Мұнай-газ секторының кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 наурыз N 205а

      Мұнай-газ секторында басқаруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы" 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "ҚазТрансОйл" ЖАҚ
      деген жол алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен, бір апталық мерзім ішінде:
      1) осы қаулының 1-тармағын орындау мақсатында "Қазақойл" ұлттық

 

мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын

азайтуды;

     2) "ҚазТрансОйл" жабық акционерлік қоғамын "ҚазТрансОйл" мұнай

тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамы деп қайта

атауды;

     3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін

осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізуді;

     4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз

етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады