РҚАО-ның ескертпесі!
Өкімге өзгерту енгізу көзделген - ҚР Премьер-Министрінің 2010.07.19 № 101-ө Өкімімен (жариялануға жатпайды).
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) мемлекет басшылары деңгейіндегі шешімін іске асыру мақсатында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау жөнінде шаралар қабылдасын және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне олардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9-ө өкімімен
бекітілген
2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 «Беларусь Республикасы,
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы
кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы»
Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық
Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) мемлекет басшылары
деңгейіндегі шешімін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар, млн. теңге* |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
ВАК-тың қарауына Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеуді қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу |
ВАК-тың шешімі |
ИСМ, ІІМ, АШМ, ЭБЖМ, АБА, ДСМ, Қоршағанортамині, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
2. |
ВАК-тың қарауына Қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу |
ВАК-тің шешімі |
ИСМ, Қаржымині, ЭМРМ, Ұлттық Банк (келісім бойынша), АӨҚО (келісім бойынша |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
3. |
«Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жылғы 1 сәуір |
Талап етілмейді |
- |
4. |
«Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жылғы 1 сәуір |
Талап етілмейді |
- |
5. |
Қазақстан Республикасының Кимберлий процесін сертификаттау халықаралық схемасына қосылуы |
Кимберлий процесін сертификаттау жүйесіне қатысу комитетіне өтінім |
ИСМ, Қаржымині, Ұлттық Банк (келісім бойынша), АӨҚО (келісім бойынша) |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
6. |
Кимберлий процесін сертификаттау халықаралық схемасының шеңберінде ұлттық сертификат шығару |
Сертификат нысаны |
ИСМ, Қаржымині, Ұлттық Банк (келісім бойынша |
2010 жылғы 1-тоқсан |
- |
- |
7. |
«Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы 1 сәуір |
Талап етілмейді |
- |
8. |
«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АБА |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
9. |
«Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 шілдедегі № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
АБА-ның бұйрығы |
АБА |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
10. |
«Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қоршағанортамині |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
11. |
«Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қоршағанортамині |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
12. |
«Денсаулық сақтау ұйымдарына және фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және парафармацевтиктерді тауарларды әкелу және сыртқа шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 885 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ДСМ-ның бұйрығы |
ДСМ |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
13. |
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2010 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
14. |
«Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2010 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
15. |
«Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы» нұсқаулықты және «Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы» ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2003 жылғы 1 наурыздағы № 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ІІМ-нің бұйрығы |
ІІМ |
2010 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
16. |
«Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МАМ |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
17. |
«Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МАМ |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
18. |
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы № 528 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰҚК (келісім бойынша |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
19. |
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰҚК (келісім бойынша) |
2010 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
- |
Ескертпе:
* іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау кезінде нақтыланатын болады
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
АӨҚО - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
ВАК - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия