"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 16-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 29 қаңтардағы
№ 16-ө өкімімен    
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині, АШМ

2010 жылғы қаңтар

2.

Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ (жинақтау), Қаржымині

2010 жылғы қаңтар

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМРМ

2010 жылғы қаңтар

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМРМ (жинақтау), ИСМ

2010 жылғы қаңтар

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы ақпан

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы ақпан

7.

Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемнің, Тапсырыс берушілердің олардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), Қаржымині

2010 жылғы желтоқсан

8.

«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

Қаржымині

2010 жылғы ақпан

9.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша міндеттерді орындау туралы есеп берудің нысандарын бекіту туралы

Бұйрық

ЭМРМ

2010 жылғы ақпан

10.

«Қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 131-Б және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 18 мамырдағы № 151 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

Еңбекмині (жинақтау), ЭМРМ

2010 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады