"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 112-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 112-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi

Р/с №

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзiмi

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, IIМ, Қаржымині

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

2.

"Iшкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, IIМ, ИДМ, Қаржымині

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

3.

"Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ИДМ

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

4.

"Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

5.

Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

6.

Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ИДМ

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

7.

Қазақстан Республикасында электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

8.

Cатуға тыйым салынған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, IIМ, Қорғанысмині, ҰҚК (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2015 жылғы қараша

Т.М. Жақсылықов

9.

Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы тамыз

А.М. Теңгебаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

      ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;

      МКҚ – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады