"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 10 тамыздағы № 119-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 10 тамыздағы
№ 119-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылдануы негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік
орган

Орындау мерзімi

Құқықтық актіні сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2024 жылғы
тамыз

С.Қ. Есімханов
 

2.

"Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы тамыз

С.Қ. Есімханов
 

3.

"Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 389 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы тамыз

С.Қ. Есімханов
 

4.

Ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы тамыз

С.Қ. Есімханов
 

5.

Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы тамыз

С.Қ. Есімханов
 

6.

Коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы тамыз

С.Қ. Есімханов
 

7.

"Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы тамыз

С.Қ. Есімханов
 

8.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2024 жылғы тамыз

С.Қ. Есімханов
 


      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады