"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 122-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісу бойынша) ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 122-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2020 жылғы тамыз

Ә.А. Ерғалиев

2.

"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2020 жылғы қыркүйек

Р.Б. Бекетаев

3.

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы қыркүйек

Р.Б. Бекетаев

4.

"Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2020 жылғы қыркүйек

Е.А. Біртанов

5.

"Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ

2020 жылғы қыркүйек

Е.А. Біртанов

6.

"Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2020 жылғы қыркүйек

Е.А. Біртанов

7.

"Маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 222 қаулысына толықтыру енгізу туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2020 жылғы қыркүйек

Е.А. Біртанов

8.

"Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚНРДА Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2020 жылғы қыркүйек

Н.А. Әбдірахманов

9.

"Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚНРДА Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2020 жылғы қыркүйек

О.А. Смоляков

10.

Төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн белгілеу туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2020 жылғы қазан

Е.А. Біртанов

11.

Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы

ҚНРДА Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, ЦДИАӨМ

2020 жылғы қараша

О.А. Смоляков

12.

"Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ҚНРДА Басқармасының қаулысы

ҚНРДА (келісу бойынша), Қаржымині

2020 жылғы қараша

Н.А. Әбдірахманов

13.

Кәсiпкерлiк субъектiлерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы

ҰБ Басқармасының бірлескен қаулысы және ҰЭМ-нің бұйрығы

ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ

2020 жылғы қараша

Д.В. Вагапов Ж.Х. Мәдиев

14.

Кәсiпкерлiк субъектiлерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы

ҰБ, ҚНРДА басқармаларының бірлескен қаулысы және Қаржыминінің бұйрығы

ҰБ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), Қаржымині

2020 жылғы қараша

Д.В. Вагапов Н.А. Әбдірахманов К.Е. Баеділов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады