"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 14-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 140-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 14-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар алып тасталсын.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 3 қазандағы
№ 140-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

2.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

3.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы қазан

С.М. Жұманғарин

4.

Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, АШМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

5.

Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, АШМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

6.

"Электр және жылу желілерін күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығының және "Электр және жылу желілерін күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 703 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

7.

Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

8.

"Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

9.

"Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

10.

"Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

11.

"Ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 689 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

12.

"Міндетті ведомстволық есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 710 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

13.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

14.

Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

15.

"Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

16.

"Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия ендіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері ендірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

17.

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

18.

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

19.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

20.

Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Б.М. Жақсалиев

21.

"Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

С.М. Жұманғарин

22.

"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

С.М. Жұманғарин

23.

"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

С.М. Жұманғарин

24.

"Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

С.М. Жұманғарин

25.

"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

С.М. Жұманғарин

26.

Есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Ә.М. Мағауов

27.

Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы қазан

Ә.М. Мағауов

28.

Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Б.М. Жақсалиев

29.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша

Б.М. Жақсалиев

30.

"Энергия ендіруші ұйымдардың топтарын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 750 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      "Самұрық-Қазына" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      ҰКП - Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады