Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Б.Ақылбайдың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ғ.Темірболатовтың,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтің,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйішевтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен,
қабылдануына негіз болған Конституция нормалары өзгеруіне байланысты, 2011 жылғы 4 сәуірде өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір шешімдерін қайта қарау туралы мәселені қарады.
Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.В.Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, Конституциялық Кеңестің қаулылары мен конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
анықтады:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Конституциялық Кеңестің жекелеген қаулыларын қайта қарау мүмкіндігін қарастыруды ұсынған 2011 жылғы 25 наурыздағы № 22-11/2457 хаты келіп түсті.
Бас прокуратураның ақпаратын зерделеп және бұрынырақ қабылданған қорытынды шешімдерін талдап шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2011 жылғы 28 наурызда конституциялық іс қозғады. Бұл тармаққа сай Конституциялық Кеңестiң шешiмiн ол өз бастамасы бойынша, егер Конституциялық Кеңес қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгерді деп тапқан жағдайда, қайта қарауы мүмкін.
1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І және 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңдарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда, Парламент Палаталары депутаттарының санын ұлғайтуды (50-баптың 2 және 3-тармақтары), Парламент депутаттығына кандидатқа қойылатын талаптарды өзгертуді (51-баптың 4-тармағы) көздейтін; Парламент Палаталарын құру тәртібіне (51-баптың 5-тармағы), конституциялық заңдарды қабылдауға (54-баптың 1-тармағы), республикалық бюджетті бекітуге және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітуге (53-баптың 2) тармақшасы және 54-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы) қатысты; Мемлекет басшысына заң шығару бастамасы құқығын беретін (61-баптың 1 және 6-тармақтары); Республиканың Премьер-Министрін тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімін алу, Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Парламент Сенатының сайлауы тәртібін (55-баптың 1) тармақшасы және 82-баптың 1-тармағы) регламенттейтін және тағы да басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осыған орай, Конституциялық Кеңес өзінің бұрынырақ қабылданған кейбір нормативтік қаулылары қайта қарауды қажетсінеді деп пайымдайды.
Олардың ішінде Негізгі Заңның өзгертілген және толықтырылған нормаларына сәйкес келмейтіндерінің толығымен күші жойылуға тиіс.
Конституциялық Кеңестің жекелеген ережелері конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтін нормативтік қаулыларының ішінара күші жойылуға тиіс. Оларды алып тастағанда Конституция нормаларын түсіндірудің ішкі қисыны мен өзара байланысы, мазмұны мен мағынасы жоғалмайды. Сол арқылы, iшiнара күшi жойылып отырған қорытынды шешiмдерде бекiтiлген құқықтық позициялардың нысаны өзгермейдi және ауқымы кеңеймейдi (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9 нормативтік қаулысы).
Бұл ретте, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының күші жойылуы, Конституциялық Кеңестің осы аталған қаулыларымен байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ өзге де құқықтық актілерінің заңдық күші жойылуын білдірмейді (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 1 және 2008 жылғы 24 қыркүйектегi № 7 нормативтiк қаулылары).
Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-33-баптарын, 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 3-тармағын, 40-бабының 1-тармағын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мына нормативтік қаулыларының:
- «Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/2;
- «Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 18 сәуiрдегi № 7/2;
- «Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 23 маусымдағы № 14/2;
- «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентi 1998 жылғы 15 желтоқсанда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынған «Өсiмдiктер карантинi туралы» Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтінімі жөнінде» 1999 жылғы 4 ақпандағы № 16/2;
- «Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 63-бабының 1-тармағын pecми түсiндiру туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 6;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы» 2007 жылғы 14 ақпандағы № 2 толығымен күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мына нормативтік қаулыларының:
- «Қарағанды қаласы Ленин аудандық сотының Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар «Мемлекеттiк қызмет туралы» Жарлығының 33-бабының 2-тармағын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысы туралы» 1997 жылғы 21 сәуірдегі № 6/2:
дәлелдеу бөлігінің төртінші абзацындағы: «Мемлекеттiк қызметкердiң жасы алпыстан аспауға, өзгеше жағдайларда алпыс бестен аспауға тиiс.» деген сөйлем алынып тасталып;
- «Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 15 қазандағы № 17/2:
дәлелдеу бөлігінің екінші абзацының үшінші сөйлеміндегі «Конституцияның 53-бабының 13) тармақшасында» деген сөздер алынып тасталып;
- «Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 7-тармағына және 28-бабының 1-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы» 1999 жылғы 12 наурыздағы № 3/2:
дәлелдеу бөлігінің 1-тармағы үшінші абзацының: «Аталған бюджеттi талқылау және бекiту рәсiмiнiң Республика Конституциясының жекелеген баптарында ерекше регламенттелуi, Конституцияның 54-бабының 1-тармақшасында көзделгенiндей, көптеген басқа заң жобаларынан бiр ерекшелiгi, бұл заңның жобасы Палаталардың жеке отырыстарында қабылданбай, тек талқыланатындығымен; ал бекiтiлуi Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатындығымен түсiндiрiледi.» деген екінші сөйлемі алынып тасталып;
- «Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағының «тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемiнде үш жыл тұрақты тұрған» нормасы бөлiгiне ресми түсiндiрме беру туралы» 1999 жылғы 18 наурыздағы № 5/2:
дәлелдеу бөлігінің он төртінші және он бесінші абзацтары;
қаулы бөлігінің 1-тармағының үшінші абзацы алынып тасталып;
- «Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіру туралы» 2000 жылғы 15 маусымдағы № 9/2:
дәлелдеу бөлігінің 2-тармағы екінші абзацының: «Бұл ретте Үкiметтiң оң қорытындысының қажеттiлiгi туралы конституциялық-құқықтық шарттың барлық жағдайларда да және мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды, сондай-ақ мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн барлық заң жобалары үшiн мiндеттi екенiн ескерген жөн.» деген екінші сөйлемі алынып тасталып;
- «Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасын және 82-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі № 11/2:
қаулының мәтіні бойынша: «, алқаларының төрағаларын», «, алқаларының төрағалары», «алқаларының төрағаларына» деген сөздер алынып тасталып;
- «Саяси партиялар туралы» Заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiлігiн тексеру туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 6:
дәлелдеу бөлігінің алтыншы абзацындағы «қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне,» деген сөздер;
дәлелдеу бөлігінің жетінші абзацының «Саяси партиялар iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне саяси партиялардың араласпауын, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға конституциялық тыйым салынуын (Конституцияның 5-бабы 2-тармағы), саяси партияларға бiрiккен және оның органдарында тұрақты жұмыс iстейтiн азаматтардың әлеуметтiк құқықтарын кемсiтуге жол берiлетiн мүмкiндiк деп түсiнбеу керек.» деген екінші сөйлемі алынып тасталып;
- «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы» 2002 жылғы 5 тамыздағы № 5:
дәлелдеу бөлігінің 1-тармағының жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтары алынып тасталып;
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы» 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5:
қаулының дәлелдеу бөлігінің 5-тармағы бірінші абзацының: «Палаталардың бiрлескен отырысында Парламенттiң конституциялық заңдар қабылдауы немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi үшiн (53-баптың 1-тармағы), Конституция «кемiнде екi оқылым» өткiзу мiндеттi екенiн белгiлейдi (62-баптың 6-тармағы)» деген екінші сөйлемі алынып тасталып, ішінара күші жойылсын.
3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес бұл қаулының кері күші болмайды, сондықтан Конституциялық Кеңестің бұрынырақ қабылданған нормативтік қаулыларының толығымен немесе ішінара күші жойылуы, Конституцияның 74-бабының 1 және 2-тармақтарын ескеріп, бұдан бұрын конституциялық емес деп танылған заңдарға Республика Президентінің қол қоюына немесе оларға заңдық күші кері қайтарылуына мүмкіндік тудырмайды деп белгіленсін. Қажет кезде мұндай заңдар, Конституцияда және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау тәртібін регламенттейтін заңнамада белгіленген рәсімдерді сақтай отырып, қайта қабылдануы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.
5. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы И. Рогов