1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 45-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 04.11.2021 № 180-ө өкімімен.
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
2. | Сәйкестікті бағалау, техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі саласында аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынды құру туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
3. | Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып, енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр |
Ж.С. |
4. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр |
Ж.С. |
5. | Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр |
Ж.С. |
6. | Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр |
Ж.С. |
7. | Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары тізбесін бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр |
Ж.С. |
8. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
9. | Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
10. | Өнімнің өмірлік циклі сатыларында тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
11. | Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2021 жылғы мамыр | Қ.Е. Баеділов |
12. | Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті мониторингтеу қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ Еңбекмині ҰБ (келісу бойынша) | 2021 жылғы мамыр | Ә.Ж. Жанасова |
13. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2021 жылғы мамыр | А.Қ Ержанов |
14. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2021 жылғы мамыр | Н.С. Дайырбеков |
15. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭГТРМ | 2021 жылғы мамыр |
А.Ә. |
16. | Тауарларды шығарған елді растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдердің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялау (тексеру) қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы наурыз | Е.Қ. Қазанбаев |
17. | Тауарларды шығарған елді растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдердің ақпараттық жүйелерінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы наурыз |
Ж.С. |
18. | "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы мамыр |
А.Қ. |
19. | Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
20. | Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын, көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
21. | Тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
22. | Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
23. | Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы |
СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
24. | Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды техникалық реттеу тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
25. | Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптама жасау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
26. | Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
27. | Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
28. | Көлік құралы типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
29. | Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
30. | Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
31. | Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
32. | Өнімді алып қою туралы қаулының нысанын және өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы қаулының нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
33. | Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы |
СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
34. | Хабарламалардың нысандарын, оларды толтыру және ұсыну тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр |
Е.Қ. Қазанбаев |
35. | "Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2021 жылғы мамыр | М.М. Ахметжанов |
36. | Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2021 жылғы мамыр |
М.М. Ахметжанов |
37. | Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
38. | Ерікті түрде сертификаттау жүйесінің жұмыс істеу және қолданылу, сондай-ақ тіркелген ерікті түрде сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу және көрсетілген тізілімдегі мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
39. | Алып қойылған өнімді сақтау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
40. | Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
41. | Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
42. | Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
43. | Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
44. | Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
45. | "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
46. | Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды, оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы |
СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
47. | Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Ж.С. Кушукова |
48. | Бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2021 жылғы мамыр | Т.М. Жақсылықов |
49. | Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
50. | Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
51. | Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
52. | "Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау және (немесе) растамау туралы қорытындының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 346 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы мамыр | А.Қ. Ержанов |
53. | "Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | ИИДМ | 2021 жылғы мамыр | А.Қ. Ержанов |
54. | "Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
55. | "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы мамыр | Е.М. Әукенов |
56. | "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы мамыр | Е.М. Әукенов |
57. | "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2021 жылғы мамыр | Е.М. Әукенов |
58. | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
59. | "Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
60. | Сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің бірлескен бұйрығы | СИМ, ҰЭМ | 2021 жылғы мамыр |
Е.Қ. Қазанбаев, |
61. | Аккредиттеу жөнінде кеңес құру және Аккредиттеу жөніндегі кеңестің құрамы мен ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
62. | Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
63. | "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2021 жылғы мамыр | Е.Қ. Қазанбаев |
64. | "Шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2021 жылғы желтоқсан | М.Е. Сұлтанғазиев |
65. | "Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2021 жылғы желтоқсан | М.Е. Сұлтанғазиев |
66. | "Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп- жөнелту, қабылдап алу) қағидалары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2021 жылғы желтоқсан | М.Е. Сұлтанғазиев |
67. | "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2021 жылғы желтоқсан | М.Е. Сұлтанғазиев |
68. | "Дербес сәйкестендіру нөмір- кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2021 жылғы желтоқсан | М.Е. Сұлтанғазиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі