Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18110 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 21) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетудің қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту туралысертификат нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес типті бекіту белгісінің нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
1-қосымша

Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) айналымға шығару – өнімнің дайындаушыдан (импорттаушыдан) сатушыға және (немесе) тұтынушыға бастапқы ауысуы;

      2) ақпараттық-өлшеу жүйесі – қажетті түрде тұтынушыға ұсыну мақсатында өлшеу ақпаратын алу, оның түрленуі, өңдеу үшін функционалдық біріктірілген өлшеу, есептеу және басқа қосалқы техникалық құралдардың (оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізу) не бақылаудың, диагностиканың, сәйкестендірудің логикалық функцияларын автоматты жүзеге асыру жиынтығы;

      3) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау – айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);

      4) өлшем құралының типін бекіту – уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;

      5) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

      6) өлшем құралдарын сынау – сынау объектiлерiне түрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып өлшем құралдарының белгiленген нормаларға сәйкестiк дәрежесiн анықтау үшiн өткiзiлетiн операциялар жиынтығы;

      7) өлшем құралдарын қашықтықтан сынау – нақты уақыт режимінде интернетті пайдалана отырып, өлшем құралдарын сынау;

      8) өлшем құралының типі – өлшем құралдарын әзірлеу кезінде олардың жиынтығына тағайындалатын және өлшем құралдарының типін бекіту кезінде бекітілетін жалпылама анықтама;

      9) модификация – өлшем құралының кейбір метрологиялық немесе техникалық сипаттамаларын өзгертетін өндірушінің өлшем құралына енгізетін өзгерісі;

      10) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 03.02.2023 № 62-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, метрологиялық аттестаттау тәртібі

      3. Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес айналымға шығарар алдында мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары, Заңның 6-2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдарын қоспағанда, типін бекітілуге жатады.

      Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелерінің негізінде қабылдайды және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілетін нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 354-НҚ (01.07.2021 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын, бір данада айналымға шығарылатын өлшем құралдары үшін, Заңның 6-2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдарын қоспағанда, метрологиялық аттестаттау жүргізуге жол беріледі.

      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 354-НҚ (01.07.2021 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралдарына қатысты өлшем құралдарының типін бекіту және метрологиялық аттестаттау ерікті түрде жүргізіледі.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 354-НҚ (01.07.2021 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, партияның типін бекіту және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО), оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.

      Үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдаланған жағдайда өтінім берушінің таңдауы бойынша ҚР СТ 2.21 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі" сәйкес (бұдан әрі – ҚР СТ 2.21) МҒМО қатысуымен қашықтық сынаулар жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 03.02.2023 № 62-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Сериялы өндірілетін өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау өндірілетін өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігіне жауапты өндірушінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдарын айналымға шығару кезінде іс-қимылды осы өндірушінің атынан құжаттамалық растау негізінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті өндірушісінің өтінімі бойынша жүргізіледі.

      9. Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынақ типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мына жағдайларда:

      1) мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде жүзеге асырылған тексерулердің теріс нәтижелерінде;

      2) бекітілген типтегі өлшем құралдарының модификациясында.

      3) өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігінде.

      Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынау жүргізу кезінде, өлшем құралдарын модификациялау жағдайында уәкілетті орган МҒМО жүргізген өлшем құралдарын сынаудың оң нәтижелері негізінде сертификаттың бұрын берілген нөмірін, тіркеу нөмірін және сертификаттың қолданылу мерзімін сақтай отырып, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат береді.

      Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда өтініш беруші өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей бекітілген типке сәйкестігіне өлшем құралдарына сынау жүргізу үшін МҒМО-ға өтінім жібереді.

      Белгіленген мерзімнен кейін өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім берген жағдайда өтініш беруші МҒМО-ға осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес типті бекіту мақсатында қайтадан сынақ өткізу үшін құжаттарды ұсынады.

      10. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте жүргізілген өлшем құралдарының сынақ нәтижелері мен типін бекітуді тану Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген "Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісім" шеңберінде өлшем құралдарын сынау және типін бекіту, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы сертификатпен куәландырылады.

      12. Өлшем құралдарының бекітілген типі, оның ішінде осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес тану рәсімі бойынша және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі.

      13. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтар, метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде өлшем құралдарының метрологиялық маңызды бөлігін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету ҚР СТ 2.46 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Бағдарламалық қамтылым. Аттестаттау тәртібі. Жалпы ережелер" сәйкес аттестаттауға жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 03.02.2023 № 62-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мерзімділігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген).

      15. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде бекіту және тіркеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 тіркелген).

      16. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында, бекітілген типіне сәйкестігіне сынау ҚР СТ 2.21 сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 03.02.2023 № 62-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақ жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға ҚР СТ 2.21 А-қосымшасының нысаны бойынша өтінімді мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл қағидаты, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      2) өтініш беруішінің тізілімде типін сипаттауды және салыстырып тексеру әдістемесін жариялауға және орналастыруға рұқсат ету туралы хаты;

      3) Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процесінде өлшем құралдарының салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтерді;

      4) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда) ұсынады.

      Жүргізілген сынақтардың қорытындылары бойынша МҒМО өтініш берушіге сынақ нәтижелері туралы хатты және өлшем құралдары типінің сипаттамасын жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Өлшем құралдарының бекітілген типіне сәйкестігіне сынақ жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға ҚР СТ 2.21 А қосымшасы нысаны бойынша өтінімді мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) өлшем құралдарының типін сипаттауымен қоса типін бекіту туралы сертификат көшірмесі;

      2) типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау актісінің көшірмесі және егер олар жүргізілген болса, бекітілген типке сәйкестігіне өлшем құралдарын соңғы сынау актісі;

      3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      4) бағдарламалық қамтылымды аттестаттауды жүргізуге өтінім (қажет болған жағдайда).

      19. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау ҚР СТ 2.30 "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі" (бұдан әр – ҚР СТ 2.30) өлшем құралдары үшін бірлі-жарым данада, оның ішінде нормаланғаннан ерекшеленетін жағдайлар мен режимдерде қолданылатын, не конструкциясына метрологиялық сипаттамаларға әсер ететін немесе жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленетін өзгерістер енгізілген сериялық шығарылымдардың бірлі-жарым даналарында жүзеге асырылады.

      20. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:

      1) өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған өтінімді;

      2) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда);

      3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл қағидаты, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;

      4) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасын;

      5) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасын (тізілімінде тіркелген салыстырып тексеру әдістемесі жоқ болған жағдайда);

      6) өтініш беруішінің тізілімде типін сипаттауды және салыстырып тексеру әдістемесін жариялауға және орналастыруға рұқсат ету туралы хатын ұсынады.

      Автоматты басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендерге) кіретін өлшеу арналары үшін қосымша:

      1) жүйеге (кешенге) арналған техникалық құжаттар;

      2) метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеу арналарының тізбесі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеу арнасының құрамдас элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар ұсынылады.

      Жүргізілген метрологиялық аттестаттау қорытындысы бойынша өтініш берушіге эксперименттік зерттеулер хаттамасы және эксперименттік зерттеулер нәтижелері туралы хат жіберіледі.

      МҒМО өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелері барысында ҚР СТ 2.30 сәйкес өлшем құралдарының қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшеу құралдары бастапқы салыстырып тексеруге жатпайды. Кезекті салыстырып тексеру эксперименттік зерттеулер хаттамасы күнінен бастап салыстырып тексеру аралық интервалының өтуі бойынша жүргізіледі.

      22. Өлшем құралдарына арналған құжаттар, оның ішінде толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттары, сондай-ақ таңбалаудағы мәтін мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аударманың теңтүпнұсқалығымен ұсынылады.

      23. Ақпараттық-өлшеу жүйелерінің типін бекіту мақсатында сынақ ҚР СТ 2.81 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Типін бекіту мақсатындағы сынақтардың типтік бағдарламасы" сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Ақпараттық-өлшеу жүйелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.82 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі" сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" және "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі 1-параграф. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      25. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет ) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуші ) көрсетеді.

      26. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы анықтама алу үшін мәліметтер толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      28. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      29. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты беру болып табылады.

2-параграф. "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      30. "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 354-НҚ (01.07.2021 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      33. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      34. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру болып табылады.

3-параграф. Қорытынды ережелер

      35. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      37. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 354-НҚ (01.07.2021 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      39. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау сертификаты _______________________________________________________________________________ уәкілетті органның атауы ________________________________________________________________________________ МҒМО атауы Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы № СЕРТИФИКАТ

  Қазақстан Республикасының
өлшем бірлігін қамтамасыз
етудің мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде
20__ " ___"____________
№______________ тіркелген

      Осы сертификат метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері негізінде

      __________________________________________________________________________

      аттестатталған өлшем құралдарының атауы және түрі

      __________________________________________________________________________

      өндірушінің атауы

      _________________________________________________________________________

      өндірістің аумақтық орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      зауыттық нөмірі

      Қазақстан Республикасында айналымға шығаруға жіберілгенін куәландырады .

      Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі ________________

      Салыстырып тексеру мерзімділігі ____________________________________

      Зерттеу нәтижелері осы сертификатқа қосымшада келтірілген

      (20____ жылғы "____"_______________ ____хаттама).

      ______________________ ________________________ _________________________

      мемлекеттік ғылыми метрологиялық       қолы                   тегі,аты-жөні

      орталық басшысының лауазымы

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы сертификат ________________________________________________________________________________ уәкілетті органның атауы Өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы № СЕРТИФИКАТ

  Қазақстан Республикасының
өлшем ірлігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде
20__ " ___"____________
№______________ тіркелген
20__ жылғы "__"___ дейін
жарамды

      Осы сертификат

      ________________________________________________________________________

      аумақтық орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      өндірушінің атауы

      өндірген

      ________________________________________________________________________

      өлшем құралдарының атауы

      __________________________________________________________________________

      типтің белгіленуі

      типі ______________________________________________________________________

      импорттаушы елдің метрология жөніндегі ұлттық органының атауы

      сынақ нәтижелерін тану және осы типті бекіту негізінде Қазақстан Республикасында

      айналымға шығаруға рұқсат берілгендігін куәландырады.

      ______________________ _______________________ ________________________

      Уәкілетті орган             электрондық цифрлық қолтаңба аты-жөні, тегі

      басшысының қолы

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алу үшін мәліметтер

      Сертификат түрі*: Қарапайым / Партия үшін

      Өлшем құралдарының атауы (орыс тілінде)*:_______________________________

      Өлшем құралдарының атауы (қазақ тілінде)*:______________________________

      Өлшем құралдарының типін белгілеу (орыс тілінде)*:_______________________

      Өлшем құралдары типін белгілеу (қазақ тілінде)*:__________________________

      Зауыттық нөмірлер (зауыттық нөмірлер диапазоны)**: ______________________

      Өндірушінің атауы (орыс тілінде)*:_______________________________________

      Өндірушінің атауы (қазақ тілінде)*:_______________________________________

      Шығарылған елі*:______________________________________________________

      Аумақтық орналасқан жері (орыс тілінде)*:________________________________

      Аумақтық орналасқан жері (қазақ тілінде)*:________________________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________

      Үлгі сипаттамасын ашық баспада жариялауға рұқсат ету*:___________________

      Ескертпе:

      * – міндетті толтыруға арналған жол

      ** – өлшем құралдары партиясының түрін бекіту туралы сертификатты алу үшін толтырылады

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша

"Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі–Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алу үшін мәліметтер

      Аттестатталған өлшем құралдарының атауы және түрі

      (орыс тілінде)*:___________________________________________________________

      Аттестатталған өлшем құралдарының атауы мен түрі

      (қазақ тілінде)*:___________________________________________________________

      Зауыттық нөмірі (орыс тілінде)*:________________________________________

      Зауыттық нөмірі (қазақ тілінде)*:________________________________________

      Өндірушінің атауы (орыс тілінде)*:______________________________________

      Өндірушінің атауы (қазақ тілінде)*:______________________________________

      Аумақтық орналасқан жері (орыс тілінде)*:_______________________________

      Аумақтық орналасқан жері (қазақ тілінде)*:_______________________________

      Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі (орыс тілінде)*:______

      Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі (қазақ тілінде)*:_____

      Тексеру кезеңділігі (орыс тілінде)*:______________________________________

      Тексеру кезеңділігі (қазақ тілінде)*:______________________________________

      Эксперименттік зерттеулер нәтижелері хаттамасының күні *: ________________

      Эксперименттік зерттеулер нәтижелері хаттамасының нөмірі *: ______________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID) *: ____________________________________________

      ҚР МӨЖ тізіліміндегі тіркеу нөмірі (сертификат жоғалған жағдайда толтырылады):

      _______________________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Өлшем құралдарының типін
бекіту, оларға типін бекіту
мақсаттарына арналған
сынақтар, метрологиялық
аттестаттау және "Өлшем
құралдарының типін бекіту
туралы сертификат беру" және
"Өлшем құралдарын
метрологиялық аттестаттау
туралы сертификат беру"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
6-қосымша

"Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі–Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 28-29-99, 28-29-59.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
2-қосымша
  нысаны

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат ________________________________________________________________________________ уәкілетті органның атауы Өлшем құралдарының типін бекіту туралы № СЕРТИФИКАТ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
өлшембірлігін қамтамасыз
етудің мемлекеттікжүйесінің
тізілімінде
20__ " ___" ____________
№ ______________ тіркелген
20__ жылғы "__"___ дейін
жарамды

      Осы сертификат сынақтардың оң нәтижелері негізінде

      __________________________________________________________________________

      өндірістің аумақтық орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      өндірушінің атауы

      өндірген

      __________________________________________________________________________

      типінің белгіленуі

      _________________________________________________________________________

      өлшем құралының атауы

      __________________________________________________________________________

      зауыттық нөмірлер (зауыттық нөмірлер диапазоны)**

      тип бекітілгенін куәландырады және Қазақстан Республикасында айналымға

      шығарылғанын куәландырады.

      _______________________                   ___________________________

      уәкілетті органның басшысы                         қолы

      Ескертпе:

      * – өлшем құралдарының типін бекіту кезінде толтырылады

      ** – өлшем құралдары партиясының типін бекіту кезінде толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына
3-қосымша
Нысан

Типті бекіту белгісі

      1. Типін бекіту белгісі биіктігі 100 миллиметрге дейін және радиусы (R) 25 миллиметрге дейін жететін белгіні ұсынады.

      2. Белгі биіктігінің номиналды өлшемдері мынадай мәндерге сәйкес келеді: 2,5(R=0,625); 4(R=1); 5(R=1,25); 6(R=1,5); 10(R=2,5); 15(R=3,75); 25(R=6,25); 40(R=10); 50(R=12,5); 60(R=15); 100(R=25) миллиметр.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады