Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация арасындағы өзара қаржылық мәселелерді реттеу туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 9 қазан N 458

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету мақсатында қаулы етемін: 
      1. 2000 жылғы 29 сәуірде Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелерді реттеу туралы U984184_ келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті


Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржы талаптарын реттеу туралы
Келісім

(2000 жылғы 24 қазанда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияның рухын басшылыққа ала отырып,
      өзара қаржы міндеттемелерін екі жақты шарттарға, келісімдерге және хаттамаларға сәйкес реттеудің қажеттілігін тани отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-Бап

      Тараптар өзара мынадай қаржы міндеттемелерін: Қазақстан Тарапынан:
      жалпы сомасы 1441,1 млн. АҚШ доллары болатын Ресей Федерациясы берген мемлекеттік несиелер мен несиелерді пайдаланғандығы үшін есептелген проценттер бойынша қарызды, соның ішінде;
      1992 жылғы және 1993 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша техникалық несиелер жөніндегі - 1250,0 млн. АҚШ доллары болатын негізгі қарызды және 123,1 млн. АҚШ доллары болатын несиені пайдаланғаны үшін есептелген проценттер бойынша қарызды Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік несиесіне қайтадан ресімдеу туралы 1993 жылғы 29 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес;
      негізгі қарыз бойынша 68,0 млн. АҚШ доллары болатын 1993 жылғы 29 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1993 жылға арналған Мемлекеттік несие туралы келісімге сәйкес;
      Ресей Тарапынан:
      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартына сәйкес 1994-1998 жылдары "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн - 575 млн. АҚШ доллары болатын жалға алу ақысы бойынша қарызды;
      1996 жылғы 18-қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын жалға алу туралы шартқа, 1996 жылғы 18-қазандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Ембi сынақ полигонын жалға алу туралы шартқа, 1996 жылғы 18-қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттiк ұшу-сынау орталығының объектiлерi мен ұрыс алаңдарын жалға алу туралы шартқа, 1996 жылғы 18-қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық полигонының объектiлерi мен ұрыс алаңдарын жалға беру туралы шартқа сәйкес 1997-98 жылдары әскери-сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн 55 млн. АҚШ доллары жалпы сомасы болатын жалға алу ақысы бойынша қарызды;
      1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен шарттары туралы келiсiмге сәйкес 1992-1993 жылдары "Байқоңыр" кешенi ұстауға және пайдалануға байланысты Қазақстан Республикасының мүлiктiк шығындары және шығыстарын 1318 млн. АҚШ доллары көлемiндегi өтемақыны;
      осы бапта аталған полигондарды жалға алу туралы шарттарға сәйкес 1992-1996 жылдары әскери-сынақ полигондарын пайдалануға байланысты Қазақстан Республикасының жалпы сомасы 137,5 млн. АҚШ доллары болатын мүлiктiк шығындары мен шығыстарының өтемақысын мойындайды.

2-Бап

      Осы Келiсiмiң 1-бабында белгiленген, Қазақстан Республикасының 1992-1993 жылдары "Байқоңыр" кешенiн ұстауға және пайдалануға жұмсаған мүлiктiк шығындары мен шығыстарын өтеу Ресей Федерациясының 1992-1993 жылдары "Байқоңыр" кешенiнiң негiзгі қорын қалпына келтiруге жұмсаған 393,8 млн. АҚШ доллары сомасына азаяды.

3-Бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде өзара қаржылық мiндеттемелерге шаруашылық субъектiлерiнiң қарыздарын кiргiзуге уағдаласты:
      "Қазконтракт" АҚ-ның "Росконтракт" ФКК-ге 1993 жыл үшiн - 136,6 млн. АҚШ доллары; "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ-ның "Ресей БЭЖ" РАҚ-қа 1994-1996 жылдар үшiн 99,6 млн. АҚШ доллары және "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Ресейдiң Қатынас жолдары министрлiгі мен кәсіпорындарына 1997-1998 жылдар үшiн 14,4 млн. АҚШ доллары болатын мемлекеттік компаниялардың мiндеттемелерi бойынша қарыз.

4-Бап

      Тараптар 1691,7 млн. АҚШ доллары сомасында осы Келiсiмнiң 1, 2 және 3-баптарында келтiрiлген өзара қаржылық мiндеттемелердiң бiр жолғы күшiн жоюды жүргізедi.

5-Бап

      Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi, оның атқарушы өкiмет органдарын қалыптастырудың тәртiбi және мәртебесi туралы келiсiмдi Қазақстан бекiткен сәтке дейiн 1995 жылдан бастап Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарын ұстауға арналып Ресей Тарапы жұмсаған шығындарға өтемақы төлемiнен бас тартады.

6-Бап

      "Байқоңыр" кешенiн және әскери сынақ полигондарын пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемiн аудару 1999 жылдан бастап жалға алу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      1999 жылы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемiнiң бiр бөлiгiн төлеу 65 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде тауарлармен, 50 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде ақшалай нысана жүзеге асырылады.
      Тараптар осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап "Байқоңыр" кешенi мен әскери сынақ полигондары үшiн жалға алу төлемiн төлеудi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қарыздарымен байланыстырмайтын болады деп уағдаласты.

7-Бап

      Тараптар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Ресей Федерациясының Қаржы министрлiгіне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен және Ресей Федерациясының Орталық банкiмен, Сыртэкономбанкпен бiрлесе отырып, осы Келiсiмнiң шарттарынан туындайтын өзгерiстердi есеп айырысу мен есеп жүргізудiң техникалық тәртiбiне енгізудi тапсырады.

8-Бап

      Осы Келiсiм Тараптардың ол үшiн қажетті мемлекетішілiк процедураларды орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабардағы қүннен бастап күшiне енедi және осы Келiсiм бойынша міндеттемелер толық орындалған күні өзінің қолданысын тоқтатады.
      Алматы қаласында 1998 жылғы 8 қыркүйекте әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының              Ресей Федерациясының                    Президенті                        Президенті

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелердi реттеу туралы келісімге өзгерiстер енгiзу туралы
Хаттама

      Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы бұдан әрi Тараптар деп аталатын 1998 жылдың 8 қазанында U984184_ Алматыда, Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелердi реттеу туралы келiсiмге мынадай өзгерiстер енгiзуге келiстi:
      1. Келiсiмнiң 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң борыштарын өзара қаржылық мiндеттемелер үшiн:
      1993 жыл үшiн "Қазконтракт" АҚ мемлекеттiк компаниясының "Росконтракт" ФКК алдындағы мiндеттемелерi бойынша - 136,3 млн. АҚШ доллары;
      1994-1996 жылдар үшiн "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ-ның "Ресей БЭЖ" алдындағы - 114,3 млн. АҚШ доллары берешегiн енгiзуге келiстi".
      Тараптар 1997-1998 жылдар үшiн "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның ЖҚМ және Ресей кәсiпорындары алдындағы 14,4 млн. АҚШ доллары сомасындағы берешектерiн өзара қаржылық мiндеттемелерден алып тастауға уағдаласты.
      2. Осы Хаттама Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 1998 жылдың 8 қазанында Алматыда, Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелердi реттеу туралы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және бұл үшiн қажеттi ішкiмемлекеттiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы үшiн соңғы хабарланған күнiнен бастап күшiне ендi.
      2000 жылдың 29 сәуірде Мәскеу қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, мәтіндердің екеуі де бірдей күшке ие.
      Егер, осы хаттаманы пайымдауда пікір қайшылықтары туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасы            Ресей Федерациясы
            үшін                              үшін

      Оқылғандар

      Багарова Ж.А.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады