1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 74-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
2 |
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы, ҚР Президентінің Жарлығы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
3 |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиялары туралы ережелерге өзгерістер енгізу туралы |
Жергілікті атқарушы органдардың қаулылары |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері |
2010 жылғы мамыр |
4 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 және 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2010 жылғы маусым |
5 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА, Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
6 |
Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2010 жылғы мамыр |
7 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 885 қаулысының күші жойылды деп тану туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ЭДСМ |
2010 жылғы мамыр |
8 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
9 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині |
2010 жылғы маусым |
10 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 921 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині |
2010 жылғы маусым |
11 |
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылылуын мониторингілеуді жүргізу және бағалау ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
12 |
Мемлекеттік қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілдіктері мен мемлекет кепілгерлігіндегі қарыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысының күші жойылды деп тану туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
13 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ММ |
2010 жылғы маусым |
14 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2010 жылғы маусым |
15 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2010 жылғы маусым |
16 |
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы, ҚР Президентінің Жарлығы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
17 |
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы, ҚР Президентінің Жарлығы |
Қаржымині |
2010 жылғы маусым |
18 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2010 жылғы маусым |
19 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 559 қаулысының күші жойылды деп тану туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2010 жылғы мамыр |
20 |
Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін бөлу ережесін бекіту туралы |
ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ЭДСМ |
2010 жылғы маусым |
21 |
«Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
22 |
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
23 |
«Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
24 |
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
ҚР ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ |
2010 жылғы мамыр |
25 |
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы |
ҚР Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы мамыр |
26 |
Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы |
ҚР ЭДСМ, ҚР ҚТКІША бірлескен бұйрығы |
ЭДСМ, ҚТҮКШІА, БАМ |
2010 жылғы маусым |
27 |
Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаның, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы және «Бюджеттік инвестициялық жобаның және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 наурыздағы № 30 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
ҚР ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ |
2010 жылғы маусым |
28 |
Концессиялық ұсыныстардың, конкурстық құжаттаманың, оның ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, және концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілгенде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің және концессия шарттары жобаларының, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптамасына қойылатын талаптарды бекіту туралы |
ҚР ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ |
2010 жылғы маусым |
29 |
Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту және «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттік қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын Талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
ҚР ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ |
2010 жылғы маусым |
30 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы |
ҚР ЭДСМ бұйрығы |
ЭДСМ |
2010 жылғы мамыр |
31 |
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы |
Мемлекеттік органның бұйрығы |
Мемлекеттік органдар |
Мемлекеттік қызмет стандарты бекітілген күннен бастап бір ай ішінде |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі