"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 69-ө өкімі

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу мақсатында:

      1. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2018 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 69-ө өкіміне
қосымша

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы, қоғамдық кеңестің мүшесі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және бағалау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қаржы және экономика департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Сауда қызметін реттеу департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілдері (келісім бойынша)

      "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамының технологияларды коммерцияландыру орталығының директоры (келісім бойынша)

      "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамының фронт офис жобаларын басқарушы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады