"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 20 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 45-ө Өкімі

       1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 20 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің
                                           2009 жылғы 20 наурыздағы
                                               N 45-ө өкімімен
                                                 бекітілген

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
      аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен
   толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009
    жылғы 20 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
        қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі    

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 601 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы наурыз

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы наурыз

3.

Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы наурыз

4.

"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы наурыз

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы" 2006 жылғы 26 шілдедегі N 275 және "Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы" 2008 жылғы 1 ақпандағы N 54 бұйрықтарына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы наурыз

6.

Аудиторлық және аккредиттелген кәсіптік аудиторлық ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы наурыз

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады