Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 130-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есеп бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есеп пен сыртқы аудиттi жүргізу нәтижелерi туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 1 қыркүйектегі
N 1640 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы 2004 жылғы есеп
1-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
түсiмдерi және оны пайдалану туралы
2004 жылғы есеп (мың теңге)
р/с |
Атауы |
Сомасы |
1. |
1. Қордың есептi кезеңнiң |
528 233 521* |
---|---|---|
2. |
Түсiмдер, барлығы: |
139 312 971 |
оның iшiнде: |
104 360 247 |
|
3. |
Пайдаланылуы, барлығы: |
524 247 |
оның iшiнде: |
524 247 |
|
4. |
Қордың есептi кезеңнiң |
667 022 245* |
* 315 682 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi
ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
** 480 894 мың теңге мөлшерiндегi есептелген және мерзiмi
ұзартылған шығыстардың сомасын ескере отырып
Кесте туындаған бағамдық айырма ескерiлетiн инвестициялық
табысты алып тастағанда қаржы қаражатының нақты қозғалысының
деректерi бойынша құрылған.
2-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенiмгерлiк
басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы есеп
1-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң балансы (мың теңге)
2004 жыл |
2003 жыл |
|
Активтер Сауда бағалы қағаздары Туынды қаржы құралдары Дебиторлық берешек |
24 927 708 1 810 557 |
26 265 200 1 966 678 |
681 765 352 |
550 160 924 |
|
Мiндеттемелер Туынды қаржы құралдары Кредиторлық берешек және |
6 098 200 |
7 859 114 |
15 224 428 |
22 243 512 |
|
Таза активтер |
666 540 924 |
527 917 412 |
2-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенімгерлік
басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
кiрiстерi мен шығыстары туралы есеп (мың теңге)
2004 жыл | 2003 жыл | |
---|---|---|
Кiрiстер Сыйақы бойынша кірістер Дивидендтер бойынша Сауда бағалы қағаздары Туынды қаржы құралдары Шетел валюталарын қайта Сауда бағалы қағаздардан Өлшем валютасынан ұсыну |
13 903 145 |
9 482 288 |
42 528 616 | 4 043 647 | |
Шығыстар |
556 808 |
476 094 |
689 459 |
578 001 |
|
Таза кiрiс |
41 839 157 |
3 465 646 |
3-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк
басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
ақша қозғалысы туралы есептер (мың теңге)
2004 жыл |
2003 жыл |
|
Операциялық қызметтен |
41 839 157 |
3 465 646 |
Операциялық қызметтегі |
(154 176 922) |
(201 415 417) |
Қаржы қызметiнен түскен Қазақстан Республикасы Жылдың басындағы ақша мен оның баламалары |
152 839 430 |
225 507 652 |
4-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенімгерлік
басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
таза активтерiндегi өзгерiстер туралы есептер (мың теңге)
Сомасы | |
---|---|
2002 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо |
298 944 114 |
Қазақстан Республикасы Қаржы Таза кiрiстер |
225 507 652 |
2003 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо Қазақстан Республикасы Қаржы Кезең басындағы таза активтер Валютаны қайта бағалаудан болған Таза кiрiстер |
527 917 412* 152 839 430 (52 052 320) (4 002 755) 41 839 157 |
2004 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо |
666 540 924** |
* 315 682 мың теңге мөлшерiндегi 2003 жылғы есептелген және
мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескерусіз
** 480 894 мың теңге мөлшерiндегi 2004 жылғы есептелген және
мерзiмi ұзартылған шығыстардың сомасын ескерусiз
Ескерту: 2004 жылдың басындағы және соңындағы сальдо
сенiмгерлiк басқару бойынша операциялық шығыстар болып табылатын
және Ұлттық қорға өтелуi тиiс 427 мың теңге мөлшерiндегi сома
есепке алынбай көрсетiлген.
2004 жылғы инвестициялық қызметтен түскен табыс 42 528 616
мың теңгенi немесе 313 млн. долларды құрады (табыстылығы - 7,61%). Бұл ретте бағамдық қайта бағалау (-)56 055 075 мың теңгенi
құрады (52 052 320 мың теңге + 4 002 755 мың теңге). Осылайша,
табыс сомасы бағамдық қайта бағалауды есепке ала отырып (-)13 526
459 мың теңгенi құрады.
3-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару
жөнiндегi өзге де деректер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылу көздерi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қор) қаражаты 2004 жылғы 1 қаңтарға 528233521 мың теңгенi құрады.
Қорға түскен түсiмдердiң едәуiр үлесi 2004 жылы сомасы 120792925 мың теңгенi құраған шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша заңды тұлғалардан) бюджетке түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң есебiнен қалыптасты. Бұдан басқа, 2004 жылы Қордың шотына 21321075 мың теңге (оның iшiнде республикалық меншiктегi және экономиканың тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түскен қаражат - 1513575 мың теңге және "Аджип Қарашығанақ Б.В.", "БГ Интернэшнл Лимитед", "Тексако Интернэшнл Петролиум Компании" компаниялары, "ЛУКойл" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орынының мердiгер учаскесiнiң өнiмiн бөлу туралы келiсiм бойынша төлем - 19807500 мың теңге), мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түскен қаражат - 1415760 мың теңге және республикалық бюджеттен берiлген ресми трансферттер - 9309670 мың теңге сомасында өзге де түсiмдер есептелдi.
"Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A қаулысына "Қазмырыш" ААҚ, "Қазақмыс" ААҚ, "Харикейн Құмкөл Мұнай" ААҚ, "Торғай Петролеум" ЖАҚ, "Қазақстан Лимитед БК" мен "Статойл Қазақстан А.С." компаниялары, "Дөң кен байыту комбинаты" ААҚ, "Ембiмұнайгаз" ААҚ, "Өзенмұнайгаз" ААҚ тiзбеден шығару және "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндiру" АҚ-ын тiзбеге енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың шотына түсетiн теңгенi AҚШ долларына айырбастауды кезең-кезеңмен жүргiзiп отырды.
Басқарудың қол жеткiзiлген қаржылық нәтижелерi мен сапасын ескере отырып, сенiмгерлiк басқару үшiн қызметтерге ақы төлеудiң өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқарудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 шiлдедегi N 792 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қосымша келiсiмге қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орта мерзiмдi тұжырымдамасының жобасы әзiрлендi, онда тұжырымдаманы iске асырудың нақты мерзiмi белгiлендi, мұнай секторына айқын анықтама берiлдi, ұйымдастыру нысаны - заңды тұлға немесе шот белгiлендi, Қорды пайдаланудың мақсаты мен бағыты көрсетiлдi, қор жинау шегi (немесе оның болмауы) және активтерді таратудың мүмкiндiктi салдары көрсетiлдi, айқындылығы атап көрсетiлдi, борышқа қызмет көрсету және қарыз алу саясаты анықталды, Қордан трансфертке даму бюджетiнiң неғұрлым нақты байланысы және теңдестiрiлген бюджет әдiсiнiң сипаты белгiлендi.
Ұлттық қордың мақсаттары мен мiндеттерiн халық арасында түсiндiру жөнiнде жүйелi түрде жұмыс жүргiзу шеңберiнде "Панорама" газетiне "Ұлттық қор экономиканы дамытуға оң фактор ретiнде" атты тақырыпта мақала жiберiлдi, "Казахстанская правда" газетiнде "Ұлттық қор: жинау немесе жұмсау..." атты материал жарияланды, "Қазақстан 1" арнасында "Мезгiл" ақпараттық-талдамалы бағдарламада "Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қызметi" атты тақырыпта әңгiме жүргiзiлдi. Бұдан басқа, Қордың қызметi туралы қажеттi ақпарат, Қордың қызметiн реттейтiн есептер, нормативтiк құқықтық актiлер Қаржы министрлiгiнiң web-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылды.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 25-бабында анықталған тәртiппен "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң құрамы мен ол туралы ереже бекiтiлдi.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 953 қаулысымен бекiтiлген конкурстарды өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмiн нақтылау бөлiмiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторын сайлау ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Шикiзат секторы ұйымдарынан мемлекеттiк бюджетке
түсетiн түсiмдер және Қорға 2004 жылғы түсетiн аударымдар
(мың теңге)
Атауы |
2004 |
Кассалық атқару |
||
Барлығы |
оның iшiнде |
|||
Бюджетке есептелгені |
Ұлттық қорға аударылғаны |
|||
Қазақстан |
53283956 |
156920336 |
53283956 |
103636380 |
Қазақстан |
383000 |
1106867 |
383000 |
723867 |
Қазақстан |
18759000 |
5150428 |
5150428 |
0 |
Қазақстан |
0 |
0 |
0 |
0 |
Шикiзат секторы |
0 |
0 |
0 |
0 |
Шикiзат секторы |
12900906 |
26427906 |
12900906 |
13527000 |
Жасалған |
7769824 |
10675502 |
7769824 |
2905678 |
Мемлекеттiк |
93096686 |
200281039 |
79488114 |
120792925 |
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңымен шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салық
және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң
жылдық көлемi 93096686 мың теңге сомасында бекiтiлдi.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шикiзат секторы
ұйымдарынан iс жүзiнде 200281039 мың теңге түстi, оның iшiнде
қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес республикалық бюджетке -
79488114 мың теңге есепке алынды. Нәтижесiнде шикiзат секторы
ұйымдарынан Қорға түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы
120792925 мың теңгенi құрады.
Қордың ақшалай қаражаты 2005 жылғы 1 қаңтарға 667022245 мың
теңгенi құрады.
Салықтардың түрлерi бойынша Қорға түсетiн қаражаттың
жоспардан тыс түсiмдерiнiң құрылымы тұтастай алғанда 2004 жыл үшiн
мынадай көрсеткiштермен сипатталады:
Салық төлемдерiнiң түрлерi |
Сомасы |
Жалпы көлемдегi үлес (%) |
Заңды тұлғалардан алынатын |
103 636 380 |
85,80 |
Резидент заңды тұлғалардан |
723 867 |
0,60 |
Резидент емес заңды тұлғалардан |
0 |
0 |
Заңды тұлғалардан алынатын табыс |
104 360 247 |
86,40 |
Қосылған құн салығы |
0 |
0 |
Бонустар |
0 |
0 |
Роялтилер |
13 527 000 |
11,20 |
Шикiзат секторы ұйымдарынан |
2 905 678 |
2,40 |
БАРЛЫҒЫ: |
120 792 925 |
100,0 |
Шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетiн жоспардан тыс түсiмдерде негiзгi бөлiктi - 85,80 %-ын заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы, одан кейiн үлесi түсiмдердiң жалпы сомасының 11,20 %-ын құрайтын роялтилер құрайды. Өнiмдердi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi түсiмдердiң жалпы сомасында 2,40 % және сомасы 723867 мың теңге немесе түсiмдердiң жалпы сомасынан 0,60 % резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығын құрады.
2. Қордың шығыстары
Қордың есебiнен есептi кезеңде жалпы сомасы 524247 мың теңге Қорды басқаруға байланысты мынадай шығыстар жүргiзiлдi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған сенiмгерлiк басқару туралы шартқа сәйкес Қорды басқарғаны үшін сыйақы түрiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне 136326 мың теңге аударылды;
кастодианның қызмет көрсетулерi үшiн 60393 мың теңге аударылды;
сыртқы басқарушыларға 297731 мың теңге комиссиялық сыйақы ретiнде аударылды;
сыртқы аудиттiң 2003 жылғы қызмет көрсетулерi үшiн 11159 мың теңге аударылды;
"Barra International, Ltd" компаниясының ақпараттық қызметтерi үшiн 8702 мың теңге аударылды;
"Morgan Stаnlеу Capital International" компаниясының ақпараттық қызметтерi үшiн 2034 мың теңге аударылды;
"The Yield Book Inc" компаниясы көрсеткен қызметтер үшiн 7902 мың теңге аударылды.
2004 жылғы төртiншi тоқсанда жалпы сомасы 480894 мың теңге мынадай шығыстар төлеуге есептелдi:
Қорды сенiмгерлiк басқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне комиссиялық сыйақы - 26206 мың теңге;
кастодианның қызмет көрсетулерiне - 57662 мың теңге;
сыртқы басқарушыларға қызмет көрсетулерiне - 384431 мың теңге;
Қордың 2004 жылғы қызметiнiң аудитi қызмет көрсетулерiне - 12595 мың теңге.