Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 222-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге 1-қосымшада:

      көрсетілген екіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі";

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Әділет министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі".

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссияның отырыстары шет мемлекеттердің ізгілік көмек көрсету туралы ресми өтініштеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының тапсырмаларының келіп түсуіне қарай өткізіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға катысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Департаментінің директоры, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі департаментінің директоры, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".

      4. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 146-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі".

      5. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі".

      6. "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);";

      "Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

      "Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент үйлестірушісі (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты өкілі (келісім бойынша)".

      7. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі".

      8. "Өңірлік саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 155-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Өңірлік саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады