Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 830 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысына Қазақстан Республикасының атынан қол қою туралы ұсыныс мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Әділбек Ғайнеденұлы Әлжановқа Қазақстан Республикасының атынан Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысына қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады