Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 123-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі өз Ережесін әзірлеу шеңберінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарынан туындайтын ғылым саласындағы уәкілетті органның функцияларын енгізуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр      Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 11 тамыздағы
№ 123-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с № Құқықтық актінің атауы Құқықтық актінің нысаны Орындау ға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілерді сапалы және уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1.

Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С.Есмағам бетова

2.

Патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

3.

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

4.

"Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ, ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

М.М. Күлдіков

5.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағамбетова

6.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2022 жылғы қыркүйек

Р.Ж. Құрманов

7.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ, ҰҚК (келісу бойынша), ЭГТРМ, ТЖМ, ИИДМ, Қорғанысмині, ІІМ, ЦДИА ӨМ, МКҚ (келісу бойынша), Қаржымині МКК

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

8.

Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

9.

Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

10.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С.Есмағам бетова

11.

Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағамбетова

12.

"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

13.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ, ҰЭМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

14.

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге арналған қызметтің лицензияланатын түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, ҰЭМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

15.

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ, ҰЭМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

16.

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқаманың (актінің, қаулының) нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2022 жылғы қыркүйек

Ә.Ғ. Тамабек

17.

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқаманың (актінің, қаулының) нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

Қ.А. Ерғалиев

18.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрықтары

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова, Б.А. Бекбауов, Қ.А. Ерғалиев

19.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтары

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ, Қаржымині

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағамбетова, Р.Ж. Құрманов, Қ.А. Ерғалиев

20.

Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтары

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ, Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша), ЭГТРМ, ТЖМ, Қорғанысмині, ІІМ, МКҚ (келісу бойынша)

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағамбетова, Ә.Ғ. Тамабек, Қ.А. Ерғалиев, Д.Е. Жанәлинов, А.Б. Әмірханов, З.Б. Сүлейменова, И.Д. Күлшімбаев, Е.С. Ботақанов, С.Б. Қамалетдинов, Ш.С. Арынов

21.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

22.

Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, ДСМ

2022 жылғы қыркүйек

Ә.Ғ. Тамабек

23.

Ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, ДСМ

2022 жылғы қыркүйек

Р.Ж. Құрманов

24.

Ғылым және өндірістік қызмет саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ, ДСМ

2022 жылғы қыркүйек

Қ.А. Ерғалиев

25.

Референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтары

ДСМ, АШМ, ҒЖБМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова, Ә.Ғ. Тамабек, Қ.А. Ерғалиев

26.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині,
ДСМ

2022 жылғы қыркүйек

Е.Е. Құлмағам бетов

27.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ, ДСМ, ҰЭМ

2022 жылғы қыркүйек

А.Н. Тұрысов

28.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ, ҰЭМ

2022 жылғы қыркүйек

А.С. Есмағам бетова

29.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2022 жылғы қырк үйек

А.С. Есмағам бетова

30.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2022 жылғы қырк үйек

А.С. Есмағам бетова


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ҒЖБМ - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МКҚ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызмет

      ТЖМ - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЭГТРМ - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады