"Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 144-ө өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған қабылдануы "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 144-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердердiң тiзбесi

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемле кеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

2.

"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

3.

Босалқы жерді ядролық қауіпсіздік аймағы жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

4.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының ақшалай төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

5.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

6.

"Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

7.

"Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

8.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

9.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан, ядролық қаруды сынау салдарынан нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарға кешенді экологиялық тексеру жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

10.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағында атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының, топырақ пен өсімдіктердің радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ радионуклидтердің таралу параметрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

11.

Тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

М.Т. Ошурбаев

12.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

13.

Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

14.

"Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым-дық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 368 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ,

ӨҚМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

15.

"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

М.Т. Ошурбаев

16.

"Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шiлдедегі № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

М.Т. Ошурбаев

17.

"Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Д.Б. Бекмағамбетов

18.

"Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

19.

"Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеп-қарау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Ж.Д. Нұрмағанбетов

20.

"Тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өндіретін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы қыркүйек

Н.Қ. Шәрбиев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады