Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2010 жылғы 25 сәуірдегі № 01-7.7 хаттамасының 2.4-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың қадамдық жоспары (бұдан әрі - Қадамдық жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Қадамдық жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Қадамдық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қадамдық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 156-ө өкімімен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың
қадамдық жоспары
№ |
Іс-шара атауы |
Орындау мерзімі |
Орындауға (іске асыруға) жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Теңгерімдерді «нашар борыштардан» тазарту |
||
1.1 |
кредиттерді қайта құрылымдау, оның ішінде борыштың бір бөлігін қарыз алушылардың акцияларына (капиталға қатысу үлесіне) айырбастау, ЕДБ-нің есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар мен өсімпұлдар) ықтимал есептен шығаруы арқылы қарыз алушылардың ауыртпалығын төмендету, ал жекелеген жағдайларда осындай кредиттер бойынша ЕДБ қалыптастырған провизиялар сомасы шегінде ЕДБ-нің қарауы бойынша қарыз алушылардың міндеттемелерін есептен шығару жолымен қайта құрылымдау жөнінде бағдарламаларын (акциялар) әзірлеу және іске асыру мүмкіндігін қарастыру |
2011-2015 жылдар |
ҚҚҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |
1.2 |
проблемалық борыштар бойынша міндетті түрде мониторингтік есеп жасай отырып, ЕДБ тарапынан проблемалық борыштар бойынша борышкерлер қызметінің тұрақты мониторингі |
жартыжылда бір рет, 2011-2015 жылдар |
ҚҚҚ (келісім бойынша) ЕДБ (келісім бойынша) |
2 |
Банктің қарыз алушыларының берешегін қайта құрылымдауға жәрдемдесу жөніндегі шаралар |
||
2.1 |
ЕДБ проблемалық активтерін «САҚ» АҚ-ның сатып алу тетігін іске асыру мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ банктер мен жеке инвесторлардың ішінара қатысуымен проблемалық активтерді сатып алу үшін «САҚ» АҚ-на баламалы құрылымды құру мәселесін қарастыру |
2010-2015 жылдар |
«Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша), «САҚ» АҚ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
2.2 |
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде бизнесті сауықтыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру |
2010-2013 жылдар |
ЭДСМ, «Даму» АҚ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |
2.3 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысы шеңберінде ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру |
2010-2012 жылдар |
«Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |
3 |
Салық салу жөніндегі шаралар |
||
3.1 |
қолданыстағы салық заңнамасының наразылық-талап ету жұмысын тоқтату жөніндегі кредиттер бойынша үмітсіз берешекті теңгерімнен шығару нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшерлерін төмендетуден алынған провизияларды (резервтерді) азайту сомасын табыс деп танымау бөлігіндегі ережелерін талдау |
2010-2013 жылдар |
Қаржымині, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |
3.2 |
Салық кодексіне провизиялар (резервтер) құру жөнінде шығыстар сомасын есептен шығаруға құқығы бар салық төлеуші құрған салық кезеңіндегі кредиттер бойынша көшірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының агрегирленген көрсеткішке арақатынасы көлемі шегінде үмітсіз берешекті кешіру нәтижесіндегі мұндай арақатынасты есептеу үшін нақты салық төлеушіге Қаржымині мен ҰБ келісімі бойынша ҚҚҚ белгілеген тәртіппен және белгілі бір шарттар сақталған жағдайда провизияларды (резервтерді) төмендетуден алынған табысты мойындамау бөлігіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу |
2010-2011 жылдар |
Қаржымині, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |
4 |
ЕДБ-ны пруденциалдық реттеу шаралары |
||
4.1 |
провизиялау деңгейінің артуымен тиісті валюталық өсімі жоқ қарыз алушыларға 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап шетелдік валютада берілген кредиттер бойынша банктердің ең аз провизия мөлшерін қалыптастыру тәртібін кезең-кезеңмен қатаңдату |
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап |
ҚҚА (келісім бойынша) |
4.2 |
ЕДБ-дің меншікті капиталының жеткіліктілігін күшейту |
2011 жылғы 1 шілдеден бастап |
ҚҚА (келісім бойынша) |
4.3 |
нормативтер мәндерін кезең-кезеңмен қатаңдату арқылы бірінші деңгейлі капиталдың банктің активтері мен шартты және ықтимал міндеттемелеріне (kl-1) қатынасы ретінде есептелген левереджді төмендету мәселесін қарастыру |
2012 жылғы 1 шілдеден бастап |
ҚҚА (келісім бойынша) |
4.4 |
мерзімі өткен берешегінің мерзімі негізгі қарыз бен есептелген сыйақы бойынша 10 %-ға дейінгі деңгейде 90 күнтізбелік күннен артық құрайтын қарыздар үлесін кезең-кезеңмен төмендету үшін ерте назар аудару шараларын қабылдау мәселесін қарастыру |
2011-30 % |
ҚҚА (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |
4.5 |
айқын емес құрылымдық меншігі бар және банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға ЕДБ-нің қарыздық операцияларының айқындылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау, атап айтқанда банк беретін кредиттер мен кепілдіктерге шек қою мәселесін қарастыру |
2010-2011 жылдар |
ҚҚА (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |
4.6 |
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салуды белгілеу мүмкіндігін қарастыру |
2010-2011 жылдар |
ҚҚА (келісім бойынша) |
5 |
Шетелдік инвесторларды тарту |
||
5.1 |
ЕДБ Standart & Poor's, Moody's және Fitch Ratings рейтингтерін алу және оны жақсарту жұмыстарын жүргізу |
2010-2015 жылдар |
ЕДБ (келісім бойынша) |
5.2 |
шағын және орта бизнесті ЕДБ арқылы кейіннен кредиттеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен «Даму» АҚ үшін Азия Даму Банкінің жеңілдетілген қарызын тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру |
2010-2011 жылдар |
Қаржымині, ЭДСМ, «Даму» АҚ (келісім бойынша) |
5.3 |
Қазақстанда проблемалық активтер нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау және осы нарыққа шетел инвесторларын тарту мәселесін пысықтау |
2011-2015 жылдар |
ҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
«Самұрық-Қазына» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
«Даму» АҚ - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік
қоғамы
«САҚ» АҚ - «Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамы
ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлерлерінің қауымдастығы
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер