Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын, 8-бабын және 66-бабының 5) тармақшасын ресми түсіндіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулысы 2001 жылғы 12 сәуір N 1/2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 Қаулысымен

       Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08.  N 9  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың: 
      өтiнiш субъектiсiнің өкiлдерi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты Т.Г.Квятковскаяның және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің өкiлi - Қазақстан Республикасының әдiлет вице-министрi А.Н.Котловтың, 
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Б.М.Имашевтың, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң төрағасы К.П.Пiрiмқұловтың, Сауда-өнеркәсiп палаталары одағының бiрiншi вице-президентi И.С.Дацюктің, Сауда-өнеркәсiп палаталары одағының вице-президентi Т.И.Кононованың қатысуымен, 
      өзiнің ашық отырысында Республика Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы  K951000_  3-бабының 3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын, 8-бабын және 66-бабының 5) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады. 
      Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңес мүшесi В.Д.Шопиндi, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: 
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 3-тармағын, 6-бабының 1-тармағын, 8-бабын және 66-бабының 5) тармақшасын Ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. 
      Өтiнiште баяндалғанындай, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылғы 6 қыркүйекте Парламент Мәжiлiсiне енгiзген, "Қазақстан Республикасындағы сауда-өнеркәсіп және қолөнер палаталары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау процесiнде, оған ұсынылып отырған кейбiр түзетулердiң конституциялылығына байланысты депутаттарда күмән пайда болған, атап айтқанда, сауда-өнеркәсіп палаталарына тауардың шығу сертификаттарын куәландыру құқығын беру туралы. Осы жағдай, тауардың шығу сертификаттарын куәландыру мәселесiне қатысты қолданыста Конституцияның жоғарыда аталған нормаларына ресми түсiндiрме беру үшiн, бiр топ депутаттардың Конституциялық Кеңеске жүгiнуiне себепшi болған. 
      Осы өтiнiш бойынша жиналған материалдарды зерделеп шығып, Конституциялық Кеңес мынаны ескердi. 
      Тауардың шығу сертификатын куәландыру құқығы туралы мәселе екi рет Конституциялық Кеңестің қарау нысаны болып, ол жөнiнде нормативтi қаулылар қабылданды: "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы 31 шiлдедегi N 5/2  S980005_  ; "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 9 желтоқсанда Республика Парламентi қабылдаған "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiмi жөнiнде" 1999 жылғы 18 ақпандағы N 15/2  S990015_  . Екiншi қаулыға Республика Президентi қарсылық бiлдiрiп, оны Конституциялық Кеңес еңсерген болатын (1999 жылғы 29 наурыздағы N 15/3 қаулы). 
      Аталған қаулыларда Конституциялық Кеңес, тауардың шығу сертификаттарын куәландыруды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыруға тиiс, мемлекеттiк емес ұйымдарға мұндай өкiлеттiк беру Республика Конституциясының  K951000_  3-бабының 3-тармағына қайшы келедi, - деп түсiндiрдi. 
      Республика Конституциясының 3-бабының 3-тармағында, халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнің конституциялық өкiлеттігі шегiнде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде ғана мемлекет атынан билiк жүргiзедi, - деп белгiленген. Үкiметтің негiзгi өкiлеттiктерi Конституцияның 66-бабында толық баяндалмаған. Осы баптың 10) тармақшасына сай, Үкiмет Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де қызметтердi орындайды. 
      Конституцияның 66-бабының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы"  Z952688_  Конституциялық заңның 9-бабының 
14) тармақшасына сәйкес, сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу және сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар көру Үкiмет құзырына жатады. Тауардың шығуын куәландыру - сауда саясатының маңызды құралдарының бiрi болып табылады, демек, тауардың шығу сертификаттарын куәландыруды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыруға тиiс. 
      Конституцияның  K951000_  6-бабының 1-тармағында, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады деп белгiленген. Бұл норманың түсiндiрмесiн Конституциялық Кеңес өзінің "Қарағанды облысы Балқаш қаласы сотының Қазақ КСР-інің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 52-бабын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 175-бабына ескертулердің 5-тармағын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы" 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 20/2  S000020_  қаулысында берген болатын. 
      Өтiнiште сондай-ақ, бiрқатар елдерде тауардың шығу сертификаттарын куәландыру құқығы сауда-өнеркәсiп палаталарына берiлгендiгi атап көрсетiледi. Алайда, тауардың шығуын сауда-өнеркәсiп палаталарының куәландыруы халықаралық құқықта нормативтi түрде бекiтiлмеген. 
      Конституцияның, Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық принциптерi мен нормаларын құрметтейтiндiгi туралы 8-бабының нормасы, iшкi мемлекеттiк құқық құру кезiнде Республиканың оларды ескеруге деген ұмтылысын бiлдiредi. Бұл орайда, Қазақстанның қолданып жүрген құқық жүйесi Республика Конституциясына сәйкес құрылады және Республика бекiткен халықаралық шарттардың ғана заңдардан басымдығы болады. 
      Халықаралық практика мен құқықтық актiлерде тауар шығарылған елдi куәландыру мәселесiнің шешiлуi мемлекеттің iшкi заңнамасына жатқызылған. Мәселен, Еуропа Қауымдастығының Жалпыға бiрдей преференциялар жүйесi схемасының шеңберiндегi шығу Ережелерiнде, тауардың шығуы, еркiн сауда аймағы туралы немесе аймақтық экономикалық топ құру туралы келiссөзден бастап, соңы демпингке қарсы баж қолдану немесе импорттық лицензиялар беруге дейiн, кез-келген сауда саясатын жүргiзудің маңызды құралдарының бiрi болып табылады, - деп жазылған. Осыны ескере отырып, Ережелерде, сондай-ақ, егер экспортталатын тауар осы елде шығарылған деп қаралатын болса, шығу сертификатын бенефициар елдің тиiстi мемлекеттiк органы бередi, - деп белгiленген. Өнiмнің шығуын және сертификатта көрсетiлген өзге де ақпаратты тексеру үшiн қажеттi кез-келген шараларды көру жауапкершілігi сол елдiң құзырлы мемлекеттiк органына жүктеледi. 
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген, "Тауар шығарылған елдi анықтау ережелерiнде", "тауардың шығуы туралы сертификатқа" - тауар шығарылған ел туралы бiржақтамалы куәлiк беретiн және экспорттаушы мемлекеттің ұлттық заңнамаға сәйкес уәкiлеттi органы берген құжат, - деп анықтама берiлген. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 1552  P001552_  қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы Ережеге сай, тауардың шығу сертификаттарын беру құқығы аталған Комитетке, яғни уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiлген. 
      "Қазақстан Республикасының Экономика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнің кейбiр ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227  P001227_  қаулысымен, тауардың шығуын куәландыру құқығы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ашық акционерлiк қоғамға (бұдан әрi - акционерлiк қоғам) жүктеледi. Алайда, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 1999 жылғы 18 ақпандағы N 15/2  S990015_  қаулысын негiзге ала отырып келтiрген наразылығы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 46  P010046_  қаулысымен тауардың шығуын куәландыру аталған акционерлiк қоғамның қызметi нысанынан алынып тасталған. Бұл қаулымен, акционерлiк қоғам тауар шығарылған елдi 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн куәландырады, кейiн бұл құқық Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттің мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық органдарына өтедi, - деп белгiленген. Республиканың Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы түсiндiрме хатында атап көрсетiлгенiндей, бұл мерзiм тауардың шығу сертификаттарын куәландыруға Комитет уәкiлет берген тұлғалардың мөрлерi мен қолдары бедерлемесiнің жаңа үлгiлерiн бекiту үшiн қажет. 
      Осылайша, Конституциялық Кеңес, өзiнiң жоғарыда аталған қаулыларындағы сияқты, тауардың шығу сертификаттарын куәландыруды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыруға тиiс деп есептейдi. 
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы"  U952737_  конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 

 
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  3-бабы 3-тармағының және 66-бабы 5) тармақшасының нормаларын, өтiнiш мәселесiне қатысты қолданыста, тауардың шығу сертификаттарын уәкiлеттi мемлекеттiк орган куәландыруға тиiс, деп түсiну ләзiм. 
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 1-тармағы нормасының түсiндiрмесi Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 20/2  S000020_  қаулысында берiлген. 
      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының, Республиканың халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтейтiндiгi туралы 8-бабының нормасы, iшкi мемлекеттiк құқық құру кезiнде Республиканың оларды ескеруге деген ұмтылысын бiлдiредi. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының қолданып жүрген құқығы Республика Конституциясының нормаларына сәйкес болуға тиiс және Республика бекiткен халықаралық шарттардың ғана заңдардан басымдығы болады. 
      4. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына 

 

сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға 

жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және 

Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген 

жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

     5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс 

тiлдерiнде жариялансын.

     

     

      Қазақстан Республикасы

     Конституциялық Кеңесінің

            Төрағасы 

     

     

     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А. 

       Багарова Ж.А. 

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады