Мемлекеттік органдардың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының комитеттерімен ынтымақтастығын дамыту және күшейту мақсатында:
1. Мүдделі мемлекеттік органдар белгіленген тәртіппен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен басым бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасау бойынша командалар (бұдан әрі - командалар) құрсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп командалардың тиісті жұмыс регламентін бекітсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.А. Досаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |