің ақпарат алуын дамытуға және қолдауға, Ү2К-проблеманы шешуде тәжірибелік көмек пен басшылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағдарлама Ү2К-проблеманы түсіну және Ү2К-жобада пысықталатын түзетуші әсерлерді қолдау үшін пайдалы әр қилы ақпаратты таратуға арналады. Мақсат - мемлекеттiк, сондай-ақ жеке секторға басшылықты және оны қолдауды қамтамасыз ету. Ынтымақтастық пен тәжiрибе алмасу мадақталатын және ынталандырылатын болады.
      Бұл бағдарламаның қызмет саласы күштерді шоғырландыру қауiптi азайту және жобалардың жедел iске асырылуын жеңілдету үшiн Ү2К-проблема туралы берілген ақпараттың орталық базасын, елдегi және шет елдегi шешiмдер мен тәжiрибенi әзiрлеу және жүргiзу болып табылады. Бұл бағдарлама жұртшылық пен жергіліктi атқарушы орган үшiн активтi кеңесшi және консультативтiк органның жұмыс iстеуiн нысанаға алады.
      Ұлттық Ү2К-жоспардың iс-әрекетi мен қорытындылары туралы барлық ақпаратты жұртшылыққа жетiмдi ету үшiн ақпарат пен байланыс бойынша жалпыұлттық компанияны тексеру көзделiп отыр.
      3) 2000 жылдың проблемасын шешу кезінде тәуекелдердi басқарудағы әдiстемелiк көмек бағдарламасы экономиканың басым салаларын және 2000 жылдың проблемасына байланысты тәуекелге көбiрек душар болған жүйелердi анықтауға және жұмыстың басым бағыттарын айқындау үшiн алынған ақпаратты пайдалануға және осы тәуекелдердi бейтараптандыру жөнiнде көмек көрсетуге бағытталған. Одан әрi тәуекелдердi анықтау және салыстырма талдамасы бойынша жүйелердiң модификациясын, ауыстыру мен iстен шығаруды және қолмен басқаруға көшу мүмкіндігін көздейтiн басым салаларда осы проблемаларды жеңiп шығудың нақты стратегиялары көзделген болуы тиiс.
      4) Бақылау және бағалау бағдарламасы Ү2К-проблеманы шешу жөнiндегi жобалардың барысы мен сапасын тексеруге байланысты. Бұл бағдарлама Ү2К-проблемасын шешу жөнiндегi түрлi бастамалардың барысы туралы және елдiң түрлi секторларындағы iлеспе әлеуеттi сыни жағдайлар туралы ақпарат жинауды нысанаға алады. Бұл ақпарат Ү2К-проблемасы бойынша Қазақстан

 

Республикасындағы жағдай туралы Yкiметке берiлетiн есептiң негiзiн

құрайды. Ол әдейi араласуды талап ететiн ерекше маңызды мiндеттерге көңiл

аудартады.

     Барлығы бiрге ұлттық Ү2К-жоспарының жалпы мақсатына жетуге мүмкiндiк

беретiн әрбiр бағдарламаның өз ерекшелiгi бар.


     2-Тарау. 2000 жылдың проблемасын шешуге

              көмектесуді ұйымдастыру


     1. Бюджет және қаржыландыру


 
       Мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процестерін үйлестiру жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелерде 2000 жылдың проблемасы бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады. Бұл ретте басты мақсат тәуекелдi бағалау және басымдықтарды айқындау, жүргiзiлетiн жұмыстарға бақылау жасау, сондай-ақ қажеттi қаржы ресурстарын анықтау үшiн қаржылық қажеттiлiктердi зерделеу және бағалау болып табылады. Өкiнiшке орай, ағымдағы сәтте министрлiктер мен ведомстволар бойынша тұтастай алғанда 2000 жылдың проблемасын шешудiң алғашқы сметалық құны да жоқ. Жекелеген құрылымдардың сұрау салуы орын алып отыр, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi - 800 мың АҚШ доллар, Қазақстан Республикасы Президенттiң Іс басқармасы - 300 мың АҚШ доллар, ал Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi - 10 мың АҚШ доллар сұрады. Барлық министрлiктер мен ведомстволарда Ү2К-проблеманы шешудiң алғашқы сметалық құны тұтастай алғанда әлi бағаланған жоқ. Бұл сан Ү2К-ге байланысты министрлiктер мен ведомстволардан деректердiң түсу шамасына қарай, iс-шаралар жобаларының анықталуы мен орындалуына қарай анықталатын болады.
      Көптеген министрлiктер мен ведомстволар үшiн қаржыландыру мүмкiндiктерi өте шектеулi. Сондықтан, мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процестерiн үйлестiру жөнiндегi Комиссия Ү2К-ге арналған қосымша қаржы қаражатын iздестiруде көмек көрсетуге мiндеттi болмақ.
      Қаржыландыру көздерiн iздестiру шамасына қарай, мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процестерiн үйлестiру жөнiндегi Комиссия Ү2К бойынша қаржыландыру өтiнiмдерiне сүйене отырып, министрлiктер мен ведомстволар үшiн сырттан алынған қаржы ресурстарын орналастыру және төлеу ережесiн белгiлейдi. Қаражатты орналастыру табысты қорытындының мүмкiндiгiн ескере отырып, белгiленген басымдықтар мен тәуекелдi бағалауға тәуелдi болады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 қаулыға сәйкес, сол сияқты қажеттілік жағдайына қарай, Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары және басқа да мемлекеттiк органдар жұмыс топтарын құрды немесе құруға, ведомстволық бағынысты ақпарат жүйелерiнiң жай-күйiн талдауға, Ү2К-проблемасын шешу жөнiндегi әрекеттердi айқындауға тиiс. Осыған байланысты, олар iс-шаралардың меншiктi жоспарларын әзiрлейдi және мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процесстерiн үйлестiру жөнiндегi Комиссияға тапсырады. Басшылар жүйелердiң 2000 жылға әзiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн жеке жауапкершiлiк көтередi.
      Зерттеулердiң қорытындыларына және Ү2К-ға жасалатын тұрақты бақылауға сүйене отырып, жоғары тәуекелдiң секторлары, сондай-ақ олардың жеке қаржылық қажеттiлiктерi айқындалатын болады. Өмiрлiк маңызды секторлар үшiн қажет қаржылардың жалпы саны ұдайы анықталатын болады. Одан кейiн, мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процестерiн үйлестiру жөнiндегi Комиссия қаражатты iздестiру шамасына қарай, алынған қаржы ресурстарын орналастыру жөнінде ұлттық басымдықтар тұрғысында ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ету тәртібімен шаралар қолданады.
      Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі Комиссия Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігімен ынтымақтастықта қаржы ресурстарын, мәселен Бүкіләлемдік банктің Ү2К-гранттарын іздеу үшін байланыстар орнатуға және демеушілікке көмектесетін болады. Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі Комиссия Ү2К-шығыстарының барысы мен жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында есеп береді.
      Мәселелерді ұқсас пысықтауды облыстық (қалалық) жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға (комитеттерге) жүзеге асыру ұсынылады.
 
      2. Заң мәселелері
 
      Бірқатар елдерде 2000 жылдың проблемасын шешудегі Үкіметтің рөлі заңдарда бекітіледі. Мәселен, 1997 жылғы ақпанда Швецияда қабылданған ұйғарым Үкіметке 2000 жылдың проблемасын шешуге міндетті түрде қатысуды жүктейді және статистикалық органдар арқылы ақпарат жинау ұйымымен оның қадағалаушылық рөлін айқындайды. Ұқсас ұйғарымдар басқа да елдерде қабылданған. Мәселен, АҚШ-та, Конгресс осы проблема маңызды жүйелерге зиян келтірмей тұрғанда, осал жүйелерді қайта бағдарламалау немесе ауыстыру мемлекеттік және әлемдік маңызы бар мәселе болып табылады деген тұжырымға келді. Атап айтқанда, "2000 жылға дайындық туралы" ақпаратты ашуға және алмасуға байланысты, осындай ақпаратты уақытында ашуға және алмасуға көмектесетін бірыңғай құқықтық нормалар ұлттық мүдделерге жауап береді деп белгіленген.
      Батыстың сарапшылары 2000 жыл проблемасының жанама қорытындысы ретінде әлеуетті сот процестерінің алты түрін болжамдап отыр:
      1) қаржысына және инвестицияларына зиян келтірілген клиент қозғаған процесс;
      2) бағдарламалық құралдары 2000 жылға сәтті көшуді көздемеген акционерлік ұйымдар қозғаған процесс;
      3) 2000 жылдың проблемасы нәтижесінде болған кез келген өліммен немесе дене жарақатымен қауымдастырылатын процесс;
      4) компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерін әр түрлі абыржыған пайдаланушылар қозғаған топтық талап қою процесі;
      5) кездейсоқ берушілердің, мердігерлердің, консультанттардың немесе 2000 жылдың коммерциялық аспаптарының қызметтерін пайдаланған ұйымдар қозғаған 2000 жылдың проблемалары бәрібір зиянын тигізген процесс;
      6) егер 2000 жылдың проблемасы ақпараттық қамтамасыз етуде немесе ішіне орналастырылған микрокодта, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуде тұрса, компьютерлiк ұйымдарды аппараттық қамтамасыз етудi жасаушыларға қарсы процесс.
      Осылайша, үшiншi тарап толық суреттi көре алады және осы тұрғыда.
      Сот процесiмен салыстырғанда делдалдықтың пайдасы бар, өйткенi оның мынадай белгiлерi бар: жылдамдық, қарапайымдылық, төмен құн, шешiмдер қабылдаудың бiрлестiгi.
      Баламалы шешiм көптеген банктер, компаниялар және с.с. бiрiктiрілетiн Мыңжылдық Келiсiмде (СЕDR ұйымы шеңберiндегi бастама) қолданылады. Қазақстандық ұйымдар мен компанияларға осындай рәсiмдердi қолданудың мүмкiндiгiн қарау ұсынылады (Web-site httр:// у2к.мinfin.кz қараңыз).
      Мемлекеттiк мекемелер үшiн құқықтық база министрлiктер мен ведомстволардың, оларға бағынысты кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларының, сондай-ақ жергiлiктi органдардың басшыларының мiндетi 2000 жылы техникалық инфрақұрылымды дайындауды қамтамасыз етуге ауыстырылған "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестiгi проблемаларын шешудiң кейбiр мәселелерi туралы" 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы болып табылады.
      Жеке сектор үшiн фирмаға сот талаптарын қою тәуекелiне байланысты құқықтық мәселелердi шешу, және 2000 жылға дайындықты қамтамасыз ету жөнiндегi корпоративтiк жоспарларды жасау ұсынылады.
      Мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процестерiн үйлестiру жөнiндегi Комиссия Ү2К-жобаларын дамытуға және енгiзуге мүмкiндiк туғызатын заңдық бастамалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына енгiзген кезде көмек көрсететiн болады.
      Таратудың қабылданған әдiстерiне қосымша бекiтiлген нормативтiк және құқықтық құжаттар wеb-sitе-ке тапсырылатын болады.
      Комиссия осы бастамаларды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бекiтуiне енгiзу үшiн 2000 жылдың алғашқы күндерi кезеңiн форс-мажорлық деп тану келер жылдағы қаңтардың алғашқы күндерiн жұмыс күндерi емес деп жариялау жөнiнде ықтимал бастамаларды қарайды.
 
      3. Аймақтық мемлекеттiк органдардың рөлi
 
      Жергiлiктi атқарушы органдарға бағынысты ұйымдарда және жеке секторда аймақты 2000 жылға дайындау процестерiн үйлестiру жөнiндегi комиссиялар (комитеттер) ұйымдастырылуы тиiс.
      Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) аймақ шеңберiнде 2000 жылға дайындық жөнiндегi жұмыстардың басым бағыттарын айқындауы;
      2) аймақ аумағында 2000 жылға дайындық жоспарларын әзiрлеу және орындау процесiн бақылауы;
      3) аймақта әрекет ететiн ұйымдар мен кәсiпорындардың 2000 жылға тиiстi дайындығын қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырылуы қажет нақты iс-шараларды ұсынуы;
      4) 2000 жылдың проблемасын шешуге дайындықтың маңыздылық дәрежесi және барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруы тиiс.
      2000 жылға дайындық кезiнде аймақтық мемлекеттiк органдардың ролiн айқындауда жалпы алғанда екi негiзгi амал-тәсіл туралы сөз етуге болады. Бұл амал-тәсiлдерде ұқсас мiндеттер шешiледi, ал айырмашылықтар жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы комиссиялар (комитеттер) таратылатын өкiлеттiктер көлемiне саяды.
      Бiрiншi амал-тәсіл тiкелей басқару принципiн iске асырумен байланысты. Бұл жағдайда жергілiктi атқарушы органдар жанындағы комиссия (комитет) өз аймағы аумағында 2000 жылға дайындық жөнiндегi барлық күштердiң орталығына айналады. Бұл амал-тәсiл елеулi-маңызды екi құрамдас бөлiктi:
      1) бiрыңғай күштi орталықтандырылған үйлестiрушi комиссияның (комитеттiң) болуын;
      2) осы комитеттiң активтi атқарушы органының (жұмыс органы, штаб) болуын көздейдi.
      Орталықтандырылған үйлестiрушi комиссия (комитет) атқарушы өкiмет басшысының немесе оның орынбасарының төрағалық етуiмен құрылуы және жұмыс iстеуi тиiс. Комиссияның (комитеттiң) құрамына жергiлiктi мемлекеттiк және жеке кәсiпорындардың жоғарғы тобының басшылары кiруi керек.
      Комиссияда (комитетте) облыстың тек ең маңызды кәсiпорындары мен ведомстволары ұсынылуы тиiс, ал оның мүшелерiнiң саны 10 адамнан артық болмауы ұсынылады. Мұндай комиссияның қызметiнiң (комитеттiң) басты мiндетi аймақтың мүдделерiн тиiмдi қорғау болып табылады. Комиссия (комитет) өзiнiң мәжiлiстерiнде мемлекеттiк және жеке сектордың кәсiпорындары мен ұйымдары үшiн 2000 жылдың проблемасын шешу жөнiнде дүркiн-дүркiн ұсыныстар жасайды.
      Комиссияның (комитеттiң) атқарушы (жұмысшы) органы оған комитет табыстаған кең өкiлеттiктердi жiбередi. Оның құрамында кемiнде үш қызметшi болуы тиiс. Қазiргi жағдайдағы қаржылық қиындықтарды ескере отырып, арнайы құрам мемлекеттiк шенеунiктердi 2000 жылдың проблемасы бiткенге дейiнгi кезеңге жұмыстың осы учаскесiне уақытша ауыстыру есебiнен құрылуы тиiс.
      Әрбiр кәсiпорын мен ұйымда iс-шаралардың iске асырылуын бақылайтын және комитет алдында iстелiнген жұмыстар туралы есеп берiп отыратын 2000 жылға дайындық жөнiндегi жұмыстардың жауапты басшы-қызметкерiн қарастыру керек. Бұл қызметке ақпараттық технологиялар бөлiмiнiң басшысы тағайындалуы тиiс. Атқарушы (жұмысшы) органға сол сияқты аймақтың кәсiпорындарының, ұйымдарының 2000 жылға дайындық дәрежесi туралы бақылау жасау және есептiлiк функциясы жүктелуi тиiс. Атқарушы орган үйлестiрушi комитеттерге дүркiн-дүркiн есеп берiп отыруы керек.
      Тiкелей басқару әдiсiнiң басты басымдығы облыстық (қалалық) жергiлiктi атқарушы органдар 2000 жылдың проблемасын шешу процесiн толығымен бақылайды және iстелген жұмыстар мен ықтимал тәуекелдер туралы жақсы хабардар етiледi. Негiзгi кемшiлiк - көп шығындардың, уақыттың және адам ресурстарының қажеттiлігі.
      Екiншi амал-тәсiлдi (өкiлеттiктердi тапсыру әдiсiн) 2000 жылдың проблемасын шешуге жергiлiктi атқарушы органдар тiкелей қатыса алмайтын және/немесе бұл үшiн адам және уақыт ресурстары болмаған жағдайларда қолдану ұсынылады. Екi жағдайда да 2000 жылға дайындық үшiн, бұған қажет ресурстарды iздестiру үшiн, оқиғалар туындаған жағдайда iс-қимылдардың жоспарларын әзiрлеу үшiн барлық жауапкершiлiк өздерiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының 2000 жылға дайын болуы үшiн жекелеген кәсiпорындар мен ұйымдардың және фирмалардың басшыларына - олардың дербес жауапкершiлiгiне берiледi.
      Мұндай жағдайда жергiлiктi атқарушы органдардың ролi семинарлар өткiзу, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық компаниялар ұйымдастыру арқылы 2000 жылдың проблемасы туралы хабардарлық дәрежесiн арттыруға келiп саяды. Мұндай жағдайда, мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдар 2000 жылға өзiнiң дайындық дәрежесi туралы өздерiне үнемi есеп берiп отыратынын қоспағанда, жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бағдарламаларды орындау барысына тiкелей бақылау жасаумен айналыспайды. Осындай амал-тәсiлде аймақтық комиссия (комитет) құрудың қажетi жоқ, бiрақ бұл жағдайда да жоспарлауды, ағымдағы бақылауды, есептiлiктi және мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдармен және фирмалармен байланыстарды ретке келтiрудi ұйымдастыруға жауапты үш-төрт адам жұмыс iстейтiн жұмысшы орган ұйымдастырылады.
      Беру әдiсiнің артықшылығы - оның жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан әлдеқайда аз жергiлiктi атқарушы органдар шығындарымен қатар кездесiп отыратындығы, кемшiлiгi - жергiлiктi атқарушы органдардың қолында аймақтағы 2000 жылдың проблемасының жай-күйi және онымен қатар кездесетiн тәуекелдердiң дәрежесi туралы барынша толық ақпараттың болмауы болып табылады.
      2000 жылға әзiрлеу жөнiндегі барлық жұмыстардың табысты болуы немесе сәтсiздiкке ұшырауы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларының тек жеке қабiлетiне, проблеманың маңыздылығын түсiну дәрежесiне және уәждемесiне байланысты.
 
      4. Халықаралық қатынастар
 
      Intеrnеt-тi және басқа да құралдарды пайдалана отырып, Комиссияның Жұмыс органы Ү2К жөнiндегi халықаралық уақиғалар мен жағдайды бақылайды және жеке секторлар және/немесе ұйымдар бойынша ақпаратты таратып отыратын болады. Мамандандырылған салалық семинарлар, аймақтардағы немесе тағы басқа жерлердегi уақиғалар бойынша ақпарат, сондай-ақ ең жақсы шешімдер туралы ақпарат iске қосылатын болады.
      Көбiсi 2000 жылдың проблемасы тек немесе негiзiнен технологиялық жағынан ең дамыған немесе алдыңғы қатарлы елдерге ғана қатысты деп ойлайды. Бұл көзқарасқа сәйкес, дамушы елдер өздерiнiң компьютерлерге, ақпараттық және коммуникациялық технологияларға азырақ тәуелдi болуы нәтижесiнде аздап зиян шегуi тиiс. Өкiнiшке орай, бұл мүлдем олай емес және осы қорытындыны Қазақстанға да қатысты таратуға болады. Қазақстан өзара байланысты әлемнiң және әлемдiк экономиканың құрамдас бөлiгiне айналып барады. Қаржы саласындағы, жеке сектордағы мемлекеттiк өкiмет органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер олардың өз функцияларын жүзеге асыруда шешушi рөл атқарады. Мемлекеттiк мекемелердiң сауалдамасы көрсеткендей, көптеген жағдайларда ақпараттық жүйелер 2000 жылдың проблемасына тап болған көне бағдарламалық және аппараттық платформаларға негiзделедi. Көне арнайы компьютерлердiң үлесi мемлекеттiк те жеке секторда да барынша жоғары, әсiресе, бұл компьютерлердiң ең соңғы модельдерiнiң өзi "2000 жылға дайындық" талаптарына әрқашан толықтай жауап бермейдi. Сол сияқты Қазақстан шетелдiк өндiрушiлер мен берушiлерге технологиялық жағынан, оның iшiнде қондырылған жүйелер бойынша толық тәуелдi екенiн ескеру керек. Бұдан басқа, Қазақстанда басқа да маңызды жобалар мен бағдарламаларға зиян келтiрмей, 2000 жылдың проблемасын шешу үшiн кадрлар, сол сияқты қаржы ресурстары жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, "2000 жылдың проблемасы" абсолюттiк мағынада соншалықты зор болмауы мүмкiн, бiрақ әлеует жағынан өте шыңдап зиян келтiруi мүмкiн.
      ТМД-ның барлық елдерi сияқты, Қазақстан мемлекетаралық операциялар

 

мен трансакцияларға, мәселен, темiр жол жүйесi; сондай-ақ халықаралық

талаптарға мәселен, әуе көлiгi және с.с., тарихи тәуелдi.

     2000 жылдың проблемасын шешу жөнiндегi халықаралық ахуалды бағалау

мен талдау бойынша жұмыстар жүргiзу, басқа ұлттық Yйлестiрушiлермен өзара

iс-қимылды жылжыту қажет болған кезде бiрлескен бастамалар көтеру, ерекше

секторлардың проблемасы бойынша халықаралық органдармен қарым-қатынастарды

жылжыту халықаралық тәжiрибеден үлгi алуға мүмкiндiк жасау және басқа

елдер тарапынан зиянды жеңiлдету үшiн барлық шараларды қолдану жоспарланып

отыр.


           3-Тарау. Ақпараттық қамтамасыз ету

                    және жалпы қолдау


     5. Хабардарлылық және ақпаратты тарату


     Ұлттық жоспардың әрекет етуiнiң ажырамас бөлiгi ақпараттандыру

бойынша тиiмдi науқан жүргiзу болып табылады.


              2000 жыл проблемасының шешімін үйлестірудің

                   ұйымдастырушылық құрылымы


                                                      Кесте



        ҮКІМЕТ ---------------------------- ҚР ТЖ жөніндегі агенттігі

          |

        Мемлекеттік мекемелерді

   ---- ақпараттандыру процестерін  -------"ҚЖАО" РМК-ның жұмыс органы

    |   үйлестіру жөніндегі комиссия                 |

    |     |                        |  \       Құзыретті орталық

    |   ҚР Ұлттық Банкінің          \  \

    |      комиссиясы   ---Құзыретті \  \----------

    |           |      \   орталық    \            \

    |      N 1 банк      Nn банк       N 1           Nn 

    |    (сақтандыру   (сақтандыру  Министрлік    Министрлік

    |      қоғамы)       қоғамы)   (ведомство)    (ведомство)

    |   

    |-----------------/\

                     /  \

                    /    \

                 N 1      Nn

            жергілікті   жергілікті

            атқарушы      атқарушы

             орган         орган

             /  |            |  \

            /   |            |   \

  Ведомстволық  Жеке      Жеке    Ведомстволық

   бағынысты   сектор    сектор     бағынысты

    ұйымдар   кәсіпорын. кәсіпорын.   ұйымдар

                дары      дары



     | Осы науқан Ү2К-проблемасы бойынша хабардарлықты кеңейтуге


бағытталған және ресурстар мен болашақ оқиғалар бойынша ақпаратты бiлдiру үшiн және одан арғы ақпараттар үшiн байланыстың нүктесi ретiнде web-site (төмен қара) мен Комиссияның Жұмысшы органын пайдалануға ықпал етедi.
      Жекелеген ПК көптеген офистерде, мектептерде және үйлерде бар болғанымен Қазақстан аумағында wеb-sitе әлi де болса кең қолдануға қолайлы емес. Бұл жағдай бiрте-бiрте жақсара түсуде, мысалы, көптеген жоғары және орта оқу орындарында Ұлттық жоспар шеңберiнде Intеrnеt-ке қосылған. Бұдан шығатын қорытынды, мақсатқа тиiмді қол жеткiзу үшiн, хабардарлықты арттыру стратегиясы бiрiн-бiрi әр алуан толықтыратын мәлiметтерден тұруы тиiс.
      Әрбiр жағдайда, адамдардың санасына жеткiзуге қажеттi мәлiметтер аудитордың өзiне тәуелдi. Сонымен қатар, жалпы жұмыстар адамдардың хабардарлығын арттыру, оқыту арқылы үрейдiң туындау ықтималдығын азайту зерттеулердi ынталандыру және проблемаларды шешу жолдарын табу бағытында жүргiзілуi тиiс. Жүйелерде түзетудi жүргiзу стратегиясы жылдың аяғына дейiн ауыстырылатын болады. Жаңартудың кiшi жүйесi үшiн өмiрлiк қабілетті таңдау ретiнде саналуы мүмкiн болғанымен, түзетуге арналған ресурстары жоқ үлкен жүйелер үшiн төтенше жоспарлау әрекет етудiң бiршама оңтайлы курсы ретiнде ерекшеленуi тиiс. Жылдың соңғы тоқсаны iшiнде төтенше жоспарлау қызу түрде таратылатын болады.
      Ақпараттық қолдау стратегиясы мыналарды қамтиды:
     1. Күн сайынғы газеттер. Проблемалар бойынша халықтың жалпы хабардарлығын арттыруға және Y2К проблемасын шешу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қолданатын әрекеттер туралы ақпараттандыруға арналған. "Казахстанская правда" және күн сайынғы газеттердiң бiрiнде 2000 жылдың проблемалары бойынша ағымдағы жағдайларға арналған күн сайынғы баған (орыс тілiнде), сондай-ақ қазақ тілiнде "Егемен Қазақстанда" жоспарлануда. Одан басқа, шаралардың тапсырысы үшiн және одан арғы ақпараттарды алу үшiн тiрек нүктесi ретiнде web-site мен. Комиссияның Жұмысшы органының мекен-жайына жарнамалық газеттерде хабарландыру беру жоспарлануда.
 
      2. Теледидарлық бағдарламалар
      1) Телеарналардың бiрiнде қысқаша хабарлар беру (3-5 минуттық) жоспарлануда, басында және аяғында Ү2К проблемасын енгiзетiн клиппен сүйемелденедi. Хабар алдағы немесе өткен оқиғалар туралы ақпараттандыратын түрлi ұйымдар туралы және Ү2К проблемасымен олардың қалайша жұмыс iстеп жатқандығы туралы әңгiмелейтiн, сондай-ақ көрермендерге қатысты бiр-екi мәселенi қарайтын болады.
      2) Төменде айтылатынындай, семинарлар және басқа да маңызды оқиғалар бойынша пресс-конференциялар жоспарлануда.
      3. Web-Site (Y2К minfin ks) Құрылатын Web-Site мынадай болады:
      1) Ү2К-проблемасын ресми айқындаған және Мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру процесстерiн үйлестiру жөнiндегi комиссияның алдына мiндеттер қойып отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 187 және 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 қаулылары сияқты 2000 жылдың проблемаларына қатысты барлық мемлекеттiк құжаттар.
      2) Ү2К-проблемасы бойынша әдiстемелiк нұсқаулар;
      3) Ү2К-проблемасын, мысалы, ВIОS, RTS және проблемалардың бар-жоғын тексеретiн Check 2000 РС бағдарламалық өнімді шешу үшiн пайдаланылуы мүмкiн құрал-саймандардың тiзiмi;
      4) Пайдаланылатын өнiмдердiң тiзiмi және өндiрушiлердiң өтiнiмi мен

 

басқа да ақпараттық көздерге сүйене отырып 2000 жылдан бастап олардың

берген келiсiмi;

     5) Алдағы болатын оқиғалар, мысалы, өткен оқиғалар туралы семинарлар,

жиналыстар және есептер немесе ақпараттар туралы хабарландырулар;

     6) Ү2К-ге жататын Wеb-sitе-ге сiлтеме;

     7) 2000 жыл проблемасы бойынша сұрақ-жауап.


     4. Семинарлар

     1. 1998 жылдың қыркүйегiнде ТМД елдерiнiң қатысуымен Алматы қаласында

Бүкiләлемдiк банктiң аймақтық семинары өттi.

     2. Бiрiншi республикалық семинар Астана қаласында 1999 жылдың

23 шiлдесiнде болды. 2000 жылдың проблемасын қозғайтын жекелеген мәселелер

бойынша ресми адамдар сөз сөйледi және баяндамалар жасалды.

     Семинардың жоспарына сәйкес төрт секция жұмыс iстедi:

     а) "2000 жылдың проблемаларын" шешудiң техникалық аспектiлерi";

     Ь) "Қаржы-банктiк жүйесiндегi 2000 жылғы проблема";

     с) "Энергетика, көлiк және коммуникациялардағы 2000 жылғы проблема";

     д) "Әлеуметтiк сала".


     5. Брошюралар


 
       Арнаулы аудиторияларға ақпараттарды жеткiзуге арналған, мысалы, шағын бизнес, офистiк жабдықтар (ксерокстер, ПК, телефон жүйелерi, факстер және т.б ) бойынша Ү2К ақпараттарымен брошюраларды шығару жоспарлануда. Брошюралар, сондай-ақ ақпарат көзi ретiнде web-site мекен-жайын орналастыру үшiн пайдалы.
      6. Ү2К Ыстық торап
      Құзыреттi орталықтың ресурстарын пайдалану үшiн Құзыреттi орталықтың сарапшыларымен ыстық торап толық жұмыс күнi (08.30 - 17.00) жұмыс iстейтiн болады. Сұрақтар кiтапқа енгiзiледi, мүмкiндiгiнше жауап таз арада қайтарылады, сондай-ақ бiршама жиі қойылатын сұрақтар бойынша да база құрылатын болады. Ол wеb-sitе-де жұмыс iстейдi. Тез арада жауап алынбаған сұрақтарға берiлетiн жауаптың мөлшерлi уақыты - 24 сағат.
 
      6. Мемлекеттiк мекемелердi, Комиссияның Жұмыс органын, Құзыреттi
     орталықты, ақпараттандыру процесiн үйлестiру жөнiндегi Комиссияның
                           функциялары
 
      1998 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 1384 P981384_ қаулысымен мемлекеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану, деректердi ақпараттық алмасудың халықаралық стандарттарын енгiзу, мемлекеттiк мекемелерде ақпараттандыру жүйелерiн құру және енгiзу процесстерiн үйлестiру мақсатында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 шiлдедегi N 715 P990715_ қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi құрудың тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Мемлекеттiк мекемелердегi ақпараттандыру процесстерiн үйлестiру жөнiндегi комиссия құрылды.
      "2000 жылдың басынан бастап ақпараттандыру жүйелерiнiң жұмыс iстеу проблемалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне материалдарды әзiрлей отырып" Комиссияның мiндеттерiн, сондай-ақ "мемлекеттiк тiлде ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеу процесстерiн үйлестiру" мiндеттерiн толықтыра отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоғарыда көрсетілген қаулысына Қазақстан Республикасының Үкiметi 1999 жылдың 2 наурызында өзгерiстер мен толықтырулар енгiздi. Одан басқа, осы өзгерiстермен Комиссияның Жұмысшы органының функциялары өзгертiліп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің "Қаржы жүйесiн ақпараттау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жүктелдi.
      Мемлекеттiк мекемелердегi ақпараттандыру процесстерiн үйлестiру жөнiндегi комиссия 1999 жыл iшiнде сұрау салу тәртiбiмен мемлекеттiк атқарушы органдарының ақпараттық жүйелерiнiң тығыздылық жүйесiн зерттеу бойынша бiрқатар жұмыстарды жүргiздi және министрлiктер мен ведомстволардың нақтылауына орай түзетілетiн деректер базасын қалыптастырды. Осы жұмыстардың нәтижелерi бойынша, мемлекеттiк органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiнiң және ақпараттық технологиялардың басқа компоненттерiнiң 2000 жылға арналған проблемаларға сәйкестiгiне арналып "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестiгi проблемаларын шешудiң кейбiр мәселелерi туралы" 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы шығарылды.
      Осы қаулыға сәйкес Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердiң және ақпараттық технологиялардың басқа компоненттерiнiң 2000 жылға сәйкестiгiне арналған сынақтарды жүргiзу әдiстемесi бекiтiлдi. Орталық атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының өзге де органдарына, оларға бағынысты органдарға, жергiлiктi атқарушы органдарға және оларға бағынысты органдарға Әдістемеге сәйкес ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестiгi проблемасын шешу жөнiндегi шаралардың жоспарын әзiрлесiн, бекiтсiн және ұсынсын және тез арада оны iске асыруға кiрiссiн.
      Мемлекеттiк мекемелердегi ақпараттандыру процесстерiн үйлестiру жөнiндегi iс жүзiндегi комиссия 2000 жылдың проблемасы бойынша ұлттық Үйлестiрушi функцияларын iске асырады. Техникалық мәселелердiң жауаптары, хабардарлықты арттыру деректердi жинау мен талдау Y2К прогресi бойынша есептердi әзiрлеу тарату үшін жұртшылықпен байланысты оларға тиісінше қамтамасыз етедi.
      Комиссияның Жұмысшы органы семинарлар ұйымдастыруы (Хабардарлықты және Ақпараттарды таратуды қара), бұқаралық ақпарат құралдарына және web-site (httр://у2к. мinfin. kz) қолдау үшiн материалдарды әзiрлеуi тиiс. Ол сондай-ақ, Ақпараттандыру процесстерiн үйлестiру жөнiндегi комиссияның бекiтуi үшiн есептердiң нысандарын әзiрлейдi және бекiтiлген нысандардың таралуына жауап бередi. Сондай-ақ, Комиссияның Жұмысшы органы үйлестiру тәсiлдерi және министрлiктер арасындағы ынтымақтастық туралы ұсынысты енгiзедi. Комиссияның Жұмысшы органы қатердi талдау әдiстерiн жасау жөнiндегi жұмыстарды, ПО үшiн тестiлеудi және ИС бағалау бойынша консультацияларды өткiзудiң тетiктерiн сертификаттауды жүргiзуi мүмкiн.
      Комиссия Y2К-проблемасын шешу үшiн мемлекеттiк мекемелерде ақпараттық жүйенi зерттеу жөнiнде бiрнеше құжаттар мен түрлi материалдарды әзiрледi. Олардың бiрi - түгендеу сұрақ-жауабы, оны толтыру үшiн барлық министрлiктер мен ведомстволарға жiберiлдi, түгендеу жөнiндегi дерек базалары құрылды. Бұл база Ү2К шешуде прогресстi өлшеудi бастауға болатын бастапқы жағдайды айқындайды. Мемлекеттiк мекемелерде Ү2К-жағдайын бастапқы шолу негiзiнен орындалды. Комиссияның Жұмысшы органы, одан кейiн әр айдың оны күнiне респонденттерден жаңа деректердi ала отырып бастапқы жағдайдан прогресстi қадағалай алады.
      Прогресстi айқындау үшiн де және күш жұмсағысы келмейтiндердi ынталандыру үшiн де кесте түрiнде, министрлiктер бойынша есептер кезең-кезеңде немесе қажет болғанда әзiрленедi және таратылады. Прогресстi iрiктеу кезiнде секторлар ұлттық инфрақұрылымды ұйымдастыруда жоғары тәуекелмен айқындалуы және бақылануы, шешiм қабылдайтын адам да хабардар болуы тиiс.
      Комиссияның Жұмысшы органы сондай-ақ, барлық министрлiктер мен ведомстволардың байланыс жасайтын адамдарының тізімін жасайды және таратады (мысалы, wеb-sitе-мен және брошюралармен). Бұл тiзiм ағымдағы проблемаларды ұйымдар арасында талқылау және бiр-бiрiне ақпарат беру үшiн пайдаланылуы мүмкін.
      Сондай-ақ, wеb-sitе-де жеткiзушiлердiң тiзiмi мен шешiмдердiң провайдерлерi жасалуы және орналастырылуы мүмкiн.
      Біршама танымал бағдарламалық өнімдер үшін Ү2К-мен олардың келісімі бойынша ағымдағы мәліметтердің ақпараттық кестесі wеb-sitе-де және брошюралармен ұсынылады. Кейбір министрліктер мен ведомстволар үшін Құзыретті орталық тәуекелді бағалауды және оны болдырмауды, ресурстарды (қаржылық, адамдар құрамы және техникалық) бағалауды және төтенше жағдайларды жоспарлауды қоса алғанда, тәуекелді басқару жоспарын әзірлеуге көмек көрсете алады.
      Ү2К-проблемалық облыстарды қамтуға деген қалған уақыт шектеулі болғандықтан, Құзыретті орталықтың шешуші функциясы түрлі ұйымдарды төтенше жоспарлауға үйрету және бұл жоспарларды әзірлеу әдісі болып табылады. Төтенше жоспарлау ерекше жағдайларға бейімделуі тиіс, яғни жалпы үлгісі жоқ. Олай болғанымен, бейімделетін төтенше жоспарлауды әзірлеудің, түрлі нақтылы жағдайларда, қажетті жолдары бар. Осылайша, төтенше

 

жоспарлау құжатталуы және негізгі жолдары тізімделуі тиіс.

     Қазақстанға арналған Ү2К-келісім стандарттары да Британ институтының

стандарттары сияқты әзірленген. "2000 жылға арналған даярлық" термині

жұмысшы сипаттамасы мен жұмыс істеуіне 2000 жыл ішінде және одан кейін де

ықпал ету күндерінің жоқтығын білдіреді. Төрт ережені бөліп көрсетуге

болады:


     N 1 ереже     Ағымдағы күннің ешқандай мәні жұмыста ешқандай

                   кедергі тудырмауы тиіс.

     N 2-ереже     Күндерді пайдалануға негізделген функциялар 2000 жыл

                   ішінде және одан кейін де күндер үшін жүйелі

                   орындалуы тиіс.

     N 3-ереже     Ғасырдағы осы мәнді қайта өндірудің және сақтаудың

                   барлық жүйелерінде кез-келген күн ашық және бір

                   мәнді алгоритмдерді немесе қайта өндірудің ережелерін

                   пайдалана отырып айқындалуы тиіс.

     N 4-ереже     2000 жыл кәбиса (високосный) жыл ретінде танылуы тиіс.


     7. Оқып-үйрену



 
       Оқып-үйрену бағдарламасының стратегиясы біріншіден, мұқтаждықты айқындауды қамтиды, олар туралы кейбір деректерді сұрақ-жауаптан алуға болады. Жеткілікті сараптама жүргізуге мүмкіндік жоқ жеп жазған ұйымдар үшін консультанттар түгендеуді жүргізуді жүзеге асыруға және Ү2К мен басқа аспектілер және Ү2К-проблемалары бойынша жобаларды басқаруды оқып-үйрену үшін ұйымдастыруға қатысуға көмектеседі.
      Қыркүйек-қазан айларында консультанттарға оқу семинарларында,

 

түгендеу жүргізуде, ИС тестілеуді және басқа ағымдағы мәселелерді шешуде

көмек көрсетілетін болады.

     Министрліктер мен ведомстволар бойынша күрделі салалар үшін таяу және

алыс шетелдерден консультанттарды жалдау көзделуде. Осы мәселелер бойынша

Мемлекеттік мекемелердегі ақпараттандыру процесстерiн үйлестiру жөніндегі

комиссияның Жұмысшы органына ("ЦИФС" РМК Астана қ. Республика даңғылы

60, тел. 34-33-13) өтiнiм жасау керек.


     4-Тарау. 2000 жылдың проблемасына байланысты

                      тәуекелдерді басқару

                       (Әдiстемелiк аспект)


     8. Түгендеу, блиц-сауал



 
       Министрлiктер мен ведомстволар, мемлекеттiк басқарудың аймақтық органдары бiрiншi кезекте өздерiнiң министрлiктерiнде, ведомстволарында, өздерiнiң аймақтарының аумақтарында 2000 жылдың проблемасы туралы бiлетiндiктерiнiң дәрежесi жөнiнде ұсыным алуы қажет. 2000 жылдың проблемасы бойынша қандай жобалар iске асыруға даяр екендiгiн анықтау. Осы мақсатта, әдетте, 2000 жыл проблемасының әсерiне ұшыраған, инфрақұрылым элементтерiнiң тiзбесiн жасауға мүмкiндiк беретiн толық көлемдi түгендеу жүргiзіледi (қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету; жүйелiк, аппараттық қамтамасыз ету; қондырылған жүйе және т.б.). Министрлiктерге және ведомстволарға бағынысты немесе аймақ аумағында әрекет ететiн барлық кәсiпорындар мен ұйымдарды тарта отырып, көрсетiлген тiзбе сұрақ-жауапты толтыру, сауалнама жүргiзу және деректердi жинаудың басқа әдiстерiн пайдалану барысында деректер негiзiнде қалыптастырылады.
      Қазiр толық көлемдi түгендеудi немесе әсiресе, мұның алдындағы жасалған жұмыстар нәтижелi болмаған жағдайда, осы жұмысты қайта жандандыруды жүргiзуге тым кештiк етедi. Осылайша, түгендеу процессi негiзiнен аяқталмаған барлық аймақтарда, ал оның нәтижелерi, олардың негiзiнде барынша дәл және сенiмдi деп саналмаса блиц-сауал деп аталатын әдiс пайдаланылады (төмендегiнi қараңыз). Толық нәтижеге жету үшiн блиц-сауал әдiсi қаражат пен уақытты барынша аз жұмсай отырып пайдаланылуы мүмкiн.
 
      Блиц-сауалды ұйымдастыру
      Аймақта блиц-сауалды өткiзу үшiн бiрнеше стратегиялық маңызды қоғамдық және экономикалық өмiр саласында әрекет ететiн iрi ұйымдардың тiзбесiн жасау және олардың әрқайсысының өкiлдерiмен әңгiмелесу қажет. Әңгiмелесу барысында 2000 жылдың проблемаларының орын алып отырғандығы және әдiстерi, 2000 жылға әзiрлiк жөніндегi шаралардың сипаты және қамту туралы хабардарлықтың деңгейi анықталады. Мұндай әңгiмелесулер көп

 

өткiзiлген сайын алынған деректер негiзiнде бiршама дәл көрiнiс

қалыптасады.

     Әңгiмелесуге қатысу үшiн олардың қалыпты жұмыс iстеу қабiлетi бiрден

және кенеттен төмендеген жағдайда аймақтық экономиканың жалпы жағдайына

айтарлықтай терiс ықпал етуi мүмкiн ұйымдарды iрiктеу керек. Жиi

кездесетiн бiрнеше мысалдарды келтiремiз:

     - Энергиямен жабдықтайтын кәсiпорын

     - Жылу электр орталықтары

     - Көлiк ұйымдары (әуе тораптары, темiржолдар)

     - Телекоммуникациялық кәсiпорындар

     - Iрi өнеркәсiп кәсiпорындары

     - Ауруханалар

     - Коммерциялық банктер

     - Салық органдары

     - Зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеуге және төлеуге жауапты

әлеуметтiк қамсыздандыру ұйымдары

     - Мемлекеттiк сектордың қызметкерлерiне жалақыларды есептеуге және

төлеуге жауапты ұйымдар.


 
       Әдетте, мұндай ұйымдар өздерiнiң қызметтерiнде ақпараттық технологиялар мен қондырылған жүйелердi пайдаланбаған және бөгде ұйымдардан ақпараттардың түсуiне тәуелсiз болған жағдайларда мұның дұрыстығына көз жеткiзу үшiн оларды блиц-сауалға енгiзіледi.
 
      Әңгiмелесудi жүргiзу жөнiндегi топ
      Блиц-сауалды жүргiзу үшiн мүшелерi әңгiмелесудi жүргiзуге тиiстi арнаулы топты құру және әзiрлеу, сұралатын ұйымдардың тiзбесiн әзiрлеу (мұның алдындағы бөлiмдi қараңыз) және мұндай тiзiмге енгiзiлген әрбiр ұйыммен кездесудi тағайындау қажет.
      Әңгiмелесудi жүргiзу жөнiндегi топ арнаулы даярлықтан өткен және қандай ақпаратты алу қажеттiлiгiн және бұл үшiн қандай әдiстердi пайдалануға болатындығын бiлетiн бiр немесе одан да көп мүшеден құралуы тиiс. Топ мүшелерiнiң саны тiзбеге енгiзiлген ұйымдардың санына және топ алатын уақыт санына тәуелдi болады. Әдетте, бiр әңгiмелесудi жүргiзуге оларға қанша топ қатысқанына тәуелсiз бiр жарым сағат жұмсалады. Бұл орайда, топ мүшелерi оларды қызықтыратын мәселелердi, әсiресе, олардың әлi жеткiлiктi практикалық жұмыс тәжiрибесi жоқ, сауал жүргiзудiң бiрiншi кезеңiнде толық қамту мақсатында өздерiнiң күштерiн бiрiктiре алады. Мұндай тәжiрибенiң жинақталуына орай топ мүшелерi дербес әңгiмелесу жүргiзе және олардың нәтижелерi бойынша есептер жасай алады.
      Әңгiмелесудi жүргiзу тәртiбi
      Әңгiмелесудi жүргiзудiң басты мақсаты сол немесе өзге ұйымның 2000 жылға әзiрлiк дәрежесiн айқындау болып табылады. Әңгiмелесу барысында көтерiлетiн мәселелер өзiне мыналарды: 2000 жылғы проблема туралы хабардарлықтың дәрежесiн, оны шешу жөнiндегi басқару және жоспарлау шараларын, iлеспе тәуекелдердi бағалауды, оларды бейтараптандыру шараларын, бөгде ұйымдармен жасалатын байланысқа тәуелдiлiктi, 2000 жылға әзiрлiк бағдарламасының жағдайын (егер мұндай орын алса), 2000 жылдың бағдарламасын шешуге арналып бөлiнетiн iс жүзiндегi және/немесе болжамданған ресурстардың көлемiн қамтиды.
      Әңгiмелесудi жүргiзуге арналған кездесудi тағайындай отырып Сiздердi техникалық мәселелер емес басқару мәселелерi қызықтыратындығын және сұрау жүргізiлетiн ұйымның жоғары буын басшылары: президентi, бас менеджерi, Басқарма төрағасы ұсынуы тиiстiгiн анық бiлдiру керек.
      Әңгiмелесуге ақпараттық технологиялар бөлiмiнiң бастығы қатысу керек деп саналғанымен, бұл пiкiр, әдетте, iс жүзiнде сәйкес келе бермейдi. Алайда, оның әңгiмелесуге қатысуы, тек басшының аға консультанты ретіне ғана барынша пайдалы болуы мүмкiн. Сонымен қатар, егер компьютерлiк орталықтың жетекшiсi 2000 жылғы проблема бойынша ақпараттардың барлық көлемiне толық иелiк ететiн бiрден-бiр тұлға болып табылса, бұл кәсiпорынның немесе ұйымның жоғары басшысы проблеманың қаншалықты маңызды екендiгiн түсінбейтiндiгiн немесе жете көңiл бөлмейтiндiгін білдiредi және әңгiмелесу барысында бұл мәселенi жеке талдау керек.
      Кез-келген әңгiмелесу топ мүшелерiн таныстырудан және кәсiпорынның немесе ұйымның басшысымен кездесуге өтiнiм жасауға итермелеген себептi түсiндiруден басталуы тиiс. Одан кейiн кәсiпорынның/ұйымның өкiлдерi 2000 жыл проблемаларын шешу қажеттiлiгiне байланысты олардың қолданып жатқан әрекеттерiн айтады (бұл орайда, топ мүшелерi жетекшi сұрақтар беруiне болады).
      Сұрақтар кәсiпорынның/ұйымның ерекшелiктерiне байланысты түрлендiрiлiп қойылуы мүмкiн. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындарда қондырылған жүйелерге мән берілсе банктерде ақпараттық жүйелерге көңiл бөлген орынды.
      Әңгiмелесудi жүргiзудiң мақсаты 2000 жылдың проблемасына байланысты сол немесе өзге ұйым ұшырауы мүмкiн тәуекелдiң дәрежесiн бағалау және осы тәуекелдi бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстардың басым бағыттарын айқындау үшiн алынған ақпараттарды пайдалану болып табылады. Тәуекелдiң дәрежесiн бағалау аймақтық тепе-теңдiктердi ескере отырып жүргiзiлуi тиiс. Әзiрлiктi бағалау 2000 жылдың проблемасын осы ұйым қаншалықты сезiнетiндiгiн және оның қызметiне барынша ететiн ықпалын, сондай-ақ қолда бар ресурстарды терминдiк бөлуде, жаңа мың жылдық басталғанға дейiн қалған уақытты пайдалануда бұл проблеманы шешу бағытында ол қаншалықты тиiмдi жұмыс iстеп отырғандығы және техникалық құзыреттілiгі ескертіле отырып жүргiзілуi тиiс.
      Аймақтың қаржылық жағдайына ықпал етудi талдау 2000 жылдың проблемасымен туындайтын тәуекелге талдау жасау негiзiнде аймақтың қаржылық жағдайына осы проблеманың барынша ықпал ету дәрежесiн айқындауға болады. Көптеген жағдайларда сол немесе өзге саланың барлық кәсiпорындарының басшыларымен әңгiме жүргiзу мүмкiн бола бермейдi, сондықтан iс жүзiнде жүргiзiлген әңгiмелесу барысында алынған жекелеген кәсiпорындардың (әсiресе қондырылған компьютерлiк чиптер мен бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты) тиiстi шығыстарының көлемi жөнiндегi мәлiметтердiң растығы туралы белгiлi-бiр пiкiрдi қалыптастыру керек.
      Сондай-ақ, мыналарды атап айту қажет:
      - Iс жүзiнде өткiзiлген әңгiмелесулер көп болған сайын нәтижесi де соғұрлым дәл болады;
      - Салаларды 2000 жылға даярлау жөнiндегi шығыстардың жалпы сомасын есептеу барысында әңгiмелесудi ұйымдастырудың сәтi түспеген кәсiпорындарды назарға алу қажет;
      - Тиiстi жұмыстардың құнын қандай да бiр бағалаудың болмағанынан гөрi "шала" есептiң болғаны дұрыс деп саналғандықтан, есептердiң шамамен алынған сипатынан қысылмау керек.
      Сондай-ақ, әңгiмелесудiң топтамасы барысында алынған деректер негiзiнде мемлекеттiк басқарудың аймақтық органдары аймақтағы iстiң жағдайына алдын-ала талдау жасауды шұғыл жүргiзе және ерекше көңiл бөлудi талап ететiн салаларды және қажетті қаржыландыру көлемiн белгiлей алатындығын атауға болады.
      Оперативтiк талдаудың және болжамдық бюджеттi жасаудың пайдалылығының айқындығына қарамастан iс мұнымен шектелмейдi.
      Осы құжатта бiрнеше рет атап көрсетілгенiндей 2000 жылдың проблемасымен туындаған тәуекелдi басқарудың ресми стратегиясын жоспарлы және сабақтас сипатта әзiрлеу қажет. 2000 жылға даярлық жөнiндегi штаб тиiстi шаралардың аймақтық жоспарын жасайды және өмiрге енгiзедi, аймақтық экономиканың басым бағыттарын түгендеу негiзiнде iстiң жағдайына егжей-тегжейлi талдауды жүргiзедi, сондай-ақ туындайтын төтенше жағдайларға арналған iс әрекет жоспарын әзiрлейдi.
      Бұл маңызды мақсатқа қол жеткiзу үшiн қолда бар барлық ресурстарды кiдiрiссiз iске қосу қажет, өйткенi соңғы мерзiм нақтылы айқындалған және ол барынша таяп келедi. Қазiр бiз үшiн уақыт - ымырасыз жау!
      Қандай тәсiл (толық түгендеу немесе блиц-сауал) қолданғанына тәуелсiз, тиiстi шаралардың басты мақсаты аймақтың жағдайына және олардың өздерiнiң дамуына басым мiндеттердi орындауына маңызды ықпал ете алатын, бiршама көп тәуекелмен жүйелердi анықтауға арналған жеткiлiктi көлемiн жинау болып табылады. Мемлекеттiк басқару органдары толық түгендеу әдiсiн пайдаланған жағдайда барлық қажеттi деректердi иеленуi, ал блиц-сауалды барлық ведомстволарға (аймақтарға) экстраполяциялауды қажет ететiн тек iшiнара деректермен жүргiзген жағдай бiрден-бiр айырмашылық болып табылады.
 
      9. Деңгейдi бағалау және тәуекелдердi реттеу
      Бұл қадам ағымдағы жағдайы 2000 жылға даярлық талаптарына сәйкес келмейтiн және қажеттi түзетулер уақытылы енгізiлуi мүмкін, қызметтiң өмірлік маңызды салаларын қамтамасыз ететiн (олардың үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн, олармен байланысты барлық қосалқы компоненттерді қоса алғанда) жүйелерді ашу және іріктеу болып табылады. Егер, 2000 жылдың проблемасын толық бейтараптандыруға қолда бар ресурстар мен уақыт жеткіліксіз болса, осы ресурстарды барынша қайтарымдылықпен

 

пайдалану туралы шешім қабылдау қажеттілігі туындайды. Сондықтан да,

аймақтың өмір сүру көзқарасы тұрғысынан қарағанда біршама маңызды және

табысты нәтиженің ықтималдығы біршама жоғары бағыттарға негізгі күшті

жұмылдыру маңызды.

     Халықаралық тәжірибеге негіздей отырып тәуекелді реттеуде тәуекел

деңгейін есепке алуға арналған нысан бойынша жүзеге асыру ұсынылады:


     Тәуекел өткізу (әсер ету                 әсер ету     әсер ету

     деңгейі          Ықтималдылығы х уақыты + түрі   +     көлемі)


     бұл орайда санаттардың (туынды) әрқайсысы бағалау деңгейінің мынадай

деңгейлерінің бірімен айқындалады:

__________________________________________________________________________

Бағалау                Санаттар (туынды)

деңгейі

__________________________________________________________________________

          Өткізу      Әсер ету      Әсер ету түрі      Әсер ету көлемі

        ықтималдығы   уақыты       

__________________________________________________________________________


   1.  Төмен


50%  1.1.2000 ж.   Экономика          Экономикада

                    кейін 1 апта  салаларының        (өндірісте,

                    ішінде        қалыпты жұмыс      коммерцияда)

                                  істеуіне төнген    апаттық

                                  қатер              жоғалтулар

__________________________________________________________________________

   4.  100% немесе  1.1.2000 ж.   Денсаулыққа,       Өмірге,

       айқындау     дейін немесе  қауіпсіздікке      қауіпсіздікке

       мүмкін емес  кейін         немесе қоршаған    және қоршаған

                                  ортаға әсері       ортаға төнген

                                                     қатер

__________________________________________________________________________


     Мынадай практикалық ұсынымды қалыптастыруға болады:



 
       - бiрiншi кезекте ең үлкен тәуекелге ұшыраған және өмiр сүрудiң ең жоғары ықтималдығын бiр мезгiлде сипаттайтын бiршама маңызды компоненттерi қарастырылады;
      - қолайлы нәтижені айтарлықтай мүмкiндiгі жоқ болғанда ресурстардың ысырапты шығынына жол берiлмейдi;
      - өз мүмкiндiктерiн бағалауға шыншылдықпен: барлығын құтқарып қалуға тырысу, барлығын жоғалту мүмкiндiгi тұрғысынан қарау.
      Осы негiзде қызметтiң басым бағыттарын айқындауға және 2000 жылға даярлық жобаларының қайсы бiрiне - қолданылып жүрген жүйенi жолға қоюға бағытталған немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда баламалы нұсқалар мен әрекет ету жоспарларын әзiрлеу үшiн бағытталған жобаларға қатысты шешiм қабылдау керектiгiне бiрiншi кезекте "жол ашу" мүмкiндiгiн айқындауға болады.
 
      10. Анықталған проблемаларды жеңiп шығу стратегияларын әзiрлеу
 
      Тәуекелдi ашу және салыстырмалы талдау бойынша қажеттi шаралар өткiзiлгеннен кейiн 2000 жылға әзiрлiк Штабы өздерiне жүктелген функцияларды толық көлемде орындауға кедергi жасауы мүмкiн ұйымдарға қолда бар ресурстарды ашу және проблемаларды жою жоспарын жасау мақсатында бiршама көп тәуекелге ұшыраған ұйымдармен бiрлескен жұмыстарды жолға қоюы тиiс. Басым бағыттар мен жүйелiк компоненттердегi мұндай проблемалардың нақтылы стратегияларын әзiрлеу және iске асыру қажет. Мұндай стратегиялардың бiрнеше негiзгi алуан түрлерi орын алған:
      - Модификация - негiзгi сипаттамаларды және компоненттердi сақтай отырып қолда бар жүйелер мен компоненттердiң функцияларын (түрлi қондырғыларда пайдаланылатын функцияларды енгiзуді, бағдарламалық қосымшалардың пайдалануға арналған функцияларын, жеткiзушiлермен жұмыс iстеудiң келiсiмшарттары мен ережелерiнiң шарттарын) 2000 жылға даярлық талаптарына сәйкес келтiру. Одан басқа, деректер мен жүйелер арасындағы және/немесе түрлi жүйелер арасындағы қатар түзетудi қамтамасыз етуге арналған Windowing ("терезелiк" орталықтың) мүмкiндiгiн iске қосуға болады.
      - Ауыстыру - функциялардың потенциалдарын және iрiктеудi дамыту мен iрiктеуге бiр мезгiлде әкелуi мүмкiн, 2000 жылға даярлық талаптарына толық сәйкес келетiн жаңа компоненттермен ауыстыру.
      - пайдаланудан шығару - пайдаланылмаған, артық және т.б. компоненттердi қайта монтаждау.
      Жобаны әзiрлеу барысында 2000 жылға әзiрлiк Штабы қажеттi ресурстарды (қаржыландыру, персоналдар, аппараттық қамтамасыз ету) бөлудi қамтамасыз етуi және белгiленген мерзiмдердiң сақталуын тұрақты бақылауы, әрбiр жобамен (іске асыру графигi бұзылған жағдайда) қайта өндiрiлетiн факторлармен және тәуекелдермен тежелетiн даму динамикасын, сондай-ақ жобалау шараларының жалпы iске асыру барысын қадағалауы тиiс. Барлық жобалау тапсырмаларының толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету үшiн басымдықтарға, тежелулерге, ресурстарға және тәуекелге талдауды кезең-кезеңде қайталап жүргiзу және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзу керек:
      Бұл орайда мынадай сәттердi назарға алу керек:
      Төтенше жағдайлардың пайда болу ықтималдығын бағалау Жаңа мың жылдық басталғанға дейiн өте аз уақыт қалды және компьютерлік жүйелердi тыңғылықты тестілеу ғана емес, жалпы қандай да бiр тестiлеу жүргізуге уақыттың жетiспеушiлiгi жоғары. Даму жағдайларының мүмкiн сценарийлерiне талдауға мемлекеттiк басқару органдары неғұрлым ерте кiрiскен сайын, iс-қимылдың баламалы және төтенше жоспарларына көңiл бөлудiң, ашудың және әзiрлеудiң ұқсас әдiстерiн жасауға олардың мүмкiндiктерi соғұрлым жоғары болады. Бұл өмiр сүру жүйесi жұмыс iстеуiнiң үздiксiздiгiне кепiлдiк бередi және болашақта қажеттi тестілеудi аяқтайды.
      "Уақыттың көшуi" сәтiне iс-қимылды жоспарлау "Уақыттың көшуi" терминi 1999 жылдың желтоқсанында қалыпты жұмыс iстеген және 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап штаттан тыс режимде жұмыс iстеген аралық кезеңдi бiлдiредi.
      Уақыттың көшуiне әзiрлiк мүмкiн кедергiлердiң аумағын бағалауға (столға қоятын компьютерлердi, серверлердi, мэйнфреймдердi, коммуникациялық, көмекшi жабдықтарды және т.б. ескергенде), деректердi резервтеу жоспарларын әзiрлеу, бақылау тiзiмдерiн, 2000 жылдың 1 қаңтарындағы жүйелердiң жұмыс iстеуiн тексеру графигiн және тиiстi есептердi беру тәртiбiн жасауға негізделген - қысқасы, әңгiме, төтенше жағдайлар пайда болғанға дейiнгi iс-қимылдың ұзақ мерзiмдi жоспарын iске асырғанға дейiн жүргiзiлуi қажеттi алғашқы шаралар туралы болып отыр.
      Қондырылған жүйелердi тестiлеу
      Қондырылған жүйелердi тестiлеуде, көптеген жағдайларда, мүдделi ұйымдардың қатардағы қызметкерлерiнiң бойында жоқ дағдыларды талап етедi. Мұндай жағдайларда, жабдықтарды жеткiзушiлер мен бөгде консультанттардың тарапынан көрсетiлген қолдау баға жетпес мәнге ие болуы мүмкiн. Осыған байланысты, әсiресе мұндай жеткiзiлiмдi шетел компаниялары жүзеге асырған жағдайда жабдықтарды жеткiзуге, әсiресе, 2000 жылға даярлық талаптарына

 

сәйкес келмейтiн электрондық жабдықтарды тестiлеуге көмек көрсету туралы

талаптарға консультациялық қызмет көрсетуге арналған келiсiмшарттар

жасасуға мiндеттi тәртіпте келiсу керек.

     Барлық қатерлi күндерге бақылау

     2000 жылға әзiрлiк контексiнде бұрынғылардан жиiрек еске алынатын

1 қаңтар күнiне қарамастан кейбiр жүйелердiң қызметi қатарынан бiрқатар

күн басталғанда iстен шығуы мүмкiн екендiгi туралы өздерiне есеп беруi

керек.


     11. 2000 жылдың проблемасын шешу жөніндегі жобаларды iске асыру әдiсi


     2000 жылдың проблемасы жолдарының және шешудiң қиындығы оның кең

ауқымға ие болғандығына, бiрақ уақытпен және ресурстармен шектелетiндiгiне

негiзделген. Бұл жерде жағдайды қалпына келтiруде көптеген қажеттi

әрекеттердi орындауға бақылау үшiн құрылымдық тұрғыдан келу таптырмас

әрекет болып табылады.

     Кең таралған үлгi негiзгi бес фазаны ұсынады:

     - Хабардарлық деңгейi

     - Бағалау

     - Жаңарту

     - Тестiлеудi жолға қою

     - Iске асыру немесе интеграция және болжамды аяқтауға қол жеткiзу.


 
       Құрылымдық әрекет ету тәжiрибенi шоғырландырудан ұтыс бере білім беру процессiн жеделдете, қарым-қатынасты жеңiлдете, жоспарлауды жақсарта және жалпы ұмтылыс пен жоба сапасына кепiлдiк бере отырып бастаманың мақсаттылығы мен сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.
      2000 жылдың проблемасының әрбiр жобасының үш саласы бар және мыналарға: ақпараттық жүйеге, қондырылған жүйелерге және сыртқы тәуелдiлiкке бағытталған. Осыларға негiзделе отырып:
      - ақпараттық жүйелермен байланысты жүйелердiң компоненттерiн бағалау және басқару үшiн ақпараттық технологиялар бойынша мамандар;
      - қондырылған жүйелерге байланысты проблемалардың компоненттерiн бағалау және басқару үшiн электроника бойынша инженерлер;
      - тәуелділiктiң барлық сыртқы қатынастарын бағалау және басқару үшiн жергiлiктi атқарушы орган, заң және коммерциялық персонал қажет етiледi.
      - 2000 жылдың проблемасы бойынша әрбiр жоба жекелеген жобалармен емес, тұтастай алғанда функцияларды түзетуге арналуы тиiс. Сондықтан әрбiр басшы жалпы мақсатқа сәйкес түрлi жобаларды үйлестiруге, теңестiруге және сәйкестендiруге жауап беруi тиiс. Жобалар арасында біліктi мамандармен алмасу ұсынылады.
      5 фазалы әрекет - 2000 жылдың проблемасы бойынша базалық торап екендiгiн ескеру керек. 2000 жылға дейiнгi қалған уақытты, адамға қолайлығын, қаржылық және техникалық ресурстардың қолайлығын, орын алып отырған бастамалардың жылжу және қатерлi нүктелердiң дәрежесiн ескере отырып, жетекшi жобалардың бiр мезгiлдегi көп көлемiне басшылық жасау

 

болашағын ескере отырып, базалық тораптарға қарағанда өзiне тән сценарийiн

жасауды талап етедi.

     Осы мақсатта әлемдiк тәжiрибенiң соңғы деректерiне сәйкес түрлi

жобалардың әрбiр фазасының көлемi туралы ұғымды беретiн сандармен

жобалардың графиктерiне базалық салыстыруды жүргiзу ұсынылады (төмендегiге

қараңыз):


     _____________________________________________________________

     Хабардарлықтың     Жаңарту    

        дәрежесі

     _____________________________________________________________

     Түгендеу/бағалау                             Іске асыру

     1%   25%             20%           45%           9%


       2000 жыл жобасының графигі


 
1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн нәтижеге қол жеткiзу тәсiлi;
      баламалы шешiмдердi iздеу немесе төтенше жағдайларды жоспарлау үшiн уақыттың болуы, және осы баламаларды іске асыру үшiн уақыттың болуы.
      Осылайша, базалық графиктен кез-келген маңызды өзгерiс:
      жоспарға сәйкес жұмыстарды жалғастыру;
      жоспарды қайта қарау (ресурстарға деген қосымша қажеттiлiк немесе қолда бар ресурстарды қайта бөлу);
      жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтату және баламалы жолды таңдау немесе туындайтын төтенше жағдайларға арналған шараларды жоспарлау туралы шешiм қабылдау үшiн бағалануы тиiс.
      Сондай-ақ, жоба аяқталатын кезде тағайындалатын соңғы мерзiмнен мiндеттi түрде керi жоспарлануы тиiс.
      Ғасыр соңы таяп қалғандықтан тапшылық сценарийiнiң мүмкiндiгiн ескеру қажет, 1999 жылдың 31 желтоқсанының жұмасына дейiн және одан кейiн бiрнеше күн қоғамдық секторда да және жеке секторда да кез-келген белсендiлiктi ең аз деңгейге дейiн қарастыру мүмкiндiгiн ескеру керек. Белсендiлiктiң төмендеуi талап етiлетiн ресурстар жоспарында ұлттық инфрақұрылымға қысымды: кем энергияны, кем коммуникацияны, кем көлiктi, кем өндiрiстiк тораптармен қамтамасыз ету қажеттiлiгiн немесе бөлшек сауда тiзбегiн, кем қаржы операцияларын және т.б. бiлдiредi. Төмендетiлген белсендiлiк тапшылық жағдайымен жақсы күресуге мүмкiндiк беруi және қажет етiлетiн персоналдардың барынша қолайлылығына ықпал етуi тиiс. Бұл 2000 жыл проблемасының ұлттық жоспарлау бойынша күш жұмсаудың маңызды бөлiгi болып табылады.
 
      12. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайға арналған iс-қимылдарды
                             жоспарлау
 
      2000 жылдың проблемасын шешу мүмкiн болмайтын бiрнеше жағдай орын алған: көлемiн және мәселенiң орындалу күрделiлiгін ескергенде бағдарламаны iске асыру графигi тым күрделi болуы мүмкiн, жүйелердiң жұмыс iстеуiне айтарлықтай ықпал ету үшiн проблеманың өзi жеткіліктi маңызы бар ретiнде қабылданбауы мүмкiн, қолда бар ресурстар ұқсас болмауы мүмкiн, басқа мәселелер бiршама басым мәнге ие болуы мүмкiн және т.б. Сонымен қатар, егер проблемаларды шешу принциптi мүмкiн болғанның өзiнде де, төтенше жағдайлар пайда болғанда барлық күтпеген жағдайларға әзiр болу үшiн iс-қимыл жоспарын даярлау қажет.
      Жаңа мың жылдықтың басталуына өте аз уақыт қалғанын ескере отырып төтенше жоспарлау 2000 жылдың проблемасына байланысты тәуекелдердi басқарудың кез-келген стратегиясының маңызды элементтерiнiң бiрi болады. Мұндай жоспарлаудың мақсаты халықтың денсаулығы мен қауiпсiздiгiн және жекелеп алғанда әрбiр аймақтың, ведомствоның экономикалық қолайлығын үздiксiз қамтамасыз ету болып табылады.
      Өмiр сүрудi қамтамасыз ететiн жүйелердi қолмен басқаруға көшудi көздейтiн төтенше жоспар автоматтандыру дәрежесi ең аз болған жағдайда ғана қолайлы болады. Ақпараттарды қолмен өңдеу тек қысқа мерзiмге ғана рұқсат етiлгенiмен, қысқа мерзiмдi перспективамен төтенше жоспарларды iске асыру мүмкiндiгiн көздеу керек. Одан басқа, мынадай мәселелердi: кәсiпорындарды жабдықтауды ұйымдастыруды және барлық қажеттi бланкiлермен және нысандармен жабдықтауды ұйымдастыруды; ақпараттарды автоматтандырылмаған әдiстердi пайдалану кезеңiнде ерiксiз ұзарту жағдайында iс-қимыл тәртiбiн ойластыру қажет.
      Кейбiр салаларда өмiрлiк маңызды өнiмдер мен қызмет көрсетулердің қажеттi ең аз көлемiн қолдау бойынша шараларды көздеу қажет. Мысалы, канализация мен суды тазарту жүйелерiнде үзiлiссiз жабдықтау мен химиялық заттарды сақтаудың штаттық режимiн сақтау. Сондай-ақ, азаматтардың кейбiр санаттарының денсаулығына терiс әсер етуi мүмкiн жабдықтаудағы үзiлiстер болған жағдайларда кейбiр медициналық препараттарды жеткiзудiң толық көлемiн қамтамасыз ету керек. Өмiрлiк маңызды өнiмдердiң стратегиялық запастарын бiрнеше апта iшiнде үзiлiссiз қамтамасыз етудi қолдау үшiн жеткiлiктi көлемде қалыптастырылуы тиiс. Әрине, бұл үшiн мұндай жеткiзiлiмдi қамтамасыз ететiн компаниялармен келiссөздер жүргiзу қажет. Осы жерде, стратегиялық запастарды сатып алу мен сақтауды ұйымдастыру үшiн қаржылық ресурстарды бөлу мәселелерiн қарастыру қажет. Жеткiзушілер тарапынан кем дегенде құжаттық мiндеттемелерге деген кепiлдiк беруi және тиiстi шараларды өткiзудiң үлгiлiк регламентiн жасауы қажет.
      Жоспар 2000 жылға әзiрлiк жөнiндегi шараларды бiршама тиiмдi қамтамасыз ету мүддесiнде ресурстарды қайта бөлу мүмкiндiгiн қарастыруы тиiс. Бөлiнген уақыт пен қаржылық ресурстар тұрғысындағы шектеулер ескерілген көптеген жағдайларда, осы нұсқа ғана бiршама өмiрлiк қабiлеттi болып табылады. Осы тектес шаралар бiрiншi кезекте төтенше жоспарлау контексiнде қолданылатындығына қарамастан, 2000 жылға әзiрлiктiң кез-келген басқа жоспарларын жасау процессiнде жиi қолдануға болмайды. Мысалы, автоматтандырылған жабдықтар iстен шыққан жағдайларда қандай да бiр қызметтердi ұдайы көрсетiп отыруды қамтамасыз ету үшiн адамдар жетiспеген жағдайларда қызметкерлердi уақытша қосымша жұмылдыру талап етілуi мүмкiн, сондай-ақ, егер ресурстарды қайта бөлу кейбiр ұйымдарда жиi қолданылуы мүмкiн болғанымен, басқа ұйымдарда бұл үшiн персоналдарды алдын-ала даярлауды қоса алғанда, қосымша күштi талап етуi мүмкiн. Кез-келген жағдайда, мұндай шараларда табысқа жету жоспарлау мен есепке негiзделген, ал тиiстi жоспарлар төтенше жоспарлау барысында ескерiлуi тиiс.
      Жекелеген әрбiр ұйымдағы төтенше жағдайлардың туындауына арналған iс-қимыл жоспарымен ғана емес, мұндай жоспарлардың келiсiмдiгiмен де және тиiмдiлiгiмен де қамтамасыз ету маңызды. Егер төтенше жоспарлау мәселелерiн барлық мүдделi ұйымдар алдын-ала талқыласа осыған қол жеткiзуге болады, ал халықтың денсаулығы мен тұрмысына жауапты жалпы мемлекеттiк және аймақтық ұйымдардың қатысуымен талқыланған фактiнiң өзi мемлекеттiк басқарудың аймақтық басқармаларына да және қатардағы азаматтарға да сенiм ұялатады.
      Кез-келген ұйым қызметiнiң жұмыс iстеуi оны үзiлiссiз электр энергиясымен жабдықтауға тәуелдi. Кейбiр жағдайларды ескере отырып, байланыс қызметтерiн көрсету туралы да нақтылап айтуға болады. Сондықтан, төтенше жоспарлау процессi кезiнде электрмен жабдықтау және байланыс жүйесi iстен шыққан жағдайда қолданылатын барлық шаралар мұқият зерттелуi және тыңғылықты құжатталуы маңызға ие, бұл орайда, осы жүйелердi қалпына келтiрудiң қолайсыз жағдайында да бiрнеше апта жұмсалуы мүмкiн.
      Олардың тоқтап қалған уақытында жинақталған деректердi өңдеу мен түзетуге көп жағдайда қосымша ресурстар талап етілетiн болғандықтан өмiр сүрудi қамтамасыз ететiн жүйелердiң қалыпты қызметiн жандандыру тәртiбiн ойластыру керек. Ақпараттарды алмасудың тiкелей арналары бар болған жағдайларда, басқа ұйымдардың жұмысы осыған тәуелдi болғандықтан, осы мәселелердi орындауға қажеттi уақытты барынша қысқартқан орынды.
      Төтенше жағдайлар пайда болғанда жасалатын iс-қимыл жоспарының кейбiр тармақтары өндiрiстiк процесстердiң үзiліссiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуге арналуы тиiс, ол шын мәнiнде төтенше жоспарлаудың басты мәселесi болып табылады. Жоспарды мүдделi кәсiпорындардың, ұйымдардың және фирмалардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ тұтынушылардың мүддесiне сай жасалғандықтан тұтынушылар мақұлдауы тиiс. Жоспарды iс-қимылға келтiру қажеттілiгi жағдайында ресурстарды бөлу мәселелерi туындайтын болғандықтан басшылардың мақұлдауы бiрiншi кезекте маңызды.
      Төтенше жоспарлау ресiмi өзгермелi болуы тиiс. Жоспарда барлық ықтимал төтенше жағдайлардың қарастырылатынын күту орынсыз болар едi, бiрақ ол олардың басым бөлiгiн, аздаған өзгерiстер енгiзілгеннен кейiн оны түрлi жағдайларда қолдануға болатындай етiп жабуы тиiс. Жоспар сондай-ақ, оны жұмыс жағдайында ұстау бойынша барынша аз күштi талап етуi тиiс: оны жасағаннан кейін, оны сөреге ысырып қойып, оның бар-жоғы туралы қаннен-қаперсiз ұмытуға болады деп ойлау орынсыз болар едi, бiрақ жиi-жиi артық өзгерте беруге болмайды. Әдетте, төтенше жағдайлар пайда болғанда жасалатын iс-қимыл жоспарына өзгерiстер енгiзу экономикалық өмiрдiң болмысы маңызды өзгергенде туындайды.
      Төтенше жоспарлау тиiмдi, әрi аз шығын жұмсалуы тиiс. Сондай-ақ, оны

 

әзiрлеуге, сүйемелдеуге және тестiлеуге арналған шығындарды қаржыландыру

көздерiн қарастыру керек.

     Төтенше жағдайлар пайда болғанда жасалатын iс-қимыл жоспарының

тиiмдiлiгi үшiн бiрiншi кезектегi мiндеттердiң тiзiмiнiң олардың

орындалуына жауапты адамдардың тiзбесiнiң және қажет болған жағдайларда

оларды қалай табуға болатындығы туралы ақпараттың бар болуы маңызды. Бұл

мәлiметтердi жауапты қызметкерлердiң ұйымнан кеткен кезiнде жаңартып отыру

қажет.


           5-Тарау. Бақылау және есептілік


     13. Бақылау және аудит



 
       Ресми декларациялардың және кейiнге қалдырылмайтын әрекетке шақыратын үндеулердiң артында еңбек етудi қажет ететiн бiр мiндет түр, ол компьютер жүйелерiн және микропроцессорлармен қондырылған басқа жүйелердi шын мәнiсiнде тексеру және дайындау. Соншалықты уақыттың аз қалуы және шешiмiн таппай жатқан көптеген мәселелер жүйелердiң қызметi үшiн сыни назарда басымды орналастыру маңызды мән алады. Көптеген мемлекеттерде 2000 жылға әзiрлiк туралы есептемелiк жүйесi құрылған. Мемлекеттердiң көпшiлiгiнде 1-ден 6 айға дейiнгi аралықпен тұрақты есептiлiк беру туралы талап енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 қаулысына сәйкес әрбiр министрлiк және мемлекеттiк мекемелер айдың 10 күнiне ай сайынға аралықпен 2000 жылдың проблемасы бойынша жұмыстардың жағдайы және орындалуы туралы есеп беруге тиiс. Министрлiктер мен ведомостваларға әрбiр 2 апта сайын есеп берудiң жиілілігiмен ведомостволық бағыныстағы ұйымдармен жұмыс iстеуге ұсыным жасалды. Тек қана толық дайындыққа қол жеткiзiлген (ендi есеп сұралмайтын) ұйымдарға немесе тiкелей бақылауға алынатын ұйымдарға мүмкiндiк беруге болады, өйткенi сыни немесе жоғары қауiптiлiк (апта сайын есеп қажет етiледi) болып табылады.
      Поштамен жiберген жағдайда жауаптың жiберiлгенiн растау үшiн Комиссияның жұмысшы органына қосымша хабарласу керек.
      Жеделдету мақсатында есептi тiкелей Жұмысшы органға мына мекен-жай бойынша жiберу ұсынылады: Астана қаласы, Республика даңғылы, 60, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қаржы жүйесiн ақпараттау орталығы" (РМКҚР ҚМ ҚЖАО), Уақытылы жауап бермеген ұйымдардың тiзiмi тиiстi шара қолдану үшiн мемлекеттiк мекемелердi ақпараттау процесстерiн үйлестiру жөнiндегi комиссияға берiлетiн болады.
 
      14. Қадағалау және инспекциялау, Қазақстан Республикасының
                        Yкiметiне есептiлiк
 
      Елде (мемлекеттiк сектор және жеке секторларды есептегенде) барлық Ү2К жобаларының жайы туралы есептер әзiрлiкке, төтенше жоспарлауға, қаржы мәселелерiне жататын оқитын түрдегi ыңғайлы ақпарат болуға тиiстi. Есептер әртүрлi аудиторияларды қанағаттандыру үшiн нақтылаудың жеткілiктi деңгейiнде болуға тиiс.
      Үкiметке есеп үшiн ақпарат әртүрлi көздерден құралады.
      Әзiрлiктiң деңгейi туралы есеп үшiн негiз болып түгендеу және мүмкiндiгiне қарай әртүрлі ақпараттармен толықтырылып тұратын прогресс туралы ай сайын есеп бойынша деректiлердiң базасы болып табылады.
      Министрлiктердiң, ведомостволардың және жергiлiктi атқару органдарының есеп пiшiмi N 5 қосымшада (1-4 кестелер) келтiрiлген.
      Әрбiр экономика саласы үшiн жоғары органға есеп беруге тиiстi ведомостволық бағыныстағы ұйымдардың тiзiмi жасалуға тиiс. Кесте пiшiмi секторлар бойынша 2000 жылдың проблемалары жөнiндегi жұмыстың жайына жедел шолуды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      Проблемасы жеткiлiктi облыстармен нақты танысу үшiн кестелер бойынша жасалған қосымша құжаттарға кеңiнен жол ашылуы тиiс.
      Есептердiң нақты iс жағдайына сәйкестiгiне көз жеткiзу үшiн министрлiктер мен ведомостволардың бiрiнде есептердiң дұрыстығына инспекциялық тексерiс жүргізiлуi мүмкiн.
      Әкiмшiлiктер экономика саласының жеке сектор топтамасында ақпарат бередi.
      2000 жылғы проблемасы бойынша жұмыс жағдайы жөнiндегi есептер мынадай сұрақтарға жауап беруге ұйғарылады:
      1) Басқарма органдары бойынша:
      министрлiктерде, ведомостволарда, жергiлiктi атқару органдарында және оларға бағыныстағы ұйымдарда, жеке секторларда басқару органы құрылған ба, жетекшiсi кiм болып табылады?
      - жұмыс учаскесi бойынша жауапты атқарушылар белгіленген бе?
      2) Қолданылған шаралардың мазмұны бойынша:
      - ақпараттық жүйелердi және технологияларды түгендеу жүргiзілдi ме және түгендеудiң нәтижелерi қандай?
      - компьютерлiк жабдықтар, қондырғы жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесi, қолданбалы ақпарат жүйесi бойынша түзету шаралары айқындалды ма және жүргiзiлдi ме?
      - ведомостволық бағыныстағы ұйымдардың жұмысына бақылау жасала ма?
      - Сiздiң ақпарат жүйеңiзбен өзара байланыс жасайтын ұйымдармен 2000 жылға әзiрлiк туралы ақпарат алмасу ұйымдастырылды ма?
      - 2000 жылдың проблемасын шешу үшін компьютер жабдықтарын және бағдарлама құралдарын жеткізушілермен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді ме?
      - қажетті қаржы қаражаттың мөлшері айқындалды ма, олар жеткілікті ме және оларды пайдалану жөніндегі жағдай қандай?
      - төтенше жағдайлар бойынша жоспар бар ма?
      Есепті әзірлеген кезде алдағы есеппен салыстырылғаны жөніндегі жауаптың өзгертілмеуі кезінде алдағы есепке сілтеме жіберіледі.
 

                                              N 1-Қосымша



 
 
               Бірінші кезектегі үлгілі жоспар
 
      1. 2000 жылдың проблемасына өздерiңiздiң iскер кәсiпорыныңыздың сабақтастығына және тұрақтылығына қауiп төндiре алатын аса қауiптi проблема ретiнде қараңыз. Бұл басқару мәселесi, ол ақпараттық технология емес.
      2. 2000 жылға өздерiңiздiң корпоративтiк әзiрлiк бағдарламаларыңыздың басына 2000 жылдың проблемасының маңыздылығына көңiл қойған барлық тұлғаларға дейiн жеткiзе алатын мықты жоғары дәрежедегi басшыны қойыңыздар.
      3. 2000 жылдың проблемасы көптеген сауда және орасан өндiрiстiк жүйелердi қатардан шығара алады деп алдын ала дайындаңыз. Бұл қиын проблема, шешiмi елеулi шығындармен iске асырылады, ал оның шешiмiнiң соңғы мерзiмi тез жақындап келедi.
      4. 2000 жылдың проблемасына ресми мәртебе берiңiз. Атқарушы үйлестiру комитетi мен 2000 жылға әзiрлiк жөнiндегi штаб құрыңдар және осы органдарды ең тәжiрибелi басшылармен жасақтаңдар. Сiздер 2000 жылға әзiрлiкке арналған шығындардың көлемiн бағаламауға тиiстi емессiңдер және ресурстарды қайта бөлу және Сiздердiң ұйымыңыздың қызметiнiң басымды бағыттарының жүйелерiн қолданып жүрген тәртiппен қайта қарауға дайын болуға тиiс.
      5. Атқарушы үйлестiру комитетi мен 2000 жылға әзiрлiк жөнiндегі штабтың құрамына шешушi шаруашылық бөлiмшелерiңiздiң және корпоративтiк қызмет өкілдерiн енгiзiңдер. Есте сақтаңыз, 2000 жылдың проблемасы сiздердiң ұйымдарыңыздың барлық бөлiмшелерiңiздiң шаруашылық қызметiнiң сабақтастығына тiкелей ықпалы болуы тиiс.
      6. 2000 жылға әзiрлiк жөнiндегi жұмыстың барысы атқарушы комитетi мен директорлар кеңесiнiң кезең-кезеңмен жiтi бақылауына алынуына қамқорлық жасаңыз.
      7. Барлық iшкi жүйенi, сыртқы байланыс және жүйенi, сондай ақ микропроцессорлар жүйесiн талдау осылардың iшiнде қайсысы 2000 жылдың проблемасына жағымсыз iс әрекетке ұшырайды.
      8. 2000 жылға осы жүйенiң әзiрлiк дәрежесiн бағалаңыздар. 2000 жылға оларды дайындау үшiн жүргiзiлетiн жұмыстардың сипатын және көлемiн айқындаңдар. Маңызды жүйенiң iстен шығуының қиын мерзiмдерiн айқындаңдар.
      9. 2000 жылға әзiрлiктiң талаптарына сәйкес емес жүйелердi модификациялаудың тиiмділігi мен реттеудiң немесе алмастырудың ресми техникалық жоспарын жасаңдар.
      10. 2000 жылдың проблемаларының "жүйеден тыс" аспектiлерiне бұл ретте назар аудармай баспа бланкілерiнiң пiшiмiн және жылды толық көрсетуге пайдаланылатын басқа материалдар сияқты ең құнды жүйені модификациялауға немесе ауыстыруға тез арада кiрiсіңiздер.
      11. Тәуекелдiктердi тиiмдi әдiстермен басқару арқылы өндiрiсте, технологиялық процестермен басқаруда, көлiкте, күзет, байланыс, жылу, желдеткiш және ауаны кондициялау, экологиялық мониторинг және қауiпсiздiк, көтергiш және басқа да жабдықтар жүйелерiнде пайдаланылатын көптеген микропроцессорлық қондырылған жүйелерді табу, тестілеу және түзету жөніндегі қиын және қымбат тұратын жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырыңдар.
      12. Фирмаларға, оның директорларына және лауазымды тұлғаларға сот талаптарын талап етуде тәуекелділікті бәсеңдетуге, сондай-ақ жеткізушілер мен клиенттердің тарабынан 2000 жылға барынша әзірлікті қамтамасыз етуге байланысты заң мәселелерін шешу жөніндегі корпоративтік жоспарды өмірге асырыңдар.
      13. Өздеріңіздің мамандарыңыз жасаған және сыртқы жеткізушілерден сатып алынған барлық жүйелерді кеңесшілердің көмектесуімен жіті тексеріңіздер. Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету және жабдықтарды, оның 2000 жылға әзірлікке қатысты жеткізушілердің тексерілмеген пайымдауларына сеніп өзіңіздің бизнесіңізді тәуекелділікке соқтырмаңыздар.
      14. Өздеріңіздің іскерлік байланыстарыңызды және өздеріңіздің жеткізушілеріңіздің, клиенттеріңіздің, делдалдарыңыздың және іскер әріптестеріңіздің 2000 жылға әзірліктерін белсенділікпен бақылаңыздар. Олардың 2000 жылға әзірліктегі жетістіктеріне мұқият қараңыздар, қажетті жағдайда өздеріңіздің көмектеріңізді ұсынысыңыздар және сіздердің көңілдеріңізден шықпайтын қарым-қатынастарыңызды бұзып тастауға дайын болыңыздар.
      15. 2000 жылға әзірлік штабының қызметкерлеріне және мердігерлеріне қатысты, оларды алға қойған мақсаттарға жетуге және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағыттай отырып кадрларды басқарудың икемді саясатын жүргізіңдер. Тұтас алғанда әлемде тәжірибелі басқару және техникалық кадрлардың тапшылығының өсуі байқалатынын ұмытпаңыздар.
      16. Сіздердің ұйымдарыңыздың шаруашылық қызмет үшін өмірлік маңызы

 

бар жүйелерден, сондай-ақ сіздердің шешуші жеткізушілер мен

клиенттеріңіздің ұқсас жүйелерден қарсы болуы мүмкін нәтижесінде төтенше

жағдайлар туындаған жағдайда іс-қимылдың кешенді жоспарын жасаңыздар және

қажет болған кезде енгізіңдер.


                                                  N 2-Қосымша


     Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарында, өзге

    мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволық бағыныстағы

     ұйымдарында шаралар жоспарларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстар

   ___________________________________________________________________


     Кешенді түгендеуді және аппараттық, бағдарламалық базасы мен

     ақпараттық жүйелері бар талдауды жүргізу

   ___________________________________________________________________


    Бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлерден табылған

    қателерді алдын ала тестілеу және жою

   ___________________________________________________________________


      Инфрақұрылымдағы өте сыни және ауыр жүйені айқындау

   ___________________________________________________________________

    2000 жылға өтуге байланысты мүмкіндігі бар проблемаларды шешу үшін

    қажет ететін ресурстар мен уақытты айқындау үшін әрбір жүйелерді талдау

   ___________________________________________________________________

   Күндерді пайымдауға және ауыстыруға немесе модификациялауға жататын

   проблемалары бар компьютерлерді бағдарламалық қамтамасыз ету тізімдерін

     жасау және бекіту

   ___________________________________________________________________

  Күндерді түзетумен қайта жасауда ұсыныстар мен пакеттердің бар жоғы

  үшін бағдарламалық қамтамасыз ету рыногын зерттеу немесе жаңа нұсқаға

  дейін бар (Upgrade) бағдарламалық өнімдерді жаңарту

  ___________________________________________________________________

  Түзетілген бағдарламалық өнімдердің жаңа платформасына кейін ауысуымен

  бағдарламаның негізгі мәтініне жіберген кезде бағдарламалық кодтарды

  түзету

  ___________________________________________________________________

   2000 жылдың проблемасы бойынша түзетуге жатпайтын бағдарламадан

                 бас тарту

  ___________________________________________________________________

  2000 жылға сәйкес ашылған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс көлемін

  айқындау

  ___________________________________________________________________

  2000 жылдың проблемаларын шешу жөніндегі компьютер жабдықтарын,

  жүйелік және қолданбалы бағдарламалық құралдарды жаңғырту құнын

  айқындау

  ___________________________________________________________________

   Технологиялық процесстерге байланысты бас тартқан ұсыныстарды

    қайтадан қалыпқа келтіруге сыртқы ұйымдарды (жасаушылар) тарту

  ___________________________________________________________________

  Компьютер мен бағдарламамен қамтамасыз етуде ауыстыру, жаңғыртуға

  байланысты өзге іс-қимылды жүзеге ауыстыру

  ___________________________________________________________________

  2000 жылдың келуіне байланысты күтпеген қарсылық жағдайында іс

  қимылды жоспарлау

  ___________________________________________________________________


                                                      N 3-Қосымша


     Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс-қимыл жоспарының үлгілік

                          мазмұны


     Мазмұны

     Қысқаша түсіндірме

     Кіріспе

     1. Негіздеме

     2. Тағайындау

     3. Қамту

     4. Аудитория

     5. Басқа жоспарлармен/есептермен байланыс

     Ұйым

     6. Ұйымдастыру құрылымы

     7. 2000 жылға әзірлік шеңберінде төтенше жоспарлау процесіндегі

негізгі қатысушылар

     Тәуекелдерді талдау қорытындылары

     8. Төтенше жағдайларда қажетті шараларды қабылдаудың мүмкіндік бағасы

     9. Шаруашылық функцияларының басымдылығы

     10. Төтенше жағдайлар болған кездегі талаптар

     Төтенше жоспарлау процесі

     11. Процессті жалпылай жазу

     12. Төтенше жоспарлау рәсімдерінің бастамашысы болу

     13. Процессті нақтылай жазу

     14. Төтенше жағдайлар туындағандағы іс-қимыл жоспарының өмірлік циклі

     Төтенше жоспарлаудың әдістерін оқу

     15. Мақсаттар және міндеттер

     16. Қажеттіліктер

     17. Қызмет түрлері

     Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс қимыл жоспарын тестілеу

     18. Мақсаттар және міндеттер

     19. Қажеттіліктер

     20. Қызмет түрлері

     Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс қимыл жоспарын техникалық

қолдау

     21. Мақсаттар және міндеттер

     22. Қажеттіліктер

     23. Қызмет түрлері

     Қосымша

     Өмірлік маңызды функцияларды қолдау жөніндегі төтенше рәсімдер    




                                                   N 4-Қосымша


             Сыни күндердің жиынтық тізімі


     1. ОБЖ-гі (АС) "апта соңының" феномені


 
       Орындарын айқындаудың Бас жүйесі дыбыстарының стандартында күндерді беру үшін 13 бит қатаң қолданылады. (осы биттер қарапайым күндерге қарағанда уақытты бірлікпен есептеуде өзіндік ілгерілікті танытады). ОБЖ-да 1980 жылдың 5 қаңтарының біршама жартылай түнге (әмбебап уақыт) қатысты есеп беретін екеуін құрайтын уақыт бар. Олардың ішіндегі біріншісі ОБЖ-ның апта нөмірі болып табылады, ал екіншісі - апта уақыты (АУ). Әрбір аптаның соңында АУ жаңарады, апта нөмірі бірлікке өседі. ОБЖ-ның апталық сандық есептегіші 10-разряд болып табылады, өйткені, аптаның ең көп саны 2(10) тең, яғни, 1024. Сондықтан, 1999 жылғы 21-22 тамыздағы жартылай түнде күндердің нақты мәні осы 13 биттік өлшемге өседі, және жабдықтар уақыт немесе орналасқан орыны туралы дұрыс ақпаратты қорыта алмайды.
      2. 1999 жылдың 9 қыркүйегі - файл соңы
      Кобол тілінде жазылған көптеген бағдарламаларда 9999 сан "апта соңын" білдіреді, және сонымен бірге оған 9/9/99 күн сәйкес келеді. Проблеманың мәнісі көптеген бағдарламалар 1999 жылдың 9 қыркүйекте бағдарламамен жұмысты аяқтаған команда ретінде түсіндіріп беруге сияды. Осы оқиғаның болуы екі талай, бірақ, оны ескере білген жөн және алдын ала қажетті шараларды қолдану керек.
      3. 2000 жыл толық жыл болып табылады

 

     Егер жыл төртке (1998, 1992, 1996) бөлінсе бұл толық жыл болады, егер

тек ол жүзге бөлінбесе (мысалы, 1900). Бірақ, егер жыл 400 (мысалы, 2000),

бөлінетін болса онда ол толық жыл болып табылады. Сондықтан, 19000 жылға

емес 2000 жылға қатысты ретінде 1/01/2000 күндерге дұрыс түсінік беретін

жүйелер 2000 жылдың 28 ақпанынан соң 2000 жылдың 1 наурызы келеді деп

"ойлануы" мүмкін.

     4. Кейбір сыни күндердің жиынтық тізбесі

__________________________________________________________________________

31/12/1899    Айқындалған жасы мен туған күндердің дұрыстығын тексеру

               үшін тест

__________________________________________________________________________

01/01/1970    (30) банкілік заклад бойынша қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

01/01/1996    Unisys мэйнфрейлер үшін қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

01/01/1998    98 жылға немесе алдын ала 2 жылға арналған белгіге тест

__________________________________________________________________________

01/01/1999    99 жылға немесе алдын ала 1 жылға арналған белгіге тест

__________________________________________________________________________

29/02/1999    Толық жылды дұрыс айқындалмауына арналған тест

__________________________________________________________________________

22/08/1999    ОБЖ аптасының есептегішін қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

09/09/1999    Ерекше көлем: "тест күнін" немесе "іс-қимылдың аяқталу

               мерзімінің жоқтығы"

__________________________________________________________________________

31/12/1999    Ғасырдың аяқталуына арналған тест

__________________________________________________________________________

01/01/2000    2-разряд жыл есептегішін қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

01/01/2000    Жаңа-жылдың бірінші күнтізбелік күніне арналған тест

__________________________________________________________________________

03/01/2000    Жаңа-жылдың бірінші жұмыс күніне арналған тест

__________________________________________________________________________

03/01/2000    Апта күнінің (сәрсенбі) ауысуын тексеру үшін тест

__________________________________________________________________________

10/01/2000    Бірінші 9 символдық күнге арналған тест

__________________________________________________________________________

14/01/2000    5-15-30 күндізгі кезеңдер үшін өткенді айқындауға арналған

               тест

__________________________________________________________________________

31/01/2000    Айдың соңғы жұмыс күні мен күнтізбелік күнге арналған тест

__________________________________________________________________________

28/02/2000    Жаңа ғасырдың бірінші толық күнінің түсуіне дейін 2000

               жылдың айының соңғы күнінен арналған тест

__________________________________________________________________________

29/02/2000    Толық жылға арналған тест

__________________________________________________________________________

29/02/2000    45,60 және 90 күндізгі кезеңдерге арналған өткен күндерді

               қайта өңдеуге арналған тест

__________________________________________________________________________

30/02/2000    2000 болмайтын күн

__________________________________________________________________________

31/03/2000    Тоқсанның соңында соңғы жұмыс және күнтізбелік күнді тексеру

               үшін тест

__________________________________________________________________________

01/07/2000    Аптаның соңғы жұмыс күніне арналған тест

__________________________________________________________________________

01/08/2000    Аптаның соңғы жұмыс күнін қайта өңдеуге арналған тест

(сенбі)

__________________________________________________________________________

01/09/2000    Аптаның соңғы жұмыс күнін қайта өңдеуге арналған тест      


               (жексенбі)   

__________________________________________________________________________

10/10/2000    Бірінші 10-символдық күнге арналған тест

__________________________________________________________________________

31/12/2000    Жылдың 366 күніне арналған тест

__________________________________________________________________________

01/01/2001    ХХІ-ғасырды айқындауға арналған тест

__________________________________________________________________________

01/01/2001    Tandem жүйесі үшін қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

29/02/2001    Жоқ толық жылға арналған тест

__________________________________________________________________________

01/01/2010    ANSIC кітапханасы үшін қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

30/09/2034    UNIX уақытының функциясы үшін қайта толықтыруға арналған

тест

__________________________________________________________________________

19/01/2038    UNIX жүйесі үшін қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

18/09/2042    IBM SYSТЕМ/360 үшін қайта толықтыруға арналған тест

__________________________________________________________________________

29/02/2100    Жоқ толық жылға арналған тест

__________________________________________________________________________

00/00/2000    Ерекше көлем

__________________________________________________________________________


Негізі: Американдық аурухана ассоциациясы, "2000 жылдың проблемасы"   

        жөніндегі ақпарат орталығы.


                                               5-қосымша, 1-кесте

                                            ________ есепке қосымша


          2000 жылғы проблемаға сәйкес келмейтін және

        ____________ пайдаланылатын ақпараттық жүйелер

        бойынша ______________ арналған жағдай бойынша

                      Жиынтық есеп


__________________________________________________________________________

Жүйелер  Жүйелер  Түзету шаралары    Тестілеу    Тәуекелді басқару жоспары

тобы      саны   _________________________________________________________

                  аяқталды аяқтал. аяқталды аяқтал. белгіленді белгіленбеді

                            мады            мады             

__________________________________________________________________________

   Толтыру үлгісі:

__________________________________________________________________________


1-топ       3        1       2               3         3

__________________________________________________________________________

2-топ       6        3       3       2       4         6

__________________________________________________________________________

3-топ      21        15      6       10      11                   21

__________________________________________________________________________

Барлығы    30        19      11      12      18        9          21

__________________________________________________________________________


    Жауапты атқарушының лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы


   Ескерту:

   1. Аппараттық құралдар басымдықтарының топтары:

     1-топ. Денсаулыққа, қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ететін

және өмір сүруге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаның тұтастығына қауіп

төндіретін жүйелер

     2-топ. Саланың қызмет істеуіне әсер ететін және экономикада, салада

ерекше шағын қаупін тудыратын жүйелер    

     3-топ. Қалған жүйелер    

   2. Жергілікті атқарушы орган жеке сектор экономикасы салаларының

бөлігінде мәліметтер ұсынады.



                                               5-қосымша, 2-кесте

                                            ________ есепке қосымша


          2000 жылғы проблемаға сәйкес келмейтін және

        ____________ пайдаланылатын ақпараттық жүйелер

        бойынша ______________ арналған жағдай бойынша

              қаржылық аспектінің жиынтық кестесі

__________________________________________________________________________

Жүйелер Жауапты Аяқталу Шығыстар. Бюджет. Үнемде. Тапшылық Есепті Шығыстар.

тобы            күні   дың есеп. тік.    ген              күнгі  дың соңғы

                        тік       қаржы   қаражат          шығыстар сомасы

                        сомасы    бөлу    

__________________________________________________________________________

Ескерту.

     1. Жүйелер тобы 1-кестеге қосымшада айқындалған.

     2. Жауапты - Ұйым бойынша есепті бақылауды және жазуды ұйымдастыруға

жауапты Қызметкердің тегі, аты-жөні

     3. Аяқталу күні - 2000 жылға дайындық бағдарламасы шеңберіндегі

шаралардың күтіліп отырған аяқталу күні

     4. Шығыстардың есептік сомасы - Ұйымға оның есебі бойынша 2000 жылға

дайындық бағдарламасын іске асыруға қажетті сома

     5. Бюджеттік қаржы бөлу - Ұйымға 2000 жыл бағдарламасын іске асыруға

бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома

     6. Үнемделген қаражат - Ұйымның ішкі ресурстарды қайта бөлу есебінен

үнемдеген сомасы

     7. Тапшылық - 2000 жылға дайындық бағдарламасын қаржыландыруға

қажетті жеткіліксіз қаражат сомасы

     8. Есепті күнгі шығыстар - Есепті күнгі жағдай бойынша 2000 жылға

дайындық бағдарламасын іске асыруға жұмсалған қаражат сомасы

     9. Шығыстардың соңғы сомасы - 2000 жылға дайындық бағдарламасының

аяқталған бөліктерін іске асыруға жұмсалған қаражат сомасы

     10. Жүйелер тобы - 1-кестеге қосымшада айқындалған.

     11. Жергілікті атқарушы орган жеке сектор экономикасы салаларының

бөлігінде мәліметтер ұсынады.


                                             5-қосымша, 3-кесте

                                          ________ есепке қосымша


          2000 жылғы проблемаға сәйкес келмейтін және

        ____________ пайдаланылатын ақпараттық құралдар

        бойынша ______________ арналған жағдай бойынша

                      Есеп


     Түгендеу аяқталды _____________________

     Түгендеу деректерін нақтылау аяқталды _______________

__________________________________________________________________________

                                       Оның ішінде

            _______________________________________________________________

Жабдықтың  Жабдықтың  Оның ішінде  1-топта  2-топта

  атауы     бірлік     2000 жылға   пайда.   пайда.

            саны,      сәйкес       ланы.    ланы.       Түзету шаралары

            барлығы    келмейтіні   латын    латын  

__________________________________________________________________________


Серверлер

__________________________________________________________________________

Сервер

222/96/2      3            1                  1     Аналық ақыны алмастыру

__________________________________________________________________________

ПЭВМ  

__________________________________________________________________________


РС 486

24/2/240     300         300                300     Жаңаға алмастыру

__________________________________________________________________________

РС 486

24/2/240     10          10                        Сағаттарды қолмен қою

__________________________________________________________________________

Жиыны        313         310                300

__________________________________________________________________________


     таблицаның жалғасы


__________________________________________________________________________

        Жоспар                                   Факт

__________________________________________________________________________

  Аяқталу мерзімі         Күтіліп  Оның     Аяқталу мерзімі    Іс жүзіндегі

_________________________отырған  ішінде   __________________  шығыстар

шаралар  қайта  пайдала. шығыс.   қаражат  түзету қайта пайда. сомасы,

          тесті. нушыдағы тар со.  тапшы.          тесті.лану.  мың теңге

          леу.    қондыр. масы,    лығы,           леу.  шыда.

          дің    ғылар    мың      мың             дің   ғы.

                          теңге    теңге                 қондыр.

                                                         ғылар

__________________________________________________________________________

  14.09   30.09   06.10   700,0

  08.10   20.10   01.11   36 000,0  20 000,0

                          36 700,0  20 000,0

__________________________________________________________________________

Жауапты атқарушының лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы


     Ескерту.

     1. Ақпараттық құралдар үлгілерді сақтау тәртібімен келтіріледі:

     Мэйнфреймалар

     Серверлер

     Жұмысшы станциялар

     ПЭВМ

     Коммуникациялық жабдықтар

     Қондырылған микропроцессорлары бар жабдықтар

     2. 2000 жылға сәйкес келмейтін жабдықтар бірлігінің саны бойынша

басымдықтар тобының бөлігінде олардың саны келтіріледі.

     1-топ. Денсаулыққа, қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ететін

және өмір сүруге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаның тұтастығына қауіп

төндіретін жүйелер

     2-топ. Саланың қызмет істеуіне әсер ететін және экономикада, салада

ерекше шығын қаупін тудыратын жүйелер

     3. Мерзімдер күнмен, аймен келтіріледі.



                                              5-қосымша, 4-кесте

                                            ________ есепке қосымша


          2000 жылғы проблемаға сәйкес келмейтін және

        ____________ пайдаланылатын бағдарламалық өнімдер

        бойынша ______________ арналған жағдай бойынша

                         Есеп


     Түгендеу аяқталды ____________________

     Түгендеу деректерін нақтылау аяқталды ______________


__________________________________________________________________________

                                           Жоспар

                ___________________________________________________________

                                             Аяқталу мерзімі   

       Өнім    

___________________________________________________________

    (түрі, атауы,    Түзету шаралары      шаралар   кешенді   пайдалану-

    версиясы)                                       тестілеу   шыдағы

                                                              қондырғылар

__________________________________________________________________________


    Толтыру үлгісі       

    ОС Unix 5.0.2    Патчпен түзету       03.06     15.06       21.11

__________________________________________________________________________

    2-топ:

    ИС Борышты      Кодты түзету          10.08     25.08       10.09

    басқарудың

    кешенді жүйесі

__________________________________________________________________________

    Жиыны     

__________________________________________________________________________


таблицаның жалғасы


         __________________________________________________

                                  Факт

         __________________________________________________

         Күтіліп  Оның     Аяқталу күні        Іс жүзіндегі

         отырған  ішінде   __________________  шығыстар

         шығыс.   қаражат  түзету кешен. пайда. сомасы,

         тар со.  тапшы.          ді тес.лану.  мың теңге

         масы,    лығы,           тілеу  шыда.

         мың      мың                    ғы.

         теңге    теңге                  қондыр.

                                         ғылар

         __________________________________________________

           -       -        11.06  23.06  -       -


         297,2     -        06.08  20.08  10.09  297,2

         __________________________________________________

         297,2     0                             297,2

         __________________________________________________


Жауапты атқарушының лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы


     Түзету шараларының варианттары:

     Версия өніміне түзету...

     Патчпен түзету

     Өндірістен алу

     Кодты түзету

     Жаңа АЖ алмастыру

     _________________________________________________________________

     Ескерту.


 
       1. Жүйелі бағдарламалық құралдар үлгілерді (операциялық жүйелер, деректер базасын басқару жүйесі, бағдарламаларды әзірлеудің аспаптық құралдары, ақпараттық жүйелер) сақтау тәртібімен келтіріледі
      2. Белгілі бір басымдықтар тәртібімен топтар бойынша қолданбалы

 

ақпараттық жүйелер:

     1-топ. Денсаулыққа, қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ететін

және өмір сүруге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаның тұтастығына қауіп

төндіретін жүйелер

     2-топ. Саланың қызмет істеуіне әсер ететін және экономикада, салада

ерекше шығын қаупін тудыратын жүйелер

     3-топ. Қалған жүйелер

     3. Мерзімдер күнмен, аймен келтіріледі.





   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.      






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады