"Мемлекеттік статистика туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 56-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік статистика туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі:
      1) мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 56-ө өкімімен    
бекітілген       

«Мемлекеттік статистика туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік-құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СА

2010 жылғы мамыр

2.

Ұлттық санақтарды өткізу ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СА

2010 жылғы маусым

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СА (жинақтау), АШМ, ТСМ, ККМ, БҚА

2010 жылғы мамыр

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СА

2010 жылғы мамыр

5.

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы

СА бұйрығы

СА (жинақтау), ІІМ, ДСМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, Қаржымині, МГМ, ЖРА, ЭДСМ, ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы сәуір

6.

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы

СА бұйрығы

СА (жинақтау), облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктері, ІІМ, ДСМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, Қаржымині, ЖРА, ММ, ТСМ, СІМ, Қорғанысмині, БҒМ, ККМ, ЭДСМ, ТЖМ, БАМ, ТМРА, МҚА (келісім бойынша), ҰҒА, БҚА, ҚжТКШІА, АӨҚО (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2010 жылғы сәуір

7.

Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін бекіту туралы

СА бұйрығы

СА (жинақтау), ДСМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, Қаржымині, МГМ, ЖРА, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы сәуір

8.

Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту ережесін бекіту туралы

СА бұйрығы

СА (жинақтау), ДСМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, АШМ, Еңбекмині, Қаржымині, МГМ, ЖРА, ЭДСМ, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы сәуір

9.

Дерекқорды қайта сәйкестендендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы

СА бұйрығы

СА

2010 жылғы сәуір

10.

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы

СА бұйрығы

СА (жинақтау), АШМ, облыстардың әкімдіктері

2010 жылғы сәуір

11.

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы

СА бұйрығы

СА

2010 жылғы сәуір

12.

Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

СА бұйрығы

СА

2010 жылғы сәуір

13.

Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсыну ережесін бекіту туралы

СА және Қаржыминінің бірлескен бұйрығы

СА (жинақтау), Қаржымині

2010 жылғы сәуір

14.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 6 шілдедегі № 150 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығы

АШМ

2010 жылғы сәуір

15.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 168 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы сәуір

16.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

СА бұйрығы

СА

2010 жылғы сәуір

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СА                   - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
БҚА                  - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                       агенттігі
ТМРА                 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                       реттеу агенттігі
ЖРА                  - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
                       агенттігі
МҚА                  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
                       істері агенттігі
ҚжТКШІА              - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй
                       коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
БП                   - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Әділетмині           - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ                  - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                       министрлігі
ИЖТМ                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрлігі
Қоршағанортамині     - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                       министрлігі
АШМ                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                       министрлігі
Еңбекмині            - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                       әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МГМ                  - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                       министрлігі
ММ                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ТСМ                  - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                       министрлігі
СІМ                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
                       министрлігі
Қорғанысмині         - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                       министрлігі
ККМ                  - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                       министрлігі
ЭДСМ                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                       және сауда министрлігі
ТЖМ                  - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                       министрлігі
БАМ                  - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
                       министрлігі
ҰБ                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҒА                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
АӨҚО                 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
                       өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
                       агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады