"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 132-ө Өкімі

      "Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Комиссия қызметінің мақсаты экономиканы монополиясыздандыру және оған мемлекеттің қатысуын қысқарту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шұғыл мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен Комиссияның сырттай отырысы өткізілуі мүмкін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияға:

      1) телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа салаларды монополиясыздандыру;

      2) жеке кәсіпорындардың тауар нарықтарына жаппай қатысуын ынталандыру мақсатында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту;

      3) өндірістің негізгі факторларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      4) шектеулі ресурстармен биржалық және конкурстық сауда-саттық көлемін ұлғайту, биржалық сауда-саттық тізбесін кеңейту;

      5) монополиялық нарықтарды қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлердiң бағалары мен тарифтерiн реттеу, тарифтерді кросс-субсидиялау тәжірибесін жою бойынша шаралар қабылдауды қоса алғанда, бәсекелестiктi дамытуды тежейтін кедергiлердi жою мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі міндеттер жүктеледі.";

      мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Басқа консультативтік-кеңесші органдардың мәселелерін қарауды қайталамау мақсатында Комиссия өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес келмейтін мәселелерді қарамайды.

      8. Комиссияның жұмыс органы функциясы анықтамаларды, күн тәртібін, хаттамалық шешімдердің жобаларын, қатысушылардың тізімін жинау және ұсыну, телефонограммалар мен өзге де материалдарды жіберу, мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысы хаттамасының жобасын келісуге және қолбелгі қоюға жіберуді қоса алғанда, Комиссия жұмысын толық ұйымдастыру болып табылады.

      9. Комиссияның жұмыс органы шығарылатын мәселелердің сапалы және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия отырысына шығарылғанға дейін оларды барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен алдын ала пысықтауды қамтамасыз етеді.

      10. Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 140-ө өкімімен бекітілген Премьер-Министрдің төрағалығымен өткізілетін консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарда көрсетілген тәртіпте Комиссия мүшесі болып табылмайтын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге ведомстволар мен ұйымдардың басшылары шақырылуы мүмкін.".

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Преьмер-Министрінің
2024 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 132-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 22 наурыздағы
№ 57-ө өкіміне
1-қосымша

Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады