"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 131-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – тізбе).
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 131-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4
шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, СА

2013 жылғы қыркүйек

2.

«Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келіcу және бекіту ережесін, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ

2013 жылғы қыркүйек

3.

«Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ӨДМ

2013 жылғы қыркүйек

4.

Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ

2013 жылғы қыркүйек

5.

«Электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ТМРА, БҚА

2013 жылғы желтоқсан

6.

Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ТМРА

2013 жылғы қыркүйек

7.

Тіркелген тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ӨДМ, ТМРА

2013 жылғы қыркүйек

8.

Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ТМРА

2013 жылғы қыркүйек

9.

Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ӨДМ, Қаржымині, БҚА

2013 жылғы қыркүйек

10.

«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ТМРА, БҚА

2013 жылғы желтоқсан

11.

«Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ

2013 жылғы желтоқсан

12.

«Электр желілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 625 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ТМРА

2013 жылғы желтоқсан

13.

«Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА, Қоршағанортамині, ИЖТМ

2013 жылғы желтоқсан

14.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы желтоқсан

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                   министрлігі;
ИЖТМ             – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                   технологиялар министрлігі;
Қаржымині        – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ӨДМ              – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
ТМРА             – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                   реттеу агенттігі;
БҚА              – Қазақстан Республикасы Бәсекелестік қорғау
                   агенттігі;
СА               – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады