"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 35-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 35-ө өкімімен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Нормативтік құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі

1.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 602 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

4.

Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

5.

Мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақта сапасын сараптауды субсидиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

6.

Ішкі нарықты реттеу мақсатында астық өңдеуші ұйымдар сатып алатын астықтың мемлекеттік сату және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

7.

Патент қабілеттілігі және шаруашылық пайдасы мемлекеттік сынау немесе өтініш беруші деректері бойынша бағаланатын өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

8.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

9.

Олармен күрес бюджет қаражатының есебінен жүргізілетін зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдермен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

10.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

11.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі қызметтің ақылы түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

12.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі қызметтің ақылы түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

13.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

14.

Тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ
АШМ

2010 жылғы ақпан

15.

Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарының қорларын құру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

16.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2010 жылғы ақпан

17.

Агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

18.

Агент пен астық өңдеуші ұйым арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты мемлекеттік сату және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

19.

Астық өңдеуші және нан пісіру ұйымдары арасындағы астықты мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығынан жасалған ұнды сату шартының үлгі нысанын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

20.

Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушының сақтауы туралы растау нысанын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

21.

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 575 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

22.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынауды жүргізу әдістемесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

23.

Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

24.

Астықты қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысанын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

25.

«Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

26.

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

27.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

28.

Мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімді жалпы жинау және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дұрыс мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсыну туралы міндеттеме нысанын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

29.

«Патент беруге қорытынды жасаумен сортты сипаттаудың, өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беру туралы қорытынды, өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды және селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижесі бойынша қорытынды туралы қорытындының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

30.

«Ауыл шаруашылығы өнімінің өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағасын анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 784 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

31.

Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарына сатуға алынатын және мемлекеттік ресурстарынан сатылатын азық-түлік тауарларына тіркелген бағалар деңгейін айқындау әдістемесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

32.

Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жүйесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2010 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады