Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 167-ө өкіміне
қосымша

Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 № 162-ө; 04.03.2024 № 25-ө өкімдерімен.

      Қазақстан тарапынан:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісу бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).

      Халықаралық ұйымдар тарапынан:

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент-үйлестірушісі (келісу бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі (келісу бойынша)

      Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы (келісу бойынша)


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 167-ө өкімімен
бекітілген

Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес Қазақстан Республикасында орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) ілгерілету бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізетін Кеңес хатшылығы болып табылады.

      6. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің міндеттері

      7. Кеңестің негізгі міндеттері ОДМ-ды іске асыру жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      8. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады